Бейсенбекова Г.Б. п.ғ.к., доцент

Мұстафина А. магистрант

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Қазақстан.

 

Педагог-психологтардың біліктілігін арттыру арқылы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

 

Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады. Педагог-психолог мамандығының басты міндеті – әлемнің гуманитарлық бағыттағы кәсіби келбетін қалыптастыру болып саналады. Ол жалпы адамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы, өзінің өмірлік және кәсіби мағынасын тауып, жүзеге асыруға және оны өзгелердің жасауына көмектесетін педагог-психологтардың алғышарттарын болжайды.

Сонымен, елбасы  Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударды. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру мен қатар ғылым саласын дамыту үшін кәсіби мамандарды даярлауды міндет етіп қойды[1]. Осы міндетті жүзеге асыру үшін бүгінгі білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер  біліктілікті  арттыру  мен  педагог-психологтың  кәсіби  шеберлігін  арттыруды,  яғни  кәсіби  құзыреттілігін  дамыту  қажеттілігін  туғызды.

Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне де ене бастады.

Құзыреттілік теориясы Г.В.Вайлер, Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед, Н.В.Матяш, В.В. Сериков, Дж.Равен, Р.Уайт, В.Чинапах және т.б. еңбектерінде негізделген. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылса, кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін Ш.Х.Құрманалина, Б.Т.Кенжебеков  Г.Ж.Меңлібекова  Б.Қасқатаева, М.В.Семёнова  және т.б. зерттеген болатын.

Құзіреттілік - жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрініс табады.

Сондай-ақ ғылымда құзыреттілік туралы анықтамалар әр қилы, соның ішінде құзыреттіліктің негізгі сипаттамасын – маманда кәсіби іс-әрекетті атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай кешенінің қалыптасқан деңгейі деп көрсетеді. Оның белгілері:

      - тұлғааралық  және еңбектегі байланыс мәдениеті;

      - қызметтің     экономикалық,      әлеуметтік,     құқықтық,     адамгершілік,     психологиялық  аспектілерін меңгеруі;

      - қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;

      - практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;

      - ақты жағдайларға байланысты қандай да әдістерді пайдалану біліктілігі;

      - тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Кәсіби білімді маманның құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру[2]. Демек, жаңа формацияда білім беру саласының барлық процесінде қызмет  ететін педагог-психологтардың кәсіби біліктілігіне қойылатын  талап жоғары.

     Біліктілік — адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы. Біліктілікке үнемі іздену, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетуге болады[3].

«Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының  тұжырымдамасы (бұдан әрі – заң жобасының Тұжырымдамасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту үшін жағдай туғызу жөніндегі Іс-шаралар жоспарының  «Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын әзірлеуге қатысты 11-тармағын  орындау үшін әзірленді[4]. Сонымен бірге, біліктілікті арттыруға арналған білімнің мазмұнын жетілдіру мақсатында әлемдік тәжірибені ескеру, білім беру бағдарламаларын кеңейту үшін жаңа модульдер жасау да, одан үйрену де – заманымыз алға тартып отырған қажеттілік. Осыған орай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы 2011-2016 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес барлық филиалдардың педагогикалық қызметкерлерін алыс-жақын шетелдерге іс-сапарға жіберіп, тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттыру шараларын ұйымдастыруда. Мұндағы басты мақсат кәсіби     құзыреттілікті    дамыту –   жеке    шығармашылықты         дамыту,    педагогикалық  инновацияларды      қабылдауды,     өзгеріп   жатқан    педагогикалық     ортаға   бейімделу    қабілетін  қалыптастыру.

Педагог-психологтардың кәсіби деңгейіне қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани  дамуы  тікелей  байланысты десек, онда өзгеріп  жатқан  қоғамға  сай  жеке тұлға  қолдау көрсететін білікті, шығармашыл ойлайтын, бәсекеге қабілетті педагог-психолог тұлғасына сұраныс өсті.

      Осы  сұраныстарды негізге ала отырып,  педагог-психологтардың  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамытудың  негізгі  жолдары:

Ø     шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктерде жұмыс атқару;

Ø     зерттеушілік қабілетінің болуы;

Ø     инновациялық іс-әрекет, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру;

Ø     психологиялық-педагогикалық қолдаудың әртүрлі формаларын игеру;

Ø     байқауларға,   мастер-кластарға,     форумға,  тренингтерге  белсенді қатысу;

Ø     жеке педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату;

    Педагог-психологтың  кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімінен, зерттеу жұмыстарының жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог-психолог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Қорыта келгенде, кәсіби құзыреттіліктің даму сатылары төмендегідей:

      - өзіндік талдау және қажеттілікті ұғыну;

      - өзіндік дамуды жоспарлау;

      - өзін-өзі көрсету, талдау, өзін-өзі түзету.

Педагог-психологтардың  кәсібилігін дамытуға қажеттілігін қалыптастыру, педагогикалық қызметті оның ізгіліктік бағытталуының жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін шеберлік деңгейін арттыруға негіз болады.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы. Астана, 2014ж.

2.Жаксыбаева А. Ж. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру [Текст] / А. Ж. Жаксыбаева // Молодой ученый. - 2014.-№1.2. -С. 55-57.

3.kontrast.mzsr.gov.kz›ru/node/310393

4.Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998ж.