Магистрант Абилханова
Ж.Н.,ғылыми жетекшісі -ф.м.ғ.к.,Абилмажинова Б.С.
Т.Рысқұлов
атындағы Қазақ Экономикалық университеті,
Қазахстан
ҚАРЖЫ
ҰЙЫМЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ҚҰРУ
Қаржы
жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация
шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің
жиынтығы; яғни, мемлекеттің қаржы мекемелері
жүйесі - өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың
(қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык
бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың
ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары
субъект қызметінің сипатына қарай топтастырылады.
Қазақстан
Республикасының қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен
тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы
кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан
(қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар,
мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық
банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы),
кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы
үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы
құралдарынан тұрады. Қаржы жүйесінің
тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық
экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.
Қаржы мекемелерінің секторы. Түрлі қаржы мекемелері
қызметінің өзгешелігін есепке ала отыра, бұл сектор
үшін активтер және пассивтер балансын келесі кіші секторларды
бөлу арқылы құрылады:
·
Ұлттық Банк;
·
Екінші деңгейлі коммерциялық банкілер;
·
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары;
·
Жинақтау зейнетақы қорлары;
·
Басқа қаржы мекемелері.
Жалпы сектор үшін
активтер және пассивтер балансын көрсеткен кезде түрлі кіші
секторлар бірліктерінің арасындағы өзара талаптар және
міндеттемелерді алып тастау қажет[10].
Қаржылық
мекемелер секторындағы қаржылық есепті
құрған кезде негізгі ақпарат көздері мына
мекемелердің бухгалтерлік есептілігі болып табылады: Ұлттық
банк және коммерциялық банк (екінші деңгейдегі),
сақтандыру компаниялары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары,
қаржылық компаниялар, инвестициялық қорлар және
т.б.
Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарының және
жинақтау зейнетақы қорларының қаржылық
есептілік нысандары бойынша жинақ көрсеткіштерін ұсынумен
Ұлттық банкінің Қаржылық бақылау
департаменті айналысады.
Барлық
секторлардың активтер және пассивтер балансы үшін
сақтандыру техникалық резервтері бойынша мәліметтердің
жалғыз көзі болып сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының бухгалтерлік балансы табылады. Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарының активтер және
пассивтер балансында сақтандыру резервтері олардың сақтандыру
полюстерінің иелеріне қатысты міндеттемелері ретінде, басқа
секторлардың активтер және пассивтер балансында олардың
активтері ретінде көрсетіледі.
Сақтандыру
ұйымдары бойынша активтер және пассивтер балансын құру
кезінде сонымен қатар банкілік есептілікте (банкілердің
бухгалтерлік балансы), қаржылық емес кәсіпорындардың
бухгалтерлік есептілігі және басқа ұйымдардың
меншіктің және жеке сақтандыруы бойынша есептеу
бөлігіндегі ақпаратты есепке алу қажет.
Жинақтау зейнетақы
қорларының және басқа қаржылық
мекемелердің активтері қозғалысы туралы
ақпараттың негізгі көздері болып Қазақстан
Ұлттық банкінің ай сайынғы статистикалық
бюллетенінде шығатын банк жүйесі (ақша агрегаттарды
қоса алғанда) бойынша монетарлық шолу, ақша нарығы,
мемлекеттік құнды қағаздар нарығы, жинақ
зейнетақы жүйесі және сақтандыру нарығы, ал
мұның алдында осы ұйымдардың бухгалтерлік есебі
(бухгалтерлік баланс, табыстар және шығындар туралы есеп,
зейнетақы жинақтар бойынша мәліметтер) бойынша ақпарат
табылады.
Осы кіші сектор үшін қаржылық есепті құру
үшін анағұрлым толық ақпарат сақтандыру
ұйымдарының, атап айтқанда, бухгалтерлік баланста,
сондай-ақ, өмірді сақтандыруды қоспағанда
өзге сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру түсімдерін
орналастыру туралы бухгалтерлік есептілігінде болады.
Сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы
статистикалық есептілікте, негізінен, олардың кірістері мен
шығыстары көрсетіледі, ал қаржылық активтер мен
міндеттемелердің қозғалысы туралы деректер іс жүзінде
жоқ.
Сақтандыру ұйымдары бойынша қаржылық есепті
құрған кезде сондай-ақ, банктің,
қаржылық емес кәсіпорындардың және басқа
ұйымдардың мүліктік және жеке сақтандыру бойынша
есептері бөлігіндегі бухгалтерлік есептілігінде жатқан
ақпаратты ескеру қажет.
Сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есебінде
сақтандырушы түсімін анықтаудың екі әдісін
қолдануға болады:
1.
есептеу әдісі,
сақтандыру сыйақысы түсімін есептеу сақтандыру
келісімін жасаған кезде жүзеге асырылады;
2.
кассалық әдіс,
сақтандыру сыйақысы түсімін есептеу сақтандыру
ұйымының шотына немесе кассасына ақшалық
қаражатты түсірген кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары және өзге де
қаржылық мекемелердің қаржылық активтері мен
міндеттемелерінің қозғалысы туралы негізгі ақпарат
көздері олардың бухгалтерлік есептерінің деректері болып
табылады. Осы кіші секторлар бойынша қаржылық шотты
құру кезінде қаржылық емес кәсіпорындар мен
сақтандыру ұйымдарына арналған осы ұсыныстарды
басшылыққа алу керек.