«ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» ЖУРНАЛЫНДА Ы.АЛТЫНСАРИН
МҰРАСЫНЫҢ НАСИХАТТАЛУЫ ЖАЙЫ
Бупетаева С.Ж.
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, Тараз қ.
Бұдан
бір ғасыр бұрын халықты, әрбір адамның
жарқын болашағын өнер-біліммен тығыз байланыста
қарастырған Ыбырай Алтынсариннің педагогиқалық
мұрасында білім мен ізгіліктің негізін қалайтын ұстаз
тұлғасы туралы өзінің өзеқтілігін
жоғалтпайтын, қайта қүн өткен сайын
жарқырай түсетін идеялар мол және берері көп.
Ы. Алтынсарин -
қазақтын, аса көрнекті ағартушысы, өз
заманының ақыл-ойшысы, іpi қоғам қайраткері. Біз
оның бейнесінен қазақ халқыньң
мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт
болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын
көксеген ағартушыны көреміз.
Осындай келелі
мәселелерді насихаттап жүрген педагогикалық
басылымдардың бірі «Қазақстан мектебі» журналы.
Р.Мұсаевтың
«Ы.Алтынсаринның ұстаз тұлғасы туралы идеяларының
маңызы» туралы мақаласында /1/ туған еліне
қалтқысыз берілген, оның болашағы үшін жаны
ауырған біртуар азамат Ыбырай Алтынсарин бір
өзі бірнеше әлеуметтік топтар орындайтын ауқымды
жұмыстарды өте қиын жағдайда іске асырғанын,
мектеп ашу үшін ақша табу, қолайлы үй-жай
қарастыру, оларды қажетті құрал-жабдықтармен
қамтамасыз ету, ақыр аяғында балаларын оқуға жіберу
үшін ата-анасын көндіру сияқты жұмыстарды
ұйымдастыру, шаруашылық мәселелерімен тікелей
айналысқандығын, еңбекқорлығы,
ізденімпаздығы, халқына шексіз сүйіспеншілігі оған
әр уақытта демеу болғандығының арқасында
қажымай-талмай оқу бағдарламаларын дайындағанын
және солардың мағынасын бала санасына
құюдың, жеткізудің жолдарын іздегендігін, бұл
ізденістері оқу-әдістемелік құралдарда, сынып
жұмыстарын сараптауда, әртүрлі бағыттағы
нұсқауларында көрініс беретіндігін насихаттаған.
Жаһандану мен ұлттық бірегейлену
заманында білім алу және білім беру үрдісі
қоғамдық. прогрестің маңызды өлшемі.
Бұл үрдістің негізгі субъектісі - ұстаз бен
шәкірті. Осы екі маңызды әрекет өзара
қарым-қатынасының тереңдігінен, жарастылығынан,
тұрақтылығынан, даму қарқынынан білімнің
жасампаз қасиеттері мен белгілері туындайды. Бұл білімді жасайтын,
тудыратын екі субъектінің өзара сұхбаты. Осы сұхбат
нәтижесінде тың адами дағдылар мен қызығу
жүйелері қалыптасады. Бір қызығу жүйесі екінші
бір жүйелерді тудырады, сөйтіп білім беру, алу үрдісі
жалғаса береді. Өйткені білімі көбейген сайын адам бір
биіктіктен екінші бір биіктікке ұмтыла береді. Бар мәселе осындай
іс-әрекетті бастау, оған бұлақтың көзін
ашқандай жан бітіру, жан бітірілген, көзі ашылған
бұлақ дарияға айналатыны сияқты дамып, ныгайып,
жетіліп. адам баласын бұрын-соңды болмаған жаңа
асуларға, биіктерге жетелейді.
Ы.Алтынсарин осы ақиқатты жақсы
түсінген.
Автор
мақаласында ЬІ.Алтынсарин оқытушының тек өзі
оқытатын пәнді жақсы білуінің аздық ететінін
ескерткен. Яғни ол ұстаздың жан-жақты білімді,
интеллектуалдық өрісі кең, жаңа нәрселсрді
қабылдауға икемді болғанын қадағалаған.
Оқушыларға арналған оқу-әдістемелік
құралдардан басқа оқытушыларға олардың
оқып-біліп, өнеге алуы міндетті кітаптардың атын атап
отырған. Олардың арасында Бобровскийдің
"Педагогика", Коменскийдің "Ұлы дидактикасы",
Реклюдің "Жер, құрлық және мұхит"
сияқты кітаптары бар.
Әрине,
Ыбырай заманынан бері психология, педагогика, жаратылыстану ғылымдары
дамып ілгері кетті. Бірақ ол назар аударған Я.А.Коменскийдің
"Ұлы дидактикасы" әлі де маңызды.
Бала
мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас жақсы
нәтиже беруі үшін олардың арасында шынайы әріптестік
қатынас орнауы тиіс. Яғни ұстаз бала табиғатын,
оның психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты біліп, онымен тіл
табысуға ұмтылуға міндетті екенін ескере отырып, Ы.Алтынсарин
қаламынан туындаған хрестоматияға үңілсек,
ғалым балалардың назарын аударған бірнеше маңызды
этикалық ұстанымдарға тап боламыз.
Біріншіден, ғалым-педагог балаларды
еңбексүйгіштікке баулуды ұсынады. Ы.Алтынсарин
хрестоматиясында еңбекпен келген игіліктің баянды болатынын
көрсететін мысалдар молынан қездеседі.
Атымтай жомарт бай болса да отын жарып, су тасудан
ешбір қашпаған көрінеді. Мұның себебін
сұрағандарға мынадай уәж келтіріпті: Әуелгісі,
әдемі am, асыл киім, асқан дәулетті өнe бойы әдет
етсең, қөңілге жел кіргізеді, сол желіккен
қөңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан
жиреніп, көз салмай. кемшілікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екіншіден,
бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның
кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін.
Үшіншіден, күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі
пұлға сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды,
еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі,
сіңімділігі болады екен. Тәртіншісі: құдай тағаламның
берген дәулетін өзімсініп тиісті орындарына жаратпай,
көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, берген
иесіне күнәһар болармын дen қорқамын"деген
екен. Miнe, тәрбиелік мәні өтe жоғары,
берері көп, қарапайым мысал.
Екіншіден, шын мәніндегі адам бақыты таза еңбекте.
Өзінің жеке таза еңбегімен күнелтудемін деп айта алатын
алам еркін және бақытты.
Үшіншіден, ұстаз бала болмысына оны сыйлау,
құрметтеу сезімімен қарауы тиіс, өйткені туысынан
ақылсыз бала жоқ.
Төртіншіден, балаға үлкен мейірбандықпен
қарап, оқу материалдарын түсінікті әрі жеткілікті
жеткізіп, оған сенім арту арқылы жақсы адамгершілік
қасиеттерін дарытуға болады.
Бесіншіден, патриотизм мен гуманизм - жоғары
адамгершілікті адамның маңызды белгілері. Оны әр
уақытта іс жүзінде көрсетуге тырысу қажет.
Осындай
негізгі ұстанымдар тұрғысынан Ы.Алтынсарин ұстаз
тұлғасын бағалаған.
Адамгершілік-этикалық
құндылықтар - ғылым мен білімнің негізі.
Мұны кез-келген ұстаз әр уақытта білуі керектігін тілге
тиек етеді.
Ғ.Бижанова, А.Тәуекелованың «Ыбырай мұраларын
дамыта оқыту» атты мақаласында /2/ Ы.Алтынсарин
атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институтында "Ыбырай Алтынсарин - қазақ
халқынын ұлы ағартушысы" деген студенттердің
іс-тәжірибелері мектептерде қолданылатын пәнаралық
деңгейлік тапсырмалар арқылы өткізілетін дамыта оқыту
ісі екенін насихаттайды. Ол мына төмендегідей құрылымда
болады:
— Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен
шығармашылығына шолу;
— Ы.Алтынсариннің шығармаларын талдау;
— Ы.Алтынсариннің әңгімелерінен драмалық
үзінді көрсету.
Сабақты
осындай құрылымда өткізу үшін студенттер
оқушылармен мына деңгейдегі тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Бірінші
денгейдің тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол
мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне
сәйкес болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай
жұмыс жүргізе алады. Бірінші дңгейде оқущыларға
Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына
арналған сұрақтарынан тұратын тапсырма беріледі.
Бұл сұрақтар көп ойлануды талап етпейді. Сондықтан оқушылар жедел
түрде тапсырманы орындай алады.
Екінші денгейдің
кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі.
Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді.
Оқушы бойына ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды.
Оқушылар алгоритмдік сатыға көтерілгенде
ағартушының шығармалаларын талдауға көшеді.
Үшінші
деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген
мотивтерінің айқын көрінуі мен қисынды ойлау
дәрежесінің жоғары болуымсн. Өз жеке басының
белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімсн, білімді жаңа
жағдайға пайдаланумен сипатталады. Оқушы талдау,
жинақтау, салыстыру сияқты танымдық әдістермен
жұмыстар жүргізеді.
Төртінші
деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты
оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға
сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр
ойлы оқушылар ғана көтеріле алады. Тіл сабақтарында,
негізінен, бұл сатыда оқушылар өз бетімен
Ы.Алтынсариннің көркем шығарма кейіпкерлеріне хат,
шығарма жазатындығын тілге тиек ете отырып, сабақ жоспарын
ұсынады:
Қазақ халқының ұлы
ағартушысы - Ы.Алтынсарин
Мақсаты: Оқушылардың қазақ
халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің
шығармашылығын, оқу-білім, тәрбие және
әдебиет саласындағы қызметі мен халқына жасаған
өмірлік еңбегі жайлы оқыту. Сабақта
оқушының түсініп тындауын, ойлай білу қабілетін,
сөйлеу тілін жетілдіре дамыту.
Сабақта көңіл бөлінетін
мәселелер мыналар:
1. Ыбырайдың туып
өскен ортасы, алған білімі.
2. Білімге
құштарлығы, ағартушылық ынтасының пайда
болуы.
3. Ұстаздық
ағартушылық жолындағы еңбектері.
"Қырғыз хрестоматиясы." Мектептер ашу.
Мұғалімдік, мектеп жұмысына басшылық.
4. Шығармашылығы.
Аудармашы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін
салушы.
5. Ыбырайдың көркем
әдебиет тілінің тазалығы, ана тілін таза үйреніп
дамытуы үшін қүресуі.
6. Қазіргі көркем
әдебиеттегі орны, ізбасарлары.
7. Халық кемеңгер
ұлын мәңгі есте сақтайды.
Сабақтың барысы.
1. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсариннің
өмірі мен қызметінің негізгі қезеңдері.
1. 1841-1850 ж.ж. - балалық
шағы.
2. 1850-1857 ж.ж. - Орынбор
шекара комиссиясы қазақ балалары үшін ашылған мектепте
білім алып, үздік бітіруі.
3. 1857-1859 ж.ж. - Еңбек
жолының басы, тілмаш, аудармашылық қызметі.
4. 1860-1863 ж.ж. - Торғай
қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп
ашуға рұқсат алуы. Дайындық жұмыстарының
жүруі: қаржы жинау, көмекші оқушыларды дайындау, мектеп
іргетасын көтеруі.
5. 1864 ж. 8 қаңтар -
Торғай мектебінің ашылу салтанаты. Ыбырайдың оқыту
әдістемесінің тәжірибелі сынақтан сүрінбей
өтуі.
6. 1864-1879 ж.ж. - Ғылыми,
қоғамдық көзқарасының кемелденіп
қалыптасу қезеңі. Этнографиялық,
қоғамдық оқу-әдістемелік еңбектерінің
жарық көруі.
7. 1879-1889 ж.ж. Ыбырайдың
зайырлы білім беру ойларының жүзеге асуы.
Ыбырай -
тұңғыш ағартушы, қазақ жазба
әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің
тазалығы үшін күресуші, балаларға таза aнa тілін
үйрету арқылы халықтың бай тілі мен өнерін
меңгеріп, өнер-білімге бастаушы.
Жүз жыл
бұрын дәл осылай дана адам,
Ұлы мұра
қалдырдым деп кеткен бе?
Тұңгыш peт
мектеп ашып даладан,
Жалт
қаратқан жалпақ елді мектепке.
Алтынсарин
тәліміндегі құндылықтар - талаптылық,
еңбексүйгіштік,
ұқыптылық,
ұжымшылдық, байқағыштық, зеректік, тұлғалық
қасиеттері қалыптасқан өнегелі жеке тұлға»
-деп өз ойын аяқтайды.
Ойымызды
қорытындылай келе, әлемдік білім қеңістігінің
белсенді мүшелерінің бірі болып отырған қазіргі
Қазақстандағы білім беру ісінің жандануына, дамуына
Ыбырай Алтынсарин мұрасының берері мол демекпіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Р.Мұсаев.
Ы.Алтынсаринның ұстаз тұлғасы туралы идеяларының
маңызы //Қазақстан
Мектебі.-2009.-№3. - 42-46 б.
2.
Ғ.Бижанова, А.Тәуекелова.
Ыбырай мұраларын дамыта оқыту //Қазақстан Мектебі.-2006.-№5.- 52-56 б.
3.
Ы.Алтынсарин. Өлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер. Алматы.
Жазушы, 1998.6 .12.53.60.155-66.
4.
Ә.Сыздықов. Ы.Алтынсаринның педагогикалық ағартушы қызметі.
Алматы. "Мектеп", 1 134, 150,
154-66.