Есболова Гүлнұр Күлтайқызы

 

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі

 

 Бастауыш  мектеп оқушыларын зерттеушілік оқытудың

 маңыздылығы

 

        Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

  Бүгінгі күнгі ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай – ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

  Мектептегі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзіретті  тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол 2008 жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан – жақты көрініс таппақ. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құзіретіліктердің қалыптасуымен айқындалады. Қазіргі кезде зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана тән, аясы тар мамандандырылған қызмет ретінде емес, ол кез келген саладағы қазіргі адамдардың өмір сүру тәртібіне айналған кәсіби өмірге белсене араласатын, тұлғаға тән құбылыс. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс - әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілігімен қарауымен түсіндіріледі.1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал, бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба – латын тілінен projectus аударғанда «алдын ала» деген ұғымды береді. Сонымен қатар мәндес бірнеше ұғымды: белгілі бір ғимараттар бойынша құжаттар жиынтығын, кейбір құжаттың жобасы, белгілі бір жоспарды білдіреді.Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Ғылыми зерттеудің теориялық және практикалық тұрғыдағы ерекшеліктеріне тоқтала кетелік: Зерттеушілік оқыту – баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи  ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс - әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетті қалыптастыру. Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдына ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі.Бұл –адамның танымдық әрекеттерінің бірі.Осылайша, жобалаудың  зерттеуден айырмашылығы – жобалау тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты проблеманы шешеді.Жобаны әзірлеу - әдетте шығармашылық іс, бірақ, шығармашылық ақиқатты іздеу міндеттерінен тыс түрлі сыртқы жағдайларға байланысты болады. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер мен сызбалардың көмегімен орындауға болатынын естен шығармаған жөн.Жобалаудың проблеманы шешу жолына қарай шегі болғанмен, зерттеу сияқты тереңдей береді.Зерттеу мен жобалау мүмкіндіктерін бағалай келе, баламен жұмыс барысында жобалау әдістері мен зерттеушілікке оқыту әдістерінің пайдасын түсіне білу керек. Жобалаумен қатар, зерттеушілік жұмыстарды орындауға болады. Әдістемелік тұрғыдан нәтижелерін жоспарға сәйкес тексерудің нақты жоспарын құруды көздейтінін ескеру қажет.

  Мұғалім үшін негізгі нәтиже – баланың қолдан жасаған макеті немесе суреті емес, оның өз бетінше алған ең құнды шығармашылық зерттеу жұмысы, жаңа білімі мен білігі, жай орындаушы ғана емес, анық шығармашылық психикалық жаңа көзқарасы.

  Оқушының зерттеушілік әркетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:

1.                  оқушыларды өз бетінше әркет етуге үйрету;

2.                  нақты нұсқаулардан гөрі әрекет етуге үйрету;

3.                  талқылау кезінде баға беруге асықпау;

4.                  білім алу барысында балаларға көмектесу:

-                      өз бетінше проблеманы шығару;

-                      проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;

          -        ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;

-        өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну.

5.     Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету;

Оқушының зерттеу әрекеті процесін мынадай бірізділікке көруге болады:

1.     Зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау;

2.     Зерттеу тақырыбын таңдау / зерттеу міндеттерін анықтау/;

3.     Зерттеу әдістерін таңдау;

4.     Зерттеуді жүргізу / ақпараттарды жинау және өңдеу, бақылау, эксперимент т.б./

6.     Ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып, құру;

7.     Презентацияны жариялау / қорғау және сұрақтарға жауап беру/;

8.     Аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау. Рефлекция.

        12 жылдық білім беру парадигмасына көшуге байланысты бүгінгі күні мектеп алдында кез келген жағдайда туындаған проблеманы шешуге қабілетті, өзінің өмірін басқаруға құзіретті тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Олардың оқушының құзіреттілігін қалыптастыратын әдістердің ішіндегі ең негізгісі зерттеушілікке оқыту әдістемесі болып табылады. Оны сабақта, сабақтан тыс уақытта қолдануға болады.

12 жылдық мектептің оқу жоспарына «Оқушыларды зерттеушілікке оқытудың негіздері» курсы енгізілу көзделіп отыр.Бұл әдістеме зерттеу әркетінің проблеманы анықтаудан бастап, алынған нәтижелерді презентациялауға дейінгі циклден тұрады. Бұл әдістеменің негізінде Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандартында анықталған негізгі құзіреттіліктердің, яғни проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент, ақпараттық және коммуникациялық құзіреттіліктердің қалыптасуын байқауға болады 

  Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Шығармашылық зерттеушілік – ізденіс кез – келген кәсіптік ажырамас бөлігі. Осыған байланысты баланы зерттеу әркетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.       Битянова М.Р., Беглова Т.В. Учимся решать проблемы: Программаа развитя мышления у младших подростков. Рабочая тетрадь школьника. – М.Генезис, 2005.

2.       Жексенбаева Ү.Б., п.ғ.д., Игенбаева Б.Қ., п.ғ.к., Ниязова Г.Б. Зерттеушілік оқыту технологиясы. – Астана, 2006.

3.                      Савенков А.И. Психологические основы исследовательского подхода обучению: Учебного пособие. – М., 2006.