Адилбекова А.
Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
БАСТАУЫШ
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТА БУЫНҒА БЕЙІМДЕЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыштан орта мектепке өту күрделі болып
табылады, дегенмен, егер ол дұрыс ұйымдастырылатын болса,
баланың психологиялық, әлеуметтік өсуіне ықпал
етеді, басқадай жағдайда – икемделу мен әдеттенудің
күйзелісті үдерісі болуы ықтимал. Бастауыштан орта мектепке
өту оқушының психикасына әсер ететін
жүктеменің ұлғаюымен байланысты. Адам өміріндегі
кез келген өтпелі кезең қиындықтарымен байланысты
болады. Оқушылардың бастауыш мектептен ауысуы – бұл
күрделі және жауапты кезең, баланың алдағы мектеп
өмірі, оның бейімделу үдерісінің өтуіне байланысты
қалыптасатын болады. Біздің міндетіміз – балаларымызда болып
жатқан жағдайларды, оларды алаңдататын, мазалайтын не екенін,
қандай қиындықтар болатынын анықтау және
оларға нақты қандай көмек көрсете алатынымызды
білу. Психология-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, зерттеулер
санының көптігіне қарамастан, төртінші-бесінші сынып
оқушыларына оқуға бейімделу кезеңінде
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің
кейбір негізгі мәселелері назардан тыс екенін және
толығырақ зерттеуді талап ететінін көрсетті.
Балаға психологиялық
қолдау, көмек көрсету идеясы психологиялық
қызметтен бұрын пайда болып, тәрбие және оқыту
үдерісінде балаға жеке-дара көмек көрсету ұғымында
анықталған. Кеңестік тәрбие және білім беру
жүйелірінің тарихи талдамасы ол жайындағы идеяның П.Ф.Лесгафт, К.Ц.Ушинский, Л.Н.Толстой,
П.Ф.Каптеревтың және басқа да педагогтар мен
психологтардың педагогикалық теорияларында қамтылғанын
дәлелдеуде.
«Психологиялық қолдау»
ұғымы ғылымдағы жаңа түсінік
болғандықтан «қолдау» сөзінің жалпыға
бірдей мойындалған, психологиялық мәніне негізделген
мағынасын нақтылауымыз және соның негізінде «бірінші
сыныптағы оқушылардың эмоциялы дамуын психологиялық
қолдау» ұғымына анытама беруіміз қажет.
Н.Г.Щербанёва «психологиялық
қолдау бұл – субъектіге психологиялық көмек
көрсетудің нәтижесінде адамның өз-өзіне
деген сенімділігі, өз мүмкіндіктеріне деген сенімділік сезімі орын
алатын тұлғааралық өзара әрекеттестік түрі»
деп есептейді. Автордың ойынша, «субъектінің психологиялық
даралығының дамуына, тұлғалық жаңа
құрылымдардың қалыптасуына, өзіндіктің
дамуына, өмірлік дағдарыс, ішкі ізденіс және таңдау
кезеңінде тұлғалық дамуды жүзеге асыруда
көмектесу» психологиялық қолдаудың мақсаты болып
табылады. Психологиялық қолдаудың мақсаты нақты
проблеманы шешумен шектелмей, даралықты жетілдіруде анықталады.
И.Б.Котова мен Е.Н.Шиянованың идеялары да осы тектес. Олар педагогикалық және
психологиялық қолдаудың тең мәніне баса наза
аударады. Авторлардың ойынша, оның мәні адамның
өзегін – тұлғасын қозғайтын күрделу
өңделуде. Дамыған тұлға қолдауға,
түсіністікке, қабылдауға, тәрбиенің ерекше
амалдары мен әдіс-тәсілдеріне, өзін-өзі дамытудың
механизмдерімен және тәсілдерімен қаруландырылуға
мұқтаж болады. Адам барлық сыртқы ықпалдарды
жинақтап, өз бетінше сапалы жаңа ойлар мен мақсаттарды
құрастырып, сыртқы стимулдармен емес, ішкі қозу
арқылы әрекет ете бастайтын жағдайда психологиялық
қолдау үдерісі өзін-өзі дамыту актілерімен
нәтижеленеді.
А.Г.Асмолов (1996) психологиялық
қолдаудың психологиялық базасы өмірдің
қазіргі заманғы бейнесінде тұлғаның даралануы
үшін даму бастауларының болуы; социогенезде даралықтың
даму механизмдері шарттарының орын алуы; адам социотиптік
мінез-құлықтың иесі ретінде ғана емес, даралық ретінде көрсететін
«белгісіздік аймақтарының»; таңдау мүмкіндіктері диапазонының
болуы деп есептейді.
Психологиялық қолдау
үдерісінде ересектер балаға педагогикалық
тұрғыдан ықпал етудің едәуір жағымды
әдіс-тәсілдерін қолданып, онымен
қарым-қатынастың және өзара
әрекеттестіктің үйреншікті үлгісін өлшейді,
оның айналасында жағымды психологиялық ахуалды
қалыптастыру жағдайын жасайды. Ол ересектердің бала қылықтарының
жағымды ерекшеліктеріне назар аударып, баланың эмоциялы
аумағына ықпал етіп, оның жағымды күйзелстері мен
күйлерін бекітіп, оның әрекеттерін мақұлдайды.
Баланы қолдау - оған сенім
білдіру:
- оны шартсыз қабылдау;
- оның даярлығын мойындау;
- қабілеттері мен мүмкіндіктеріне
сенім арту;
- тұлғасының жағымды
қасиеттерін дамыту;
- сенімділікке ие болуына көмектесу.
Психологиялық қолдаудың
мазмұнын талдаудың нәтижесінде бірқатар
жорамалдарға арқау еткен модельді құруға негіз
болған болжамды құрастыруға мүмкіндік
алдық. Бірінші сыныптағы оқушылардың эмоциялық
дамуына дер кезінде көрсетілген психологиялық қолдау
оқушылардың мұғалімдемен, ата-аналарымен,
құрдастарымен тұлғааралық
қарым-қатынастары мен өзара әрекеттестіктерінің
ерекшеліктерінен туындаған эмоциялы жүктемені жеңілдетуге
және балалардың эмоциялы жайлылығына жағдай жасап,
олардың білім беру, тәрбиелеу үдерісіндегі және сол
үдерістен тыс тұлғасының үйлесімді дамуына
мүмкіндік беретін ықпал ету тәсілдерінің жүйесі
болып табылады.
Психологиялық қолдаудың
маңызды қағидалары:
- полисубъектілік, ынтымақтастық,
қолдау қағидасы;
- тұлғалық бағдарлану
қағидасы;
- психологиялық қолдауға
мұқтаж субъектінің тұлғасын шартсыз қабылдау
қағидасы;
- құпиялылық
қағидасы;
- баланың тұтастай өмірлік кеңістігінде
құқықтары мен қызығушылықтарын
қорғау қағидасы.
- Психологиялық қолдау
тиімділігінің негізгі шарттары:
- баланың көмек пен
қолдауға келісім беруі;
- баланың жеке қиындықтарын
өз бетінше шешуіне мүмкіндік беру;
- балаға мейірімді болу;
- оның тұлғасын
бағалаусыз қабылдау;
- тұлғаның
толыққанды дамуына оңтайлы жағдайды
қалыптастыруға бағыттылық;
- ұжымда (отбасында, мектепте)
жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру;
- балаға эмоциялы жайлылықты
қамтамасыз ету.
Адам, қоғам және олардың
арасындағы байланыста үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп
отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген
қоғамның қандай болуы оны құраушы субьектілердің
күш-жігеріне байланысты. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде, әлеуметтік-гуманистік
ғылымда жастар мәселесі ауқымды орынға ие. Сонғы
жылдары жүргізілген түрлі әлеуметтік, психологиялық
зерттеулер жастар бойында жалпы құндылық, нормативті дағдарыстың
бар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі өзгермелі қоғам
жағдайында, күрделі экономикалық және саяси
өзгерістер жастар ғана емес, жалпы адам психикасына елеулі
әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін
зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының
динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен,
қоғамның адамға қоятын талаптарының
көбеюімен, сондай-ақ психология ғылымының негізгі
зерттеу обьектісі – тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы
мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше
ауқымды орын алып отыр.
Психология ғылымында бейімделу теориялық
сипаттамасында адам кез келген жағдайда өзін жақсы сезінуі
үшін, әр түрлі жағдайларға икемделе, бейімделе
алуы өте маңызды болып табылады деп қарастырылған.
Латын тілінен аударғанда «бейімделу» - икемделу, үйлесу деген
мағананы береді. Қазіргі
уақытқа дейін «бейімделу» түсінігін нақты бір
ашып түсіндіретін
анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің
айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, әрбір зерттеуші
өзінің зерттеуіне байланысты әр түрлі жауап
қайтарады деген.
Кіші
мектеп жасындағы балалардың ойлауында да неғұрлым
едәуір өзгерістерді байқауға болады. Олардың
ойлауы абстрактылы және жалпылама сипатқа ие болады. Кішкентай
оқушылардың зияттылық операцияларды орындаулары
қиындықтармен байланысты. Психологтардың зерттеулері
төмендегідей фактілерді анықтаған.
1. Бала үшін
сөздің дыбыстық құрамы мен сөйлемдегі
сөздерді талдау үлкен қиындық туғызады.
2. Баланың сан
туралы түсініктері нақты мазмұнмен байытылған. Олар сан
мен көлемді шатастырады.
3.
Ұғымдарды дұрыс анықтай алмайды.
Алайда мектептік
жаста ойлаудың жаңа типі (ұғымдық ойлау) қалыптасады.
Балабақшада балаларға ғылыми ұғымдар жүйесі
берілмейді немесе аз беріледі. Мектепте аз уақыт аралығында балалар
ғылыми ұғымдар жүйесін меңгерулері керек. Ұғымдар
жүйесін, ғылым жүйесін игеру процесі тек естің
жұмысы ретінде қарастырылмайды. Баладан анализ, синтез, ойлану,
салыстыру сияқты ойлау операцияларының дамуы талап етіледі. Мектептегі оқыту үрдісінде
жекелеген білімдер мен іскерліктер ғана емес, олардың жинақталып
қорытылулары және зияттылық
операциялар меңгеріледі.
Білім алудың
жаңа шарттары кіші жасөспірімдердің ойлауы мен мінез-құлқының
динамикалық стреотиптерінің өзгеруін талап етеді. Ол
неғұрлым жаңа ортаның түрлі жағдайларына
жылдам үйреніп, өзі үшін шындықты ой елегінен
өткізіпқабылдайтын болса, өзі үшін жеке
тұлғалық шиеленістерді басынан өткеріп,
қиындықтарды жеңе білуге дайын болса, соғұрлым
бейімделу үдерісін жедел және оңай өтетін болады.
Балалардың оқу-тәрбие үдерістеріне жылдам бейімделуіне
орта буынға өтуіне дейін пайда болған психологиялық
проблемалар кедергі болады.
Бейімделу
үдерісі пубертанттық кезеңге сәйкес келетіні туралы
есте сақтаған жөн. Аяқталмаған өсу
және даму жағдайында жыныстық жетілу кезеңі басталады,
гипоталамдық-гипофизарлық жүйе қызметі күрт
өзгереді, қозу үдерістері тежелуден басым болады,
барлық физиологиялық қызметтер өзгеріске
ұшырайды.
Балаға
бейімделудің күрделі кезеңінде көмек көрсету
оқушының тұлғалық өсуі мен дамуы
міндеттерін шешуге, сонымен қатар, мектепке бейімделе алмаудың
алдын алу мен коррекциясына әсер етеді. Осылайша, оқушылардың
табиғи дамуына психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсету жүзеге асырылады.
Әдебиет
1.
Асмолов А.Г. Содействие ребенку - развитие личности //
Забота – поддержка - консультирование / Серия «Новые ценности образования» /
Под ред. Н.Б. Крыловой / Выпуск
№ 6. - М.: Инноватор, 1996. - С. 39 с.
2. Котова
И.Б., Шиянов Е.Н. Образование как общечеловеческая ценность // Вестник
Ставропольского университета. Вып. 1. - Ставрополь, 1996. - С. 113 с.
3. Мырзатаева
Б.П. Кіші мектеп оқушысының психологиясы / Психология
мамандығында оқитын студенттерге арналған
оқу-әдістемелік кешен. -
Алматы, 2007. – 91 б.
4. Корелъ
JI.B. Социология адаптации на исходе XX века. Необходимость и трудность
институционализации. - Новосибирск, 1995. – 288с.
5. Проблемы адаптации
человека. - Сургут, 2001. – С. 20 с.
6. Ермекбаева Л.К. Проблемы
школьной дезадаптации детей младшего школьного возраста// Сборник
материалов международной научно-практической конференции «Психологические
проблемы бытия человека в современном обществе. Здоровье личности и ее адаптация».
– Магнитогорск, 2009. – С. 91 с.