Оңғарбаева С.Е.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6
орта мектебі, Қазақстан
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ҚОЛӨНЕРДІҢ РОЛІ
Технология
мұғалімінің көздеген басты мақсаты -
оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелей отырып,
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Қазіргі
таңда қоғамның жаңа нарықтық
жағдайына байланысты халқымыздың
салт-дәстүрлері,ұлттық қолөнерінің
көркемділігі және
салт-дәстүрі мен
өнері – адамның рухани,мәдени тұрмысынан бөлінбейтін құндылық.Қай
халықтың болмасын
ұлттық өзіндік
әуені,салт-дәстүрі,қолөнері сол
ұлттың мәртебесін биікке көтереді.Ендеше баланы,
әсіресе мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулу
қашанда кезек күттірмейтін міндеттеріміздің бірі болып
табылады.
Ұлы Абай
атамыз 33- қара сөзінде былай дейді: «Егер мал керек болса, қолөнер
үйренбек керек. Мал жұтайды,өнер жұтамайды. Алдау
қоспай, адал өнерін сатқан қолөнерлі –
қазақтың әулиесі сол.»
«Әулие» деген
қазақтың түсінігінде ең құдіретті,
қасиетті, киелі адам деген
мағынаны береді. Бұл қара сөзінде Абай өнерді,
жалпы өнер адамын қазақтың қастерлі адамы
деп әулиеге теңеп
отырған. Мысалы, өнерлі адамдардың қолымен
жасалған әдемі заттарын киелі деп қастерлеп, төрге
қойып, оны өзінің өсіп келе жатқан балаларымен
немерелеріне мұра ретінде қалдырғаны белгілі. Бұл
дәстүр біздің елімізде ғасырдан ғасырға
жалғасын табуда.
Соңғы
уақытта Елбасының қолдауымен халқымыздың
мәдени мұрасын ерекше
көңіл бөлінуі де
осының бір айғағы деп санауға болады. Мектептерде
басқа пәндермен қатар еңбекке баулу (технология)
пәні де толық жүйелі түрде жүргізілуі тиіс – ол өмір талабы. Көркемдік
тәрбие беруде технология пәнінің тағы бір басты
атқаратын міндеті – ол әрбір баланың бойына біткен
табиғи қабілетін дамыту, соған қолдау жасауға,
болашақта қолөнер шеберлерін даярлауға септігін
тигізу.Технология
сабақтарының процесін жетілдіру білім алушылардың
еңбекті зерттеу және шығармашылық қатынасын
қалыптастырады. Халқымыздың сан ғасырлық асыл
дәстүрі мен салтын насихаттап ғана қоймай,оны мүмкіндігінше қолмен жасатып,
мәнділігімен сәнділігін, шығу тарихымен аталуы жіктелуін, тұрмыстық
қолданысын білгізу, зерттеу жүргізуге бағыттау,
шығармашылық, қолөнерге, әдет-ғұрыпқа
сеніммен қарайтын, құрметтеу сезімі жоғары
ұлттық санасы
қалыптасқан талапты жеке тұлға тәрбиелеу осы
пәннің үлесіне жатады.
Жас
ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он
саусағынан өнері тамған» нақты кәсіп иесі болуын
көздеу басты мақсаттардың бірі. Қазіргі көтеріліп
отырған білім беруді даматудың тұжырымдамасының
мақсаты – жылдап өзгеріп отырған дүние
жағдайларында алынған терең білімнің , кәсіби
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,
өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға
және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан
жауап шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға
қалыптастыру. Осы жұмыстың негізі мектеп қабырғасында
оның ішінде технология пәні барысында жүзеге асады.
Қазіргі кезде
халқымыздың ұлттық болымысындағы ескерілмей,
еленбей келген қасиеттердің қаншалықты көп
екенін, қазір жаңаша ойлау процесінің нәтиежесінде
көп нәрсеге қайта оралып, өткенімізге үлкен
мән беру керектігін түсініп отырмыз. Өткен тарихымызды
білмей, бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты
болжай білу өте қиын. Қазақ халқының
өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті
тұрмыс қажетін өтейтін қолөнерінің жете
дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз.
Қолөнер бұйымдарын жасау барлық кезеңінде оқушылар орындайтын ақыл
-ес әрекеттеріне: алға қойған
жұмыстың нақты тапсырмасымен ақырғы
нәтежиесін ой елегінен өткізу, түрлі нұсқаулар-
эскиз, жоба, сурет, технологиялық карта, және т.б оқу
және талдау жасауды жұмыс барысымен оның нәтежиесіне
өздігінен баға беруді және жұмыс кезіндегі техника
қауіпсіздігін жатқызамыз. Жұмыс барысында керек болатын
қажетті материалдарды, құрал жабдықтарды дайындау,
таныс емес мәліметтерді дәптерге жазу,суретін салу сөзбен
белгілеу, материалды орындау керектігін түсіндіру керек.
Оқушылармен қолөнер бұйымдарын орындау технологиясын
оқып үйрете отырып және еңбек дағдысымен
шеберлігін қалыптастыра отырып ойлауға, ойға елестетуді
арттыруға, эстетикалық және көңіл күй ерік
қажеттерінің қалыптасуына назар аударылуы тиіс.
Жұмыстың барлық жақтарын орындауға
оқытудың түрлі амалдарын,әдістерін және
түрлерін қолдану арқылы оқу барысының
өзінде қол жеткізуге болады. Оқыту барысы өте
ұзақ жұмыс ол жеке сабақтардан, сыныптан тыс
жұмыстардан, оқытудан және оқушының
жұмысынан құралады. Оқушыларды оқуға,
саналы қарауға тәрбиелеу танымдылық, белсенділікпен ой
еңбегі және эстетикалық
мәдениетін дамытудағы міндеттер негізінен бұйымдар
жасау, эскизін жасау тарихын білу кезеңдері арқылы жүзеге
асады. Оқушылар көбіне қалдық материалдармен
жұмыс жасайды. Сол жұмыс барысында қалдықты да
үнемді пайдалануға, бұйымдарды әдемі,
тыңғылықты,қайта орындамайтындар дер кезінде бітіруге
болады. Өзінің және жолдастарының жұмысына талдау
жасай білуге үйрету,үй тұрмысына қажет бұйымдарды
дайынын сатып алумен қолдан
өзі жасағандағы үнемділікті есептеп қана
қоймай оның ата-анаға қуаныш әкелетінде айту
керек.
«Өнер таусылмас қазына,
жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ
өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен,
көркемдік мән-мағнасымен, шын мәнінде
халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл
қазынасы, соның бірі моншақпен кестелеу өнері. Сол
кестелеу өнерді жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту
біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған
бұйымдарының бәрін дерлік кестемен әшекейлеп
безендірген. Мысалы, әсіресе, ұлттық киімдерді, баскиімдерді,
неше түрлі сыйлық заттарды кестелеуге болады. Кестелеу өнері
әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғи
ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты
өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді.
Қолөнерге ұштастыра білім мен тәрбие берудің түрі-
шығармашлыққа баулу. Ал қолөнерге
қызықтыру үшін кез келген
бұйымның,туындының жасалу
құпиясын,тарихын ашып
көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағұлматтар
берсек,қайталанбас ерекшеліктерге толу жасалу технологиясымен
таныстырсақ оқушы шығармашылықпен кіріседі.Еңбек
үстінде шығармашылық ізденудің нәтежиесінде алуан
қолөнер туындылар дүниеге келеді.
Оқушыларға тақырып берігенде бірін-бірі
қайталамайтын қолөнер салаларына көп көңіл
бөлінеді. Болашақта оқушылар қолөнердің осы
салаларын жетік меңгеріп, ғылыми жобаның тақырыбы ретінде таңдап,
қорғайды деп болжам жасаймын.Әрине, өнерге қанат
қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына
жетелеудің бір жолы- оларды қолөнер үйірмесіне тарту.
Бала білімін тереңдетуде,
еңбекке қызығушылығы
мен ой- өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлату барасында
қолөнер үйірмесінің орны ерекше. Бала оқу
үдерісінде алған білімін үйірмеде іс жүзінде
қолданып,пайдаланады, білімін әрі қарай жалғастырып, тереңдетеді және
шығармашылықпен айналысады. Үйірмеге қатысатын
оқушылар қатыспайтын оқушыға қарағанда
анағұрлым толық мағұлматтар алып, шеберлігі
шыңдалып, ой өрісі кеңи түседі. Қазіргі
таңда бала тек үйренуші ғана емес, үйренуші
шәкірттен белсенді
үйретуші, өзіндік ой –пікірі бар жан-жақты дамыған дара
тұлға шығады. Оқушы мұғалімнің
үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана
қоймай, оған талдау жасап, өз ой пікірін білдіріп,
ұсыныс айтуға дағдыланған, жан-жақты
дамыған жеке тұлға болып шығады. Сондықтан
оқушыны шығармашылыққа баулуда үйірменің
алатын орны ерекше. Себебі үйірме арқылы дарынды оқушы
дамиды.
Иә, келешек
ұрпақ
өнердің
жұтамайтынын есінде ұстап, санасына ұялатып
өссе, нұр үстіне нұр болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Шаңырақ»
үй-тұрмыс энциклопедиясы. – Алматы, 1990.
2. «Қазақ
өнері» энциклопедиясы. – Алматы, 2002.
3. Қазақстан
ұлттық энциклопедиясы.- Алматы, 2002.
4. Қазақ
мақал –мәтелдері. – Алматы, 2001.
5. Қазақтың
мақал – мәтелдері – Алматы, 2002.
6. Сөз
мәйегі. «Қазақ энциклопедиясы». 2007.
7. «Мектептегі
технология» журналы.
8. Мұқанов
Қ. Жүннен жасалатын бұйымдар. 1990 ж
9. Байжанова Ж. Қызым, саған айтам
... 1985ж