Кушкинбаева Қарлыға Теміржанқызы
Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
Практикалық лингвистика
кафедрасының оқытушысы, филология магистрі
Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
4 курс студенті Базылжанова Сәуле
Қалиясқарқызы
Мұхтар
Әуезовтың «Өскен өркен» романындағы сюжеттілік
пен характер
Сюжет (французша sujet - зат) – көркем шығарманың
мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі
түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың
мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара
қарым–қатынасынан туған шындық, өмірлік
оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен
заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы қимыл-әрекет
жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму
үстінде көрінеді. Сондықтан болса керек, «сюжет дегеніміз,
-дейді Горький, жалпы алғанда адамдардың өзара қарым
қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру,
жақсы көру, әр характердің, типтің өсу,
жасалу тарихы»[1.170-171].
Әдебиеттің нысанасы – болмыс шындығын көркем образ
арқылы ашу. Бірақ өте қиын да күрделі міндет.
Өмір ақиқатын көркемдік шындыққа
көтеру үшін көптеген заңдылықтар мен
шарттылықтардың орайласуы қажет. Әдебиет болған
мен болатынды қаз қалпында төтелей көрсетпейді.
Объективтік құбылыс растығы, авторлық
талғам-таразы, характер табиғаты – ажырамас бірлікке,
бүтіндікке келгенде ғана сом сурет тұлғалар
жасалмақ. Өмір материалын кен рудасына теңесек көркем
сюжет пен характер байыту фабрикасында бірталай елек, сүзгілерден өтіп,
технология тәсілімен өзгертілген жаңа сапалы
қосындыға ұқсайды[2.75].
Характерлер - өмір шындығын көрсетудің басты
құралы. Сондықтан да характерді толықтыруға
сюжеттің қызметі қандай дегенге арнайы тоқталуымыз
қажет.
Сюжеттің адам характерінің ашарлық қасиеті
қандай? Адам мінезі тартыста, тосуда айрықша сыналады,
жақсылық та, жамандық та іс-әрекет үстінде
ашылады. Сол жалпы қағида қазақ романдарымен
қаншалық дәлелденетініне тоқталуымыз керек[2.79].
Академик М.Әуезов «Өмір
мен шығарма» деген мақаласында характер жасау мәселесіне
арнап өте терең ойлар тастайды. «Әдебиет адамды тану
өнері деп танылғанда, әр шақта, әр дәуірде
адамды оның жан-дүниесінің, жаратылысының барынша
шарқына жеткен шағына апара түсіп, суреттеу керек болатын.
Бұлай болса, махаббат та бар шырқау барған шағымен
алынады. Ерлік, батылдық та, кек пен өштік те,
құрбандық пен тайталас та, қастасу мен ұстасу да
ең төргі өрісіне жету шарт. Мұндай кездерде адам
өзін-өзі ұмытар халге жететіні болады. Дағдылы мерзімді
кезінен мүлде өзгеріп өсіп кететіні бар. Сондай күйден
ғана терең шындық шығармасы туады» [3.52].
М.Әуезовтың «Өскен өркен» аяқталып бітпеген
үлкен шығарма, бұл романы бүкілхалықтық
мәні бар проблемаларды батыл көтергендігімен ғана емес,
әр түрлі нанымды характерлермен де қымбат. Замандастар
тұлғасын жасау жөнінде
бұл роман біздің әдебиетіміздің жаңа,
батыл қадамы деуге болады. Кейіпкерлерді көрсету тәсілінде де
М.Әуезов шығармасының
тың табыстары бар.
Мәселен, қазіргі дәуір тақырыбына жазылған
шығармаларымызда өмір қайшылығы көбінесе
ұнамды, ұнамсыз қаһармандар арасындағы тартыс
ретінде алынып жүр ғой. «Өскен өркен» суреттелген
бірталай партия, совет қызметкерлері, колхоз, совхоз басшылары, малшылар
ішінен «мынау нағыз қаскүнем» еді дерліктей ұнамсыз
кейіпкерді жалаң, жадағай күйінде кездестірмейді. Біреуден
біреудің іскерлігі, табандылығы іс үстінде, асу, тосу
кезеңдерінде байқалып отырады. Табиғаттың тілсіз
мылқау күштеріне қарсы терең ойластырылған жүйелі шаралар іздеу айналасында адамдардың ең қажет,
қымбат сыйпаттары ашылады[2.14].
Романда жағымсыз содыр сойқан мінезімен көрінген бір
кейіпкер жас жігіт – Сағит қана. Жазушы оның неге ондай
күйге түскеніне сенімді, байыпты талдау жасайды. «Тамағы
тоқтық, жұмысы жоқтық» талай отбасының
ұлы мен қызның жолдан адасуына, аузына, өмірге
жеңіл-желпі қарауына итермелейтінін айтады[2.15]. Шығарманы
оқи отырып, Сағит сыңаржақ, қыңырлық
дөкірлігі бар түсінігі жоқ адам екенін
аңғаруға болады.
Характер – адамның психологиялық, мінездік
ерекшеліктерінің жиыны. Ал сол ерекшелік әртүрлі
жағдайда, адамның басқалармен қарым-қатынасында,
қоғамдық және жеке өмір өткелдері
үстінде көрінбек. Және адамның қасиеттері
өскен қоғамдық ортаға сәйкес
қалыптасады[2.75].
Каропов өзінің обкомға бірінші хатшы
болғандағы жаңа қызметін кеш айтқаны үшін
Әлимованың ренішпен біз де пария мүшесіміз алдын ала
білдіртсе қайтеді деген сыңайы танытқан. Әсия
жастығын, әр кезде сеніскен жолдастыққа аса
қымбат баға беретін және өзінің сондайға
шыншыл бейімділігінен әйелдік турашыл таза және жастық
көңілімен солай ойлаған еді. Жәкеңнің
бағасын естігенде ол
өзінің ішінен «А, мен асығыс ойлаппын-ау, жауапты
адамдар сыр мінез, шын мінезде де
ұстамды, сәл сараң, сырлы болуы керек шығар.
Менің әлі тәжірбием оған жетпегені, толмағаны
болар», -деп ойлайды. Бұл жерден Кароповқа тән мінездемелік
сөздерді байқауға болады. Әсия әйел адамын
түсіне білетін, жақсы білетін жан. Айсұлудың шешесімен
қаладағы пәтеріне қайтарып жібергені соның
дәлелі. Әсия Айсұлуды шешесімен қаладағы
пәтеріне қайтарып жібергені соның дәлелі. Әсия Айсұлу
басына түскен қиындыққа бой алдырмауын
қадағалап, басу айтып, Айсұлу қолына қайта кітап ұстатқан, бүкіл
әйел қауымына жаны ашыйтын, жұмсақ та қайсар
мінезімен романда танылған.
Шығармадағы табиғи толық өрілген сюжет
болмаса, характер жан-жақты анық шықпақ емес. Ал
нақтылы оқиғалар жүйесінің қозғаушы
күші, дамытушы образдар болмақ. Осыдан келіп сюжет пен
характердің өзара байланысты деген аса күрделі мәселе
шығады.
Бұл романдағы Айсұлу шашы ұзын,
сұңғақ бойлы көрікті қыз. Асұлу мен
Ілиястың көңілдері бір. Ал, жоғарыдағы
айтылған Сағит Айсұлуға ғашық болады. Айсұлу
Сағиттың махаббатының азабынан жараланып қалады. Айсұлуға ауыл әйелдері мен
еркектерінің көзі түседі. Кинодағы үш жігіттің
Айсұлу туралы былапыт сөздері Жандостың ызасына тиеді. Сол
кезде Жандос қысқа да қатаң ескерту жасайды. Жандос
ойланымпаз, байыпты, кең маңдайлы, қара торы жан.
Жандостың қандай екенін кароповқа берген мінездемесінен
білуге болады: жаратылысындағы және өмір
дағдысындағы ұстамдық, беріктідік осылай болу керек деп
аңдады. Шешілмей, болмай тұрып, болсам керек деп айтқаны
лайық болар ма еді. Әр нәрсеге байыппен қарап, адам жанын
түсінетінін байқаймыз.
Жазушы шығарма қаһарманы өмір, әрекет кешетін
өлкені әлденеше рет барып, аралап көрген, сол
өңірлердің өзен-көл, тау-тас, өсімдігін,
ауа райының әр мезгілін, мал шаруашылығының
жағдайларын жете тексеріп білген. Міне сол бай материал ғана
оның ірі проблемалы, кең қабырғалы туынды жасау ниетіне
негіз болған.
Ұлы қаламгердің қырағы суреткерлік көзі
көп құбылыстың, адамдардың суретін тамаша
дәлдікпен түсірген. Бұған кешкі Алатау көрінісі
суреттерін мысалға алсақ та жеткілікті болар. «...Таулар
әуелі ақшыл қызғылт болып еді. Қарлы биіктер ол
сәтте анық айқын қызғылт болатын. Содан
барлық тау әдемі реңін қзгерте бере
қоңырқай қызғылт тартты. Енді біразда
көкшіл қызғылт, тағы бір сәттен соң
қошқыл қызғылт, содан барып күн батқан
шақта қоңыр көк реңге ауысты. Жолаушылар машинаға мініп жүріп
келе жатқан кезде тау енді қаракөк тарта бастады. Тағы
біразда қара қошқыл, одан әрі сәт соңында
қара барқын, қара қоңыр түстерге ауысты» [2.15].
Роман Кароповтың жиында сөйлеген сөзімен, сол
айтылған сөздердің аясында
көптеген шаралардың жүзеге асырылғандығы
шопандар жағдайының жасалғаны туралы айтыла келіп,
шығарма аяқталмай қалған.
«Өскен өркен» аяқталып бітпеген үлкен
шығарманың алғашқы кітабы екенін ескерттік. Бұл
романда, әрине, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясымен салыстыру
қажет болмас еді. Екеуінің тақырыбы, көзделген
мақсаты, өмірлік материалы, дәуірі, жұмсалған
уақыты мен бейнеті де екі басқа екенін ұмытуға
болмайды.
Сонымен, М.Әуезовтың «Өскен өркен» романын
қорыта келе Р.Романқұлдың: «...М.Әуезов
«Өскен өркен» романы халқымыздың тұрмыс
кәсібіндегі, мәдениетіндегі, салт-санасындағы ділгір,
маңызды жайларға берілген жазушылық жауап» [2.15]- деген
сөзімен аяқтасақ дейміз.
Әдебиеттер
тізімі
1. Қабдолов З.
Сөз өнері. –Алматы, 2006ж. 358 б.
2. Раманқұл
Р. Әдебиет және өнер. – Алматы, 1964. – 15-101 б.
3. Қазақ
әдебиетінің кейбір мәселелері, ҚМКӘБ, 1957, 52 б.
4. Әуезов М.
Жетінші том. Очерктер мен «Өскен өркен» романы. «Жазушы», -Алматы,
1980 ж. 422б.