т.ғ.к., профессор С.К. Бердібеков,   

магистрант Садыкова А.М.

Қазақстан инженерлі- педагогикалық халықтар Достығы университеті

 

Ұлттық оқу жұйесін қалыптастырудың жолдары.

 

Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы ағарту жұмысын қажет етеді. Тарих ғылымында әр уақыттың, әр кезеңнің өзіндік құндылығы бар. Әсіресе, Кеңес өкіметімен бірге Қазақстанда жаңадан дүниеге мемлекеттік мекемелердің алғашқы жиырма жылдағы өсіп-өркендеуін терең деректанулық талдау жасау арқылы көрсетуге болады. Кеңес өкіметінің құрылуымен қатар жаңа мемлекеттік мекеме жүйесі де қалыптаса бастады. 1920 жылғы қазан айында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Құрылтай съезінің шешімінің негізінде республика территориясында мәдени құрылысты басқарушы біріккен орталық орган құрылды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басына қарай Ресей империясының отар елдерінде әлеуметтік- экономикалық жағдай бұрынғыданда да ушыға түсті. Осы тарихи кезеңнің Түркістан халықтарының тағдырында ерекше орын алуы жаңа саяси –әлеуметтік күш – патша отарлау аппараты өзіне қызметке даярлаған ұлттық интеллигенцияның қалыптасып дамуымен байланысты еді. Тарих сахнасына көтерілген ұлттық интеллигенцияның көпшілігі өздері алған еуропалық  білімді отаршылдыққа қарсы құралға айналдырды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Б. Сыртанов, Р. Мәрсеков  сияқты зиялы қауым өкілдері халық ағарту мәселесіне ерекше ден қойды. Олар үкіметтің халық-ағарту саласы бойынша шығарылған кейбір заңдық ережелеріне ұлттық мүдде тұрғысынан қарап  өз ой-пікірлерін ашық түрде білдіре бастады. Бұл әсіресе Халық ағарту министрлігі 1906 жылы 31наурызда «Ресейдің шығыс және Оңтүстік Шығыс бөлігіндегі түз халықтарының бастауыш училищелер туралы ережені» бекіткенде анық  көрінді. Халық арасында «31 наурыз ережесі» деген антпен әйгілі болған бұл құжатта мұсылман халықтарының ана тілінде білім алуын барынша шектеу оларды орыс алфавитіне көшіруді заңдастырып барлық мұсылман оқу орындарын Халық ағарту министрлігінің қарамағына өткізу көзделген. Онда «түз халықтары училищелерінде алғашқы екі жылда ана тілінде кейінгі жылдары орыс тілінде оқиды»,-деп көрсетілген [1]. Ал Жетісу өңіріндегі мұсылман зиялылары 1906 жылы 16-21 тамызда Нижний- Новгород қаласында өтіп жатқан жалпыресейлік мұсылман съезіне жеделхат жолдап «31 наурыз ережесіне» жергілікті халық наразылық  танытандығын білдіреді. Сонымен қатар сьездің де мұсылман халықтарының мүддесін қорғауын сұраған еді. [2]. Сьезд делегаттары осындай мазмұндағы халық өтінішін ескере отырып «31 наурыз ережесіне» өзгертудің жолдарын қарастыру керек деген шешімге келді. Сөйтіп олар халық ағарту министрі атына хат жолдап «31 наурыз ережесін» өзгертуді сұрайды. Онда: «Ішкі істер министрінің рұқсатымен Нижний – Новгород қаласында өткен Ресей мұсылмандары съезі империядағы барлық халыққа тегіс теңдік негіздерін жариялаған 17 қазан манифесінің жүзеге асуын қуаттай отырып » «31 наурыз ережесінің» бұған қайшы келетінін мәлімдейді» алуды қамтамасыз ету қажеттілігі айтылған еді. [3]. Қазақстандағы Халық ағарту жұмыстарының жағдайы Патшалық Ресейдің ұзақ жылдар бойы жүргізген отаршылдық саясаты қазақ жерінде ұлттық білім беру жүйесінің өркендеуіне тосқауыл жасап келгені аян. Соған орай 1917 жылғы ақпан революциясының нәтиежесінде патша өкіметі құлағаннан кейін қазақ зиялылары ұлттық мектептерді ашуға, халықтың сауаттылық деңгейін көтеруге баса мән берді. Бұған сол тұста М. Жұмабаевтың былай деп жазғаны дәлел бола алады: «1917 жылғы үлкен толқын қалғып отырған қазақ азаматын да қағып оятты. Саясат hәм шаруашылық жағынан елінің қолын жеткіземін деп ұмтылған азамат қазақ мектебін де жаңа, жайлы, таза негізге құрмақшы болды. Қала сайын дерлік курстар ашылды. Көздерінде, көкіректерінде ұшқындары бар мұғалімдер  шығарылды. Мектеп пен тірі дүние ортасындағы қытай қорғанын бұзып, мектепті білім беріп, тұрмысқа даярлайтын, келешекте ел ісінің иесі беріп, тұрмысқа даярлайтын, келешекте ел ісінің иесі беріп, тұрмысқа даярлайтын, келешекте ел ісінің иесі болатын азаматтар шығаратын жер жасауға бет алды». [4]. Патша өкіметі құлағаннан кейін қазақ жерінде облыстық деңгейде құрылған Қазақ комитеттері төңірегінде шоғырланған зиялы қауым өкілдері жер-жерде мектептер ашу, қазақ балаларына стипендия тағайындау, мұғалімдер даярлау ісін қолға алды. Мәселен, Семей облыстық Қазақ комитеті қазақтан жиналған земство салығын орыс балалары пайдаланып келгендігін айқындап, бұл қаржыдан бөлінген 70-ке жуық стипендияны Томскідегі техникалық институт, Семейдегі гимназия мен мұғалімдер курсында білім алып жатқан қазақ жастарына алып берді. Бұл іс негізінен қазақтар арасындағы ағартушылыққа серпін беру мақсатынан туындаған болатын. [5]. Ақмола облыстық Қазақ комитеті облыстық қазақ сьезінің қаулысымен Ғалия, Хусайния, Расулия, Мұхамедия медреселерінде оқитын қазақ шәкірттеріне 50 стипендия тағайындап, оны алатын шәкірттерге мынандай шарт қойды: «1 Съез қаулысы бойынша стипендия пайдаланған шәкірттер Ақмола облысының қазағы болуы тиіс. 2. Стипендияны шәкірттер қанша жыл пайдаланса, медресе бітірген соң, сонша жыл Ақмола облысында қызмет етуге міндетті болсын» [6].

Ақмола облысындағы қазақтар қазақ оқушыларына деп қаржы да жинастыра бастады. Осы мақсатта Омбы уезінде-4200 сом, Қызылжар уезінде- 4620 сом, Көкшетау уезінде – 8500 сом жиналды. Бұл іс- шараға облыстық Қазақ комитеті жетекшілік жасады. Қазақ комитеттері оқу- ағарту жұмысында 1917 жылы шілдеде өткен бірінші жалпықазақ сиезінің шешімдерін басшылыққа алды. Онда: «Жалпы міндетті бастауыш оқу, бастапқы екі жылда оқуды ана тілінде жүргізсін, мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын- бәрі де «Қазақ газеті емлесісімен жазылсын» [7], - делінген еді. 1917 жылы 2-5 тамыз аралығында М. Тынышбаевтың төрағалық етуімен, Е. Қасымов, Қ. Қожықов,Ә. Кенесарин секілді уездік ұлттық ұйымдардың өкілдері қатысуымен өткен Түркістан аймағы қазақ- қырғыздарының жалпы жиналысында ұлттық мектеп мәселесі негізгі мәселенің бірі ретінде күн тәртібіне қойылды. Онда бұл мәселеге орай бастауыш білім алу жалпыға бірдей міндетті болсын: мектепте балалар ана тілінде оқысын: оқу кітаптары мен баспасөздер «Қазақ» газеті қолданған емлемен жазылсын: орыс- түзем мектептері жабылсын, олардың орнына ұлттық мектептер ашылсын деген қаулы қабылданған еді[8]. Қазақ балалары білім алып жатқан орыс мектептерін ұлттық мектепке айналдыру жолында Қазақ комитеттері үлкен іс- тындырды. Осы жайлы «Сарыарқа» 1917 жылы былай деп жазды: «Биыл Алаш қаласында болған облыстық қазақ съезі барлық мектептер ұлт мектептеріне айналдырылсын, қазақша білім берсін деген қаулы жасаған еді. Ол қаулы тиісті жерлеріне жіберілді. Сол қаулы бойынша Зайсан уезінің комиссары Халел мырза Ғаббасов Зайсанға қараған қазақтардың  арасындағы орыс- түзем мектептерін ұлт мектептеріне айналдырды» [9]. 1917 жылы 18 шілдеде  Жетісу облыстық Қазақ комитеті ауылдар мен болыстарда күзде ашылуға даярланып жатқан ұлттық мектептер үшін оқулықтар алдыруды көздеп, бұл іске кітап дүкенінің иесі- Заки Зайнулинді  тартып, оған арнап арнайы қаржы бөлді . Жетісу облысындағы Қазақ комитеті қазақ   балаларының оқу жайына, ондағы мұғалімдер мен тәрбиеші азаматтардың білім деңгейіне, ұлт тілін меңгеру дәрежесіне қарай жұмысқа орналасуына араласып отырды. Верныйдағы ер балалар гимназиясында оқитын қазақ ондағы оқытушылардың ұлттық тілді білуін қадағалауға алды. 1917 жылы 13 тамызда Семей облыстық Қазақ комитетінің мәжілісінде ұлттық мектептерді ашу мәселесі арнайы қаралды. Осы мәжілістің барысында Семей, Кереку және Қарқаралы қалаларында кәсіптік білім беретін оқу орындарын ашу қажет, оған қазақ балаларын көптеп тарту қажет деген шешім қабылданды. Мұндай кәсіптік білім беру орындардың қатарында мұғалімдер даярлайтын курстар ашудың қажеттігі де аталып көрсетілді

Әдебиеттер тізімі:

1.     Правила о начальных училищах для инородцев, живущих в восточной и юго-восточной России утвержденные министерством народного просвещения 31 марта 1906 года о дополненные в 1907 г. Спб.,1907,3б.

2.     Политическая жизнь русских мусульман до Февральской революции.//Оксфорд, 1985.

3.     Вакыт. 1906.№ 927

4.     Нұрпейісов К. Тұтқындалған «Оян қазақ» Алматыда.// Қазақ әдебиеті, 1990,16 қараша

5.     Богданов И.М. Грамотность и образование в дореволюционной России и СССР. Москва, 1963,62-б.

6.     Статическое сведения по начальному образованию в Россиской империи. Вып.Опыт срав., 110-б.

7.     Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. Алма- ата, 1962,25- б.

8.     Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 1991,228-б.

9.     Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы,19911,228-б.