Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

М.А. Сулеймен – аға оқытушы

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

 

ХХ ғасырдың басында Парето мен Москаның авторлығында элитистiк теорияларға ғылыми және идеологиялық жағынан қарастырылатын сыни пiкiрлер қандай болса да, бұл теориялардың «саяси элита» ұғымы ретiнде назар аударылып жаңа зерттеулерге жол ашып және қазiргi заманғы саяси ғылымның дамуына үлес қосқаны белгiлi. Бұл зерттеулердiң нәтижесiнде, элиталық топтардың саяси өмiрде атқаратын рөлiнiң салмағы мен қамтитын шеңберi жайлы әртүрлi пiкiрлер пайда болды. Бiрақ, элитизм тезисiн түп тамырымен жоққа шығарушылармен бiрге, «бақылана алатын әлеуметтiк айғақ» ретiнде элита ұғымын қолға алу және зерттеу қажеттiлiгiн қолдаушылар пайда болуда.

Бұл саладағы еңбектердiң ең қызығушылық тудырған жағы, элита айғағының демократиямен байланыстыру жолындағы төгiлген тердi айтуға болады. Қазiргi заманғы саяси ғылымдардың бiрi, саяси билiктiң әр уақытта азшылық топ тарапынан басқарылатынын шындық десе және бұл шындықтың жағына классикалық демократия теориясын қайтадан қарастыру қажет деп тануда. Бұл көзқарасты жақтаушылардың ойынша, бiр қоғамда элитаның болуы және бұлардың саяси процесте белсендi рөл атқаруы, ол қоғамда мiндеттi түрде антидемократиялық бiр басқару жүйесi пайда болады дегенге келiспейдi. Бiрақ демократияның классикалық анықтамасында айтылғандай «халықтың, халық үшiн, халық тарапынан басқару» - деген сөзi бүгiндерi шындыққа жанаспайды. Дегенмен демократияда басқару шындығында да халықтың қолында немесе көпшiлiктiң қолында емес. Мұны практикалық жағынан алғанда әр уақыт теориямен сай келе бермейдi. Саяси шешiмдердiң халық тарапынан қабылданғаны, тiптi оны бұл шешiмдердiң қабылдануына қатысатындығын айту қиын. Демократиялық режимде халықтың рөлi, өздерiн басқаратын лидердi сайлау, саяси шешiмдер қабылдау және таңдау жасайтын азшылық қауымды өз дауыстарымен қызметке тағайындауда.

Демократиялық элитизмнiң бүгiнгi күнгi ең танымал өкiлi Гарольд Д. Лассуэлл билiк мәселесiн зерттеу кезiнде көбiне саяси элита ұғымына назар аударған. Саяси элита қоғамдағы «билiктi қолында ұстап отырғандар». Билiктiң әртүрлi дәрежелерi бар, оны қолына алғандар және шешiм қабылдауға қатысы барлар әрдайым кiшi топтың төңiрегiне жиналады. Бұл қоғам аз ғана элиталық топ тарапынан басқарылуымен қатар, әрине, демократиялық қоғам деп танылуда. Лассуэллдiң көзқарасы бойынша барлық мән осында, яғни саяси элитаның бұқара жұртшылық алдында әртүрлi жолдармен (сайлау, референдум, саяси ұйымдарды топтастыру, баспасөз еркiндiгi т.б.) жауапкершiлiк пен есеп беру сияқты мiндеттердi өз мойнына алуында. Демократиялық қоғамда ерекше көзге көрiнетiн осы болуы керек.

Демократиялық элита теориясының негiзгi ұқсас жақтарын былай қысқаша қорытындылауға болады:

а) басқарушы азшылық топ «ашық» сипатқа ие, басқаша айтқанда қоғамда билiкке қол жеткiзу принципi барлық азаматқа ашық;

ә) саяси элиталық топтар арасында жарыс пен бәсеке бар;

б) бұл топтардың бiрi халық тарапынан таңдалады және билiк басына келедi;

в) басқарушы элита өзiн таңдаған халық алдында жауапкершiлiкке ие, оған есеп беруi керек.

Бұл ерекшелiктер, негiзiнде барлығы да элита басқаруындағы демократия мен авторитарлық режимдердi бiр-бiрiнен ажыратуға болатынын көруге болады.

Қазiргi заман қоғамында элитаны зерттеген ғалымдардың бәрi де бiрдей пiкiрде болып, бiрдей нәтижеге қол жеткiзбейдi. Жоғарыда аты аталған көзқарастарға қарама-қарсы пiкiр оларға антитезис деп те атауға болады. Бұл көзқарастың авторы Америкалық социолог Ч.Райт Миллстi алып қарастыруға болады. Миллстiң «Билiктегi элита» атты еңбегiнде Американ қоғамында басқарушы азшылық топтың мәселесiн өзiне тән көзқараспен зерделеуде. Осылайша, Миллс әртүрлi элита тобының арасындағы бәсеке мен қарсыластық арқасында демократиялық тәртiптiң сақталатыны жайындағы пiкiрдi жоққа шығаруда. Оның ойынша бұл тақырыпта Америка қоғамының көзiмен әлi ештеңеден күдер үзбеу керек. Барлық ойлар бұл қоғамда билiкке қол жеткiзумен таласуға емес, керiсiнше билiкке қарай топтасу мен орталықтануға бет бұрғанын көрсетуде.

«Демократия жарлықпен орнатылмайды» - деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай саяси билікке қол жеткізу үшін қоғамдық ұйымдар немесе саяси күштер қандай жолмен топтасса да, барлық режимнің қалыптасуына міндетті түрде уақыт керек. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен халықтың саяси мәдениеті өзіне қажетті демократиялық үрдістерді өздері таңдап алары сөзсіз

Саясатқа бет бұрғанымызда «билiк қарым-қатынасы» жағынан болсын, «шешiм қабылдау» жағынан болсын оған ерекше мән бергенiмiзде осы екеуiнiң түйiсетiн жерi саяси партия екенi белгiлi. Қазiргi заман түсiнiгiнде саяси партияның саясат сахнасына шығуы ертерекке бара қоймайды. Сонымен қатар, бұл ұйымдар өте жылдам дами отырып барлық елдерде саяси өмiрдiң негiзгi элементi мен басты демократиялық күшiне айналған. Саяси жүйенiң ерекшелiгi мен сипаты қандай болмасын демократиялық, автократиялық немесе тоталитарлық, қазiргi заман қоғамының бәрiнде партиялар бiрiншi дәрежеде ерекше рөл ойнауда. Бүгiндерi «партиясыз» режимдер тек дәстүрлi (саяси модернизациядан тыс қалған) қоғамдардан көруге болады. Бұл жағынан саяси партиялар әртүрлi құндылықтардан бұрын, заманауи мемлекеттiң қалыптасуындағы бастапқы факторы ретiнде қабылдануда.

Шындығында қандай да бiр саяси жүйенiң функциясы тек қана конституцияға сүйенген институттарға қарап түсiнудiң мағынасы қалмады. Бiр елдегi режимнiң шын мәнiндегi сипатын белгiлеу үшiн, конституциялық ерекшелiк пен қалыптардан тыс, елдегi саяси негiздерiн және iшкi құрылымын бiлу керек.

Жалпы тақырыбымызға арқау болған саяси партиялардың атқаратын функциясы жергілікті өзін-өзі басқару орындарынан жолға шығады. Еліміздегі саяси партиялар бірден жоғары дәрежедегі мемлекеттік қызметте жұмыс істеуді мақсат етеді. Бірақ саяси партияның өміршеңдігін жергілікті басқару деңгейдегі халық белгілейді. Алдымен халықтың ықыласы мен қолдауына ие болу керек. Олай болса, жергілікті бұқара көпшіліктің сенімін жаулап алу басты мақсатқа айналуы қажет.

Сонымен демократиядағы саяси белсендiлiк туралы айта келе оны қорытындылайтын болсақ, демократия теориялық мәнде «халықтық» толық мәнде тәуелсiз және ақылмен қоғам басқаруына өзiнiң үлесiн қосып қана қоймай оған тiкелей араласу. Бiрақ бұл жағдайда араласу шынында да мүмкiн бе деген сұрақ ерiксiз оралады. Негiзiнде электорат немесе қалың бұқара көбiнесе билiктiң шешiм қабылдауына тiкелей араласа алмайды. Бiрақ электорат немесе бұқара халық жоғарыда атап өткендей қабылданған саяси шешiмге әртүрлi жолдармен қарсылық таныта алады. Сондықтан да, халықтың рөлi тек өзiн басқаратын билiк кадрын сайлаумен шекетелдi деген көзқарасқа қосылу мүмкiн емес. Көпшiлiк демократиясында саяси белсендiлiк бiр жағынан шектеулi болғанымен бұған қарамастан басқа саяси жүйелерден әлдеқайда еркiндеу.

Заманымызда демократиялық жүйелер сияқты тоталитарлық жүйелерде де кең өлшемде халыққа арқа сүйеу механизмi көрiнiс табуда. Халықпен араласу екi басқару жүйесiнде де негiзгi элемент болып табылады. Осы жағынан, халықтың саяси өмiрге араласуы мен бүгiнгi тоталитарлық жүйелерде кездесуге болады. Сондай-ақ бұл құбылыстар өте кең таралған.

Демократиялық жүйелерде саяси белсендiлiк пен тоталитарлық жүйелерде белсендiлiк арасында айырмашылықтың барлығына күмән келтiруге болмайды. Бәрiнен бұрын, екеуiнiң арасында негiзi жағынан және әдiс-тәсiл ерекшелiгi бар. Демократияда белсендiлiк жеке адам немесе түрлi әлеуметтiк топтардың саяси тепе-теңдiкке қатысу шеңберiнде өзiн көрсетумен қатар, тоталитарлық жүйелерде белсендiлiк әлеуметтiк деңгейде бұқараның «қатысуымен» көрiнiс табады. Басқарушылар тарапынан «күткен» әрi дайындалған бұқара халықтың белсендiлiгiнiң басты мақсаты, идеологияны бойына сiңiру және идеологияны қолдау. Жүйе,  «ресми» идеологияның бұқараға мойындату және олардың тарапынан қолдау табуы арқылы жаңа қоғам мен оның тәртiбiн орнатудағы басты мақсатына жету.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Сарсенбаева Ж. Қазақстан Республикасындағы басқару саласын демократияландыру мәселелері // Саясат – 2006 - №12 – Б.32-35

2. Мұса С. Республикамыздағы жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігі // Егемен Қазақстан – 2007 - №218 – Б.2

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша әдістемелік материал – Тараз, 2009

4. Назарбаев Н.Ә. Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға – Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауы

5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан – Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауы