Сейтбаев Қ.Ж., Момбаева
Б.К., Жанилова А.Т.
ТАСӨТКЕЛ СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ
БАЛЫҚТАРДЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ
Жергілікті маңызы бар
резерв қордағы кіші су айдындарын балық шаруашылығын
дамыту тек балық қорын тиімді пайдалану ғана емес, балықшылырдың,
өндірушілердің, балық өткізушілердің және
пайдаланушылардың әлеуметтік жағдайының
көтерілуіне септігін тигізеді.. Халықты
еңбекпен қамтамасыз ету деңгейі де жоғарылайды.
Оның үстіне, балық шаруашылығын құру
жергілікті халықтың пайдаланатын тағам сапасына жайлы
әсер етеді ішкі, сыртқы нарыққа шығатын
коммерциялық мекемелер санын көбейтеді.
Суайдындарын балық
шаруашылығына пайдалану екі негізгі технологиялық жүйе
бойынша жүргізіледі. Экстенсивті және интенсивті. Экстенсивті
жүйе балық өсімін табиғи қорек қоры
арқылы өсіруге негізделген. Яғни, көлдерді
жоғары сапалы құнды балықтар шабақтарын жіберіп,
өскен соң аулап алып отыру. Қосымша суландыру, қамысын
ору, құнсыз, өспейтін балық түрлерін аулап алу
сияқты кезекті мелиоративтік жұмыстар жүргізіледі.
Интенсивті жүйе бойынша, балықтың табиғи қорек
арқылы өсуіне қосымша органикалық, минералдық
тыңайтқыштар енгізу, балыққа жем беру, су
құстарын өсіру сияқты жұмыстар арқылы
балық өсу қарқынын арттыру қарастырылған.
Ал жергілікті маңызы
бар майда көлдердің аудан ықшамдығына байланысты,
жергілікті құнсыз балық түрлерін аулап алу
қиындықсыз жүзеге асатындықтан интенсивтік жүйе
бойынша жұмыс жүргізу аса ыңғайлы. Сондықтан,
бұл көлдерді тоған есебінде пайдаланып балық
өсірген абзал.
Негізінен балық
шаруашылығын жүргізуде ішкі су айдындарының маңызы
өте зор. Негізгі өзендері:
Шу өзені салаларымен (жалпы ұзындығы 1186 км, республика
шегінде 800 км), Талас (жалпы ұзындығы 661 км, республика шегінде
453 км), Аса (253 км) және басқалары. Ірі тұщы көлдері:
Балқаш (батыс бөлігі, 18,2 тыс. км2), Билікөл (33 км2),
Ақкөл (15,5 км2), Үлкен Қамқалы (4,6 км2)
және басқалар; Шу өзенінде Тасөткел бөгені ауданы
78 км2, су көлемі 290 млн. м3), Аса өзенінде Теріс
Ащыбұлақ бөгені (ауданы 24 км2, су көлемі 158 млн. м3)
салынған.
Жамбыл облысында
Ақкөл, Билікөл, Қаракөл сияқты өте
ірі табиғи су айдындарымен бірнеше ірі жасанды су қоймалары бар. Осы балық шаруашылық
маңызы бар су айдындарының барлығы да
тұрғылықты жерге жақын орналасқандықтан
олардан алынатын балық өнімдері арзан әрі тиімді болып
келеді. Соңғы кездерде ірі су айдындарынан басқа да
халық шаруашылық салаларына пайдалану ірі қарқынмен
дамыды.
Зерттеулердің негізгі мақсаты - Жамбыл
облысында резервтік қордағы
және жергілікті маңызы бар бекітілмеген балық шаруашылығы
су айдындарына биолого-экологиялық зерттеулер жүргізу,
балық мелиоративтік, қорғау және өсімін молайту
іс-шараларын жүргізуге бағытталған ұсыныстарды
әзірлеу.
Зерттеу барысында төмендегідей міндеттер
қойылды:
-географиялық орналасуын, физгеографиялық сипаттамаларын
анықтау;
-су қоймаларының гидрологиялық және
гидрохимиялық жағдайларын айқындау;
- су айдындарындағы гидробиоценозына кешендік сипаттама беру.
-су айдындарындағы балық қорегі болатын
қордың мөлшерін бағалау
- жекелеген су қоймаларының ихтиофаунасының негізгі
түр құрамын анықтау;
- зерттелінген айдындардағы
балықтың өндірістік саны мен биомассасын бағалау;
- көлдердің
мелиорациялық жағдайын зерттеу
Материалдармен зеттеу
әдістері.
Зерттеу жұмыстары 2012 жылдың сәуір-қазан айларында
жүргізілген далалық, зертханалық экспедициялық іс-сапарлар барысында жинақталды.
Зерттелінген көлдер мен су айдындардың географиялық
орналасуы схемалық көріністері қолданыстағы
геодезиялық тәсілдемелер арқылы жасалынды..
Су айдындарының гидрофизикалық жағдайларын бағалау
мақсатында тіршілік ортасының және азықтық
қордың даму деңгейін сипаттайтын сынамалар су
бассейндерінің әр түрлі акваториялары мен биотоптары
ескеріліп, тор принципі бойынша белгілі үлескілерден алынды.
Сулардың гидрохимиялық көрсеткіштері өзіндік
зерттеулер нәтижелері және «Казгидромет» РМК-ның «Жамбыл
гидрометеорология орталығы» ЕМК-ның су айдындарынан алынған
сынамаларды сараптау мәліметтеріне негізделіп, бағаланды. Сулардың
гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштері жалпы
қолданыстағы әдістемелік
нұсқаулары [1, 2, 3] бойынша анықталды.
Гидробиологиялық зерзаттарды жинақтау және өңдеу
қолданыстағы әдістемелік ұсыныстар мен
нұсқауларға сәйкес орындалды [4-6].
Зерттеу
барысында зоопланктон мен зообентостың 50 сынамалары өңделді.
Организмдердің идентификациясы және санын анықтау МБС-10,
Motic (K.Zeis) микроскоптарының көмегімен зертханада
жүргізілді. Зоопланктон мен зообентостың түрлік
құрамын айқындау үшін белгілі анықтағыштар
қолданылды [7].
Зоопланктон
сынамалары кіші Джеди торымен су қойнауын тоталды сүзу арқылы
жинақталды. Торларда №55 және №70 диірмен торы пайдаланылды.
Микроскоп арқылы организмдерді санау сынаманың белгілі
бөлігінде жүргізілді. Содан кейін ірі және сирек кездесетін
дараларды табу мақсатында сынаманың жарты мөлшері, немесе
қалдығы түгелдей тексерілді. Зоопланктон
жәндіктерінің жекелей салмағын есептеу үшін
сызықты-салмақты қатынасты сипаттайтын теңдеулер
қолданылды [6]. Шаян
тәрізділердің әр түрі үшін дамудың
барлық сатыларындағы сан мен салмақ қосындысы есептелді.
Содан кейін барлық түрлердің даралар саны мен салмақ
көрсеткіштері ескеріліп, организмдердің негізгі топтары және
бүкіл қауымдастық бойынша қосындысы анықталды.
Зоопланктонның саны мен массасы су қойнауының 1 м3
шаққанда есептелді.
Зообентос
сынамалары қамту ауданы 0,025 м2 Петерсен
ұлтанқазғышы (дночерпатель) көмегімен алынды. Сынама
нәзік фракциялары жойылғанға дейін №23 диірмен торынан
жасалынған елегішінде жуылды.
Тірі организмдер грунттан жинақталып, этикеткаланған пластик немесе
әйнек контейнерлерге салынды, содан соң 4% формалин ерітіндісінде
сақталды. Зертханада микроскоп көмегімен организмдер
идентификацияланды, әрбір сынамадағы жәндіктер саналды
және өлшенді. Майда жәндіктердің массасын өлшеу
тексеру мүмкіндігі 0,001 г торсионды, немесе электронды таразыларда, ал ірі омыртқасыздардың
салмағын анықтау тексеру мүмкіндігі 0,01г табақшалы
таразыда жүргізілді. Содан кейін сынамадағы жануарлардың саны
мен биомассасы туралы мәліметтер 1м2 шағылып,
анықталды.
Ихтиологиялық
материалдарды жинақтау, өңдеу, балықтардың
түрлік құрамын анықтау Правдинге (М., 1966) [7]
негізделді.
Балық
қорлары 2010 ж. вегетациялық кезеңінің маусым шілде
айында жинақталған сынамалар мәліметтері бойынша,
бақылау торларын қою нәтижесінде ұсталынған
балықтарды тікелей сандық есептеу тәсілімен
бағаланды. Ғылыми-зерттеу
мақсатында балық аулау үшін көздері 30-60 мм,
ұзындығы 25-50 м торлар пайдаланылды. Су айдынының ауданына
байланысты тәулігіне алтауға дейін торлар қойылды.
Бір тор
құру ұзақтығының мөлшері
тәулігіне 12 сағатты құрады.
Негізгі өндірістік
балық қорлары туралы анықталған мәліметтер
зерттеу кезеңінде
ауланылған балық
мөлшеріне сәйкес әрбір су қоймасы бойынша
есептеліп, кесте түрінде берілді. Жұмыс барысында бақылау
торларына ауланылған 12 түрлеріне жататын балықтарға
биологиялық анализ жасалынды.
Балықтардың паразиттермен залалдануын анықтау
мақсатында ауланған барлық дараларды толық емес
гельминтологиялық сойып-зерттеу тәсілімен (Скрябин, 1938)
тексердік. Жинақталған мәліметтерді
математикалық өңдеу стандартты компьютерлік
статистикалық бағдарламаларда орындалды.
Зерттеу нәтижелерін
талдау. Тасөткел су қоймасы- Жамбыл облысындағы қолдан
жасалынған ірі су айдындарының бірі болып табылады. 1972 жылы
пайдалануға берілген, жаңа гидротехникалық құрылыстардың
қатарына жатады. Ол, Шу қаласынан 27 км
қашықтықта, Аса өзенінің Шуға
құяр сағасында, оның ағысының орта
бөлімінде орналасқан. Су қоймасының
ұзындығы-13 км, ені-6 км тереңдігі 15 м. Өзінің
қожалықтық мақсаты бойынша Тасөткел су
қоймасы- жер суландыру су айдындарына жатады. Оның сулары
арқылы ауданы 67,5 мың.га
жуық, Шу өзенінің оң жағалауында орналасқан
Шу ауданының қожалығының егістіктері суландырылады.
Гидрологиялық
ерекшеліктері: күз-қыс айларында суды жинақтау, ал
сәуір қыркұйек айларында суды пайдалану. Судың ең
төменгі денгейі қазан айына тура келеді. Қарашадан бастап су
жинақталадыда, наурызда ол жобадағы мөлшерге жетеді.
Тасөткел су
қоймасы ихтиофаунасында 11 түрлі кәсіптік
балықтың – мөңке, тұқы, көксерке,
табан, қаракөз, торта, жыланбас, дөңмаңдай,
қызылқанат, тарақ, ақ амур түрі анықталды.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жоғарыда
аталған балық түрлерінің кездесу жиіліктері
биологиялық массасы жас шабақтарының саны және
тығыздығы және 2013 жылға балық қоры
анықталды.
Тасөткел су
қоймасы – Шу өзені бассейнінің көлемді және
өнімді суқоймасы, ол жалпы биоөнімнің 80-90% береді.
Тасөткел су қоймасында қазіргі кезде жергілікті ихтиофаунасы
құрамындағы балықтың 4 түрі мекендейді,
соның ішінде өнімділері –мөңке,
табан, көксерке, сазан, ал алабұға, торта, жыланбас, ақ
дөңмаңдай, қызылқанат, тарақ, жайын,
мүлде құрып кетті, шортан, оңғақ, лақа
сияқты балықтар аулауға өз маңыздарын
жоғалтты. Балық аулау табысының негізін жерсіндірілген –
табан және көксерке құрайды. Соңғы жылдары,
деңгейлі тәртіпті жасанды реттеу балық өндірісіне
жағдай жасап отырғанда, осы немесе басқа уақыт
кезеңіндегі табиғи сулылық балықты қайта
өндіруде үлкен рөл атқара бастады. Судың аз болған
жылдары, өзендерде тасқын шамалы кезінде, балықтар негізінен
су қоймалардың жағалауларында уылдырықтайды.
Судың мол жылдарында, тасқын жеткілікті болғанда,
балықтың көп бөлігі өзендерде
уылдырықтайды.
Тасөткел су
қоймасының 60-80 жылдары балықтардың және
омыртқасыз жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіру
жұмыстары жүргізілді, сонымн қатар жергілікті түрлердің
популяцияларының жаңа өмір сүру жағдайына
бейімделу өзгерістері жүрді, осы аз тарихи кезеңде
тұрақты ихтиоценоз қалыптасуы мүмкін емес еді.
Биоценозда сукцессиондық процестер әлі ұзақ уақыт
жүретін болады.
Соңғы жылдары
көксеркеге сұраныс көбеюде, оның нарықтық
бағасы басқа балық өнімдеріне қарағанда 3-5
есе қымбат. Осығын сәйкес кәсіпшіліктің беталысы
да өсуде. Бір нәрсе белгілі – Тасөткел суқоймасы
барлық параметр бойынша қазір де, болашақта да Шу өзені
бассейніндегі негізгі балықөндіретін суқойма болады.
Тасөткел
суқоймасындағы бағалы балық қоры ақырындап
азайып барады. Реттейтін органдардың негізгі міндеттерінің бірі
көксеркені ғана өндіруден кәсіпшілікті барлық
ихтиофаунаны игеруге қайта бағдарлау, аумен аулаудың
үлесін арттыру, балықты қайта өңдеуді
ұйымдастыру.
Облыс
суқоймаларындағы балық қорының жағдайы
қазіргі кезде табиғи суқоймалардан мың тонна балық өнімін өндіруге
болатындығын көрсетеді. Ол үшін балық аулаудың
тиімді тәртібі қажет, балықты аулауға тіркеу және
бақылау жүргізу керек. Көксерке санын қатаң
түрде реттеу қажет. Оны өндіру көлемі бекітілген
лимитке сәйкес келу қажет. Су қоймаларда оның
қорының көбеюі дерматофибросаркомамен ауруына әкеледі.
Көксеркені облыстың кіші су қоймалары және
көлдерінде өсіру жолы мен әдісін ойластыру қажет.
Тасөткел
суқоймасындағы балықтандыру және балық
қорларын пайдаланудың кешенді сұлбасын құру
қажет.
2012 ж. жүргізілген
зерттеулер нәтижесі бойынша кәсіби маңызды
балықтардың қоры: сан жағынан -91,5 мың дана,
биомассасы бойынша-29,9 тонна құрайды деп шамаланды.
Жұргізілген есептеуледің нәтижесінде, Тасөткөл су
қоймасының төменгі бьефине ихтиомассаның ағызылып
шығарылуы нәтижесінде, өндірістік маңызы бар
құнды түрлердің санының кемейіп кеткендігі
байқалды. Бұл, балықтардың су қоймасындағы
азықтық базасының кемейуінің бір себебі болып табылады.
Табан Тасөткөл
су қоймасына 1981-89 жылдары, жерсіндіру мақсатында
Бөгеткөл және Имантау көлдерінен, әр түрлі
жастағы 13,6 мың дана мөлшерінде алып келінген болатын. 1992
жылға келіп ол көп құрылымды әр түрлі
жастағы ұйірге айналды, сондықтан оны кәсіби
аулауға рұқсат етілді.Табанның санының
көптігі және азықтың базасының орта
деңгейде болуы, 2008 жылға қарай оның піщімдік
салмақтық көрсеткіштерінің төмендеп кетуіне алып
келді, ол тек одан кейінгі үш жылда ғана қалыптасты.
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 2011-2012 жылдары оның
өсу сипаттамаларының төмендегендігі байқалады.
Ауланған табанның орташа салмағы -340 г құрады.
Бұл түрді кәсіби аулау кезінде негізінен 3+-6+ жастағы
балықтар алынады, ал соның ішінде 3+-4+ дастағы даралар
басымдылық танытады, бұл өз кезегінде, табанның
популияциясының жас екендігінің дәлелі.
Даралардың
жастарының пайыздық қатынастарын алсақ та 3+-4+ жасар
балықтардың басымдылық танытатынын байқаймыз олар жалпы
мөлшердің -78% астамын құрайды. Әр түрлі
жастағы дараларды, жас пішімдік класстарының диапазонына ажыратқанымызда, 1+-5+ жас
топтарының арасындағы бұл
көрсеткіште едәуір біркелтілік байқалады. 1992 жылдан
осы күнге дейін табан үйірінің баяу өсетіндігі
көзге түседі. Табан суаттың барлық акваториясына
таралған, ол су қоймасының таяз және терең
жерлерінде де кездеседі. Бреденьмен бақылау аулау жүргізілген
кезде, табанның жас даралары, биотопының жағдайына
байланысты, 1 м.квад.-қа -0,2-0,7 данадан келетіндігі анықталды, ал
бұл, ұдайы өндіру дәрежесінің төмен екенін
білдіреді.
Тасөткөл су
қоймасындағы табандар 3+ жасында жыныси жетіледі. Табандардың
уылдырыққа келуі, су температурасының -13-14 градус дейін
көтерілген кезінде 3 м тереңдікте басталады, ол, температура 18
градус жоғары болған күнде де жүре береді, бұл,
сәуір – мамыр айларына тура келеді. Аталықтармен
аналықтардың ара қатынасында, көбінесе аналықтар
басымырақ болады. Табанның жастығындағы уылдырықтар
әр түрлі пішімде болып
келеді, бұл, оларды бөліп-бөліп шашатындықтың
дәлілі. Ұзындығы 24-38 см келетін табанның жеке
өнімділігі -44,6-211,5 мың дана аралығында болады.
2012 жылдағы табанның кәсіби маңызды
қоры А.И.Кушнаренко және С.С.Лугаревтың аулаудың пассив
құралдарына арналған әдістемесі бойынша биомассасы
-14,0 т болатын-41,11 мың дана деп бағаланды, 20 13ж ОДУ-ы аулау
К-оптим.-0,30 болған жағдайда-4,2 тоннаны құрады.
Күміс түсті
мөңке суаттың барлық акваториясына таралған. 5 м.
дейінгі тереңдіктерді жақсы көреді, одан да тереңірек
қабаттарда да кездеседі, бірақ көп мөлшерде шоғырланбайды.
Ауланған балықтар арасында ол, табаннан, көксеркеден
және сазаннан кейінгі төртінші орынды иелейді. 80- жылдардың
соңына қарай ол кәсіби маңызы бар жетекші түр
саналып оның аулану мөлшері-71% дейін жетті.Ал одан кейін,
табанның санының өсуі кезінде, мөңкенің
мөлшері кемеіп кетті. Мысалы, 2006 ж мөңкенің кісіби
маңызды үйірнің саны-7,9 мың данаға, ал
биомассасы-2,6 т жетті. Өндірістік ауланған балықтардың
орташа салмағы -332 г құрады.Ұлкен жастағы
топтардың саны шамалы, сондықтан да, егер қор дұрыс
игерілмесе, ол балық аулаудың мөлшерінің
қысқаруына алып келеді.
2012 жылғы
мөңкенің жас дараларының саны 0,01-0,07 дана м.кв.
орташа саны -0,003 дана/м.кв құрады. Уылдырық шашу,
тереңдігі-0,4-1,0 м болған таяз, температурасы-16 градус
жоғары суда іске асады. Жыныстардың ара қатынасы,
олардың жасы және пішімі
өскен сайын, аналықтар саныда көбейе түседі.
Мөңке аналықтарының
жастықтарындағы уылдырықтардың пішімі әр
түрлі болады, бұл, уылдырықтың
бөлініп-бөлініп
шашатынының белгісі.
Көксерке-суатың
барлық акваториясына таралған, аналықтармен аталықтар
су қоймасының жоғарғы сағасына, Шу өзеніне
және де басқа сағаларына өрістейді. Ауланған
балықтар арасында қартайған топтағы
балықтардың кездесуі балық аулау көксерке
популияциясына тигізер әсерінің шамалы екенін көрсетеді.
Көксерке үш-төрт жасында жыныси жетіседі. Енді пісіп жетілген
дараның ұзындығы 23-34 см, салмағы -230-370 г. Олар 5
жасында жаппай толық жетіледі.
Әр түрлі
жастағы дараларды жас пішімдік класстарының ұзындық
диапазондарына ажыратқанымызда 2+,3+,8+,13+ жастағы балықтар
ұзынша пішімді классқа жататындығы
анықталды.Көксеркенің 2011 жылғы кәсіби
маңызды қоры 6,58 мың дананы, ал биомассасы -8,0
т.құрады. Оптимальды алу коэффициентік К-0,30 болған
жағдайда, оның 2013 аулану ОДУ-ы-2,4 тоннаны құрайды.
2012 жылғы
жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша,
сазан-тұқының кәсіби маңызды қорының
мөлшері олардың саны бойынша 14,9 мың данаға, ал
биомассасы-910 тоннаға жеткенін көрсетті.
2012 жылы ауланған
балықтың орташа салмағы 1420 г құрады.
Сазан-тұқының 2012 жылғы кәсіби маңызды
қоры сан жағынан -22,7 мың данаға жетсе, онығ
биомассасы-15,7 тоннаны
құрады. Кәсіптік бағдарда ауланған даралардың
орташа салмағы -667 құрады. Кәзіргі кезде бұл
түрлердегі балықтарды кәсіби аулау, төрт, бес
жастағы дараларға негізделген болса, ал 2010 жылы көбінесе
5-7 жас тобындағы балықтар игерілінетін еді.
2009-2012 жылдар
аралығында сазанның өсуінің байқалғанын
атап өтуге болады. Балықтарды жастарына қарай
бөлгендегі олардың пайыздық көрсеткіштері,
популяцияның негізі -3+-4+ жастағы даралардан тұратынын,
яғни олар сазан-тұқының жалпы мөлшерінің
-95% астамын құрайды. Балықтардың су қоймасынынан
ағып шығып кетуіне байланысты оның кәсіби маңыза ие қоры өте
төмен деңгейде. Балықтандыру есебінен
құрылған сазан-тұқының кәсіби
маңызды қоры -2006 жылы биомассасы-1,8 тонна болатын 0,43 мың
дана жетті. Су алынатын басты
шахтаның жоғарғы жағына және суды қатерлі
жағдайда ағызатын қондырғыға БҚҚ
орнатпай турып,, суатты сазан-тұқының осы жылғы
шабақтарымен балықтандыру тиімсіз болып табылады. Суатты
тұқы және құнды тұқымды
балықтармен БҚҚ
орнатылмай тұрғанда балықтандыру іс-шараларын алып бару
ұсынылмайды.
Аулау барысында,
көздерінің мөлшері -45 мм артық болатын торлар
пайдаланылған жағдайда, тортаның жыныси жетілген даралары
ауға түспей кетеді, яғни ауланылмайды. Тасөткөл
су қоймасындағы тортаның кәсіби маңызды
қорын алу үшін, тек уылдырық шашу алды және
уылдырық шашу кезеңдеріндегі олардың шоғырланатын
кездерінде ғана, көздерінің пішімі -30-36 мм аралығында
болатын ауларды пайдаланып аулау керек. Жастарға бөлгендегі
пайыздар, популяцияның негізін, оның жалпы санының -90%
астамын құрайтын-1+ және 3+ жастағы даралар
өкілдерінен тұратындығын көрсетті. Бұны, әр
түрлі жастарды, жастың классының ұзындық
диапозонына ажырату дәлелдейді. 2001 жылы тортаның шабақтары
және екі жасқа дейінгі дараларының арасында легулезбен
зақымдалу байқалды. Ол осы топтардағы
балықтардың, олардың мекендейтін орнына байланысты, 18-85%
қамтыды. Екі жасқа толғандарда ол көбейе түсті.
Үш және одан жоғарғы жастағы даралар арасында
бұл ауруға шалдыққандар кезеспейді, бұл бізге,
ерте жастағы торталардың өліп кеткендігі туралы болжам
жасауға мүмкіндік береді. 2004-2006 жылдары ауруға
шалдыққан жас даралармен екі жастан жоғары топтағы
тоталар тіркелген жоқ, демек, зақымдалған жас даралармен
үлкен жастағы балықтар қыс мезгілінде өліп
қалған болуы мүмкін, немесе су қоймасынан
ағызылған сумен бірге ағып шыққан, жыртқыш
балықтар, я болмаса, балықпен қоректенетін құстар
жеп қоюы ықтымал. 2001 жылы тортаның кәсіби
маңызды қорының саны 62,2 мың данаға, ал
биомассасы-8,4 тоннаға жетті. Бақылау үшін
құрылған аулардан алынған нәтижелер бойынша 2006
жылғы олардың кәсіби маңызды қорының мөлшері-35,45
мың дананы, биомассасы-3,4 т. құрады.
Әдебиеттер
1.
Руководство по
химическому анализу поверхностных вод суши.-Л.: Гидрометеоиздат, 1977.-541с.
2.
Алекин О.А. Методы исследования органических своиств и химического
состава воды.//Жизнь пресных вод СССР.-М.: АН СССР, 1959.-Т.4. –С.213-298
3.
Унифицированные методы анализа вод. Под
ред.Ю.Ю. Лурье.- М.: Химия,1973. -376 с.
4.
4. Руководство по методам гидробиологического
анализа поверхностных вод и донных отложений. – Л.: Гидрометоиздат, 1983. -239 с.
5.
Методические рекомендации по сбору и анализу
материалов при гидробиологических исследованиях на пресноводных водоемах: Зообентос и его продукция.-
Л., 1983. – 50 с.
6.
Қазақстан Республикасында 2007-2015 ж.ж
аралығында балық шаруашылығын дамыту концепциясы.
Қазақстан үкіметінің 6 қазан 2006 ж № 963
бұйрығы.
7.
008 «Қоршаған ортаны корғау»
бағдарламасы «Бекітілмеген балық шаруашылығы су
тоғандарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу
жұмысы» тақырыбындағы № 65 келісім-шарт.