Филология
ғылымдарының магистрі, оқытушы Құрманаева
Ақмарал Жұмаділлақызы
Қазақстан
инженерлік-технологиялық университеті
Қазақстан
Республикасы, Алматы қаласы
ЖАРНАМА ЖӘНЕ ТІЛ
Жарнама
мәселесі біздің елде енді ғана қолға алына
бастаса, шетелдерді бұрын да, қазір де жарнама жөнінде
көп айтылып, жиі жазылуда. Жарнаманың мән-мағынасы
баршаға белгілі, бірақ көпшілік мақұлдаған
бірыңғай анықтамасы жоқ. Мысалы, Үлкен Кеңес
энциклопедиясындағы анықтамасы мынадай: «Жарнама дегеніміз –
белгілі бір өнімнің қызмет көрсетудің
тұтынушылық қасиетін туғызып, оған деген
сұранысты күшейту үшін таратылған хабарлама» /2/
(орысшасы: направленное распространение информации о потребительных свойствах
товара или услугах с целью создания или увеличения спроса на них»). Ал
қазақ тілінің түсіндірме сөздігі жарнаманы
спектакль, концерт жиналыс, лекция, спорттық жарыстар,
ойын-сауықтар туралы хабарлама» /3/ деп түсіндіреді.
Қазақ Совет энциклопедиясы бойынша «реклама» бар, «жарнама» деген
тағы бар. «Реклама» : тегінде латынның «reclamo»
- жар салу деген сөзі:
Жұртқа
көп өткізу үшін әртүрлі тауарлар мен
өндірілетін қызметтердің қасиеттерін жариялау;
Белгілі
бір адамдар, ұйымдар әдебиет пен өнер туралы хабар таратып,
оларды әйгілеу. «Жарнама» деген – спектакль, концерт, лекция немесе
көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар,
спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір
түрі; /4/
Көріп
отырғандай, кейбір сөздіктерде жарнама мен реклама сөздеріні бір
мағынада қолданылатын сөз екеніне қарамастан, екі
анықтама берілген. Әрине, сөздіктердегі бөлек
анықтаманың да бір нәрсеге жарнамаға қатысты
екеніне күмән келтіруге болмайды. Өйткені,
әртүрлі жиналыс, конференция туралы хабар беру жарнама болса,
спектакль, концерт, түрлі мәдени шараларға байланысты хабар
беру де басы ашық, ол да жарнама.
Жарнама
қоғамдық өміріміздің көптеген салаларында
қолданылатын ерекше құбылыс екені даусыз мәселе. Ол
еліміздің тарихынан жақсы белгілі.
Жарнаманың
түрі сан алуан. Ол, негізінен, комерция, саяси, мәдени салада жиі
қолданылады. Берілу түріне қарай көше жарнамасы деген
(плакат, афиша, маңдайша) болады, БАҚ арқылы берілетін
жарнамалар (газет, журнал, радио, теледидар) болатыны да белгілі. Жарнама ісі
нарықтық экономиканың дамуына байланысты жыл санап
біздің өмірімізден берік орын алуда. Оның экономикалық,
мәдени өмірімізде алатын орны ерекше. Өйткені, көпшілік
халық шаруашылығының әрқилы салаларында, атап
айтқанда, өнеркәсіп, сауда-саттық,
тұрмыстық қызмет көрсету, спорт, туризм, мәдениет
пен басқа да өмір салаларындағы болып жатқан
жетістіктер де тез хабардар ететін жарнаманы қажет етеді. Осы
талапқа сай мемлекеттік тіл қоғамдық
өміріміздің әртүрлі салаларында қолданылу
үстінде. Соның бір айғағы – жарнама, ақпарат
салаларында азды-көпті мемлекеттік тілдің қолданыла
бастауының өзіндік ерекшеліктері бары рас. Жарнаманы адамның
қабылдау мүшелеріне байланысты бөлу де заңды
нәрсе. Оны көру арқылы қабылданған жарнама, есту
арқылы қабылданған жарнама, иіс арқылы қабылданған
жарнама деп топтастырады.Таралу көлеміне қарай, жергілікті,
қалалық, жалпыхалықтық, дүниежүзілік болып
бөлінеді. Жарнамалау сөзі туралы қаншама түсінік болса,
сонша анықтама бар. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
дәрежесін толығымен атқаруы үшін оның жарнама
саласында кеңінен қолданылып, өрісін кеңейтуі
өзекті мәселе екені белгілі. Қазақ тілі
азды-көпті жарнама саласында қолданыла бастады. Бірақ
бұл көпшілік көңілінен шықпай отыр. Мемлекеттік
тілде берілген қайсыбір жарнаманы алсақ та, талғамсыз, қазақ
тілінің әдеби нормаларына қайшы келетін, не болмаса орыс
тілінен қалай болса солай аударылған жарнамаларға кез
боламыз. Оның үстіне, кейбір комерциялық
құрылымдардың шетел атрибутикасына тым әуестенуі шет
тілдердегі көрнекі ақпараттың жиілеп кетуіне соқтыруда.
Мәселен, «Торговый дом mega », “Adidas”, “ shop”, “Raiymbek food”, “Audio,
video, CD”, “Business Dos ”, “Bingo”, т.б. Мұның өзі жарнама
саласында қазақ тілінің өз дәрежесінде
қолданылмай, кедергілерге ұшырап отыр деген сөз.
Сондықтан мемлекеттік тілдің жарнама саласында қолданылу
деңгейін анықтап, оның ғылыми негізделген тетігін жасау
қажет. Сонымен қатар,жарнама
саласында жиі көріне бастаған, біздіңше, тұрақты
өмір сүрушге тиісті жаңа сөздер баршылық.
Солардың бірі қазақтың түлеген төл
сөздері. Алдымен соларға тоқталайық:
Ұжым
– бұрынғы орыс тілінен енген коллектив сөзінің
жаңа баламасы: шағын ұжымдық кәсіпорын, трест
фирмасы, Алматыдағы ірі сауда делдалдық кәсіпорындардың
бірі. Бұл сөз «ұйым» сөзімен төркіндес.
Дәлірек айтқанда, ж/й дыбыстарының алмасуының негізінде
жасалған;
Демеуші
– бөгде тілде қолданылатын «спонсор» сөзінің
қазақша баламасы. Демеу сөзі тілімізде бұрыннан бар.
Содан «демеуші» пайда болған. Демеуші – әлеуметтік
әртүрлі іс-шараларға материалдық жәрдем беруші.
Көптеген фирмалар мен ұйымдар елімізде болып жатқан алуан
түрлі жарыстарға қайырымдық көрсетуге
арналған жиылыстарға демеуші болу арқылы өз фирмаларының
атын жарнамалайды;
Делдал
– ағылшынның «broker» сөзінің қазақ
тіліндегі баламасы. Бұл жарнама саласында жиі қолданылып жүрген
сөздердің бірі. Мысалы, делдалдарға қызмет ақысы
төленеді;
Кешен
– латынның «комплекс» сөзінің баламасы. Бұл сөз
қазақ тілінде көнерген сөздер қатарында болатын.
Енді тілімізде аталмыш мағынада қолданылуда. Музыкалық
кешендер. Қызметі жан-жақты, көп іске бейім деген
мағынада әмбебап жиі қолданылуда.
Жарнама
мәтіндеріне қойылатын маңызды талап – сөзді аз
қолданып, көп хабар беру. Ол үшін жарнамаларда зат пен
құбылысты бейнелеп жеткізе алатын жарнамалық қасиеті
мол сөздер таңдалып алынуы тиіс. Әрбір жарнама
берушінің есінде болсын: жарнама біздің елімізге жаңадан,
тосыннан келген жаңалық емес, оның тарихы қазақ
халқының қоғамдық тарихымен тығыз
байланысты. Халық болған жерде сауда болады. Сауда, саясат,
бәсеке болған жерде жарнама міндетті түрде болады және
бола бермек.
Түйіндеме
Аталмыш
мақалада жарнама тілінің өзіндік мәдениеті
жөнінде айтылады. Жарнаманың анықтамалары беріліп,
жарнаманың өзіне мысалдар келтірілген. Жарнама тілінің
мәдениетіне сай туындаған мәселелерді басты назарға
алады. Жалпы алғанда қазіргі жарнаманың сыртқы сипаты
жөнінде айтылады.
Резюме
В
вышесказанной статье на своем культура языка рекламы направлении говорится.
Справки рекламы дались, рекламы самой примеры. Культуре языка рекламы главному
взгляду берет вопросы, которые зародился овраг. Когда общий берет, на
теперешнем внешнем характер рекламы направлении говорится.
Summary
In
the aforesaid article on it culture of language of advertisement direction
talked. The certificates of advertisement were given, advertisement examples.
To the culture of language of advertisement takes questions that a ravine was
conceived a main look. When general beret, on nowaday external character of
advertisement direction talked.