ФИЗИЧЕСКАЯ
КУЛЬТУРА И СПОРТ/ 1.Физическая культура и спорт:
проблемы, исследования, предложения
6М010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының
2 курс магистранты Сайлаухан Ережеп
С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Футбол ойынының пайда болу тарихы
және негізгі техникалық жаттығуларының сипаттамалары
Футбол ойыны сұрапыл әрі адамның
жүрек қылын тербететін дене тәрбие ойыны болғандықтан,
ол “дүниедегі маңдай алды дене тәрбие”, “дене тәрбиенің
патшасы” делініп, бүкіл дүние халқының қастерлеуіне
бөленуде.
Футбол ойынында жарыс майданы кең, жарыс уақыты
ұзақ, қатынасатын адам көп әрі сайысуы қат-қабат,
допқа таласуы қиян-кескі, еліктіргіштігі күшті, драммалық
қасиет болады. Жақсы ойналған бір майдан футбол жарысының
телевизор көрермендерінің өзі 10 миллионға жетеді. Бұл
жағынан да қандай бір дене тәрбие түрімен салыстырғанда
алда тұратындығы шүбәсіз.
Футбол ойыны адамдарды дене жақтан жан-жақтылы
шынықтырып, жылдамдық, күш, төзімділік, икемділік,
ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен
жұдырықтай жұмылып селбесетін коллективизімдік рухты
жетілдіру жағынан да зор маңызға ие.
Осыдан 2000
жылдың алдындағы Жанго дәуірінің өзінде-ақ Қытайда
доп тебу ойыны жарыққа шыққан. Доп теріден жасалғанда,
ішіне шаш тектес серпімділігі күшті заттар толтырылған. Сонымен
ерте заманның өзінде доп тебу Жангода кеңнен таралып, патша
орда мәнсаптылары және оқымыстылардан тартып халық бұқарасына
дейін доп тебетін болған. Таң дәуіріне келгенде доп тебу европағада
таралды.
Ал осы заман
футбол дене тәрбие ойны Англиядан басталып ХІХ ғасырдың аяқ
шенінде бүкіл дүниеге таралған. 1863 жылы 26 қазан күні
Англия футбол қоғамы құрылған, кейінгілер бұл
күнді осызаман футболының дүниеге келген күні етіп
белгіледі. 1896 жылы бірінші кезекті осы заманғы олимпияда спорт жарысы
Грецияда өткізілген кезде-ақ футбол ресми жарыс түріне
енгізілді. 1904 жылы май айында халқаралық футбол бірлескен қоғамы
құрылғаннан бері футбол дене тәрбие ойны ұшқан
құстай дамып дүние жүзіне барынша кең таралып, ықпалы
ең күшті дене тәрбиенің біріне айналды. 1930 жылы тұңғыш
кезекті халқаралық футбол жүлде таласу жарысы өткізілгеннен
кейін, 4 жылда бір рет жарыс өткізу белгіленіп қазірге дейін он
неше рет болып өтті.
Футболдың әлемдік
кубогіна таласу жарысының жарыққа шығуына тоқтала
кетсек: 1928 жылғы олимпия ойындары аяқтаған соң халқарылық
футболшылар бірлестігі уакілдер мәжілісін ашып, 4 жылда бір рет әлемдік
футбол жүлделі жарысын өткізу ұсынысын мақұлдауды
ұйғарды. Бастапқыда осы жаңа түрдегі футбол
жарысы “Әлемдік футбол жүлделі жарысы” деп аталды. 1921 жылдан 1954
жылға дейінгі табаны күректей 33 жыл халықаралық
футболшылар бірлестігінің төрағасындық міндет өтеген
әлемдік футбол жүлделі жарысының бастаушысы және ұйымдаструшысы
есептелетін Римиттың футбол спортына сіңірген ершімді еңбегін
мадақтау үшін 1956 жылы халқарылық футболшылар
бірлестігі Люксембургте мәжіліс ашып, “Әлемдік футбол жүлделі
жарысын” “Римит сауытына таласу жарысы” деп атауды ұйғарды. Кейін
келе тағы “Әлемдік футбол жүлделі жарысының Римит сауытына”
өзгертіліп, қысқаша “футболдың әлемдік сауыты”
деп аталды.
“Футболдың
әлемдік кубогіна таласу жарысының” әуелгі силық сауыты
1928 жылы халқаралық футболшылар бірлестігі жарыста жеңіп шыққан
командаға ұсынуға арнайы жасатқан силық, яғни
ауырлығы 1800 г, биіктігі 30 см, келетін сап алтыннан құйылған
мүсін еді. Бұл “Футболдың әлемдік сауыты” көшпелі
силық бұйымы болып, қайсы команда аға жүлдегерлікті
жеңіп алса, сол команда осы алтын сауытты 4 жыл сақтауына болады. 4
жылдан кейінгі футболдың әлемдік сауытына таласу жарысының аға
жүлдегеріне берілетін осы алтын сауыт жарыс өткізілуден бұрын
халықарылық футболшылар бірлестігіе қайтарылады. Мұнан
тыс “қайсы команда үздіксіз 3 рет аға жүлдегерлікті жеңіп
алса, осы алтын сауыт сол командаға мәңгі тәуелді
болады” деген қосымша белгілемеде бар. 1970 жылы өткізілген 9
кезекті футболдың әлемдік сауытына таласу жарысында Бразил
командасы жеңіп шығып, алтын сауытты мәңгілік
еншілеген.
1971 жылы
мамырда халықаралық футболшылар бірлестігі жаңа сауытты тұрақтандыру
жөнінде талқы мәжілісін ашты. 53 түрлі жобаға
саралау жүргізілген соң Италиялық Газания жобалаған екі
алыптың қос қолдарымен жер шарын биік көтерген көрнісі
бейнеленген жобаны қолдануды ұйғарды. Бұл мүсін
дене тәрбиенің ықпал күші мен көлемінің
символы есептеледі. Жаңа сауыттың аты “Халықаралық
футболшылар бірлестігінің әлемдік сауыты” деп тұрақтандырылды.
Биктігі 36 см. ауырлығы 5 кг. келетін осы сауыт “Дюлар сауыты” деп те
аталады. Сол жолы халқаралық футболшылар бірлестігі “жаңа
сауыт көшпелі силық болып, әр қандай команда қанша
рет аға жүлдегер болсада, мәңгілік меншігіне ала
алмайды” деген белгілеме шығарды. Қазіргі кезде де осы сауытқа
таласу жарысы әліде өткізіліп келеді.
Ал
осы футбол ойынының негізгі техникасына келсек: доп тебу, доп алып жүру,
пас алу техникасы, допты тосқауылдай таласу, доп сүзу, допты тоқтату қатарлы көптеген
техникалары бар. осы техникаларды меңгерген кез-келген футболшының
техникалық дайындығын жоғары деңгейде деп айтуға
болады. Техникалық дайындық дегеніміз - жарыс жаттығуларын
орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісі. Оның
негізгі міндеті - спорт түріндегі негізгі қозғалысты
шеберлікпен меңгеру, дағдылану.
Жоғарыда
аталып көрсетілген футбол ойынының негізгі техникалары мен жаттығу
түрлеріне қысқаша сипаттамалар бере кестек:
1. Доп
тебу техникасы.
а) Аяқ
желкесінің үстімен доп тебу.
- орны
белгіленген допты тебу. Доп тебетін аяқ ұршық буынын өс
етіп, қарасан жіліншікті әрекеттендіріп, тез қарқынмен
алдыға қарай сілтенеді. Доп тебетін аяқ допқа тиген
заман аяқ желкесін керіп, бақайшықты түйіп, аяқ
желкесінің үстімен доптың орта бөлімінен тебеді.
- ыршыған
допты тебу. Доп тебетін аяқ жіліншігі алдыға қарай тез
сілтенеді. Доп жерден енді ғана ыршыған кезде, аяқ желкесінің
үстімен доптың орта бөлімінен тебу.
ә) Аяқ желкесінің үстімен доп
тебу.
- аяқ допқа тиген заман, қызылаяқ
пен аяқ желкесі ішіне қарай күшпен бұрылады.
- аяқ желкесінің сыртқы қырымен
доптың арты орта бөліміне тебу.

1-сызба.
Доп тебу техникасын 6-7 сынып оқушыларының меңгеру деңгейі
(ШҚО Қалбатау ауылы Абай атындағы орта мектебі)
2. Пас
алу техникасы.
а).
Аяқтың сыртқы қырымен пас алу.
- аяқтың сыртымен доптың
орта, жоғарғы бөлімінен доп тоқтату.
- пас алғаннан кейін, пас алған аяқ
пас берілген бағытқа қарай жалғасты сілтенеді.
ә).
Аяқтың сыртқы қырымен ыршыған допты тоқтатып
пас алыу. Доп ыршыған заман аяқтың сыртқы қырымен
доптың орта, жоғарғы бөлімінен пас алыу.
3. Доп
алып жүру техникасы
а) Аяқ
желкесінің сыртқы қырымен доп алып жүру.
- өкше көтеріліп, аяқтың
желкесі шерте көтеріліп, аяқ үші сәл ішіне қарай көтеріледі.
- аяқ желкесінің сыртқы қырымен
доптың орта бөлімінен итере демей айдау.
ә)
Аяқтың ішкі қырымен доп алып жүріу.
- белуден жоғары дене сәл алдыға
иіледі.
- аяқтың
ішкі қырымен доптың орта бөлімінен итере тебу.

2-сызба.
Допты алып жүру техникасын 6-7 сынып оқушыларының меңгеру
деңгейі (5 баллдық жүйемен)
4. Доп
сүзу техникасы.
а).
Орында тұрып доп сүзу. Бас допқа тиген заман, артқа ұсталған
аяқ пәрмеінмен жер тірей серпін жасап, дененің салмақ
сентірі алдыға ұсталған аяқ түсіп, құрсақ
ішке тартылады. Белуардан жоғарыдене тез қарқынмен алға
сермеледі.
ә)
Секіріп барып доп сүзу.
- көзді
келе жатқан допқа қадап, ең биік орынға секіріп
шығып, доп сүзіуге даярланған кезде, дене алдыға қарай
бүгіледі.
- доп
қалықтап дененің тік түзу сызығы алдына келген
заман, құрсақ ішке тартылып, кеуде алға қарай
сермеліп әрі бас сілкініп, маңдайдың тура алдымен доп сүзіп
шығарылады.
1-кесте
- 6-7 сынып оқушыларының доп сүзу техникасын меңгеру деңгейі
(ШҚО Қалбатау ауылы Абай атындағы орта мектебі)
|
«Доп сүзу
техникаларының түрлерін білесіз бе?» |
|||||
|
Рет |
Қатысушылар |
Білемін |
Аздап белемін |
Білмеймін |
Үйренгім келеді |
|
1 |
6 сынып оқушылары
|
59 % |
16 % |
6 % |
19% |
|
2 |
7 сынып оқушылары |
78 |
11 |
1 |
10 |
5. Допты
тосқауылдай таласу техникасы.
а) Қарсы алдынан тосқауылдай таласу.
- қарсы
жақтың доп алып жүріу аралығы біршама алшақ, аяқ
допқа тиіп әлі жерге түспеген кезде, бір аяқты дереу
жер тірей серпін жасап, допқа таласатын аяқ тізесін бүге алдыға
қарай атылып шығып, аяқтың ішкі қырымен доптың
қарсы алдынан тосу. Енді бір аяқ іле-шала алға қарай
атталып, белуардан жоғары дене алға қарай иіліп, дененің
тепе теңдігін сақтай допты меңгеру.
ә)
Дене жанынан тосқауылдай допқа таласу.
- қарсы
жақпен қатарласып жүгіріп келе жатқан кезде, орынды соғылу
тәсілдерін қолданып, тосқауылдай таласуға болады. Тосқауылдай
таласқан кезде, сыртқы жанға ұсталған аяқ
парменмен жер тірей серпін жасап, дененің салмақ сентірі сәл
төмендеп, белуардан жоғары дененің ішкі жанына қарай сәл
қисаяды.
- ішкі
жанға ұсталған аяқ жерге тигеннен кейін, шынтақты
дереу иіп, білек қарсы жақтың денесіне тіреле тиседі,
белуардан жоғары дененің ішке қарайқисаюынан және
жүгірудің екпінінен пайдаланып, білек және иықпен қарсы
жақтың сәйкесті жағына соғылып, қарсы жақтың
тепе-теңдіктен айырылу орайынан пайдаланып, допты тартып аламыз.
2-кесте
- 6-7 сынып оқушыларының
допты тосқауылдай таласу техникасы туралы көзқарастары
|
«Допты тосқауылдай
таласу техникасын білесіз бе?» |
|||||
|
Рет |
Қатысушылар |
Білемін |
Аздап белемін |
Білмеймін |
Үйренгім келеді |
|
1 |
6 сынып оқушылары
|
73 % |
11 % |
4 % |
12% |
|
2 |
7 сынып оқушылары |
80 |
7 |
- |
13 |
Футбол ойының техникасын меңгеру және
дағдылану оны жарыстарда жаттығуларда қолдана біліу өте
маңызды. Оны меңгеру мен дағдылану әрбір оқушының
дене қуаты дайындығына, жас ерекшеліктері мен морфо-функциялық
ерекшеліктеріне байланысты болатындығын әр кез естен шығармағанымыз
дұрыс.
Қорытындылай
келсек, футбол ойыны спорттық ойындардың ең бір тамаша түрі.
Ол үлкен адамдардың, жас өспірім балалардың барлығы
қызығатын дене тәрбиенің
бір түрі. Ол адамның денесін шынықтруда, дене қуаты қасиетін
жетілдіруде, адамның күш қайратын асыруда, жігерін шыңдауда,
басқалармен өзара силастық, өзара селбестік қатынастарын
дамытуда ерекше рол ойнайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Уанбаев Е.Қ, Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың
теориясы мен әдістемесі.- Өскемен., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
баспасы .2006ж.
2.
Садыканова Г.Е. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің
физиологиялық негіздері. Оқу құралы. – Өскемен,
2011., 112 бет.
3.
Чумаков П.А. Спортивные и подвижные игры.-Москва: 1999 г.
4.
Гринкевич А.К. Спортивные и подвижные игры.-Москва: 1970 г. С
388.
5.
Дене тәрбиесі оқулығы.-Үрімжі: Шинжияң Шинхуа
баспасы, 1993ж. (2-бөлім).
6. Дене тәрбие
оқулығы. -ҚХР, ШУАР: Шинқуа баспасы, 2000 ж.
7.
Дене тәрбиесі оқулығы.-Үрімжі: Шинжияң Шинхуа
баспасы, 1995ж. (1-бөлім).
8.
Ю.Тілеуғалиев, Қ.Адамбеков, С.қасымбекова. Дене тәрбиесі.
– Алматы: «Атамұра». 2003 ж. 125 бет.