КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУДАҒЫ ЗАМАНАУИ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Жоранова Н.Ж.

 

Нарықтық экономика бағытымен дамып келе жатқанын әлем жұртшылығы мойындап отырған қазіргі Қазақстан қысқа мерзім ішінде әлемдік цивилиацияға қарқынды ұмтылыс жасады. Біздің қоғам өзінің дамуындағы жаңа саты – экономиканың үдемелі ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық дамуына және адам факторы әсерінің күшеюі жағдайына өтуде. Глобализациялау процестері әлемдік экономикаға сандық және сапалық өзгерістер алып келеді. Әлеуметтік-саяси құрылымды елдердің көпшілігіндегі экономика біркелкі нарықтық заңдар бойынша дамып келеді. Түрлі   бағытардағы келісім мен интеграция дамып келеді.

Қазіргі кезде барлық мәліметтер қоры осы сияқты программаларға енгізілуде. Өйткені  мұндай программалар адамның жұмыс істеуіне қолайлы әрі жеңіл, сонымен қатар мұндай программалар белгілі-бір мәліметті табу үшін өте аз уақытты қажет етеді. Келешекте барлық кәсіпорындардағы мәліметтер мен ақпараттар осындай программаларға енгізіледі. Сондықтан бұл программалардың өмірдегі орны ерекше.

Бүгінгі күні мәліметтер қоры ақпараттық процестердің компьютерлік қамтамасыз ету негізін құрайды, ал бұл ақпаратттар адамдардың қызмет сфераларының барлығын қамтып отырады. Сондықтан мәліметтер қоры бүгінгі күнде ең басты ақпарат көзі болып табылады.

Құжаттар айналымының электрондық технологияларын пайдалану ақпаратты сақтаудың сенімділігін, олардың өзектілігін арттырады, қажетті мәліметтерді жедел түрде тауып алу жылдамдығын арттырып, ең бастысы мекеменің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін болады.

Ақпаратты өңдеуді жеңілдету үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылады. Әрбір ұйымның, мекеменің жұмысын компьютер көмегімен басқару үшін мәліметтер қорын пайдаланатын қолданбалы бағдарламалар – автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жазылады. 

Мысалы қарастыратын болсақ, қазіргі уақытта «Мойынқұм аудандық әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде құжаттармен байланысты көптеген жұмыстар қолмен жүргізіледі, бұл жұмыстың сапасын төмендетеді және мәліметтердің өңделу қарқынын қысқартады. Осыған байланысты, құжат айналымының функциясын бақылайтын және реттеп отыратын автоматтандырылған жүйе жасау керек.

Сондықтан автоматтандырылған жүйені жобалау үшін келесі мәселелерді қарастырамыз:

-                     электронды түрде түсетін құжаттарды түзету және сақтау;

-                     электронды түрде түсетін құжаттарды көру және баспаға беру;

-                     мектептер туралы мәліметтерді сақтау (мектептің аты-жөні, нөмірі, мекен-жайы, телефоны, мектеп түрі және т.б);

-                     оқушылар туралы мәліметтерді сақтау (оқушының аты-жөні, туылған күні, жынысы, мекен-жайы, телефоны, ұлты, телефоны, отбасылық жағдайы, әлеуметтік жағдайы, денсаулық жағдайы және т.б);

-                     оқушылардың ата-анасы туралы мәліметтерді сақтау (ана-аналардың аты-жөндері, жұмыс орындары, қызметі және т.б);

-                     оқытушылар туралы мәліметтерді сақтау (оқытушының аты-жөні, қызметі, пәні, квалификациясы, категориясы және т.б);

-                     арнайы сұраныстар жүргізу.

Бағдарламалық қамсыздандыру өзінің жарты ғасырлық дамуында көптеген өзгерістерге түсті, жай логикалық және арифметикалық операцияларды орындайтын программадан өндірісті басқарудың қиын жүйесіне дейін.

Дегенмен, стандартты болжам көмегімен бірнеше кәсіпорындар бойынша есеп жүргізуді бір компьютерде бөлек ақпараттық базаларда орындауға мүмкіндік бар.

2010-08-26_170137

1- Сурет 1С:Бухгалтерия бағдарламасы.

 

Деректер базасының логикалық моделін жасау процессі ER-диаграмманың визуальді редакторында орындалады.

2-Сурет. Атрибуттар деңгейіндегі инфологиялық модель.

IB Expert – өңдеуге және InterBase және Firebird МҚБЖ-ларын басқаруға арналған интегрирленген (IDE) өңлеу ортасы болып табылады. Оның мүмкіндіктерінің сипаттамалары:

- InterBase-тің 4.х, 5.х, 6.х, 7.х версияларын қолдау; Firebird 1.х; Yaffil 1.х

- Бір уақытта бірнеше мәліметтер базасымен жұмыс істеу;

- Мәліметтер базасының барлық объектілеріне жеке редакторлар.

- Сұраныстар құратын SQL редактор және сұраныстарды фонды түрде    орындау

- Сақтау процедураларының және триггерлердің отладчигі

- метамәліметтерден іздеу

- мәліметтерді және метамәліметтерді толық және бөліктеп алу

- мәліметтер базасының объектілерінің байланысын талдаушы

- метамәліметтер бойынша есептер

- қолданушылар менеджері және қолданушылар қолжетімділік рұқсаттары

- мәліметтерді әртүрлі форматтарға экспорттау

 

Сурет 2.2. IBExpert бағдарламасында анықталған кестелер.

 

Мәліметтер базасын физикалық жүзеге асыру үшін МҚБЖ ретінде InterBase қолданылды. Мәліметтер базасын жобалау кезінде ErWin, IBExpert  аспаптық құралдары қолданылды.     

Орталықта автоматтандырылған компьютерлік жүйені қолданудың мынадай ұтымды жағы - негізгі технологиялық операцияларды (түрлі есептер мен анықтамалар үшін мәліметтерді іздеп, дайындауға дейін) орындаудағы уақыт шығындарын азайту.

Программалық өнімнің ұтымдылығы, пайдалылығы жоғарыда аталған қаситеттерінің болуына байланысты болады. Өйткені бұл программа пайдаланушының көмекші құралы болып, оның қызметіне сәйкес орындайтын функционалдық міндеттерін жедел орындауға көмектесуі қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Автоматизированные информационные технологии в экономике. И.И. Семенов, И.Т. Трубилин. Финансы и статистика. М., 2000 г.

2.Информационные системы: учеб пособие / под ред. В.Н. Волковой, Б.И.   Кузина. – 2-е изд., перераб и доп. – СПб.: Изд-во СПбГПУ, 2004. – 224 с.

3.Емельянова, Н.З. Основы проектирования автоматизированных информационных систем: учеб. пособие / Н.З. Емельянова, Т.Л.Партыка, И.И. Попов. – М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2005. – 416 с.

4.Компьютермен моделдеу. Мұртазина Ә. Ө.: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2003. 216 б