Саяси және қоғам
қайраткері – Тұрар
Рысқұлов
Көбесова
А.С., Сейдан З.С.
М.Х.
Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
Тараз
қаласы
Туылған тар заманда Тұрар едім,
Елім деп еңіреген ұлан едім.
Қолымда
құдіретті билік болса,
Тарихты тура жолға
бұрар едім.
Тұрар Рысқұлов
адам ретінде қоғам және саяси қайраткер ретінде қазақ халқының
ұлы перзенті.Ол қазақ халқының болашағы
жарқын аспаны ашық болуы үшін күресіп тәуелсіздік пен бейбіт өмірді
аңсап кетті.
Биыл көрнекті мемлекет және
қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың
туғанына 120 жыл. Мемлекет қайраткері қазақ
жерінің экономикалық дамуына бар ерік-жігерін жұмсаған.
Оны саяси жолмен, Түркістан компартиясының ішінде Ислам бюросын
құрып, қолдап отырды.
Ордалы
Қоңыратбаевтың пікірі бойынша Рысқұлов
құрған мұсылман бюросының саяси маңызы – ол
мұсылмандардың құрған жеке саяси партиясы ретінде
болды. Сондай деңгейге дейін көтерген. Ол
Түркістандағы мұсылмандардың өмірлік
мұраттарын қорғайтын ұйым болды. Түркі елін
түгел болуға үндеген қайраткердің Орта Азия
мемлекеттері мен Әзірбайжанның мемлекет ретінде
құрылуына зор ықпалы болған. Тұрар
Рысқұлов ел басқара жүріп, бар ойын
қағазға түсірген . Қандай да бір мәселеге
қатысты пікірін ашық айтып, баспасөз беттерінде жариялап
отырған.
Рухы мықты қайсар да
өткір жас Тұрар 1894 жылы
14 (26) желтоқсанда Жетісу
облысы Верный уезінің Шығыс Талғар болысында дүниеге
келген. Оның әкесі қайсар да турашыл Рысқұл
Жылқыайдарұлы 1905 жылы облыс әскери губернаторының
досы, әрі Шығыс Талғар болысының билеушісі Саймасай
Үшкемпіровты халыққа және тікелей өз басына
жасаған қиянаты үшін атып өлтірген және сол айыбы
үшін 1906 жылы 10 жылдық мерзімге алыстағы Сахалин аралына
жер аударуға кесілген. Әкесі тергеуде болған бірнеше ай бойы
11 жастағы бала Тұрар түрмеде болып, оның
ауласындағы әртүрлі жұмыстарды атқарған,
түрме бастығының атқосшысы болған.Сөйтіп
жүріп хат таныған, орыс тілін біршама меңгерген. Тұрар
шешеден де, әкеден де ерте айырылып жетімдіктің ащы дәмін
ерте татқан. Бұл жәйт ұлы жазушы Мұхтар
Әуезовтың шығармасы бойынша түсірілген
«Қараш-Қараш» фильмінен белгілі.[1]
Тұрардың
өмірінде оны туған жерінен басқа жақа алып кеткен
немере ағасы үлкен рөль атқарады. 1907-1910 жылдар аралығында бала Тұрар
Әулие-ата уезіндегі Меркі селосында орыс-қазақ мектебін
аяқтап, Пішкек ауылшаруашылық мектебінде 1910-1914 жылдар
аралығында бағбан мамандығын алып шықты.Тұрар
Рысқұловтың мемлекеттік қызметі оның
өмірінің аз зерттелген қызғылықты
беттерінің бірі болып табылады.[2]
1918 жылы күзде
Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының Денсаулық
сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Аштықпен
күресе отырып, халық арасында кең тараған
жұқпалы ауруларды жою ісін ұйымдастыру, 1916 жылғы
Әулие ата уезінде ұлт-азаттық көтеріліске
қатысып, Қытайға ауып кеткен жерінен қайта
оралған босқын қазақтарға азық-түлік
көмегін көрсетуге күш салады. Т.Рысқұлов
Түркістан АКСР аштықпен күресу жөніндегі Төтенше
Орталық Комиссиясының қызметінде жүріп орасан
жұмыстар жүргізді.
1924 жылы 23-31 мамыр аралығында өткен РКП
(б) ХІІІ съезіне қатысады.Осы жылдың жаз айында Коминтерннің Монғолиядағы
уәкілі болып жұмыс істейді.Тұрар Рысқұлов
Монғол Халық Республикасында Коммунистік интернационалдың
уәкілі ретінде тоғыз ай қызмет атқарды.
Монғолияда жұмыс атқарған кезіндегі іс-әрекеттеріне
байланысты құжаттар Монғол халық революциялық
партиясы (1925 жылға дейін Монғол Халық партиясы)
Орталық архивінде сақтаулы. Бұл құжаттардың
ішінде Т.Рысқұловтың
Монғол Халық партиясы Орталық Комитетінің
Басқарма жиналысы мен Пленумында сөйлеген сөздері, әр
түрлі комиссиялар қатысып жасаған ұсыныстары,
оның қатысуымен жасалған партия мен үкіметтің
маңызды құжаттарының жобасы, соның ішінде
Монғол Халық Республикасының тұңғыш
Конституциясы, партияның бағдарламасы мен жарғысының
жобалары, партия мен үкіметтің сыртқы саясатын жүзеге
асыруда Т.Рысқұловтың міндетіне байланысты материалдар,
Коминтерннің Атқару комитетіне жазған оннан астам баяндамасы,
өзінің Монғолиядан қайтуына байланысты жазған
түсінік хаты сияқты көптеген құжаттардың
түп нұсқасы сақталған және сол
конституцияның жобасын жасауға белсене қатысып, оған
елдің саяси өмірін демократияландыруға байланысты бірсыпыра
маңызды ұсыныстар еңгізген. [3]
Т.Рысқұловтың пікірі бойынша
МХП-ның жаңа бағдарламасы мен Жарғысына партияның
демократиялық негіздерін нығайтуға байланысты біраз
тұжырымдар енгізіп отырды.1925
жылы шілде айында Т.Рысқұлов Мәскеуге қайта оралды.
Коминтерннің уәкілі ретінде Монғолияда тоғыз ай істеген
Тұрар неліктен тез оралды?. Себебі басқарма мүшесі Э.Ринчино
мен Коминтерн уәкілі Т.Рысқұловтың арасында
болған пікір таластары шектен шығып, Орталық комитеттің
іс әрекетіне бөгет бола бастағандығы және бұл мәселе үлкен
дау дамайға ұласпай құпия қаулы қабылданды.
Дегенмен Э.Ринчиноның билеп төстеу әдісіне тыйым
салғандықтан кетуге мәжбүр болды. [4]
Дархан
Қыдырәлінің пікірі бойынша
Монғолиядан келген архив мамандары, үлкен басшылар
қазір Монғолияның ата заңының авторларының
бірі ретінде Тұрар Рысқұловты атауда. Сондықтан,
Рысқұловтану тәуелсіздігімізбен бірге жаңа белеске
көтерілді. Және Рысқұловтың идеяларының
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларымен
сабақтас жатуы біздің түркі академиясының алдына
үлкен міндеттер жүктейді. Монғолиядан қайтып оралған соң
Т.Рысқұлов ауылдағы
әлеуметтік-экономикалық процесстер туралы пікірсайысына
белсене қосылады. Ол оппоненттерінің дәлелдерін,
олардың күшті және әлсіз жақтарын,
ережелердің даулы немесе жаңсақтығын ескерудің
тамаша үлгісін көрсетті.Сонымен бірге құбылыстардың мәніне терең
бойлайтындығын, дәл баға беретінін, нақты материалды білетіндігін
танытады.
Академик М. Қ.
Қозыбаев өзінің зерттеулерінде Т.Рысқұловты
былайша атап көрсетеді: «20-жылдары сезімтал қазақ зиялыларын
ойландырып, іштей наразылығын тудырған мәселенің бірі-Орталықтың
Қазақстанның жергілікті ерекшеліктерімен және ұлттық
мүддесімен көп жағдайда санаса бермеу саясаты еді. Батылы
жетіп, өз қара басының қамын ойламаған
Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов сияқты
қайраткерлер оған барынша қарсы тұруға тырысты,
дегенмен осы уақытқа дейін ұлтшылдық аясында
қарап келген концепция жалған екендігі, оның тек советтік
Шығыс емес, әлемдік ұлт қозғалысының көсемдерінің бірі екендігі
сөзсіз. [5]
Т.Рысқұловтың
әлем тарихындағы тұғыры биік, жұлдызы
жарық, ол Сүн-Ят-Сен (Қытай), Д.Неру (Үндістан),
Мұстафа Кемал-паша (Ататүрік) қатарындағы қайраткер
екендігі күман тудырмайды. «Рысқұлов Советтік
Шығыстың көсемі ғана емес, дүние жүзілік
ұлттық қозғалыс көсемдерінің
бірі».Көптеген материалдары жарық көрген. Соның
барлығы қазақтың
мәселесі, қазақтың экономикасы,
қазақ елінің дамуы, территориясының бүтіндігі,
елдің тұтастығы, бірлігі мәселелері Тұрар
Рысқұловтың публицистикасында сайрап жатыр. [6]
Қырықтан енді
асқанда қыршын кеткен қазақтың тау
тұлғалы - Тұрарына Қызыл империяның қатты
өшіккені сонша, Тұрар Рысқұловты ату туралы бұйрыққа
Сталиннің өзі қол қойыпты. “Халық жауы” деп
айыпталған арыс 1938-ші жылдың 10-шы ақпанында атылды. Ал
жұбайы АЛЖИР-де 18 жыл айдауда болды, ұлы Ескендір түрмеде
көз жұмды. Тұрар Рысқұлов азап пен
қиыншылыққа толы күрделі, бірақ сонымен бірге
жарқын да өмір сүрді. Оның самғау шақтары
мен қанатынан қайырылған кездері көп болды, бірақ
ол әрдайым өз қалпынан айнымай, сонау жастық
шағынан алға қойған өз халқына қызмет
етсем деген мақсатына адал болды.
«Қазақстанның
тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаматтық үшін
алысқан мың-мыңдаған азаматтардың
қанының өтеуі. Бұл бүкіл ел тарихында
өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың
пейілінің қайтарымы» деп жазды Ұлт көшбасшысы,
тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1.Қоңыратбаев
О. Т.Рысқұлов: Қоғамдық-саяси және
мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі.
Қазақстан,1994 ж.
2.Омарбеков Т. 20-30
жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу
құралы.-Алматы:Санат,1997 ж.
3.Кошанов А., Сабден О.,
Догалов А. Турар Рыскулов:государственная деятельность и экономические
воззрения.-Алматы: Институт экономики МОНРК, Издательство «Арыс» 2008 ж.
4.Қ. Қасенов.,
Ә. Төреханов. Қызыл қырғын 37-де опат
болғандар, Алматы: «Қазақстан» 1994 ж.
5. Қазақ
қалай аштыққа ұшырады: Алматы, «Қазақ
университеті» 1991 ж .
6. Әбілтайұлы
М., Әбілдаев Н.Т.Рысқұлов Монғолияда. Алматы:
«Қазақстан» 1994 ж .