КҮЙ ӨНЕРІН ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Тұран-Астана» университеті

Жумабаева Гулшат Дуйсенбаевна

Баланы күй тыңдауға, тыңдай отыра оны саналы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі міндеттердің бірі. Музыкалық қабылдау – сабақта қолданылатын іс-әрекеттердің іргетасы. Ол – музыка тыңдау, хормен ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты, ырғақ, музыкалық қимылдар, аспапта ойнау, балалар шығармашылығы - күрделі процесс. Шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіну, есту сезімін дамытып, толғана білу. Музыка тұтас күйінде зінің мәнерлік құралдары арқылы әсер етеді. Күй тыңдау бола ма, әншілік шеберлігі бола ма, не басқадай музыкалық іс-әрекеттер арқылы жақсы сезімге, көңіл-күйге жеткізеді. Шығармалардың негізгі түйіні өмірдегі құбылыстар мен адамның сезімдері мен байланысып, астасып жатады. Сондықтан, оқушыларды қызықтыру керек, сабақтың тақырыбына сай, болып жатқан әрекеттерге эмоциялық қарым-қатынасты дамыту, күйдің жайын, сұлулығын түсініп, музыкалық өмірмен байланысты екенін түсініп, қабылдау сезімталдығын қалыптастырып, күйге деген құштарлықты, қабілетті,ынталылықты дамыту. Күйді қабылдағанда (тыңдау, әншілік, басқа да музыкалық әрекет және т.б.) – сапалы түрде, образдардың сипатын түсіну, идеялық негізін ұғуға үйрету. Тақырыпқа байланысты күйді қабылдаудағы мақсаты, әншілік икемділіктер, дағдылар, түрлі тәсілдері, әдістері т.б. шаралар, нұсқаулар ретінде үлгілерді көрсете білу қажет. Күйдегі қабылдау (тыңдай білу, түсіне білу, бағалай білу әсерлену іс-әрекеттері) – күйді тыңдаушының санасына музыкалық образ туғызатын Адам психологиясының (сана-сезімінің) сезімдегі және рационалдық – логикалық әрекеттерінің күрделі бірлігі. Күйдегі тәрбие арқылы жеке тұлға музыкалық мәдени ортаға бейімделеді. Күй арқылы тәрбие беру теориясында музыкалық қабілеттіліктің қалыптасуының жалпы психологиялық заңдылықтардың әрекетін дамыту негізінде қарастырылады.Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке-жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты.

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, тегіс, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен адам секундтың 1/10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.

Музыка біздің өмірімізде адамның өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету жөніндегі өмірлік білім. Музыканы түсіну мен түйсіну оны тынысымен, бұлшық еттерімен, қозғалысымен сезіну. Негізгі акцент балаларды жоғары музыкалық мәдениетке «Алтын қор» шығармаларына баулу. Бұл шығармалар оқушылардың оқу кезінде түрлі кезеңдерде қайталанады. Классикалық музыканы музыкалық терапия мақсатында қолдана отырып, қазіргі бағыттағы әндерін де қасиетін ұмытпаған жөн, яғни бұл рок, джаз. Жоғары музыкалардың формаларын тыңдау бастауыш сыныптарда сабақтың аз бөлігін қамтиды. Музыканың балаға едәуір ықпал жасауы үшін оны жақсылап дайындап, арнайы икемдеу қажет. Ол үшін ыңғайлы етіп орналасу, өзін-өзі еркін ұстап бар назарын музыкаға аударуы керек. Музыканы тыңдағанда басқа жұмыстарға көңіл бөлуге болмайды. Балалардың бақылауы мен нәтижелерінің анализі нәтижесінде мынадай қорытындыны көрсетті: табиғат үндерін аудиожазбалар арқылы тыңдау, бейнелеу өнерінің репродукцияларымен тыңдалған музыка олардың психоэмоциялық жағдайына жағымды ықпал етеді. Қазіргі ғалымдардың пікірінше музыка адам денесінің қозғалуын тудыру қабылеті бар ерекше бір құбылыс, сол қозғалыс өзара оқытушы фактор болып отыр. Ол музыканың образдық түрін қабылдауға ықпал жасайды. Пластикалық импровизация балалардың музыкаға деген эмоциялық дамуының жалғасы. Көбінесе, музыка сабағының мұғалімі пластикалық импровизациясы үшін музыкалық образы ашық, айқын ашылатын музыкалық шығарманы таңдайды.  Шығармашылық терапиясы.

Ғалымдардың зерттеулері күннен-күнге адамның өзі табиғаты бойынша жаратушы екенін ескертеді. Әрине, оның шығармашылық мүмкіндіктері жасырыңқы түрде болады да, аз деңгейде ғана жүзеге асады. Егер адамның шығармашылығын оятатын сабақтар ұйымдастырса, онда адамның ұйықтап жатқан шығармашылыққа деген кабілетін оятуға болады.

Музыканы қабылдау проблемасы күрделі болып келеді. Басқа қабілеттер сияқты музыканы қабылдау қабілеті тез қалыптаспайды: оның дамуы нақты кезеңдерден өтеді, олардың нақты шекаралары болмаса да, әйтсе де кейбір айырмашылықтары бар. Музыкалық шығармаларды толық қабылдау үшін, музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін және қызығушылық пен музыкалық әдемілікті айыра білу үшін қатысушыларда міндетті түрде дағды мен ептілікті қалыптастыру керек.

Оқушыларды музыкалық әдемілікті айыра білудегі негізгі тәрбие бағалы көркем шығармалар және оның құрылуына бағытталған белсенді музыкалық әрекет болып табылады. Ән-күйді дұрыс, мұқият тыңдау, қабылдаудың әртүрлі белсенді тәсілдері (мысалы, қозғалыс арқылы, жай, оңай ойналынатын музыкалық аспаптарда ойнау, тақырыптарды вокализациялау) қатысушылардың қызығушылықтарының даму қабілеттеріне әсер етеді, олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырады, балалардың дағдыланып алған тыңдау-қабылдау бір шығарманы талдағаннан кейін басқаларына көшеді, үйлесімдіге немесе жарық контрастыға. Осылайша, мысалы, ән бастамасының және қайырмасының алмасуының айқындылығын түсінген балалар куплеттік формадағы жаңа шығармаларды да тез қабылдайды. Сол сияқты музыкалық айқындылықтың басқа амалдарын да қабылдауға болады.

Музыкалық шығармаларды қабылдау үшін, музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін және қызығушылық пен музыкалық әдемілікті айыра білу үшін қатысушыларда міндетті түрде дағды мен ептілікті қалыптастыру керек.

Оқушыларды музыкалық әдемілікті айыра білудегі негізгі тәрбие бағалы көркем шығармалар және оның құрылуына бағытталған белсенді музыкалық әрекет болып табылады. Ән-күйді дұрыс, мұқият тыңдау, қабылдаудың әртүрлі белсенді тәсілдері (мысалы, қозғалыс арқылы, жай, оңай ойналынатын музыкалық аспаптарда ойнау, тақырыптарды вокализациялау) қатысушылардың қызығушылықтарының даму қабілеттеріне әсер етеді, олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырады, балалардың дағдыланып алған тыңдау-қабылдау бір шығарманы талдағаннан кейін басқаларына көшеді, үйлесімдіге немесе жарық контрастыға. Осылайша, мысалы, ән бастамасының және қайырмасының алмасуының айқындылығын түсінген балалар куплеттік формадағы жаңа шығармаларды да тез қабылдайды. Сол сияқты музыкалық айқындылықтың басқа амалдарын да қабылдауға болады.

Иллюстративті бағыт музыкалық образға нақты түсінік бере алады және музыкалық эстетикалық тәрбиенің алғашқы деңгейінде қаралады. Музыка мен кескіндеменің қосылуы, олардың әрекеттестігі физикалық табиғатының жарығы мен дыбысының бірлігінде көрінеді. Ассоциативті түсінік дегенде біз шағылысу, сезіну, қабылдау, елестету, эмоционалды процесстер, көңіл-күй деген әртүрлі психикалық формалардың байланысын түсінеміз. Өмірдің барлық көріністері ассоциация заңына бағынады, өнер шығармасын белсенді және тұтас қабылдауына қамтамасыз етеді. Барлық көркемдік бейнелер бірнеше типтерге саяды: қаһармандылық, лирикалық, күлкілі, қайғылы, эпикалық. Қатысушылардың өмірлік және көркемдік тәжірибесін ескеріп, мынадай тапсырмалар беріледі: бір шығарманы тыңдаған кезде бейненің типін анықтау; ұсынылған музыкалық бейнеге келісті кескіндемедегі келісті эквивалентті табу.

Қазіргі көзқарас көркемдік формаларды меңгеру арқылы эстетикалық тәрбиесінің мәселесіне мынадай міндет қояды: жалпы мәдениет контекстіндегі музыкалық шығармаларды қабылдауға дағдылау. Бұл позициядан өнердің әр түрінің бір-біріне ықпал жасауы, философиямен, дінмен байланысы маңызды сұрақтар туады. Осылайша жақындап көркем шығарманың айқын жақын жарық көрсетуге болады, терең және қиын ассоциативті ойлаудың дамуына әсер етеді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және қиялын дамытады. Әртүрлі өнердің әрекеттестігі - әсіресе музыка және кескіндеме - бұл табиғилық процесс. Музыка мен кескіндеменің байланыс формалары әртүрлі. Кескіндеме шығармалары музыкалық шығармалардың өмірге келуіне де әсер етуі мүмкін (Мусоргскидің «Картинки с выставки» ) және керісінше. Композитордың суреті салынған кескіндеменің музыкалық мазмұнын, музыкалық шығармашылығын, музыкалық аспаптары жайлы сөз қозғауға болады.

Өнердің екі түрінің әрекеттестігін екі деңгейде қарастыруға болады: төмеңгі - иллюстративті деңгейдегі байланыс, жоғарғы - мәнділік амалдар деңгейдегі байланыс, жанр және стиль деңгейінде.

Басқа өнер түрлерімен, діндерімен, өмірлік жағдайлармен ассоцияланған жауаптар мадақталады. Әуен және кескіндеме тілінің көркемдік элементтері біркелкі мәнділік, біркелкі функционалды бірізділікті көрсетеді. Мысалы, кескіндемедегі түстер әуенде гармония және тембр сияқты роль атқарады.

Музыкалық шығарманы қабылдаған кезде қатысушылар жиі дыбысталуды музыкалық мата етіп қабылдайды. Әуеннің сөз элементтерін, формаларын дұрыс естімей, дыбысталып тұрған әуенге эмоционалды қарап, тыңдайды, өмірді жалпы қабылдайтын қатысушылар бір өнер түрінің ерекшеліктерін оңай басқаға көшіре алады. Әуенді белсенді қабылдау - жатқа, есіту аппаратына ынтамен көңіл бөлу. Әуеннің көптеген заңдылықтары алдымен сезіледі, содан кейін тереңдетіліп түсінікке жинақталады.

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Аязбеков С. А. Восток-Запад и социально-философский анализ казахской музыкальной культуры. Алма-Ата, 1992г. 468с.

2.     Методическое руководство к учебнику «Музыка»: Для учителей 1-2 классов общеобразовательной школы / С.А.Елеманова, Р.Н.Валиуллина, А.К.Маханова, М.А.Саильянц, Ш.Б.Кульманова. – Алматы: Атамура, 1998г. – 96 с.

3.     Казахская музыкальная литература. Уч. для дет. муз. шк:/ Сост. и общ. ред. С.А.Елемановой. – Алма-Ата: Онер, 1993г.,208 с.

4.     «Құрманғазы. Күйлер»./А.Тоқтаған, М.Әбуғазы. – Алматы: «Білім», 2005ж.,-216 б.

5.     Теплов Б.М. Психология музыкальных способностей. М., 1947г.,596с.

6.     Международные стандарты ИСО 8402. Управление качеством и обеспечение качества. Словарь. Версия 1994г. – М., 1995г., 598с.

7.      «Күй қайнары»/А.Райымбергенов, С.Аманова. – Алматы: Өнер, 1990ж. 288б.

8.     Бүркіт С. «Қазақ күйлерінің ерте дәуірі»/Қазақ тұлғасы.-2002ж., 148б.

9.     Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі». Алматы,1975ж., 369б.

10.  Қазақ халқының аспап музыкасы./Қосбасаров Б.-Алматы, 1985ж., 423б.

11.  Ел аузынан. Алматы, Атамұра, 1985ж.,542б.