Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіПрактикалық шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысыСолтанмуратова Гульжан Мелисовна Көптілділік білім берудегі болашақ шет тілі мұғалімінің филологиялық моделі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып «…еліміздің
маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы
– көпұлттылық пен көптілділік» деп атап
көрсеткені белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға
сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің
үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020
жылға қарай «... барша қазақстандықтар
қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін
меңгеруі тиіс» делінген.
Көптілді оқыту білім берудің
қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі
өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық
біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті
жастардың қалыптасуына септігін тигізетін
тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін
құруды көздейді. Осы орайда үш тілде
(қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін
көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап
өту керек.
Көптілді білім берудің қажеттілігін
түйсіну Еуроодақтың тіл саясатының
қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, болашақ
кәсіби салада тиісті лингвистикалық біліктілікті қамтамасыз
ету үшін жоғары оқу орындарында, ішінара шет тілінде
оқуды қошеметтейтін қағидаларынан да қолдау
тапты. Еурокомиссия Еуроодаққа мүше елдердің білім
беру жүйелеріне «ана тілімен қоса екі шет тілі» қағидасының
енгізілгені жариялағаны белгілі.
Көптілді білім берудегі шет тілі
мұғалімі ол - заманауи педагогикалық
құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, инновациялық
технологиямен қаруланған, өзін-өзі жетілдіруге
үнемі ұмтылып отыратын, рухани дамыған, шығармашыл,
креативті, интеллектуалды тұлға, білікті маман болып табылады.
Енді жоғары оқу орындарының
оқытушыларына арналған жаңа бағдарлама туралы
айтсақ, оның оқытушылар үшін тартымдылығы неде?
Мақсатты аудитория– жоғары
оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының
оқытушылары, бұл оқытушылардың студенттері болашақ
ұстаздар болғандықтан, ұзақ мультипликативті
әсер қамтамасыз етіледі. Жоғары оқу орындарының
оқытушылары біліктілікті арттыру курстарында инновациялық педагогикалық
технологияларды, білімді бағалаудың жаңа әдістемелерін,
ең жаңа сандық технологияларды, сыни ойды дамыту
әдістемелерін, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі
жетілдіру технологияларын және тағы басқаларын зерттеп,
меңгереді.
Қазіргі заманда оқыған зиялы
азаматтардың бірнеше тілде сөйлеуі Қазақстанның
болашағынан елес беріп тұрғандай. Бүгінде
оқушыларымыз, студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп, әр
түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті.
Сол жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына
көмектесіп, тереңде жатқан талап- тілегін, қабілеттерін
дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру
үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің
басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін
оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс -
тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер
әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып,
шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы
қажет.
Көптілділік заман талабына айналып
отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге
тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім
кеңестігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы
қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 50
елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде
өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп
беруге мүмкіншілігімізді арттырады. Мемлекеттік тілдің
мәртебесі әрдайым биік болуы керек. Әсіресе, мамандар шет
тілін оқытатын еліміздегі оқу орындарының білім беру
жүйесінде қазақ тіліне ерекше басымдық беруін
қадағалауы керек. Сонда ғана өсіп келе жатқан жас
ұрпақ ұлттық құндылығымызбен
терең сусындайды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін
ойлағандар аталған жобаны қолдай отырып, «қазақ
тіліндегі ақпараттық кеңістікті кеңейтуге күш
салу қажет» Жалпы айқанда, өз тіліміздің
қадір –қасиетін түсініп, мәртебесін көтерейік,
Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл заман
талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс атқарсын,
үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс
істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге
берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілден аспай,
керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына
қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек.
Зерттеу жұмысымызда әдебиеттерді талдай
келе шетел тілі пәні мұғалімінің біліктілік
мінездемесіне белгілі бір өзекті компетенцияларды атап айтқанда
әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени,
комуникативтік-ақпараттық, компетенцияларды және өз
бетімен білім алу мен өзін өзі дамытуға даярлықты
қосу қажеттілігі туралы қортындауға келуге
мүмкіндік береді.
Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Көптілді білім берудегі болашақ шет тілі мұғалімінің филологиялық моделінің басты компоненттері: Әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени, коммуникативтік- ақпараттық.