Хабдай А.,Шаяхметова М.Н.
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ
Ертегілер
елінде
(1-сынып.
Математика)
Мақсаты:
Математика пәнінде
алған білімдерін бекіту; зейіндерін,
ойлау қабілеттерін дамыту; қайырымдылыққа,
жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: саяхат сабақ
Әдіс
– тәсілі: ойын элементтерін қолдану, слайдпен жұмыс істеу
Сабақ
жоспары:
1.
Ұйымдастыру
кезеңі.
- Балалар, бүгінгі біздің
сабағымыз күндегі сабақтардан өзгеше. Өйткені біз
сабағымызда ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Онда көптеген ертегі
кейіпкерлерімен кездесіп, оларға өз көмегімізді
ұсынатын боламыз. Сонымен қатар, сабағымызға
қатысып отырған қонақтарға біліміміз бен
тәрбиемізді көрсететін боламыз. Сондықтан партаға
оқушы ережесіне сай отырамыз, әрі сабаққа белсене
қатысатын боламыз. Міне, алдымызда «Ертегілер елінің»
қақпасы. Ол қақпадан ішке ену үшін мынандай
тапсырмаларды орындайтын боламыз.
2.
Тапсырмалар:
1.
Қақпада жеті дөңгелек бар. Есікті ашу үшін 10
көлеміндегі санды 7 рет кему ретімен жаңылмай тез санау
арқылы дөңгелектерді алу керек. Егер санаушы қателессе,
бір дөңгелек орнына қайтып келеді.

2.
«Көршісін тап»
ойыны.
Ертегілер елінде
ертегі кейіпкерлері де біз сияқты бір – бірімен көрші тұрады
екен. Сыртқы қақпа жеті дөңгелектен
тұратындықтан, қазір жетінші үйдегі
кейіпкерлердің көршілерін тауып көрейік.

3.
«Қызыл телпек» ертегісі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Менің атым
«Қызыл телпекті қыз». Ауылда тұратын әжемнің
үйіне кетіп барамын. Жолда жүрген қасқырдан
құтылып, әжемнің үйіне адаспай баруыма
көмектесіңдерші.
Амалдарды орындау арқылы
Қызыл телпекті қызға қасқырдан аман – есен
құтылып, әжесінің үйіне жетуге көмектесу.
Әр өрнекті шешу арқылы қыз алға жылжып отырады.

4.
«Мақта қыз» ертегісі. Мысық балалардан көмек сұрайды.
Мұғалім:
-
Балалар, мысық неге құйыршығынан айырылды,
бұл ертегіні кім айтып береді?
Бір оқушы ертегінің
мазмұнын айтып береді. Ертегіні аяқтап, мысықтың құйыршығын қайтарып
алуына көмектесу үшін балалар қолдарындағы
карточкаларға жазылған тапсырмаларды орындайды.
Тапсырмалар:
Сандар мен өрнектерді салыстыру:
5 + 4
... 6 8 – 5 ... 5 9 – 4 ... 8 2 + 4 ... 6
7 – 3
... 9 6 + 2 ... 7 5 + 4 ... 7

5.
Сергіту сәті.
«Бұл не?» ойыны.
Құмыраға
жасырынған ненің бейнесі екендігін анықтау.
6.
–Балалар, бізге жапалақ ағай ертегі айтып беремін дейді.
Кәне, тыңдап көрейік. Жапалақ:
-
Ерте, ерте, ертеде екі кірпі дос болыпты. Бірде олар орманға
саңырауқұлақ теруге барыпты. Бірінші кірпі 5
саңырауқұлақ, ал екінші кірпі 4
саңырауқұлақ теріпті. Олар барлығы неше
саңырауқұлақ теріпті?
Шарты:
1 кірпі – 5
?
2 кірпі – 4
Шешуі: 5+4 = 9
Жауабы: 9 саңырауқұлақ
Жапалақ
ағайдың есебіне кері есеп құрастыру үшін
есептің сұрағын қалай өзгерту керек?
-
1 кірпі екіншіге
қарағанда неше саңырауқұлақ артық
терді?
Жауабы: 1саңыуқұлақ артық
терді.
Сабақты қорытындылау:
-
Міне, балалар, біздің ертегілер еліне жасаған саяхатымыз
өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақ сендерге қандай
әсер қалдырды?
Оқушыларды өз ойларын
тыңдау.