Сейтбаев Қ.Ж.,
Бектурғанов Б.Б., Жанилова
А.Т., Момбаева Б.К.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СУ КӨЗДЕРІНІҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
БАҒАЛАУДА ГИДРОМАКРОФИТТІК ӨСІМДІКТЕРДІ ИНДИКАТОР РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Жамбыл
облысының тұрғындарына тығыз орналасқан
өндіріс
орындары,урбанизациялық үрдіс пен антропогендік әсердің нәтижесінде
техногендік аймақтың қалыптасуына себеп болып,шаруашлық және
өнеркәсіптік қалдық заттармен ластанған
Талас өзені аса маңызды экологиялық мәселелер тудыруда.Сонымен қатар елді мекендердің көлемінің артуы ,құрылыс
жұмыстарының қарқындауы және автокөлік санынын шектен тыс көбеюі ауадағы ,судағы
және топырақтағы
зиянды қоспалардың үлесін
арттыруда.Осы тұрғыда ,Жамбыл облысының су
көздерінің экологиялық
жағдайын бағалау ,су ресурстарын тиімді пайдалану және су
обьектілерінің экологиялық
тұрақтылығын
қамтамасыз ететін су қорын қорғау , басты
ластаушы өндірістік кәсіп
орындарды анықтап , су сапасына сараптама жүргізу, су ортасын биоиндикациялау мен
биоремидациялау,ластанған суларды тазалау үшін биологиялық
тәсілдерді қолдану соның ішінде гидромакропиттік өсімдіктер қауымдастығының түрлік құрамы
мен олардың су ортасындағы
экологиялық маңызын зерттеу
қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады .
Жұмыстың
өзектілігі: Жамбыл облысындағы негізгі өзендер мен
көлдер, тоғандар және су қоймаларының су
ресурстарының экологиялық жағдайы мен оларды
қорғау және тиімді пайдалану жолдары негізгі өзекті
мәселе болып отыр. Жамбыл облысының қоршаған ортасын
ластайтын және өндіріс аймағындағы экожүйелерін
бұзатын басты ластаушы заттар мұнай, мұнай өнімидері,
нитраттар мен ауыр металл иондары болып саналады. Сондықтан техногенді
бұзылған экожүйелерді бақылау мен қайта
қалпына келтірудің ең тиімді жолдары болып гидромакрофитті
өсімдіктердің тіршілігін пайдалануға негізделген биоиндикация
мен биоремедиация әдістері саналады.
Негізгі
мақсаты: Жамбыл облысының су көздерінің
экологиялық жағдайын бағалауда гидромакрофиттік
өсімдіктерді индикатор ретінде пайдалану және кешенді
ластанған су ортасын биологиялық жолмен тазарту әдістемелерін
ғылыми негіздеу.
Экологиялық
жағдайды әртүрлі су көздеріндегі гидромакрофиттік
өсімдіктер қауымдастығына флористикалық сараптамалар
жүргізу негізінде доминантты түрлерддің орнығу ерекшеліктерін
зерттеу;
Ластаушы
заттардың әсеріне гидромакрофиттік өсімдіктердің
доминатты түрлерінің реакциялық іс-әрекеттерін зерттеу;
Жұмыстың
ғылымилылығы:Гидромакрофиттік өсмдіктердің су
құрамын ластаушы затттардан
тазарту қабілеттері лабораториялық жағдайда
зерттелді.Гидромакрофиттік өсімдіктерді пайдалану арқылы өзен суын биологиялық жолмен
тазарту ұсынылады.
Зертханалық
тәжірбиегі экологиялық жағдайы әртүрлі су
ортасында қалыптасқан
,ластаушы заттардың артық мөлшеріне айқын
реакциялық белгілер көрсететін,биомассалық көлемі бойынша доминатты түрлер
болып саналатын келесі өсімдіктер
алынды. Тарақбас шылаң( Р. pectinatus L), нәзік шылаң (
Р, trichoides Cha. et Schlecht),жүзгіш шылаң (P. Natans L.).
Су
құрамындағы ауыр металл иондарынның жеке түрлерін
өсімдіктердің сіңіру қарқындылығын зерттеу
, арнайы зертханалық
жұмыстар негізінде
10-тәулік бойы
жүргізіледі.Өсімдіктердің тек бір түрі
ғана салынған 10л шыны
аквариумдерге ауыр металдардың суда еритін келесі
тұздары Pb(
-қорғасын нитраты,әртүрлі өсімдіктер
топтамасы кешенді ластанған су
ортасында үш тәулік бойында өсіріліп,келесі өсімдік
топтамасын ауыстырар алдында ,су ортасының тазару
дәрежесі,бақылау нұсқасымен салыстырмалы түрде
суға химиялық сараптама жүргізу арқылы анықталып
отырды.
Зерттеу
нәтижелері көрсеткендей
бұл өсімдіктерді
үлесіне сіңірліген органикалық
қосылыстардың 67,3
3,0%және 73,4
4,0% тиесілі болды,яғни нитраттар мен нитриттер қарқынды
сіңірілді,Өсімдіктердің су ортасын органикалық
қосылыстардың тазартуын,тәжірбиеде анықталған ОБ
мөлшері
көрсетті,тәжірбиенің басында оттегінің бес күндік
биологиялық сіңірілуі 80,2
4,1% дейін
жоғарыласа,кейіннен 35,5,%-ға дейін төмендеді. Тәжірбие
нәтижесінде ластанған су ортасын өсімдіктер арқылы
тазалау үрдісі келесідей
сипатталады; нәзік шылаң(P. Trichoides Cha Schlecht.),тарақбас шылаң (P.pectinatus L.)және
жүзгіш шылаң (P. Natans L.) өсімдіктер 8 тәулік ішінде,
су ортасын органикалық заттардан 70,6
5,0 және минералды иондардан
-80
5,6%-ға тазартты.
Сонымен өндіріс аймақтарында орналасқан, ластану дәрежесі
әртүрлі Шу, Талас, Аса өзендерінің
гидрофитоценозына жүргізілген
зерттеулер нәтижесінде ,тіршілік
ортасының көрсеткіштерін сипаттайтын су өсімдіктерінің
доминантты түрлері арқылы,су ортасын фитоиндикациялау және
ағын суларды көп сатылы биотоғандарда тазалауға
болатындығы, өсімдіктер қауымдастығының
реакциялық белгілерін индикаторлық көрсеткіш ретінде
пайдалануға болатындығы анықталды[1].
Жекелей
салынып,су құрамына бір
тәулік сайын химиялық сараптамалар жасалды.КФК-3 Зерттеу
нәтижелерін сараптау негізінде,гидромакрофиттік өсімдіктерді ауыр
металл иондарын сіңіру қарқындылығы бойынша мынандай
ретпен орналастырамыз;жүзгіш шылаң(P. Pectinatus L.)нәзік
шылаң(P. Trichoides Cha .et
Schlecht.) және тарақбас шылаң( P. Natans L.).Гидромакрофиттік
өсімдіктердің жеке түрлерінің ауыр металл
иондарының сіңіру
қарқынын зерттеумен қатар,өсімдіктер
топтамасының кешенді ластанған су ортасын тазарту қабілеттерін зерттеу жұмыстары
да жүргізіледі.
Өсімдіктердің
су ортасын органикалық ластаушы заттардан тазарту қабілеті ,
олардың суды оттегімен
байыту,биохимиялық үрдістердің нәтижесінде пайда
болған заттарды сіңіру өсімдіктердің сол ортаға
төзімділігі мен бейімділігіне байланысты.күрделі
органикалық заттардың
тотығуы арқылы,ыдырау үрдісіне суда еріген оттегі
жұмсалады.ендеше,өсімдіктердің тазарту қасиеті су ортасының ОБ
көрсеткішінің
төмендеуі мен азоттық қосылыстардың азаюы және
өсімдіктердің қалыпты тіршілігін жалғастыруы арқылы көрінуі заңды .Осы
қағидаларды ескере отырып,әртүрлі дәрежеде
ластанған су ортасына бейімді өсімдіктерді
пайдалану арқылы,су ортасын көп сатылы тазарту мүмкіндігі
зертханалық моделді тәжірбиеде зерттеледі.
Тәжірбие
12тәулік бойы көлемі
20литрлік аквариумде келесі сызба-нұсқада жүргізілді 1,
нәзік шылаң (P. Trichoides Cha .et
Schlecht.) , тарақбас шылаң (P.pectinatus L.) және
жүзгіш шылаң ( P. Natans L.);
Әртүрлі
өсімдіктер топтамасы кешенді ластанған су ортасының тазару
дәрежесі,бақылау нұсқасымен салыстырмалы түрде
суға химиялық сараптама
жүргізу арқылы анықталып отырды.
Зерттеу
нәтижелері 12тәулік ішінде су отасындағы барлық
органикалық және минералды заттардың мөлшерлік концентрацияға теңескені
байқалды.кешенді ластанған су ортасын өсімдіктердің
тазарту
қарқындылығында,алдыңғы
тәжірбиелердегі заңдылықтар орындалды және бұл
тәжірбиедегі органикалық заттардың ластану қарқындылығы аз мөлшерде
анықталды.ауыр металл иондарының сіңірілуі
тәжірбиенің екінші және үшінші нұсқаларында
қарқынды жүрді.бұл нұсқалардың
үлесіне сіңірілген органикалық қосылыстардың 67,3
2,9 %және 73,4
3,9% тиесілі болды.Тәжірбиенің соңында су
құрамындағы химиялық заттардың мөлшері 1,5 ШМК мөлшерде
тіркелді.бұл жағдайда,тәжірбие мерзімінің аздығымен
және минералды қосылыстардың сіңірілуі ерекшеліктерімен
түсіндіруге болады[2].
Тәжірбиедегі
органикалық қосылыстардың ластануын сараптау,нитраттар мен
нитреттердің қарқынды сіңірілуін
көрсетті,бақылау нұсқасымен салыстырғанда 2,5
0,2 есеге кеміді.ал аммоний тұзының сіңірілуінде
мұндай өзгеріс байқалмады.керісінше,тәжірбиенің
бірінші нұсқасында 96,0
6,3 мг/л мөлшерге дейін азаюы, қалған
нұсқаларды 109,2
10,35 мөлшерден 11,6
12,5 мг/л дейін
жоғарылдаы.Бұл қайшылықты,зертханалық
жағдай ,тәжірбиенің бірінші
нұсқасындағы,ыдырау үрдісінің
қарқындылығымен түсіндіруге болады.Бұл жағдай,тәжірбиенің
бірінші нұсқасындағы 96,0
10,1 мг/л дейін сіңіріуінің
нәтижесіндегі,немесе үш тәулік ішінде 12,8
1,3 % төмендегінін дәлелдейді.ендеше ,су
өсімдіктерінің аммоний тұздарын сіңіру қабілеті
,су ортасын ыдырау үрдісінен пайда болатын аммоний тұздарының
мөлшеріне тең болады.
Өсімдіктердің
су ортасын органикалық қосылыстардан тазартуын,тәжірбиеде
анықталған
мөлшері көрсетті,Амоний тұздарының кәделенуі
сияқты,тәжірбиенің бірінші нұсқасында оттегінің бес күндік
биологиялық сіңірілуі 80,2 4,1 дейін жоғарыласа ,келесі
нұсқаларда 34,7
2,5 %-ға төмендеді.
Жаз
айларында су температурасының жоғарлауына байланысты су
ортасындағы биохимиялық үрдістердің жүру
қарқындылығы үдеген сайын ,
көрсеткіштері де артатыны,ал
көктем айларында жауын-шашынның шайынды сулары арқылы су
көздеріне нитраттар көп мөлшерде түстетіні
анықталды. Жамбыл облысында орналасқан сиымдылығы 116,4
млн,м3 құрайды,Суқоймалардың экологиялық
жағдайы ,сол суқоймаға келіп құятын
өзендердің ластану дәрежесіне
тәуелді.Тасаткөл,Теріс –Ащыбұлақ,Ынталы
суқоймаларының су сапасы 2 класқа-таза су қатарына
жататындығы анықталды СЛИ 0,7-1,0. Су құрамына
жасалған химиялық талдаулар
бойынша,басты ластаушы заттар ретінде нитреттар ,аммоний және темір
иондары тіркелді,су ортасы тұнық,иіссіз жіне
3
0,05 мг/л болғандықтан органикалық заттардың ыдырау
үрдісі баяу.ластаушы заттардың басты көздерін жағалай
орналасқан агроландшафтардан түсетін шайынды сулар
құрайды.Жамбыл облысының су көздерінің ластану
дәрежесі,арна бойында орналасқан елді мекендердің комуналды-
шайынды суларын қабылдауына және өндірістік нысандардан
түсетін техногендік жүктемелердің мөлшеріне тікелей
байланысты.техногендік жүктемелердің мөлшері аз түсетін
өзендердің су сапасы 1 және 2 класқа (СЛИ 0,25
0,04-1,0
0,07)жатады.Су ортасын
органикалық және минералды заттар ластайды;
Әдебиеттер тізімі:
1. Тұрысбектегі Н.Ә. Жамбыл облысы аймағындлағы Талас
өзенінің экологиясы. //- Тараз мемелекеттік педагогикалық
институты, Жас ғалым
2009.-186-193 б.
2. Скаков А. А., Байгельдиев У.Б. , Елеуова К.Т., Елеушев Б.С., Максимова
Н.А., Оценка окружающей среды Жамбылской области.- Алматы., 1994.-422 б