Жоранова Нургул Жоранкызы

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-аға оқытушы Жоранова Нұргүл Жоранқызы

 

ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ

КОНЦЕПТУАЛДЫҚ МОДЕЛІ

 

Қазіргі жағдайда бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік қалыптастыру жаһандық даму факторына айналуда, ал ақпарат мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады. Ол ұлттық маңыздылықты, геосаяси бәсекелестік пен қоғамдық қатынастарды реттеуде мемлекеттің рөлін күшейтеді. Сол себепті, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ақпараттық қоғам орнатудың негізін құрайды.

Қазақстанда 2003 жылы “Ақпараттандыру туралы” Қазақстан Республикасының заңын қабылдады, 2005-2007 жылдарға жоспарланған электрондық үкімет құрудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды және осы бағдарламаның жалғасы болып табылатын “2008-2010 жылдар аралығында электрондық үкіметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы”, Электрондық құжат және электрондық қол қою туралы заңы, “2008-2012 жылдар аралығында қазақстандық интернет жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамыту тұжырымдамасы” және тағы басқа құжаттар жүзеге асырылуда.

Қазақстанда «электрондық үкіметті» қолданысқа енгізу мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және  мерзімін қысқартуға, мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық базасына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, болашақта әкімшілік жүйені жетілдіруді ескере отырып, құрамы жағынан тиімді әрі оңтайлы мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.

Ақпарттық коммуникациялық технологияларды енгізудің аймақтық жоспарлары жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесін реформалаудың ақпараттық қамтамасызы болуы керек. Жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаларды ақпараттық технологиялардың көмегімен күшейте түсу өткір қажеттілік.

Аймақтық ақпараттандыру аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің шешімдерінің тиімділігін арттыруға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзара әрекетестігі және олардың құзырындағы мекемелер, кәсіпорындарымен әрекеттестігін тиімді іске асыруға, басқару органдарының қызметінің ақпаратты ашықтығы мен анықтылығын қамтуға, сонымен қатар ақпараттық технологияларға тұрғындардың көп қабатты инфрақұрылымдарын қалыптастырып, ақпаратты ресурстарға және қызметтерге қол жетімділігін арттыруға  бағытталады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі-биліктің бұл деңгейін халықтың өзі оны қалыптастырады да оған өзі бағынады, халыққа қызмет етуде ең жақын болып,  дәл осы деңгейде тұрғындардың негізгі  күнделікті  қажеттіліктерін қанағаттандыру жұмыстары жүргізіледі, және де биліктің осы деңгейіндегі тиімсіздіктер   мен олқылықтар халықпен қарым қатынас орнатуда кері әсері болады. Осы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі үкіметтік институттарының барлық жүйесінің  тұрақтылығы мен  демократиялығын қамтамасыз ететін биліктің бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі-биліктің ақпаратты-даму бағыты бойынша ең аз дамыған деңгейі. Аталғандармен бірге, заманауи ақпараттық технологиялар тұрғындардың қажетті ақпараттану деңгейін, басқару тиімділігі мен жергілікті орындаушы органдар деңгейінде бақылау жұмыстарын қамтамасыз ете алар еді. Ауылдық округ – бұл бірнеше ауылдан құралған тұрғылық жер және оны басқару органдары (1-сурет).

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру кезінде ақпараттандыру обьектісінің негізі мінездемелері мен құрамын,  оның әрбір элементтің мақсаты, олардың арасындағы байланысы, сыртқы ортамен байланысын зерттеу, талдау  жұмыстарын жүргізу қажет.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қамтамасыздандырудың негізгі бөлімдерінің бірі ақпараттық база болып табылады.  Деректер базасын жобалаудың бірінші сатысы - деректер базасын концептуалды жобалау. Концептуалдық жобалау кезенінде бағдарламада қарастырылған негізгі мәселелер мен функциялар анықталып өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау қарастырылады.

 

Сурет 1. Ауылдық окуруг әкимиятының ақпарттық қызметі

 

Бұл модель қолданушы талаптарының ерекшеліктерінде жазылған ақпараттар негізінде құрылады. Құрылған концептуалды база деректер базасының логикалық жобалаудың негізгі ақпарат көзі болып табылады. Концептуалдық жобалау нәтижесінің бірі  қойылған мәселенің ақпараттық моделі – «маңыз-байланыс» диаграммасы. Бүгінгі таңда осы диаграммаларды өңдеуде қолданылатын құралдардың бірі–ол CASE-технологияларын іске асыратын Erwin ERX бағдарламасы. ER-диаграммасында (Entity Relationship Diagramm) көрінісі болып табылады.

Тұтастай алғанда, “электрондық үкiмет” мақсатында инфрақұрылым жасау мемлекеттiк органдардың ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулердi сатып алуға, әзiрленiмнiң бiрыңғай әдiстемелiгiн пайдалану есебiнен жобалау жұмыстарын жүргiзуге шыққан шығындарын барынша азайтуға ықпал етуге тиiс.

Жергілікті биліктің осы деңгейінде ауылдық округінің әкимиятының қызметін автоматтандыру мәселесі қазіргі таңда өзекті екені айқын.  Аймақтық ақпараттандыру жұмыстарын сапалы жүргізудің мақсаты: аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешудің тиімділігін арттыру, жергілікті басқару органдардың жоғары деңгейдегі билік органдарымен әрекеттестігінің тиімділігін жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысын сапалы ұйымдастыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.

Жергілікті басқарудың ақпаратты жүйесі (ЖБАЖ)–жергілікті басқару органдарына, жергілікті мекемелер мен тұрғындарға арналған ақпараттарды өңдеу, сақтау, талдау мен тарату үшін құрылған технологиялық толық, программалық және ақпараттық орта болып табылады. ЖБАЖ жергілікті басқарудың ақпараттық құралы болады және оны мекемеде  ақпаратты өңдеу технологиясының бірігуі деп қарастырамыз [1].

Жүйелік көзқарас бойынша ауылдық округты басқару жүйесі төмендегідей болады:

-             ықтималды, себебі оның жағдайын уақыттың әрбір мезетінде тек қана белгілі бір ықтималдылық түрінде анықтауға болады;

-             динамикалы, себебеі ол уақытпен өзгереді;

-             үлкен, себебі ол ішкі жүйеден және әртекті элементтерден құралған;

ашық,  себебі онда ішкі ортамен және ішкі жүйелердің бір бірімен өзара әрекетесттік мүмкіндігі жүзеге асырылады

Жергілікті басқару органдарының қызметінде заманауи ақпараттық технологияны пайдаланудың келесі бағыттарын атауға болады:

1.Ақпаратты қағазсыз өңдеу және сақтау технологиясымен қамтамасыз ету. Үкіметтің жергілікті басқару органдар жұмысы уақытылы ақпараттық жаңалықтармен қамтылуы тиіс. Осыған байланысты ақпаратты өңдеудің қағазсыз технологиясына бағытталған жүйелердің рөлі өседі. Бұл жүйелер құрамына электронды құжат айналым программалары, сонымен қатар ақпараттардың шынайылығына жауап беретін басқару органдарында қалыптастырылатын деректер базалары  да кіреді.

1.             Жергілікті басқару  субьектілерінің  ақпараттық әрекеттестігі.2-суретке сәйкес келтірілген.

 

2 сурет. Басқару шешімін қабылдау кезінде ақпараттық
 әрекеттесттікті іске асыру

 

2.Басқару шешімдерді  ақпараттық-аналитикалық қолдау. Ақпараттандару мақсаты жергілікті басқаруды бүтіндей әлеуметтік-экономикалық жүйе түрінде қарастырып, оған тиімді басқарушы шешімдерді қабылдауға барлық жағдай жасалған, яғни қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілген болуы керек.

Концептуалдық модельдің сызбасын құрмас бұрын ең алдымен оның құрамын атап шығу керек. Сонда ғана оны тиімді әрі түсінікті етіп жасап шығуға болады.

Осыған байланысты МБАЖ енгізудің негізгі мәселелері мен келесі  бөліктік мақсаттары анықталады [2]:

-               Әлеуметтік инфрақұрылымды тиімді басқару және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру арналған бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану үшін әртүрлі санаттағы тұрғындары туралы мәліметтер жинау. 

-             Қала құрылыстары бойынша оңтайлы шешім қабылдау үшін   бірыңғай қалалық кадастр енгізу.

-               Коммуналдық шаруашылықты жедел басқарылуы үшін және инженерлік қызметтердің жұмысын үйлестіру мақсатында бірыңғай инженерлік кадастр енгізу.

-               Жергілікті мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану үшін бірыңғай мүліктік кадастр енгізу.

-               Келісім шарттар және бірыңғай сатып алу жүйесін қамту, басқару шығындары бойынша оперативті қолдау үшін бюджет мониторингі.

-               Оперативті шешім қабылдау және оның негізділігін жоғарлату үшін басқару органдарын нормативті-құқықтық және құжаттармен қамтамасыз ету.

-               Басқару органдарымен бірге тұрғындармен конструктивті өзара әрекеттестікті қамту, оның ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру үшін муниципалитет қызметін тұрғындарға жылдам ақпаратандыру.

Деректер базасын өңдеу мәліметтерді модельдеу арқылы орындалады. Мәліметтерді модельдеудің мақсаты  еш қиындықсыз кез келген мәліметтер базасы жүйесінде көрсетілуі мүмкін бір модель немесе бірнеше локальді модельдер түріндегі мәліметтер базасының концептуалдық схемасы ретінде АЖ өңдеушінің қамтамасыздандыруы негізінде жатыр. Мәліметтерді модельдеудің кең тараған құралы болып «маңыз-байланыс» диаграммасы (ERD) табылады. ERD көмегімен DFD-диаграммасының мәліметтер жинақтаушысы нақтыланады, сонымен қатар пәндік облыс үшін маңызды (маңыздардың) объектілердің идентификациясын, осы объектілердің құрамы (атрибуттардың) мен олардың басқа объектілермен байланысын (қатынасын) қосып алғандағы бизнес-жүйенің ақпараттық аспектілері құжаттандырылады.

Тағайындау модельдеріне сай келетін мәліметтер базасын ұсынатын концептуалдық, ішкі және сыртқы деңгейлер кездеседі. Концептуалдық деңгей интеграцияланған түрде пәндік облыс мәліметтерін ұсынудың логикалық аспектілеріне сәйкес келеді. Концептуалдық модель ДББЖ мәліметтер базасының логикалық құрылымына қойылатын талаптарына сәйкес құрылымданған мәліметтердің түрлі типтерінің көптеген даналарынан тұрады. 

Ішкі деңгей мәліметтердің сақтау ортасында ұйымдасуын талап ететінін көрсетеді және мәліметтерді ұсынудың физикалық аспектілеріне сәйкес келеді. Ішкі модель жазбалардың бөлек даналарынан, яғни сыртқы тасымалдағыштарда физикалық  сақтауыштардан тұрады.

Концептуалдық жобалау кезеңінде программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып, өңделетін алғашқы ақпараттарды талдау мен оның құрылымын анықтау қарастырылады.

 

Әдебиеттер.

1.             Систер В.Г. Информационные технологии на службе города// Информационное общество, 2003. - №1.

2.             Шубин А.В., Есипов М.А., Кристальный Б.В. Единая государственная  система управления и передачи данных (ЕГСУПД) и ее законодательное обеспечение(«Электронная Россия 2002-2010 годы)»)//Информационные ресурсы России. – 2002-№1.