Кредиттік
оқу жүйесінде студенттерді
модульдік технология арқылы оқыту ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Маханов
Ғалымжан Кажданбекович
Бадекова
Қаракөз Жаиловна
Бражанова Анар Корабаевна
Қарағанды Мемлекеттік
медициналық университетінің оқытушылары
Білімденудің тәсілі ретінде кредиттік
технология тұлғаның жеке ізденімпаздық қажетсіну
уәжін іске қосу іскерлігін шыңдауға қозғау салады. Ал
педагогикалық технология ұжымдық іс-әрекетке
бағдар жасайды. Осы екі түрлі ұстанымды ажыратып алған
жағдайда жоғары оқу орнының білімденудің
инновациялық технологиясы деген ұғымды дұрыс
түсінуге болады. «Инновация» ұғымы «жаңаша оқыту»
мәселесін жүзеге асырады. Бұл орайда жаңаша оқыту жүйесін мемлекеттік
және әлемдік стандарт
аясындағы көш басы технологияларды бүгінгі
Қазақстан Республикасының өңіріне бейімдеп
алу секілді амалды іске асыру қарастырылады.
«Білім» ұғымы
адамзаттың мәдениетін көтеру мақсатындағы
ұстанымын зерттеуге И.Я.Лернер еңбегінде мынандай
жинақтық мән білдіреді:
– білімнің
жүйесі (табиғат жайлы, құдырет туралы, техника, адам, ғарыш және т.б.) әлем
жайлы танымды қамтиды;
– адамға
таныс тәсілдерді танымдық қызмет арқылы іске асырады;
– адамның
мәдени, ғылыми жалпы адамзаттық дүниетанымын дамытады;
– әлемде
адамның қарым-қатынас арқылы біртұтас
құбылыста қабылдай алу шеберлігі ширайды.
Студент қандай дидактикалық нысан, пән
арқылы білім алса да, әлемге диниетанымы біртұтас
жүйеде қалыптасады. Студент семинар, тәжірибелік
сабақтарда мәселені өздігінен табатын дәрежеде болып,
оның шешімін альтернативті мәнде қарастырады. Бұндай
білім жүйесін меңгеру
үдерісінде студент комбинаторлы амалға төселеді.
Білімнің шығармашылық деңгейде меңгеруі
энциклопедиялық білімге ынталандырады. Білім мазмұны –
дидактиканың негізі. Олай болса, оқыту тірі адамға тән
әрекет, ал дидактикалық негіз – білім теориясы мен оқыту
теориясының қосындысы. Міне, осы дидактикалық негіздің
жүйесін құру, қосудың теориялық
әдіснамасына негіздейміз. Сөйтіп, пән оқытушысы міндетті
түрде оқыту және білім беру теориясын біріктіріп, оның
қажеттілігін анықтауға ұмтылуы – білім
заңының басты ұстанымы. Кредиттік жүйеде білім
берудің жаңа парадигмасы «оқу – қалай
оқығаныңа қарай», «өзін-өзі дамыту»,
«өмір бойына оқу» болып өзгерді. Жаңа жүйеде
оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі
әдістері мен жолдарын көрсете отырып, студенттің өздігінен жасайтын танымдық
әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады. Жоғары
оқу орны жұмысының нәтижесі – білім алушылардың кәсіби
білім беру бағдарламалары бойынша білімдерінің сапасы, ал
мамандарды даярлаудың сапасының өлшемі – мемлекеттік білім
беру стандартындағы біліктілік талаптарға сәйкес анықталған теориялық
дайындық деңгейі арқылы бағаланатын маманның
кәсіби құзыреттілігі. Жоғары кәсіби білім
берудің мақсаты еңбек
нарқы қажетіне сай мамандарды даярлау болғандықтан,
бұл Болон үлгісінің негізінде жатқан
қағидалармен, оның ішінде оның басты
қағидаларының бірі
білім беру сапасын бақылаумен
үйлеседі. Әрі сапаны
бақылау оқыту мерзімі мен оқыту мазмұнымен қатар,
маманның кез келген еуропалық мемлекетте жұмыс істеуге
даярлығына негізделеді.
Оқытудың жаңа технологиясын ендіру
және білімдегі ақпараттану
білім беру жүйесін түбегейлі өзгертудің басым
міндеттері болып табылады. Бұдан білім беру үдерісінің
маңызды екі құрамдас бөлігі болып табылатын оқыту
технологиясы мен білім беру ақпаратын бейнелеу түрлерін
түбегейлі өзгерту уақыттың талабы болып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жоғары
оқу орындарында кредиттік жүйеге ауысудың бейімделу үдерісі
өтуде.
Сондықтан жоғары оқу орнының бейімделу потенциалы мен дайындық бағдарламасын
көтеру үшін академиялық және
ұйымдастырушылық құрылымдардың өзгерістерін
жасау, оқыту технологиясы мен әдістерін жаңарту,
педагогикалық үдерісті жетілдіру, педагогикалық
құрамның сапасын жақсарту қажет болды. Кредиттік
оқу технологиясы, оның ішінде модульдік технология
студенттердің, оқытушылардың, мамандардың
академиялық алмасуына қажетті шарттарды жүзеге асыратын
бірыңғай өзара сынақтың халықаралық
жүйесін құру мақсатында ұлттық білім беру
жүйесін реформалаудан тұратын әлемдік беталыстан туып отыр. Оқытудың
бұл технологиясы дидактикалық үдерісті
жүзеге асырудың нелер бір ұтымды амал-тәсілдерін іске
асыратынына дәлелді пікір білдіреді.
Кредитті
технологияны іске асырудың мүмкіндігі – стандартқа
жүгінген оқулықтардың модульдік технология
жүйесіне бағыну
заңдылығы. Бүл заңдылық
оқулықтағы модульге жіктелген нысаналардың теориялық негізінің
тәжірибедегі көрінісін
үйлесіммен берілуіне
қолайлы жағдай туғызады. Кредиттік технологияның іс-әрекеті өнімді нәтижеге жетуі үшін модульдік технологияны ұтымды
пайдалану көзделеді. Осы ұғымның зерттелген
дәрежесіне байыппен қарасақ, бірталай ғалымдардың
мектеп және ЖОО-ндағы модульдік іс-әрекет технологиясын
зерттегені байқалады. Мысалы, модульдік оқытудың генезисін
зерттеген Чернилевский Д.В.ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та,
Еуропада аталған оқытудың түрі кең тараған
деп қорытынды жасайды [ 1].
Модульдік технологияның
оқыту іс-әрекетіндегі маңыздылығын зерделеген
зерттеуші: М.А.Чошанов [2]. Модульдік технологияның оқыту
үдерісінде ұтымды қолданылуына салиқалы үлес
қосқан ғалым: П.Я.
Юцявичене [3]. Бағдарламалық-әдістемелік
құжаттамалардың құрылымы мен мазмұнын
модульдеу проектісін оқу үдерісіне енгізгендер: П.Н. Новиков, В.А.
Ермоленко, Т.Т. Новикова, Н.Е. Эрганова, Н.В. Бородина [4; 5].
Модульдік технологияны
іс-әрекетте қолдануға өз еңбектерімен кезінде
ғылыми жаңалық ашқан аталған
зерттеушілердің бәрі дерлік оқулықтың кредитті
технологияға бейімделуіне қатысты ой-пікір бермегені
байқалды.
Білім беру
үдерісінің түрлері:
– дәріс, жоғары
оқу орындарының білім беру жүйесімен;
– семинар – оқу
топтарының тәжірибешілік сабағы;
– зертханалық
сабақ – техникалық құралдармен, арнаулы аппараттармен,
сарапатама өткізумен, тәжірибе – эксперимент жүргізумен,
зерттеумен ерекшеленетін сабақ;
– табиғатқа
саяхат, мұражайда, көрмелерде сабақ өту;
– белгілі бір
тақырыптар немесе мәселелер жайлы топтық және жеке
кеңес өткізу сабағы;
– сынақ
сабағы – белгілі бір курстан кейін білім тексеру сабағы;
– емтихан сабағы –
пәннің бағдарламасын
меңгеру деңгейін тексеру сабағы.
Бүгінгі модернизация кеңістігінің өзінде
оқытудың жалпы қалыптасып келген теориясын дидактика деп
атаудың түп қазығы сонау чехтың ұлы
педагогы Я.А. Коменскийден бері деген тұжырым әлі өз
мәнінде екенін ескерген жөн [3]. Дидактика мен жоғары оқу
орындарының стандарты мен типтік бағдарламасының негізіне
құрылған өтілуге тиісті ғылым салаларының
пәндік сападағы оқытуға арналған бәріне
бірдей (барлық жоғары оқу орындарына)
заңдылықтары бүгінгі күнге дейін тәжірибеде
қолданылып келеді. Бұл жөнінде зерттеуші Ч.Куписевич
дидактикалық пәніне оқыту үдерісі жатады деп ой
түйген. Мұнымен бірге ғалым оқыту
іс-әрекеті оның пәнінің факторлары мен жағдайларына қатысты
туындап, содан кейін ғана нәтиже болмақ деген
құнды пікір айтып өткен.
Я.А.Коменский жалпы дидактиканы оқыту өнерінің сан
салалы, әмбебап сипатын дәлелдеп берген. Сол себепті де
өміршеңдігі басымдықта деуге негіз бар. Жалпы
дидактиканың өзіне тән белгілерінің бірі – оқыту
тауқыметі дейміз бе, оқыту мәселесі дейміз бе осының
шешу жолдарын дерексіз мәнділікте табу. Дидактика оқыту
үдерісін ұтымды ұйымдастырудың көрсеткіші ретінде
дамып, студенттердің тек білім қорын бағдарлама
мөлшерімен шектелуден сақтандырып, керісінше олардың
парасатты іс-әрекетін, ойлау-бағамдау дәрежесін
арттыруға бірден-бір жол көрсетіп отырғанын қадап
айтқан орынды. Сонымен бірге жоғары оқу орындарында
оқыту
іс-әрекетінде студент пен оқытушы-профессорлық
құрамымен өзара әрекеттестік үдеріске
түсудің тәсілдерін таңдау арқылы жүзеге
асады.
Білім берудің ішкі және сыртқы
заңдылықтары бар. Бірінші заңдылық
қоғамдық талап пен үдерістерге
қатысты, бағынысты оқыту теориясы. Оқыту теориясы
әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени,
қоғамның сұранымымен, мемлекет тапсырысымен
жүзеге асады. Екінші заңдылық білім теориясына қызмет
ететін дидактикалық негіздің мұраты мен мақсаты, білім
алуы, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру
түрлері, студент пен оқытушының қарым-қатынас
өнері, оқу материалының маңызы. Міне, бұл -
оқытушының ғылыми және оқу еңбегінің
негізі.
Білім теориясының сыртқы заңдылығы
мыналар:
–мақсатты блогын алу, оқыту
мазмұнын іріктеу, әдістер таңдау барысындағы
әлеуметтік мәселелер;
–білік пен тәрбиенің бірлігі;
–оқыту үдерісінде қарым-қатынастың сөз
өнеріне құрылуы;
–қоршаған әлем мен білім
теориясының өзара бірлігі, әсері,
ықпалы.
Оқыту теориясының сыртқы
заңдылықтары:
–студенттердің танымдық оқу
қызметіндегі кездесетін ішкі қайшылықтардың негізінде
шешім табуы танымдық дүниетанымының тәжірибесіндегі
көрінісі, студенттердің қабілеті, білігі, ғылыми
пайымы, іскерлігі, машығы, автоматты деңгейдегі әрекеті
немесе Ж. Аймауытовша жұлма жад пен пәлсапалық жады;
–студент пен оқытушы арасындағы
қарым-қатынас, оқытудың нәтижелілігі;
–басқару
ісі мен студенттің танымдық белсенділігіне нәтиженің
бағыныштылығы;
–
міндетті орындалатын білімнің
құрылым-жүйесі, білімді бір қырынан меңгеруімен,
екінші жағынан, екінші қырын білмеуін, білмеуден білуге, білуден
білмеуге ауысып отыру үдерісі.
Оқытудың
принципі – оны ұйымдастыруының
көрнекілігі, студенттің саналы меңгеруге танымдық
белсенділігі, меңгерген білімнің жүйелілігі, кезеңдік
тәртібі, ғылым жетістіктерін еске сақтап, оны
толықтырып отыруы, танымдық деңгейін мәдениетпен,
тәжірибемен арттыру, теория мен тәжірибені дидактикалық
негіздің жүйесінде ұстауы, өзінің
іс-әрекетін тек теориялық негіздеме мен тұжырымға
бағындыруы.
Қорыта
келгенде, оқыту қызметінің дидактикалық негізінің
ең жоғары шарықтау шегі – студенттердің ғылыми-біліми еңбегін оңтайлы
ұйымдастыруда парасатты іс-әрекет құру бейіміне
көңіл бөлу екендігін естен бір сәт шығармау.
Парасатты іс-әрекеттті тәжірибеде нәтижеге бағдарлай
алатын аталған 20 құрамдық бөліктер ұдайы ұстаным ретінде
оқытушы-профессорлардың жадына тұрақталса, онда
мұны студенттердің кредиттік технологияға білімдену
қызметі негізіне құратыны сөзсіз.
Әдебиеттер
1 Дистерверг А. Избранные
педагогические сочинения. - Москва:
Учпедгиз, 1956. - 374 с.
2 Дью Дж. Мое
педагогическое кредо. - Львов, 1933. -
19 с.
3 Окунь
Я. Факторный анализ. - Москва:
Статистика, 1974. - 200 с
4 Бекирова Р.С. Модуль
"Неопределенный интеграл":
Методическое пособие. - Братск: БрГУ, 2005. - 56
с.
5 Вазина К.Я. Саморазвитие человека и
модульное обучение. – Нижний Новгород, 1991. - 225 с.
6 Лаврентьев Г.В. Инновационные
обучающие технологии в профессиональной подготовке специалистов. -Барнаул: Издательство Алтайского университета, 2002. - 232 с.