Абильдаева Камиля Жексенгазиевна
Орталық-Азия
Университетінің магистранты
Психология ғылымындағы гендерлік
психологиясының даму тарихы
Гендерлік психология алғашында көптеген ғылымдарда
қарастырыла бастады, оның ішінде философтардың,
әлеуметтанушылардың, демографтардың, этнографтардың,
сонымен бірге психологтардың зерттеулерінде көріне бастады. Гендер психологиясының тарихын 5 кезеңге
бөліп қарастыруымызға болады: 1. Философиялық
тұрғысындағы идеяларға сәйкес зерттеулер
(антикалық кезеңнен ΧІΧ ғасыр аяғына дейін);
2. Гендерлік психологияның
пәні мен оның қалыптасуы (ΧІΧ ғасырдың
басы –ΧΧ ғасырдың басы). 3.«фрейдтік кезең» З.Фрейдтің есімімен байланысты
психоанализ (ΧΧ ғасырдың басы- 1930 жылдар); 4. Кең ауқымда эксперименталды
зерттеулердің бастауы және алғашқы теориялардың
пайда болуы (1950-1980 жылдар); 5.
Гендерлік психологияның
қарқынды дамуы; эксперименталды зерттеулер, эмперикалық
фактілердің теориялық
өзектенуі; танымал әдістермен әдістемелердің жыныстар
проблематикасын игеру үшін және арнайы жыныстық
әдістемелердің құрылуы және бейімделуі (1990
жылдан бастап, қазірге дейін). Отандық ғылымда осы бірнеше
саланың бірнеше этаптарын бөліп қарастырады. (ΧІΧ
ғасырдың соңы- ΧΧ ғасырдың басы; 1920-1930
жылдар; 1960-1980 жылдар; 1990 жылдан бастап).
Гендерлік зерттеулерді
антикалық кезеңнен бастап қарастырсақ, Платон мен
Аристотельдің есімдерімен байланыстырамыз. Платон Афинский (б.з.д.
427-347) өзінің « Пир», «Мемлекет», «Заңдар», «Тимей» атты еңбектерінде
жыныстардың қосымшасы жөнінде, жанұялық- неке
қарым-қатынастарын қарастырды. Платон андрогендер жөніндегі аңызды қолданды (
грекшеден Andros – ер адам және gune немесе gunaikos –әйел).
Бұл идеялар кейіннен көптеген мамандар еңбектерінде, сонымен
бірге гендерлік психологияда қолданыла бастады. Аристотель Стагирит
(б.з.б. 384-322 жылдар) еңбектерінің Платоннан ерекшелігі
«антифеминистік» түрінде көрінеді. Оның негізгі идеялары: а)неке жөніндегі заңдар; б)
жанұядағы күйеюімен әйелінің
қарым-қатынасы; в) ұлт өкілдерінің шектеулері; г)
тұрғындардың ысыраптарын қысқарту
тәсілдері; д) қоғамдағы ер мен әйелдің
рөлі; Әйел мен күйеуінің өзара
қарым-қатынастары
Аристотельдің ойынша құл мен
құдайдың қарым-қатынасындай болуы керек [1].
Қайта өрлеу дәуіріндегі Томас Мор (1478-1535)
өзінің «Алтын кітабында»[2]идеалды мемлекетті бейнелейді оның
ойынша еркекпен әйелдер бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ:
бұл тіпті, ғылым, өнер, қоғамдық, сонымен
бірге діни әрекеттер, әскерде қызметін өтеу кездерінде
де бірдей.
Кейіннен, гендерлік психология
бірнеше қызықты идеяларды Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсынды.
Ол жыныстардың ерекшеліктерімен нақтылықтарын талдады
және ер мен әйел үшін мінез- қылықтың
әртүрлі нормаларын ( яғни, «жыныстық стереотиптер»)
және әйел мен ерлердің некедегі өзара
қарым-қатынастары, олардың білімдерінің еркшеліктері
туралы айтты [3].
Иммануил Кант (1724-1804) ер мен әйел адамдарды бөліп
қарастырды, біріншіден, саяси өмірдегі мінездің қатысуы
бойынша, екіншіден, тұлға мен қылықтардың
мінездемесі бойынша. Ерлер қасиеттері бойынша белсенді азамат (саяси
шешімдерді қабылдау, пікірдің тәуелсіздігі), ал әйелдер
– пассивті ( басқарудың
оъектісі) [4].
Ағылшын жазушысы Мэри Уоллстоункрофт (1759-1797) әйел мен ер
адамның ерекшеліктері табиғатынан тәрбиенің нәтижесіне
жатады. Қыз балалар сәнденеді және қуыршақ
ойнайды, ал балалар басқа- шулы, белсенді ойындарды ойнайды(бұл
қазіргі күні «жыныстық әлеуметтену» деп аталады[5].
Екінші кезең (ΧІΧ ғасырдың
аяғы-ΧΧ ғасырдың басы)- гендерлік психологияның пәндік
қалыптасу кезеңі және жаратылыстану ғылымдар
негізінің құрылуы. Бұл кезеңде батыстың
көптеген елдерінде қоғамдағы ситуациялар өзгерді.
Францияда, Англияда және АҚШ-та әйелдерді босату
жөнінде әрекеттер қарастырылды. Бұл
қорғанысты біз жыныстар психологиясының ғылым ретіндегі
даму тарихының бір бөлімі ретінде қарастырамыз.Феминизм
түсінігі ( лат.femina- әйел) ΧІΧ ғасырдың І
жартысында француз тілінде жарық көрді. 1830 жылы басқа
термин – «эмансировандық әйел» (лат.emansipatio –
бостандыққа шығу) пайда болды. Феминизм өзінің
даму тарихы бойынша бірнеше келесідей бағыттары бар: 1.Амазон- феминизм-
әйелдердің ер адамдармен физикалық тұрғысынан
тең екенін көрсетеді. 2.Мәдени феминизм- әйелдер табиғатта
ер адамдардан жақсырақ екенін дәлелдеуге тырысады. Егер
әйелдер билікте болса, онда әлемде әділеттілік орнайды-
соғыстар, экологиялық жарылыстар және т.б.жағдайлар
болмайды деп түсіндіреді. 3.Сератаризм – жыныстардың радикалды
бөлінуін насихаттайды, яғни барлық коммуникативті
байланыстардың ер адамдармен бұзылуы. 4. Радикалды феминизм (1967
жылы пайда болды) әйелдерді кемсіту, барлық адамзат
мәдениетін төмен түсіреді және оны әлеуметтік
өзгешіліктер көмегімен құруға болады. 5.
Гуманистік немесе интеллектуалды феминизм жақында ғана пайда болды.
Маскулиндік мәдениет тек қана әйелдерге ғана емес,
сонымен бірге ер адамдарды мұңайту сезімі мен түр
өзгерісіне әкеледі.
Сонымен, жыныстар статификациясы
өзіндік бейнелі жыныстар идеологиясы болып табылады, яғни
әрбір мәдениетте ер мен әйел үшін өздерінің
қалауларына сәйкес сапалары жөнінде көрсетілімдерді
мазмұндайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Аристотель. Сочинения. -М.: Мысль, 1984. - 830 с.
2.
Мор Т. Утопия. (в русс.переводе)
Москва, 1978.
3. Златопольская А. А. и др.Ж.-Ж. Руссо: Pro et Contra . М.: Русской
Христианской гуманитарной академии. 2005. — 798 с.
4.
Кант И. Сочинения. - М.: Мысль, - 1965. - 544 с.
5.
А.Е.Чирикова. Мужчина и женщина
как топ-менеджеры российских компаний. Социологические исследования.Москва,
2003.