Педагогические науки/5. Современные методы
преподавания
М.ғ.д. Тебенова Қ.С., Ешенгазина Г.С.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Психикалық
дамуы тежелген балаларға география пәнін оқыту барысында
электрондық оқу құралын пайдалану
Бүгінгі
таңда арнайы білім беру саласында ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар кеңінен қолданылады. Электрондық
оқулықтар, көмекші әдістемелік құралдар,
компьютерлік тапсырмаларқұрастырылып пайдаланылуда. Осыған орай арнайы мектептерде
география сабақтарын оқытудың тиімді
әдіс–тәсілдерін қарастыру, яғни география пәнін
оқытуда пайдаланылатын электрондық бағдарламаны
құрастыру мәселелері ғылыми зерттеулеріміздің
өзектілігін көрсетеді. Заманауи оқыту талаптарына
сәйкес сабақтарда ақпараттық технологияларды
қолдану оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып,
балалардың оқу материалдарын игеру дәрежесін
жоғарылатады.
Күнделікті
сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен
компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман
ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың
қызығушылығын арттырып,зейін қойып тыңдаумен
қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап
көруге не тыңдауға, алған мағлұматты
нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың
өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып онымен
өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Қазіргі
кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында
ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам
өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер
енгізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды
дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың
жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде.
Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық
оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізгі
педагогикалық ұстанымдарын анықтау және
айқындауға байланысты бірқатар міңдеттер қойылды.
Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен
мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына
және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау
қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік
жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.
Электрондық
оқыту барлық теориялық материалдарды көрсетуді,
өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау
көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Компьютердің көмегімен
оку үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда
уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді
бір ғана жұмыспен – электрондық оқулықпен орындау
керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін
компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою
керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны
дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып,
ақпараттық және көңіл күйіне де көмек
береді.Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым
теория, білімді тәжірибелік бекіту және білімді тексеру кіреді.
Электрондық
оқытудың әдістемелік оқыту моделіңде оқыту
құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту
құрылымы мен мазмұнының әдістерін және
оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде
электрондық оқыту шеңберіңде жиі қолданылатын
оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік.
Электрондық оқытудың әдістеріне топтық әдіс
және жеке дара оқыту әдісі жатады. Бұларды
кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға
болады.
Электрондық
оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және
жүргізу үшін арналған бағдарламалық
өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту
жағдайында әртүрлі оқыту формалары мен әдістеріне
мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін
оқыту құралдарын салыстыру және оларды
бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни,
жасау және қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар
жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу
деңгейі [1].
Ғылыми зерттеуіміздіңмақсаты:
психикалық дамуы тежелген жоғары сынып оқушыларына география
пәнін оқытуда инновациялық технологиялар ретінде
электрондық оқыту бағдарламасын даярлау және оны
оқу үрдісіне енгізу болды.
География пәнін оқытуда электрондық
нұсқаудағы көрсетілетін көрнекіліктер мен
демонстрацияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға
табиғаттың заңдарын терең меңгертіп қоймай,
оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау
салады.География оқытуда электрондық нұсқадағы
көрсетілетін көрнекіліктер мен демонстрацияларды
қолданудың мынадай түрлерін бөліп көрсетуге
болады:тарихи эксперименттерді, ғарыштық және
микроәлемдік масштабтағы құбылыстарды, өте тез
немесе баяу өтетін процестерді көрсету;компьютерлік физикалық
практикумдар мен зертханалық жұмыстарды орындау; географиялық
сабақтарды қызықты әрі ғылыми негізді
көрсетілімдерге сүйеніп өткізу; оқушылардың
білімі мен білгірліктерін тестілік бақылау.
Географияны оқытуда
ақпараттық технологияларды қолданудың бірден-бір тиімді
бағыты географиялық құбылыстар мен процестерді
компьютерде модельдеу болып табылады.Бүгінгі күндері география
пәнінің мұғалімдері елімізде және алыс,
жақын шет елдерде құрастырылып дайындалған модельдік
компьютерлік бағдарламаларды кеңінен қолдану
мүмкіндігіне ие болып отыр. Оқу-компьютерлік модельдерін
қолдану арқылы мұғалім өтілетін тақырыпты
біршама көрнекі түрде көрсете алады, бұрын
қолданылмаған тәсілдермен сабақтың күтпеген
және жаңа тұстарын демонстрациялайды, ол өз кезегінде
оқушылардың пәнді оқып үйренуге
қызығушылығын арттырады және оқу материалын
терең түсінуді қалыптастырады (1 сурет).

1 сурет.
Электрондық «География» оқулығының негізгі беті
Электронды
оқулықтың мазмұны
күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша
құрылған. География жөніндегі қажетті білім мен
дағдыларды қалыптастыру үшін 56 параграф материалдары мен
интерактивті тапсырмалар қарастырылған. Бағдарлама бойынша
берілген тақырыптардың мазмұндары мәтін, сурет, график, кескін,
кесте және т.б. түрінде
беріледі. Мұнда маңыздысы, оқушы түсіндірулерді,
берілген мағлұматтарды, тақырыптарды толығымен
түсініп білгенше, қайталап қарастыра алатындығында.
Оқулықты
үйде немесе сыныпта, шығармашылық жұмыстарын орындау
барысында қолдануға болады. Материалдарды принтерден шығарып,
өзінің портфолиосында сақтауына болады. Электрондық оқулық
арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі
200 тестілеу жұмыстарын орындаумен аяқталады. Өзіндік тексерудің
(өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі өте
қолайлы. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде
меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар
беріледі.
Графикалық
нәтижені тек оқушылар өздері ғана емес, олардың
ата-аналары да талдай алады. Компьютерлік оқыту үрдісі барынша
қызғылықты, балалардың оқу материалдарын
толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады [2,
3].
География пәнін оқытуда
ақпараттық технологияларды қолданудың бірден-бір тиімді
жақтары келесідей:
-
оқушының
уақытын үнемдейді, оқушы оқу материалын іздеп
отырмайды;
-
таңдап
алған хабарды баспаға шығару мүмкіндігі бар;
-
сарамандық
жұмыстар жылдам түсіндіріледі;
-
бағдарламаны
меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қаматамасыз
етілген;
-
көрнекілік
құралдарға деген мұқтаждылықты азайтады;
-
оқушының
ой өрісін, дүниетанымын кеңітуге, тану үрдісіне
ықпал етеді;
-
зерттеушілік
қабілеті бар тұлға қалыптасады.
8-ші сыныпта өткізілген география сабақтары
электрондық оқулықты пайдалана отырып өткізілді. Оның
құрылымының ішіндеэлектрондық оқулықтың
негізінде жаңа материалмен таныстыру жүргізілді. Мысалы,
Қазақстанның территориясы.
Сонымен қатар келесі тапсырмалар орын
алды:
1 – тапсырма. Мәтінмен танысу,
пысықтау.
2 – тапсырма. Кескін картаға белгілеу. Мысалы,территориясының
көлемі жағынан саяси картадағы орны.
3 –
тапсырма. Қандай мемлекеттермен шектеседі? Ол қандай мемлекеттер?
Оларды кескін картаға түсіріңдер.
4 –
тапсырма. Қазақстанның неше облысы бар? Оларды көрсет.
Мұндай сабақтар пән аралық байланыстылық пен өткен
тақырыптарды қайталауда көп сатылы ойлауға
дағдыландырады.Салыстыру
арқылы ұқсастығын немесе
айырмашылығын түсіндіреді.Сұрақ қоя білуге
үйретеді.Шығармашылық жұмыс істеуге
дағдыландырады. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы осы
жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асады. Сабақта да
қолайлы психологиялық жағдай туады [4].
Нәтижесінде әр
оқушының жақсы оқуға болады деген сенім,
өзін-өзі қадірлей білу сезімі нығайып, қиын
жұмыстарды орындауға шамасы жететініне сенім қалыптасады.
Әдебиет:
1. Бейсенова Г. Жаңа
ақпараттық технологиялардың тиімділігі //
Қазақстан мектебі. – 2006. – № 6.
2. Дiнасылова Д. Delphi тiлiндегi
бағдарламаның элементтерi. – Алматы, 2003.
3. Шекербекова Ш.,
Тұрмағамбетова Ұ. Delphi 7 ортасында бағдарламалау
негiздерi. – Алматы, 2005.
4. Елубай С. Білім беру
технологиясыныңқазіргіпроблемалары. – Алматы,
2001.