Мизанбаева Гулбейбит Шахмановна
Академик
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін оқыту,
оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн
тәртібінен түспей келеді. Еліміздің осындай
мақсат-ұстанымдарына қарай «Тiлдердi қолдану мен
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы» қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның
басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық
этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін
нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік
тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік
қызмет пен қоғамдық- саяси, әлеуметтік
кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың
өмірлік қажеттілігіне айнал-дыру. Осы құжатта «Бағдарламаның
бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның
барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін
құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
көзделеді.
Соңғы кездері қазақ тілін оқыту
мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде,
бұқаралық ақпарат құралдарында
«қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту», «қазақ
тілін шет тілі ретінде оқыту» және «қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде оқыту» деген мәселелер көтеріліп
жүр. Қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды жетілдіруді
де естен шығармағанымыз жөн. Өйткені бұл
өте маңызды да күрделі мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша
оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану
– заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел
басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті
Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,
дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны
баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Елбасы: «Біз қазақ
тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Сонымен
қатар, әбден орныққан халықаралық
және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару
мәселесін біржола шешу қажет.» дегенді шегелеп тұрып
тапсырған еді. Сондықтан ұстаздардың
тәжірибесінде мынадай мәселе тууы мүмкін:
оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда қолданып жүрген
әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.
Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары:
- түсіндіру әдісі
– бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме,
сұрақ-жауап, дәріс түрлері жатады.
- кітаппен жұмыс істеу
әдісі – мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан
қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздік, т.б.жұмыстар.
- көрнекілік әдіс – экскурсия,
таблица, сурет, схема, карточка пай-далану т.б.
- техникалық құралмен жұмыс істеу
әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс – экран бейнесі
арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құ-ралмен
жұмыс істеу.
- жаттығу әдісі – ауызша, жазбаша және суретпен
жұмыс, тақтамен жұмыс, өз- бетінше жұмыс,
қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін
пайдалану жұмысы.
- сөздік әдісі мектептің
барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты,
көлемі, ұзақтығы өзгереді.
Түсіндіру – жеке ұғым,
құбылыстарды, құралдар, көрнекі
құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін
ауызша баяндау. Мысалы, қазақ тілі сабағында жаңа
мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа
сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға
таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі
құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды
түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.Сондықтан
да, түсіндіру әдісі қазақ тілін үйренуде
маңызды болып саналады.
Тілді
оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен
көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей
қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін
ескере отырып, оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде
ауызша сөйлей білуге үйрету.
Оқыту әдістерінің басты
қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу,
ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу,
іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар,
оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық
оқыту құралдары, оқу кабинеттері, нақты
объектілер, өндіріс, құрылыс.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде
оқытудың мақсаты – коммуникативтік, тілдік,
мәдени-танымдык біліктілігі дамыған дара тұлға
даярлауға мүмкіндік туғызу. Қазақ тілін
оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты
сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен
дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни әрбір
адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру
мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз
меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ
халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті,
ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,
болмысы танылады.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын
арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс
топтарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің
түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін
меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру,
қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу,
қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын
танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен
қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты,
тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру.
Қазақ тілі —
әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі
қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен
көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы
ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі
ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты
жүз тілдің, мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз
тілдің қатарында тұр.
Біздің
мақсатымыз өзге ұлт өкілдерін қазақ
қылып шығару емес, оларға мемлекеттік тілді түсініп,
әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін
іс-жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Үйренушіге
жалаң сөздермен сөз тіркестерімен жаттанды сөйлеуге
қалыптастырмай, үйренген сөздерін сөйлеуде,
әңгімелескенде дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.
Сөз
соңындағы айтарым, қазақ тілі – дәстүрлі,
тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік
тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден
ұлттық деңгейге көтерілген тіл.
ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры.
Бүгінгі жастардың өмірдің өзінен үйренері
көп-ақ. Сондықтан олар мұғалімге, оның
өткізген әрбір сабағына сыни көзбен қарайды. Оларды
таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ
жаңалық болуы керек. Ол мұғалімнің көп
ізденісін қажет етеді. Осы орайда, С.Көбеевтің «Әрине
алғырлық та, тапқырлық та, ептілік те, икемділік те,
табандылық та қажет. Бұлар оқытушының беделді
болуының құралы болуға тиіс. Халық
оқытушыны өзінің шын досы, ақыл айтар данасы,
қараңғы да сәуле шашар шам-шырағы деп білу керек.
Мұның үшін оқытушы ең алдымен өз
оқушыларының алдында беделді болуы қажет. Оның бір
негізгі шарты – оқытушының өз дәрежесін жақсы меңгерген
адам болуы былай тұрсын, оның сабаққа жақсы
дайындалуы керек», – деген ұстанымдары қазіргі
ұстаздардың бейнесін де көрсететіп отырғаны анық.