Азаттық жолындағы күресіне елеулі үлес
қосқан талантты ақындарының
бірі - Сәкен Сейфуллин
Кульбаева М.М.,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің практикалық лингвистика
кафедрасының аға
оқытушысы.
Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік
тақырыбы жаңа зерттеулерді қажет ететін, қазақ
әдебиетіне үлкен тәлім- тәрбиелік маңызы зор
тақырыптардың бірі.Келешек ұрпақтың рухани байлығы-
туған жері, еліне деген ұлттық рухта тәрбиелеп,
ғасырлар бойы аңсаған бабамыздың арманы-
тәуелсіздікті қадір тұту мақсатында, поэзиядағы
ерекшелігін көрсету тақырыптың зәрулігі осыдан
көрінеді.Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері Кеңес
үкіметі кезінде көптеген бұрмаланған тарихи фактілер
жаңа көзқараста зерттеле бастады.Тәуелсіздік
поэзияның басты тақырыбы – халық бостандығы
жолындағы күрес, оның қозғаушы күші
–езілген шаруа, бұқара халық.Азаттық тақырыбын
халық ақындары биік идеал етіп, өз туындыларында жырлап
өткен.Тәуелсіздік тақырыбы жайлы поэзияның
соңғы кезеңіне 90 жылдардағы тәуелсіздік жайлы
өлеңдері жатады.Бұл кезеңнің ақындары
егемендігін алған еліміздің тәуелсіз өмірін,қайта
жаңғырған рухани байлықтарымыз жайлы жыр етеді.Еліміз
егемендігін алып, бар әлемге өз тәуелсіздігін жариялаған кезде ғасырлар бойы
аңсаған халқамыздың арманын ақындарымыз поэзияда
шабытпен жырлады.Ол арман-
азаттықтың таңы, тәуелсіздік!Өшкені
тіріліп,ұмытылғаны қайта
жаңғырып,ұлтымыздың өміріне елеулі өзгерістер
ене бастады.Салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
халықтың мұрасын жырға қосқан
ақындардың қатары көбейді.Солардың ішінде Қазыбек
Исаның «Ақиқаттың дауысы»,Аманжол
Шәмкеновтың «Менің үнім»,Ақылбек Шаяхметтің
«Бақыт жұлдызы» атты өлеңдерді ерекше атап өтуге
болады.Қазақ поэзиясының қай дәуірін алсақ
та тәуелсіздік тақырыбы ерекше орын алатынын
ақын-жыраулардың шығармаларынан көреміз.Тәуелсіздік
тақырыбының ең басты маңызы, ерекшелігі қандай
ғасырды алсақ та алдымен
бұл тақырыптың
тәрбиелік мәні-бірлікке шақыру,Отанды
сүю,азаттықтың қадір-қасиетін ұғыну
болып табылады.Қай ұлт болмасын өз елінің, өз
жерінің тәуелсіздігін қалайды. Туған
Отанының бір уыс топырағы үшін күш-жігерін аямай, сол жолда жанын құрбандыққа да шалады. Өйткені тәуелсіздік киелі - еркіндік, азаттық, бостандық деген сөздермен байланысып, ұштасып жатады. қай елдің болмасын тарих қойнауына көз жіберсек, өз Отаны үшін күрескен ерлерінің ерлігін жыр етіп, оны мәңгі жадында ұстап, ғасырлар бойы мақтан етеді.ХХ ғасыр
басындағы қазақтың азаттық жолындағы
күресіне елеулі үлес қосқан талантты
ақындарының бірі - Сәкен Сейфуллин (1894-1938) еді.
Алғашқы шығармашылық еңбегін демократтық,
ағартушылық бағытта бастаған ол төңкеріс
тұсында отаршылдық езгі мен ұлттық қанауға
қарсы батыл үн көтеріп, ақындық қызметін
халықтық күреспен тікелей байланыстырды. Әлеуметтік
төңкеріс тұсындағы жолайырықта большевиктер
партиясы сапына қосылып, солардың қатарында
күрестің азапты жолын басынан кешірді. Содан бастап ақын
халықтың азаттығы мен тәуелсіздігі мәселесін
пролетарлық күрес идеясымен байланыстыра қарады. Езілгендер
мен қаналғандарға теңдік әперіп,
қатарға қосамыз, қоғамның қожасы етеміз
деген ұранға сеніп қызмет етті. Сондықтан да
өзінің саяси қоғамдық қызметімен де
шығармашылық еңбегімен де қазақстандағы
социалистік құрылыс ісіне берілгендік танытты және осы
саясатты батыл жырлаушы болды. Кеңес өкіметінің
орнығуы, коммунистік партияның езілгендер мен
қаналғандарды жақтауы елдің кедей шаруалары тарапынан
қолдау тапты. Теңдік, әділдік ұрандары елді сендіре
бастады. қазақ қаламгерлерінің бір бөлігі осы
идеяны мадақтап жырлар туғызды. Олардың басында Омбыда
оқып, орыс большевиктерімен тұрақты байланыс жасап келген
қазақ ақыны Сәкен Сейфуллин болды. Төңкеріс
алдында халықтың азаттығы мен бостандығы идеясын
қолдаған Сәкен бостандық, теңдік осы жолмен
келеді деп ұқты. Халық мұңы мен
азаттыққа ұмтылу арманы оны бұл жылдары
бұрынғыдан да гөрі көбірек ойландырады. 1915 жылы
жазған «Көңіл» деген өлеңінде ол революция
қарсаңындағы халық көңіліндегі
толқуды суреттейді. Лирикалық кейіпкерде іздену, жанжаққа
шарқ ұрып, талпыну бар. Ақын көңіл талабына
қосылады, оның мұратына жетуін қолдайды.
«Мұң» деген өлеңде ескі өмірден шаттық
таппай күйінеді. 1916 жылғы халықтың
ұлт-азаттық көтерілісі кезінде жазған «Толқын»
атты өлең көкіректі кернеген елдің қайғы-қасіреті
толқынына толы. Ақын сұрапыл соққан көп
толқыны да, дүңкіп жарылған жер толқыны да
басылар, бірақ халық ашуының толқыны басылмайды деген
оптимистік ой айтады.Сәкеннің табиғат жырлары өз елін
оның табиғатын сүйген ақынның шын сезімін
бейнелейді. Ол табиғатты ел өмірімен, олардың тіршілігімен,
халықтың азаттық тілеген арман-қиялымен байланыстырады.
«Май айында» (1917) атты өлеңдерінде ақын жаздың
шығуы мен жаңа жылдың тууын символды түрде
өмірдің жаңаруы, жаңа заманның келуі туралы
ойларымен ұштастырады. Күз туралы өлеңін ол
«Өткен күн» деп атаған. Ақын жазды жыл жастығы
деп атаса күзді өтіп бара жатқан ұсқынсыз заман
бейнесінде алады. 1922 жылы Орынборда басылған «Асау тұлпар»
жинағына жазылған алғы сөзінде Сәкен оны
қоғамның жас күштеріне арнай отырып: Дүниенің
құлдық шынжырын қиратып,
Әділдік, теңдік іздеген, Тұрмыстың
таршылық зынданын бұзып, Еркіндік, кеңдік іздеген, жастар! Сендерге арналады бұл
әндер! Осы
өлеңде ақынның сол тұста ұстаған
жолы, шығармаларының идеялық эстетикалық мұраты
айқын көрінеді. Оның күрескер жырлары «әділдік,
теңдік іздеуге» арналады. Ол халықтың азаттығы
жолындағы күреске ақын болып қана емес, солдат болып та
қатысты. 1917 жылдың наурызында жазған Сәкеннің
«Асығып тез аттандық», «Кел, жігіттер» деген өлеңдері
күрес дәуірі тудырған қазақ
әдебиетінің алғашқы сөзі, азаматтық, саяси
лириканың басы. Бұл өлеңдерде ақын патшаның
құлауына қуаныш білдіре отырып, «атқан таңды
қарсы алуға» асығыс жолға шыққан ерлердің
ісін паш етеді. Таңды
қарсы алмаққа Тұлпарларды
таптық біз. Айдарына
қызыл шоқ Үкілеп,
сүзіп тақтық біз ... Азаттық өзінен өзі
келмейтінін түсінген халықтың езілген, қан алған
бөлігінен «топ» құрып, оларды күреске үндеуі де
осыдан. Бұл жырлардың бұған дейін жазылып келген жалпы
халықтық, бостандық, азаттық деген
ұғымдардан елеулі айырмашылықтары бар еді. Сәкен
халықты жалпы алмайды, оның езілген, қаналған, кедей
тобына іші бұра қарайды. Азаттық солар үшін деп
түсінеді. Отаршылдықтан азат бола отырып, бұқара
халықты ұлттық езгіден босатуды қалайды. Ақын
өлеңдерінің кейіпкері де осы бағыттағы
күрескер. Бұл - Сәкеннің қоғамдық
шындыққа тап тартысы тұрғысынан қарай
бастағанының белгісі болатын. Осы дәуірден басталған
Сәкеннің революцияшыл жырлары ұлттық
әдебиетімізге азаттық жолындағы күрес рухын
кіргізді.Оның «жүген-құрық тимеген, алты жасар
асуды» революцияның бейнесінде алып, «кең даланы
күңірентіп, қатты айғайлап ән салуы» да
жаңа дәуірдің үнін танытады. Ол оқырман алдына
үлкен талап - заман талабын қоя сөйлейді. «Талай ерлер
қасірет, жапа шегіп, жалпы әлемге бақыт іздеп
құрбан болған» тәуекел, күрес жолына
үндейді[1,112].Осы өлеңдерден Сәкеннің өз
басынан өткен күрес жолының шындығын да тануға
әбден болады. Патшаның құлауы мен азаттық
жолындағы күреске ол жоғарыдағы өлеңдерімен
үн қосса, «Адасқандарға», «Қамаудан»,
«Тұлпарым», «Сағындым» тәрізді өлеңдерін
контрреволюция күштерінің қолында тұтқын болып
жүргенде жазған. «Түрмеден қашып шыққанда»,
«қамыққан көңілге», «Бабаларыма», т.б.
өлеңдерінде ақын тұтқыннан қашып
шыққан күрескер азаматтың көңіл-күйін
бейнелейді. Ал «Жас қазақ марсельезасы», «Шөлде»,
«қашқынның ауылы» - жауынгер ақынның күрес
жолына аттанған кездегі үні. Бұл
өлеңдерінде халықтың азаттығы ісіне басын тіккен,
шын күрескердің жалынды бейнесі жасалады. Лирикалық
қаҺарманның бостандық сүйгіш көңілі
жау қолында да жасымайды, қайта күрес қиындығы
оны ширатып, жігерлендіре түседі. Ол тұлпарына мініп, жауға
аттанар күнді аңсайды.
Темір торлы тас үйде Көкірегім
толды шерменен Қанатты
тағы тұлпарым, Арқырап
келші кермеден.
Ақын қандай жағдайда жүріп,қандай
қиыншылықты бастан кешсе де,езілген халық тілегенде екенін
білдіреді. Осы өлеңдерде айқын танылатын азаттық идеясы
Сәкеннің күресшіл поэзиясын орыстың классикалық әдебиетінің
озық үлгілерімен туыстырады. Түрмеде жазылған
«Қамаудан» атты өлең Сәкенді сезімтал, ойшыл лирик
ақын есебінде танытады.
Отырмын күзет
қамауда Дұшпаннан
тәнім жеңілді. Жеңе
алмас бірақ, еш пенде Асау
еркін көңілді, - деген
өлең жолдарында лирикалық қаҺарманның
табиғатпен тілдесіп, «шын ғашығы - бостандық екенін
айтады. Ақынның ендігі бір топ өлеңдері оның
күрес жолына қайта аттанып, елді азаттыққа
шақырған жаңа үнін бейнелейді. Оның «Жас
қазақ марсельезасы», «Жолдастар» өлеңі сол кездегі
қазақ ауылдарында революция гимінің қызметін
атқарады. Бүкіл дүниежүзіндегі революциялық
күрестің гимні «Марсельеза» мен «Интернационалдың»
әсерімен туған екі өлең мазмұны жағынан да
солармен үндес. Ақын мұнда кедейлерді қол
ұстасып, теңдік ұранын салуға, қызыл тудың
астында бірігіп күреске шығуға шақырды. Патшаның
әділетсіз болғанын, ұлықтардың
парақорлығын, байлардың мейірімсіздігін әшкерелеп,
теңдікті майданда алу керектігіне назар аударды. Азамат
жүнжіме жүрме бос! Қол
үстас, бірігіп, тізе қос! Ту
ұстап дұшпанға барайық! Күн
туды - біз теңдік алайық!- деп басталатын «Жас қазақ
марсельезасы» шақыру, ұран стилінде жазылған. Күрескерлер бейнесі
Сәкеннің тек азаттық үшін арпалыстың от-жалынында
туған өлеңдерінде ғана емес, кейін жазылған
шығармаларында да кең орын алады. Оның «Біз», «қызыл
ерлер» атты өлеңдері де күрес адамының характерін
нақты іс-әрекет үстінде бейнелеуге
құрылған. Жаңа заман адамының өсу жолын
ақын «Біздің ұлан да» қара баланың бейнесі
арқылы ашады. Әбілқайыр Досовтың өмірін негізге
алып жазған бұл өлеңнің қаҺарманы
«жалба-жұлба қойшы» - қара бала «құстай
түлеп ұшып», «Жер күңірентіп ұран салады»,
революция жеңісін қорғауға қатысады[2, 56].Жаңа
туған қоғамды, заманды Сәкен әділет пен
теңдік заманы деп ұқты. Ескі тәртіпті қиратып,
жаңа социалистік принциптерді қалыптастыру жолындағы
өкімет шараларын да ол қолдады[3,35] . Сондықтан оның
кеңес тұсындағы жырларында жаңа тәртіпті,
қоғамның даму беталысын бұрынғы қазақ
өмірінің мешеу көріністеріне қарсы қоя суреттеу
анық байқалады. Жаңа өмірдің қарқынды
өзгерістерін, нақты образдар арқылы бейнелеуге
ұмтылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер: