Жоранова Нургул Жоранкызы

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-аға оқытушы Жоранова Нұргүл Жоранқызы

 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ІСКЕ АСЫРУ

Ақпараттың қоғам өміріндегі ықпалының артуы, электрондық-компьютерлік технологиялардың күннен күнге жанданып дамуы, олардың адами іс-әрекеттің барлық салаларына (білім, ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, тұтыну, байланыс, бизнес, мәдениет т.с.с.) ықпалының артуы ақпараттық қоғам ұғымының ғылыми айналысқа енуіне негіз болып отыр. Қоғам дамуының барлық бағыттандырында ақпараттық технология кең ауқымда және мемлекеттік басқаруда олардың алатын орны ерекше. Мемлекеттік саясат пен басқарушы шешімдерді қабылдауды ақпараттық қамтамасыз етуге бүгінгі таңда аса көңіл бөлінеді. Ақпараттық технологияны пайдалану жергілікті өзін-өзі басқаруда және мемлекттік басқару органдарының жұмыстарының тиімділігін арттыруда принципиальды жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Қазіргі кезде мемлекеттің дүние жүзінде қандай орын және рөл атқаратындығы ақпараттық технологияның даму деңгейіне байланысты. Ал, Қазақстан мемлекеті үшін бұл бағыттың маңызы зор.

Мемлекеттік басқаруды жақсартудың тиімді құралына айнала алады. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін жақсартудың шешуші жолы жаңа технологияларды пайдалана отырып үкіметтік құрылымдар арасындағы горизонтальды және вертикальды байланыстарды нығайту болып табылады.

Бүгінгі таңда жергілікті басқару органдарын ақпараттандыру ерекше рөл атқарады,  себебі бұл құрылымдар азаматтарға жақынырақ болғандықтан  және де тұрғындар оларға үкіметтің қызметтері туралы ақпарат алуға жиі  қайырылады. Азаматтардың күнделікті сұраныстарымен жақынырақ болғандықтан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі республикадағы ақпараттық қоғамды «төменнен-жоғарыға» бағыты бойынша қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде негізі болуы тиіс.

Сондықтан да жергілікті биліктің осы деңгейінде ауылдық округтың әкимиятының қызметін автоматтандыру мәселесі қазіргі таңда өзекті екені айқын.  Аймақтық ақпараттандыру жұмыстарын сапалы жүргізудің мақсаты: аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешудің тиімділігін арттыру, жергілікті басқару органдардың жоғары деңгейдегі билік органдарымен әрекеттестігінің тиімділігін жетілдіру, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысын сапалы ұйымдастыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.

Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі кезеңінің сипаттамасы және осыған байланысты шешілетін мәселелер 1-суретке сәйкес келтірілген.

Сонымен, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ақпараттық коммуникациялық жабдықтауға кешенді ұсыныс интегрирленген территроиялық ақпараттық жүйе жобасы түрінде іске асырылуын көздейді.

Оған басқару қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйесін өңдеу кіреді, тұрғындармен интеграциялық байланыс орнату үшін «электронды үкімет» жүйесі, сонымен қатар регионның әлеуметті-экономикалық негізгі көрсеткіштері бойынша ондағы мекемелерге мониторинг жүргізуді жолға қою. «Электронды үкімет» шеңберінде тұрғындарға, мекемелерге мемлекттік қызмет көрсету механизмдерін автоматтандыру мәселелері қайта қаралып, аймақтық ақпараттық ресурстар, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, мемлекттік билік органдарының қызметі туралы жалпы халыққа  қол жетімділік мәселелері шешіледі. АКТ-ны пайдалану жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызметін оңтайлы,  тиімді атқаруға мүмкіндік беретін болады.

Аймақтық ақпаратты жүйе (ААЖ) – бұл кешенді интеграциялық автоматтадырылған ақпараттық жүйе, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарының жұмысын  ақпараттык-аналитикалық қолдауға арналған[1].

 

Сурет 1. Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі кезеңінің сипаттамасы

 

Қамтылған аймағына қарай ААЖ келесі түрлерге бөлінеді:

·               жергілікті (қалада, қалалық ауданда, ауылдық);

·               аймақ (облыс аумағында, өлке, республика);

·               мемлекттік (АСУ мемлекеттік көлемде, мысалы «Тұрғындардың мемлекеттік регистрі»).

ААЖ-ны құру кезінде ақпараттандыру обьектісінің негізі мінездемелері мен құрамын,  оның әрбір элементтің мақсаты, олардың арасындағы байланысы, сыртқы ортамен байланысын зерттеу, талдау  жұмыстарын жүргізу өте маңызды.

Ауылдық округ – бұл бірнеше ауылдан құралған тұрғылық жер және оны басқару органдары.

Жүйелік көзқарас бойынша ауылдық округты басқару жүйесі төмендегідей болады:

-            ықтималды, себебі оның жағдайын уақыттың әрбір мезетінде тек қана белгілі бір ықтималдылық түрінде анықтауға болады;

-            динамикалы, себебеі ол уақытпен өзгереді;

-            үлкен, себебі ол ішкі жүйеден және әртекті элементтерден құралған;

-            ашық, себебі онда ішкі ортамен және ішкі жүйелердің бір бірімен өзара әрекетесттік мүмкіндігі жүзеге асырылады [2].

Егер жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін «қара жәшік» түрінде қарастыратын болсақ, онда оның кірісінде осы ауылдық округтің коллективті мүдделері, ал шығысында – түрлі нормативті-құқықтық актілер мен осы қызметтерді атқару нәтижелері жатады [3].

Жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің элеметтері:

-            тұрғындар;

-            территориялар (ауылдар мен оларға қарасты жерлер);

-            жергілікті өзін-өзі басқару органдары;

-            осы жердегі мемлекеттік мүлік;

-            жергілікті бюджет;

-            инженерлік және әлеуметтік инфраструктура.

Ауылдық округті басқару жүйесінің субъектілері – ол жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі болып табылады.

Осы жүйенің ұйымдық құрылымы 2-суретке сәйкес келтірілген.

 

2-сурет. Ауылдық округті басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы

 

Ауылдық округті басқару жүйесінің элементтері бір бірімен өзара және макроортамен ақпараттық,  материалдық және қаржылық ағымдар арқылы байланысты болады.

Бұл суреттен көргеніміздей ауылдық округтің әкімдігінің басқару функцияларын іске асыруға қажетті болатын ақпарттық ағымдар жергілікті әкімдіктерді өндірістік, коммуналдық тұрғын үй мекемелерімен, қаржылық бөлімшелермен және тағы да басқа жергілікті мекемелермен байланыстырады.

Жергілікті басқарудың негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындардың тұрмыстық өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

Ақпараттық ұсыныс көзқарасы бойынша жергілікті өзін өзі басқару аймақтық және мемлекттік деңгейде басқарудың сапасын жоғарлату үшін қажет.

Аумақтың саяси, экономикалық жағдайы туралы ақпараттарды айқын және толық, жедел, адекватты түрде және округтың даму динамикасын, сонымен қатар жергілікті органдардың басқарушы шешім қабылдауда қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету – басқару шешімдерінің сапасын арттырады[2].

Сондықтан да жергілікті биліктің осы деңгейінде ауылдық округтың әкимиятының қызметін автоматтандыру мәселесі қазіргі таңда өзекті екені айқын.  Аймақтық ақпараттандыру жұмыстарын сапалы жүргізудің мақсаты: аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешудің тиімділігін арттыру, жергілікті басқару органдардың жоғары деңгейдегі билік органдарымен әрекеттестігінің тиімділігін жетілдіру, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысын сапалы ұйымдастыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.

Жергілікті басқару жүйесін іске асырудың ақпараттық негізі болып, жергілікті басқарудың ақпараттық жүйе (ЖБАЖ) болып табылады. Ол жергілікті басқарудың барлық деңгейін өзекті, толық, шынайы ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Жүйелік бағыт көзқарасы бойынша басқару деңгейінің мазмұнына сәйкес әр түрлі мөлшерде жалпыланған ақпараттарды қамтитын бірнеше деңгейдегі ақпараттық жүйелерді келтіруге болады:

-            салалар бойынша ақпараттық жүйелер – жергілікті жердегі мекеменің, ұйымның, әкімшіліктің құрылымдық бөлігінің (ақпаратты агрегациялаудың ең кіші жалпылау дәрежесі);

-            интеграцияланған жүйелер, салалық жүйелерден алынған проблемалық бағытталған ақпараттарды қамтиды (мысалы, қала (ауыл) аймағының картасы, тұрғындары бойынша деректер базасы және т.б.);

шешім қабылдауды қолдаудың эксперттік жүйелері - әкімшіліктің басқарма деңгейі және оның орынбасарлары (ақпаратты агрегациялаудың ең жоғыры көрсеткіші).

Жергілікті өзін- өзі басқару жүйесінің маңызды мәселесінің бірі болып жергілікті үкімет органдарын ақпараттандыру қарастырылады. Онсыз тиімді бақылау, тиімді басқару, тұрғындарды ақпараттандыру мүмкін емес.  Бұл өте ауқымды мәселе болғандықтан жүйелі шешімдерді талап етеді. Мемлекеттік басқару органдарына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды интенсивті ендіру оларды азаматтарға жақындата түседі, тұрғылықты халықпен жұмысты жақсартады, ішкі қызметтік тиімділікті арттырып, мемлекеттік аппаратты ұстауға кететін шығынды азайтуға алып келеді.

Ақпарат ағымының көптігіне байланысты әкімдік мекемесін басқару жұмыстарын автоматтандыруға жататын  негізгі мәселелері:

-      Ауыл округіне кіретін ауылдар туралы мәліметтерді тіркеу;

-      Ауылдардағы әр шаруашылық бойынша деректерді тіркеуге алу;

-      әр шаруашылық бойынша мүшелерін тіркеуге алу;

-      жер, мал есeбін жүргізу;

-      тұрғын үй жағдайларын есепке алу;

Ауылдық округ әкимиятының негізгі функцияларын ақпараттармен қаматамасыз ету мақсатында және жоғарыда аталған функцияларды сапалы іске асыру мақсатында әкимияттың қызметіне компьютерлік сүйемелдеу көрсететін ақпарттық жүйе жобалау қажеттігі туындайды.

 

Әдебиеттер:

1.            Акатова Н.А. Система государственного управления. Кн.5. Информационные технологии: Учебное пособие. – М.: ГУУ, 2000.

2.            Саак А.Э., Пахомов Е.В., Тюшняков В.Н. Информационные технологии управления: учебник для ВУЗов. 2е изд. – Спб,:Питер, 2008

3.            Иванов В.В., Коробова В.Н. Муниципальный менеджмент: справочное пособие. – М., ИНФРА-М, 2002.