Ж.Қ. Турниязова
аға
оқытушы, психология магистрі
Орталық Азия
Университеті. Алматы
қаласы
Қазіргі жеткіншек жастағы балалар бойында
көрініс алатын негізгі
психологиялық мәселелер
Соңғы жылдары жеткіншек жастағы
психологиялық мәселелер
қоғамда кеңінен етек алып бара жатқандығы
кімді де болса ойландырмай қоймайды. Себебі қазіргі таңда
қоғамда көптеген әлеуметтік өзгерістер,
ғылыми техникалық прогресстер, білім мен ғылымдағы
жаңа ашылымдар қарқынды дамуда. Әрине бұл
қуантар жайт, бірақ олардың тигізер әсерлері
қуаныш пен бірге ойландыратын кері әсерлерді туғызуда. Міне
осыған байланысты, мақаланы осы тақырыпта жазғанды
жөн көрдім. Жеткіншек кезең (12-14, 15-17 дейін жасаралық)
– психологияда бұл кезең
«дағдарысты», «өтпелі» кезеңдерге жатады. Дағдарыс –
бұл бір кезеңнен келесі кезеңге өту барысындағы
психологиялық қиындықтардың көрінісі. Әрине
жеткіншек баланың ересек адам
ретінде дамуы мен әлеуметтенуі
бұл психологиялық мәселеленің бірі. Әлеуметтік ересектіктің дамуы
дегеніміз баланың ересектер қоғамында оның
толықта тең құқылы мүшесі болып өмір
сүруге даярлығының қалыптасуы. Бұл процесс
объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да дамуын
көздейді, ол іс-әрекетке ересектердің
мінез-құлқына деген көзқарастарға
қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін
қажет, өйткені әлеуметтік ересектіктің өзі осы
талаптарды игеру процесінде дамиды. Ересектің қалыптасу процесі
көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары
әр сипатты және сан алуан. Жеткіншек жасқа аяқ
басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы
түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы
сапалық өзгерістермен анықталады, осының
арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы
қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты
және өзіне жаңа құрылым оның өзі
туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол
өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне
жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Сонымен
бірге, жеткіншек кезеңде 11 класс оқушыларыда кіретінін
ұмытпалық, әрине бұл бізге ҰБТ-ні еске
түсіреді. ҰБТ-да баланың өміріне, психологиялық
ахуалына өз әсерін тигізеді. Балалар бойында қобалжу деңгейін
көтереді. Бұл мәселе психологиялық тұрғыда
зерттелініп, дәлелденген. Қобалжу мен агрессияның деңгейінің нормадан
жоғарлауы баланы суицидке итермелеудің бір факторы. Жеткіншек
кезеңдегі суицид мәселелері тек ҰБТ-ға даярлық
барысындағы мәселелермен шектелмейді, бұл: біріншіден,
ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасынан; екіншіден,
құрбы-жолдастырмен, класстастарымен қатынасынан;
үшіншіден, алғашқы махаббат сезімінен көрініс алады.
Жоғарыда аталғандай жеткіншек бала есеюге асығады,
бірақ өзін толық ересек санай алмайды. Сондықтан,
бұл жерде ата-ананың қарым-қатынасы үлкен роль
атқарады. Себебі, ата-ананың өзі баланы осындай
тығырыққа итермелейді. Белгілі бір жауапты іс берер алдында
баласына «Сен енді ересексін»- дейді, ал бала өз бетімен бір жауапты
ересек адамның ісін атқару бел буса «Сен әлі бұндай
іске кішкентайсын ғой» деген сөз көп айтылады. Бұл
келтірген тек бір қарапайым
мысал. Бұндай мысалдардың түр-түрі жеткіншек бала
өмірінде жиі кездеседі. Міне осы мысалды оқып отырып, ата-аналар байқаған
шығарсындар. Қаншалықты сіздің балаңызбен
қатынасыңыз оның тұлға ретінде қалыптасуына
әсер ететіндігі. Бұл, менің кәсіби тәжірибемде
жиі кездесетін психологиялық мәселелердің бірі. Ұлы
ғалым, психоанализ бағытының негізін салушы психотерапевт
З.Фрейдтің айтуынша «Ересек адамның психологиялық
проблемалары бала кезінде алған психологиялық травманың
көрінісі» деген. Міне осыған сүйене отырып, баланың
тұлға ретінде қалыптасуына ата-аналар үлкен назар
аударса екен демекпін. Бұл мақаламның әліде
жалғасы болады. Келесі мақалаларда жеткіншек кезеңдегі бала
мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынастың бала өмірінде алатын орны туралы.
Сонымен бірге, неге балалар
үйлерінен кетіп, жағымсыз топпен тіл табысуының
психологиялық астарларын ашып көрсетуді ойластырудамын. Яғни бұл мәселеленің
мазмұнын ашу, тек бұл мақаламен шектелмейтінің
білдіреді.
Ж.Қ. Турниязова
аға
оқытушы, психология магистрі
Орталық
Азия Университеті
Алматы қаласы
Жеткіншек жастағы
балалардың қылмысқа итермелеудегі
психологиялық
факторлар
Бұл мақала
жеткіншек балалардың құқык бұзу
әрекеттерін, олардың қылмысқа баруындағы
қарым-қатынастың алатын орнын, психологиялық
ерекшеліктерін анықтау мәселесі
қаралады.
Жеткіншек
шақ - жеке тұлға ретінде қалыптасып,
қоғамның түрлі сфераларына етене араласып,
өмірлік жоспарды құруда жауапкершілікті талап ететін
кезең болып саналады. Жеткіншектік кезең барлық
қоғамда емес, тек өркениеттің жоғарғы
деңгейінен көрініс алады. Бұл кезең әдебиеттерде:
жасөспірімдік, өтпелі, аралық, пубертальды, пубертатты,
жыныстық жетілудің бастама алуы, т.б. деп те қарастырылады.
Осы түрлі атаулар жеткіншек өмірінде болып жатқан
өзгерістерді жан-жақты бейнелейді. Бұл кезеңнің
жас ерекшелік аралығын қамтитынын айтып кеткен жөн болар еді.
Жеткіншектер
бойында құқық бұзушылықтың калыптасуы
және оған әлеуметтік ортаның тигізетін әсерін
анықтау қазіргі заманның негізгі мәселелерінің
бірі болып табылады. Белгілі бір қоғам ортасында адамдар
көптеген дағдарыстардан өтеді. Солардың ішінде
балалық шақ пен ересектік кезең арасындағы аралық
және өтпелі кезең болып табылатын жеткіншек кезең
кеңінен каралады. Бұл кезең жеке тұлға ретінде
қалыптасып, өмірлік жоспар құруда жауапкершілікті талап
ететін кезең болып табылады.
Жеткіншектер
негізгі қасиеттермен сапаларды қарым- қатынастың
өзіндік жеке тәжірибесімен жанұядағы, мектептегі,
көшедегі үздіксіз қатынастар арқылы игереді.
Қарым-қатынас - тұлға қалыптасуының
қажетті және жалпыға тән шарты. Жеткіншектер үшін
қарым-қатынас осы кезеңнің басты тенденциясы,
тұлғалық өзара қарым-қатынастың
спецификалық түрі болып табылады. Осы қарым-қатынас
көмегімен іс-әрекеттің түрлі сферасында жеткіншектер
бойында жаңа психикалық және тұлғалық
қасиеттермен өзара әрекеттестіктің кажетті
дағдылары қалыптасады. Осы жаңа тұлғалық
қасиеттермен дағдыларды игеру барысында қоғамдағы
жаңа қарым-қатынастармен байланысқан көптеген
жаңа проблемалар туындайды.
Жеткіншектердің осы
қиыншылықтар мен күресуі, оларға төтеп беруі
немесе керісінше қауқарсыздығы олардың алдағы
өмірінің түрлі сфераларынан көрінетін өзара
қарым-қатынастарға тәуелді болады. Осының
негізінде жеткіншектер бойынан қоғамға жат
қылықтар, әлеуметтік тұрғыдан қолдау
таппайтын мінез-құлықтың қалыптасуына еліміздегі
күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен
қазіргі қоғамның негізгі проблемалары болып табылатын
сыртқы күштер: жұмыссыздық, материалды жағынан
жеткілікті қамтылмаған жанұялық жағдай, ішімдікке
салыну, нашақорлық дерті, әртүрлі таптар
арасындағы субмәдениеттер, өмір сүру
деңгейінің төмендеуі өз әсерін тигізеді. Осы
факторлар жалпы адамзатты ғана емес, жасөспірімдерді де
қоғамға, құқыққа қарсы
әрекет етуге итермелелеп, тіпті қылмыс жасауға
мәжбүр етеді. Негізінен, қылмыс - бұл әлеуметтік
және психологиялық факторлардың өзара әрекеттесуі
болып табылады. Егер қылмыс феномені белгілі критерийлер көлеміне
сәйкес дамыса, онда жасөспірімнің қылмыстық
мінез-құлқы белгілі бір уақытта біріккен бірнеше
факторлардың әрекеттесуінің нәтижесінен көрінеді.
Мұндай факторларға жеткіншектің қоршаған ортасы:
жанұясы, құрдастары, мектебі, достары, оқу немесе
жұмыс орны және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар
жатады. Осы факторлардың әрқайсысы қарым-қатынас
деңгейінің тым төмен немесе тым жоғары болуынан
жеткіншектердің құқыққа қарсы
әрекет етулеріне өз әсерін тигізеді. Осының негізінде
біздің қоғамымызда жеткіншектер арасында
қылмыстың өршуі, ұйымдасып немесе ұсақ-түйе қылмыстық
әрекет атқару кең тарала бастады. Жеткіншектердің
құқыққа қарсы әрекет етуі,
қоғамға, айналадағы адамдарға қауіп
төндіруі қылмыстық жауапкершілікке апарып, көп адамдар
бойында мазасыздық сезімін тудырады. Сондықтан мұндай
құқыққа қарсы жасалынған
әрекеттердің етек алуы жасөспірімдер
қарым-қатынасының төмендеуімен байланысты болады
және осы құқық бұзушылық
әрекеттерінің алдын алуда қылмыс,
құқық нормаларын әлеуметтік
көзқарастар жүйесі ретінде қарастырып,
қылмыстың алғышарттарымен қарым-қатынас
аспектілерінің тигізер әсерін анықтау маңызды болып
келеді.
Белгілі
дәрігер-педагог Б.Спок: «Қылмыскер - жазаланған,
қайғы-қасірет шеккен тұлғалардан емес, керісінше
қарым-қатынас барысында сүйіспеншілік пен махаббатқа
мұқтаж болған тұлғалардан шығады» - деп
айтып кеткен.
И.А. Ильин
айтуы бойынша: «Заңды және құқық нормаларын
сақтау оларды қорғау, өзіне жүктелген мемлекеттік
міндеттерді өз бетімен орындау, сонымен қатар өз
өміріне құқыққа қарсы
әрекеттер, қылмыс жасамау - қарым-қатынастың
қалыпты түрде құрылуын талап етеді»
Біздің зерттеу
жұмысымыздың алда қарастыратын мәселесі психология мен
заң ғылымдарында ерекше орын алып, түрлі тұрғыда
қарастырылады.
Пайдалынған
әдебиеттер:
1.
Бурлаков
А. «Преступность несовершеннолетних» Москва, 1997 ж.
2.
Васильев
B.JI. «Юридическая психология» 3-е изд. - С-Петербург:
Издательство «Питер», 2000ж.
3. Горбань П.Ю. «Психология
несовершеннолетних преступников» /реферат -Украина -2003 ж.