Үсенова С.М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Таубаева Ж.Ж.

№5 Жамбыл атындағы орта мектебі,  Тараз қаласы, Қазақстан

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖЕТЕКШІ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

Педагогика ғылымының даму және қалыптасу тарихына көз салсақ казақ педагогикасында гуманистік сипатта білім және тәрбие беру мәселелері ерте уақыттан бастап-ақ зерттеу нысанасына айналғанын байқаймыз. Жас ұрпақтың тәлім-тәрбие жүйесіндегі ізгіліктік тәрбие мәселесі оқу-тәрбие мазмұнын гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылатындығы елімізде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ ағартушыларының еңбектерінде атап көрсетілген болатын. Онда адамгершілік тәрбиесінің ізгіліктік компоненттерінің жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру потенциалының жоғары екендігін және қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген педагог-ғалымдардың оқу-тәрбие процесін гуманитарландыруда адамгершілік тәрбиесінін. теориялық базасын күшейтумен айналысып жатқандығына ерекше назар аударылған еді. Бұл зерттеулерде болашақ педагог мамандардың құндылық бағдарды қалыптастыруда еліміздегі құндылық бағдарды қалыптастыру теориясы мен мазмұнының дамуына жан-жақты талдау жасамай нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі төмен деп саналғаны айқындалды. Осы тұрғыда құндылық бағдарды  қалыптастыру адамгершілік тәрбиесінің нәтижелі көрсеткіші ретінде қабылдануы тиістігі, тек адамгершілік тәрбиесінің теориялық және эмпирикалық мазмұнын талдау, қорытындылау арқылы құндылық бағдардың құрылымдық мазмұнын айқындау мүмкін болады деп саналады. Осы ұстаным негізінде жеке адамның құндылық бағдарды қалыптастыруды ұйымдастыру мазмұны мен әдістемесін дайындау міндеті анықталып, аталған міндетті жүзеге асыру үшін қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбиелік жүйесіне тарихи-педагогикалық зерттеу ұйымдастырып, олардың жас ұрпақтың құндылық бағдарын қалыптастыруда алатын

Осыған байланысты, тәрбиеленуші мен сыртқы әлем арасындағы шынайы қарым-қатынастар жүйесінен педагогикалық зандылықтар сипатына ие болатын объективті себеп-салдарларын айкындап, атап өтуге тиістіміз деп санаймыз. Бұл орайда жалпы педагогикалық процестегі тәрбие қызметі мен даму заңцьшықтары арасынан бастысын жеке атап көрсету қажет, ол - жеке тұлға дамуына бағытталған бағдар. Жеке тұлғаның жалпы мәдени, әлеуметтік-адамгершілІк және кәсіби дамуы неғұрлым өзара үйлесімді болса, адам мәдени-гуманистік қызметін жүзеге асыру барысында соғұрлым еркін және шығармашыл болмақ. Бұл зандылықтан білімнің құндылық метақағидалары жүйесіндегі жетекші қағида - жеке тұлғаның үздіксіз жалпы және кәсіби дамуы қағидасы келіп туындайды. Оның жетекші болу себебі, басқа қағидалардың негізінде де осы заңдылық жатады және олар осы жетекші қағиданың жүзеге асырылуының ішкі және сыртқы жағдайларын жасай келе, оғаы бағынышты болады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, білім беруді жеке тұлғаның үйлесімді дамуының басты шарты болып қарастырылады. Тәрбие болу үшін, Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, ол "дамудың жакын аймағына" бағытталу керек. Бұл бағыт кез-келген жас кезеңінде жеке тұлғаның дамуы үшін міндетгі түрде жан-жақты емес, бірақ міндеггі түрде объективті қажетті қасиеттермен қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын қоюды талап етсді. Бүгінгі таңда адамға тек негізгі кәсіби білім беріп қана коймай, жалпы адамзат мәдениетін игертуге, осының негізінде, жағымды субъективті (жеке тұлға қажеттіліктері) және білім берудің материалдық базасы мен кадрлар мүмкіншілігімен байланысты объективті жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаның барлық жағынан дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Яғни, жағымды субъективті қасиеттері – құндылық бағдардың рухани заңдылықтарын қажетсінуі, оларды пайдалы әрекеттерде колдану және соның нәтижесінде гуманды әрекеттерді таңдау мүмкіндіктері дамиды. Таңдау мсн талғам әрекеттері даралық қасиеттерге ие болғандықтан оларда құндылық бағдардың "тұлғалық -даралық" сапалары қалыптасады.

Олай болса, осы арада - құндылық бағдарды әр уақытта гуманитарландырудың қажетті шарты болмайтындығын есте сақтау қажет. Құндылық бағдарды гуманитарландырудың қажетті құрастырушысы болуы үшін ең кем дегенде оның адам бойында ізгі ниет пен ізгіліктік қасиеттерді қалыптас-тыруы міндетті болып саналады және жоғары мәдениет түрінде іске асырылуы қажет. Егер біз оқу-тәрбие процесін гуманитарландырсақ, аксиологиялық тұрғыдан алып қарасак, оның мазмұнын әлеуметтік құндылық кешені ретінде "адамдардың мәндік күштерінің еркін дамуы және өмірлік ұмтылыстардың шығармашылық сипатта жүзеге асырылуы үшін жағдай туғызуды талап ететін әрекет жүйесі деп санауға болады (саяси, экономикалық, психологиялық, педагогикалық және т.б.) деп тұжырымдай аламыз.

Түрлі тәрбие жүйелері арқылы қазақ этнопедагогикасындағы ізгілікті ойларға негізделген қазіргі уақытта оқу мекемелерінің тәрбиелік потенциалдарын күшейту, қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық, рухани құндылықтар туралы білімдік мазмұнын анықтау, халық педагогикасының рухани-ізгіліктік құндылықтарын тұтас қабылдау; адам бойындағы ізгі қасиеттерді құрметтеу және дұрыс бағалай білу; ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтармен үйлесімділігін сақтау, ұлттық мәдениет пен гуманистік тәрбиенің үйлесімділігін қамтамасыз ету басты міндеттері болып табылады.

 

Әдебиет:

 

1.       Жарықбаев Қ. Қазақстандағы психологиялық-педагогикалық ғылымның даму тарихы. А., 1986

2.       Жарықбаев Қ. Психология. А., 1986 ж.

3.       Жұмабаев М. Педагогика. А., 1992 ж.

4.       Загвязинский В.И. Учитель как исследователь. М., 1980 г.

5.       Зязин Б.П. Профессиональное самовоспитание педагога.

6.       Кирякова А.В. Ориентация школьников на социально-значимые ценности. С.-П., 1991 г.