ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК
ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
«Тұран-Астана»
университетінің магистранты
Казыбаева
А.Т.
Қоғамымыздың
бүгінгі жаңару кезеңінде әлеуметтік, саяси,
экономикалық қатынастар сипатының өзгеруі өз кезегінде
әлеуметтік институттардың жұмыс бағыты мен
мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл үдеріс, мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы негізінде
қарастырылып отырған әйелдер мен ерлердің
теңдігі, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға
қабылданған гендерлік теңдік Стратегиясы мен отбасы туралы
халықаралық келісім жұмыстарының ауқымын
кеңейтіп, мәселені барынша терең зерттеу міндеттерін
алға қояды. Қазіргі педагогика, қоғамтану,
саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді
ғылым салалары адамның қалыптасуындағы гендерлік
дамудың өзіндік орнын баса көрсетеді.
Ақпарат
алмасудың әлемдік дамуы, қоғамдық
мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір
салтының өзгеруі т.б. гендерлік дамудың, оның
құрылымы, адамдар қарым-қатынысының сипатына
өзіндік әсерін тигізетіні сөзсіз. Қоғамның
даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келеді
және ерлер мен әйелдер қатынасына өзіндік ықпалын
тигізеді. Бұл олардың жеке
қасиеттерінің, оның ішінде, қоғамдық
статусы мен лидерлік белгілерінің қалыптасуына да әсер етеді.
Белгілі ғалым С.Л.Рубинштейн қоғамдық мекемелерде жеке
тұлғаға тән қасиеттер мен
қарым-қатынас оларды қалыптастырудың алғашарттарының
бірі екенін өз зерттеулерінде атап көрсеткен болатын.[1]
Гендерлік даму
тұлға ерекшеліктеріне және оның психологиялық
айырмашылықтарына байланысты соңғы уақытта белсенді
талқыланатын мәселелердің бірі. Себебі,
қоғамдық ортадағы тұлға ролі, оның
ішінде, ерлер және әйелдер мәселелері қазір
айтарлықтай өзгерістерге ие болып отыр. Ер адамдар мен әйел
адамдар арасындағы тұлғалық ерекшеліктер олардың
отбасындағы, қызмет барысындағы доминанттық
қатынасын нақты көрсетеді. Қызмет барысында
байқалатын ерекшеліктердің біріне лидерлікті жатқызуға
болады. Гендерлік психология проблемасы соңғы уақытта
белсенді қарастырыла бастады.
Ксенофонт
және Платон зерттеулерінен бастау алған лидерлік мәселелері
ғасырлар бойы зерттеліп, бүгінгі таңда өзектілігін
жоймаған психология ғылымының зерттеу аясының бірі.
Бұл проблема қазіргі тәуелсіз мемлекетімізде, одақ көлемінде
және шетелдік психология тарихында терең зерттеліп келеді.
Мемлекетттердің демократизациясы, өмірдің әлеуметтік –
экономикалық шарттарының өзгеруі, жаңа лидерлерді
қажет ететін, жаңа топ түрлері мен әрекеттердің
пайда болуына әкеледі. Лидерлік қасиеттердің дамуына
гендерлік мәндер бірден-бір әсерін тигізеді. Гендерлік мәндер
ғылым салаларында зерттеліп отырған тың
бағыттардың бірі.
Әлеуметтік
ғылымдағы қарастыратын кезеңнің
доминанттылығында құрылымдық функционализм
теориясындағы жыныстар арасындағы қатынас мысалы, отбасындағы жыныстық
рөлдің бөліну концепциясы арқылы анықталды
(Т.Парсонс). Т.Парсонс жеке және ашық өмір сферасының өзара
қатынасы жайындағы сұраққа ерекше мән
берді. Осы дәл ашық сфера саяси әлемді, заң
құқықтарын және міндеттерін, нарықтық
инстиуттарды қоса «шынайы» билікті, беделді, құдыретті сфера
болып мойындайды. Келесі әйелдер «билейтін» жекелік өмір сферасы
қоғамдық сананың ұстанымынша аз мәнді және
беделді емес, қосымша екіншілік болып табылады [13].
Гендер - бұл практикада көрінетін ерлер
мен әйелдердің өзара әрекетінің күнделікті
әлемі, сонымен қатар одан бас тартуға мүмкін емес
әлеуметтік тәртіптің жүйелік мінездемесі, ол
бірыңғай әрекет құрылымда қайта
жаңғырып отырады. Егер гендердің әлеуметтік
өндірісі зерттеудің пәні болса, әдетте гендер
әлеуметтену институты арқылы еңбекті бөлу,
мәдениет арқылы (гендерлік рөлдер және стереотиптер,
массамедия), сонымен бірге гендерлік стратификация және теңсіздік
арқылы құрылып қарастырылады.
Гендерлік
зерттеудің дамуы «әлеуметтік трансформацияның және
жүйелік доминаттылықты анализдеуде гендерлік бағыттық
эвристикалық мүмкіндігін реттеуде дисциплинааралық зерттеулік
практикасы ретінде» қарастырылады. Осындай тәсілмен гендерлік
зерттеу қазіргі уақытта екі аспектіні сипаттайды: бірінші аспект
гендерлік бағытты реттеуге ғылыми теория және зерттеулік
практикасы ретінде жобалайды, екіншісі – оқулық дисциплинаға
бағытталған гендерлік сабақ беру және
өңдеуді қосатын білім беру практикасы ретінде жобалайды.
Ерлер мен
әйелдердің салыстыру психологиясы. Гендерлік психологияның
тарихында бұл бөлікке: жыныстық деморфизм, жыныстық
диспсихизм, жыныстық айырмашылық, гендерлік айырмашылық
сияқты әртүрлі атқа ие болды. Біздің ойымызша
бізбен айтылған бұл сөйлем, бұл бөліктің
мағынасы анық бейнелейді. Ерлер мен әйелдер, ұлдар мен
қыздар әртүрлі
параметрлер бойынша, яғни психофизиологиядан және
невропсихологиядан бастап психологияның әлеуметтік – психологиялық
ерекшеліктеріне дейін салыстырылады. Сонымен бірге айырмашылықтар
міндетті түрде құрылмайды және
ұқсастықтарын да құру міндетті емес.
(айырмашылықтардың болуы, ұқсастықтардың
болуы бола бермейді). Бұл салыстырудың мақсаты – ерлер мен
әйелдердің спецификалық ерекшеліктерін, жыныстардың
өзара бейнесін құру. Сонымен қатар,
айырмашылықтардың құрылуынан бастап спецификасын
және өзіндік бейнесінің (жыныстар ұқсастығын
қоса) құрылуына дейін парадигманың ауысуы болып келеді.
Психологияның жаңа саласының зерттеулік потенциалы өте
кең: біздің ғылымымыздағы барлық зерттеулерді
тәжірибе жүзінде қайталауға болады, яғни ерлер
мен әйелдердің тең таңдауында психофизикадан бастап әлеуметтік
психологияға дейін.
Гендер психологиясы - бұл психологиялық
ғылымдардың бір саласы. Ол да басқа салалар секілді
оның да ұзақ және қысқаша қалыптасу
тарихы бар. Алайда бұл саланы қарастыру тек ΧΧ
ғасырдың 70-ші жылдарынан бастау алады.
Жыныстар
психологиясының тарихы жөнінде мақалалар көп емес, ол
әртүрлі ғалымдардың есімдерімен және идеялармен
байланыста ( тек З. Фрейд еңбектері барлық бөлімдерде
кездесуі мүмкін) болады. Кейде бөлімнің
әртүрлі аймақтарын қамтитын әңгіме
болғанда ғана таңқалдырады. (мысалы, жыныстық
айырмашылық психологиясы, әйелдер психологиясы,феминистік
психология немесе ер мен әйелдің өзара
қарым-қатынас психологиясы және т.б.).
Жыныстар
проблематикасы маңызды қолданбалы мәнге ие. Алайда психолог-
практиктер, клиеттермен жұмыс жасаушылар, бұлар білім
саласының ғылыми негізін білулері тиіс, өйткені кейбір
танымал әдебиеттердің негізінде авторлардың жүргізген
және заңдылық негізінде де қателіктер кетуі
мүмкін.
Тапсырманың
күрделілігін ескере отырып, біз жыныстар психологиясы қалай
қалыптасты және ол ғылымға қалай келгенін
анықтауға тырысамыз. Жыныстар психологиясы алғашында
көптеген ғылымдарда қарастырыла бастады, оның ішінде
философтардың, әлеуметтанушылардың, демографтардың,
этнографтардың, сонымен бірге психологтардың зерттеулерінде
көріне бастады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Мамаева Г.Б. Ерлер мен әйелдердің
сөз қолданысындағы ерекшеліктер
(гендерлік зерттеу): филол. ғыл. канд. ...
дисс. –Алматы, 2003. –150 б.
2. Рубинштейн С.Л. Проблемы
общей психологии. - М., 1976. -416 с.
3. Бендас. Т.В.
Гендерная психология. Учебное пособие. – СПб, Питер, 2004.-432с.
4. Абубикирова Н. И. Что
такое «гендер»? // Общественные науки и современность. 1996. №6.
5. Воронина
О., Клименкова Т. Гендер и культура // Женщины и социальная политика
(гендерный аспект). М., 1992.
6. Айвазова С.Г.
Контракт «работающей матери»: советский вари-ант//Гендерный калейдоскоп/Под.
общ. ред. М.М. Малышевой. М.: Academia, 2001. - С.291-309.
7. Джон Адаир. Психология лидерства.- М:Изд-воЭксмо, 2007
8. Бендас Т.В.. Психология лидерства: Гендерный и этнические аспекты. СПб,2002
9. Клецина И.С. Развитие гендерных иследований в психологии на Западе. 2001
10. Адаева Г.А. Қазақ
халқының дәстүрлі дүниетанымындағы гендер
мәселесі: тарихи - философиялық талдау : канд. дисс. автореферат.
Алматы,2007. -26б.
11.
Ганиева Г. Х. Гендерные
аспекты асоциального поведения личности. Автореф. канд.дисс. Астана, 2010.-29с.