Шахметова
Динара Сапарғалиқызы
п.ғ.к., доцент
«ТҰРАН-АСТАНА»
УНИВЕРСИТЕТІ
Жумагулов
Серик Бакытбекович
«ТҰРАН-АСТАНА»
УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАНТЫ
Жауапкершілік
біздің өмірімізде
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына
сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің:
ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім, адамдарға
гумандық қарым-қатынас, ұлттық үрдістегі
өзіндік мәдениетін
сыйлауды, адамгершілік мінез-құлықтың
қалыптасуын талап етеді. Бұл болашақ кәсіптік
оқыту педагогтарының жеке тұлғасын тәрбиелеуші
ретінде қалыптастырудың жаңа
тәсілінің дәріптелуін, кәсіптік-педагогикалық білім берудің заман
талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше
көңіл бөлінуін,
тұлғаның қоғам дамуының белгілі бір
деңгейге жетуін талап етеді [1-2].
Бұл мәселені іске асыру барысында әр педагог талмай
талаптанып оқу үрдісі барысында, оқу үрдісінен тыс
уақытында да еңбек етуде. Білім алушыларды қызықтырып,
түрлі әдістерді қолдануда, бірақ та «бес саусақ
бірдей емес» қанша жерден шебер, білікті ұстаз болғанымен
саналы да санасыз, жауапты да жауапсыз тәлім алушылар бар. Алдағы
уақытта қозғалатын ой өрісі де осы «жауапкершілік»
аясында болмақ.
Бәрімізге
мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам,
қоғамның табиғи өмір сүруі үшін
қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін
еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге
қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез-
құлқын қалыптастыру құралы болып табылады.
Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі
бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің
байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа
ешнәрсе емес. Еркіндік
немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса,
жауапкершілік те арта
түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде
жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін
мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын
психологиялық деформацияға жол ашылады.
Жауапкершілік бір
мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән
нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып
табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті
құқықтық жағынан негізделгенде ғана
құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде
жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады.
Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген
жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге
жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі
жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып
қарастырғанда тұтас құбылыс
мінез-құлықтың ондай қылығына
тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында
міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.
«Жауапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке
айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және
юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.
«Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып
жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан
қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық
жауапкершілік - тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік
ерекше мағынаға ие болып,
әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде
осы жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға
тырысады. В.А. Тархованың
пікірі бойынша:
«өзінің істеген
әрекетіне жауап бере
отырып міндеттеменің реттелу құқығы -
юридистикалық жауапкершілік», - дейді.
Юридистикалық жауапкершіліктің
осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін
шектен тыс үлкейтіп, оның
тәжірибелік
мағынасынан айырады. Қоғамдық
өмірде «рухани жауапкершілік» категориясы үлкен маңызға
ие. Ол ұнамдылықты бұзу
нормасымен
байланысқан және қоғамға жат
қылықты
қоғамдық
айыптау түрімен ерекшеленеді.
Жауапкершілік — адам
бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті
орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік
қасиет; тұлғаның қоғамда немесе
ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және
кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне
сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.
Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу -
қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің
өзінде де жауапкершілік болғаны жөн.
Адамның қоғам
алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне
жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін
қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік - жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай жауапкершілікті әрқалай
сезінеді, ол сана сезімнің ерекше бір түрі. Жүктелген
міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған - туыстары,
жора - жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған
жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады.
Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы,
көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып
келеді.
Жауапкершілік - белсенділіктің қозғаушы
күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі
- қозғалыс пен іс - әрекет болса, оның не
қарқынды, не баяу
жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне
байланысты.
Қарапайым
күнделікті өмірде белсенділік адамның мінез - құлқы
мен іс - әрекетін сипаттайтын негізгі белгілердің бірі де
жауапкершілік болып табылады.
Жауапкешілік ол тұлға белсенділігі -
адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі,
қоғамдағы, қарым - катынастағы
тегеуріңділігі. Бұл адамның
әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқататын
қасиет. Тұлға белсенділігі оның
идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан,
сөзі мен ісінің бірліпнен көрінетін адамның белсенді
өмірлік позициясы ретіңде сипатталады; ситуацияға үстем белсенділік -
субъектінің ситуациялық алаптардьін деңгейінен биік болу
қабілеті. Ситуацияға үстем белсенділік арқылы
субъект іс-әрекеттің ішкі және сыртқы
кедергілерін (мысалы, енжарлық самарқаулық
селқостық, т.б.) жеңеді белсенділіктің
бұл түрі шығармашылық жағдайларда,
танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шекген аскан
белсенділікте көрінеді; іздену белсенділігі болашағы
беймәлім ситуацияны өзгертуге бағытталатын мінез.
іздену белсенділігі -
міңез-құлықтың көп типтерінің бірі
болып табылады Оның психикалық көріністері - жоспарлау, киялдау,
т.б.; шектен асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын,
істің жоғары нәтижелігінің маңызды
көрсеткіштерінін бірі. Жалпы алғанда жауапкершілік
өмірдің кепілі.
Егер қазіргі нарықтық жағдай болсын немесе
әлемдік саясаттағы көрініс болсын өркениеттің
дамуында, тіпті плпнетамыздың сақталып қалуында жауапкершіліктің
ойып алар орны бар. Сондықтан әр адам өз бойында сана
сезімнің жоғарғы табиғи денгейі жауапкершілікті тәрбиелеп, дамытып, ерікті түрде
күшейтіп отыру керек. Жауапты болу ерліктің бір түрі:
барлықтарыңызды үлкен ерлікке - жауапкершілікке
шақырамын!
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1.
Уровень удовлетворенности потребностей казахстанской молодежи.
Социологическое исследование. Корпоративный фонд «Центр анализа и
прогнозирования молодежной политики», Астана, 2009.
2.
ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті. 2010 жылғы
Қазақстан жастары Ұлттық есебі.