Берентаева Айгул Койбагаровна, АӘИУ-нің ІІ курс магистранты, Шымкент Қазақстан

 

«Оралхан Бөкеев шығармаларындағы стильдік ерекшеліктер»

 

Оралхан Бөкей! Жазушының жаратқан аямай-ақ берген табиғи таланты мен қабілетіне үңілген сайын суреткердің драматург ретіндегі қолтаңбасы да өзіндік ерекшелігінен хабар береді. Тіпті сонау жетпісінші жалдары Оралхан Бөкейдің «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес» сынды қойылымдары да сахнаны дүр сілкіндіріп еді. Оралхан Бөкеев драматургияға алғаш жол салған саңлақтардың бірі. 1974 жы­лы режиссер Қ.Жетпісбаев сах­­налаған «Құлыным менің» қойы­лымы сол кездегі қазақ сахнасындағы үлкен жаңалық бол­ды. Жалпы, Оралхан Бөкеевтің драматургия саласына жазған шығармаларының барлығы да театрда сахналанды. Сахна төрінде ерекше талғаммен қойылып, өміршеңдік танытқан жазушы Оралхан Бөкеевтің «Құлыным менің» туындысы. «Құлыным менің» драматургиясы қазақ топырағында ғана емес, Кеңес драма­тур­гия­сындағы айтулы оқиға болды. Қойылымнан соң ті­ке­лей репортаж жасап, редакцияның өзінде үлкен пі­кірталас өткізді. Әрине, театрда Оралхан Бөкеевтің пьесаларын қою үлкен дайындықты қажет етеді. Жазушы Оралханның стилі де өзге­ше. Оны айту да мойындау да қажет.

«Стиль - жазу­шының өзі» деп орыстың атақты ақыны Пуш­кин де айтқан. Қан­дай кереметтей талант болғанымен де, адам өзінің қалпынан, өзінің жүрегінің айтқанынан шыға алмайды, соның шеңберінде ойлайды, сол ойлағандарын қағазға түсіреді. Кез-келген ақын, жазушы өз деңгейінде, өзінің шама-шарқынша жазады. Ал Оралханның жазудағы қолтаңбасы ешкімге ұқсамай­тын ерекше еді. Жалпы, Оралхан­ның өмірден ерте кетуінің өзі қазақ әдебиетіндегі фи­лософиялық романтиканың жойылуына әкеліп соқ­ты. Сим­вол­дық ойнату тәсілдері орыс әде­бие­тінің поэзиясында болмаса, драматургиясында бо­ла қойған жоқ, оны алғашқы драматургияда да­ралаған да осы Оралхан болды. Оралхан Бөкеев қа­зақ прозасына тыңнан түрен түре келді.

Жазушы Оралхан Бөкеев не­гізінде, проблема қоюға, тартысты материал жа­сауға, шынайы, шыншыл кейіпкер сомдауға құштар еді. Оның қаһарман­да­рының барынша қаны тулап, қайратқа мол болып жатуын қалайтын қа­лам­гер философиялық өреге ұмтылып, қажымас, қайт­пас жандардың кескінін жасауға құмар болды. Бі­рақ қалай десек те, Ор-ағаң әдебиеттің қай саласында болмасын өзінің беретінін беріп кеткен қа­ламгерге жатады. Оның драматургияға араласуының өзі осыны аңғартады. Мысалы, «Жылымық» деген әңгімесінен кейін «Жанар» деген атпен екі актілі пьеса жасады. Оның шығармаларында кеңдік бар, оқиға аясын шектемейді. Қайта кейіп­керлер арасындағы қым-қуыт тірлік, мәселелердің бар­лығын үлкейтіп, ірілендіріп береді. Сирек кез­десетін детальдардың өзін шындыққа балап, соны­сына сендірмей қой­майды. Ешкімді қай­та­ламайтын. Сұлу қызды боранды түні қасқыр жеп кететін «Қасқыр ұлы­ған түнде» және «Аспирант қыз­дың тракторшы жі­гіті» атты әңгімелерінің сұңғыла өзектілігі де осында.

Оралхан Бөкеевтің «Атау кересінің» сахнала­нуының өзі адамды бір қуаныш, бір мұңға толтырады. Қалай дегенмен де Оралханның барлық шығармасы өзінің сол туған өлкесі - қазыналы Алтай өңі­ріне арналған. Сондықтан тек Шы­ғыс Қазақстан өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ еліне еңбегі сіңген, стилі бөлек, қарымы басқа жазушы, ең бастысы Алаштың ардақты азаматы ретінде Өскемен театрын Оралхан есімімен атау артық болмайды. Өзінің бар саналы ғұмырын жазуға ар­наған қаламгер адам бұл құрметке әбден лайық. Оралханның кез-келген шығармасы оқырманын не көрерменін селқос қалдырмайды, оның өзіндік оқушысы, көрермені бар. «Дүниеде ең жаман, ең жиіркенішті нәрсе - алдау!

Өмір дегеніміз ақиқат десек, ендеше ақиқат тек әділдік болғанда ғана орнайды. Бұл туралы жазушы Оралхан Бөкеев өзінің ойын «Атау кере» шығармасында да нақты мысалдармен дәлелдеген. Пенделік дүниенің ырду-дырдуынан қашып байлықтың қызығына алданған бас кейіпкер Ерік өзі өскен ауылды тәрк етіп, табиғатты мекен етеді. 70-80-жылдардағы қазақ прозасындағы ауыл тақырыбы елеулі тақырыптардың бірі болды. Ол Оралхан Бөкеевтің «Мұзтаудағы» Ақтан, «Жетім ботадағы» Досым бейнелерінде анық берілген. Мысалы:

- Саған ризамын, Досым... Сен алғашқы күйіңде қалған екенсің.
- Өзің ше, өзгеріп кеттің бе?

- Мен баяғы Тасжан емеспін, мүлдем бөтен біреумін. Бұл жерде

кейіпкерді Оралханның суреткерлік жұмбақ кілттері жеке зерттеп, айрықша талдап, сөйлетуі тиіс. Ол ол сөйлету жазушының тіл шеберлігіне, тіл шұрайлылығына байланысты. Сонда ғана шығарма сәтті шықпақ.

Жазушы жекелеген адамдар тағдырын зерттеп, суреттей отырып, бүкіл әлеуметтік айтыс-тартысты қарастырады. Жалпы О.Бөкейдің бүкіл шығармаларын роман, повесть, хикаяттарын тұтастырып тұрған замана тынысын тарылтып тұрған пенделік тақырыптар.

Ал «Атау кере» повесінің шарықтау шегі мынадай трагедиялық жағдайда аяқталады. Оны жазушы диалог арқылы шебер, көркем бере білген.

«...Бұл табиғаттың құдыретіне дауа бар ма?

- Бұлай тұра берудің реті жоқ, не ем-дом жасаймыз?

- Білмеймін, аға білмеймін. Апамның түбіне ара жетеді деп кім ойлаған?

- Ерік үйге қас қарая кіріп, анасының тамырын ұстады, алақанын алақанына апарды.

- Апа, не айтасың маған? - шешесі басын шайқады.

-  Артық-кемім болса кеш, анашым. - Қанша қатыгез десек те, үні дірілдеп шықты. Шешесі басын изеді.

Өлім аузындағы адамның халі өте аянышты, әрі өкінішті.

Нюра  Фадеевнаның тұла бойы, саусақтарынан бастап, суына бастағаны рас-ты. Бірақ шыбын жаны ұшып кете қоймаған...

Оның  дәл осына өлім арбасына мінер тұсында,  қандай құдіреттің күші екенін кім білсін, құлағына шіркеу қоңырауының үні естіліп, тау-тасты жаңғырықтыра күмбірлеп ала жөнелген.

...Әне, Нюра Фадеевнаның алдынан ескі діндарлар (староверы)  жұмағының есігі айқара ашылған...

Ол-мәңгілікке сапар шекті.

Бұл трагедиялық сюжеттің шарықтау шегінен түсінетініміз өз ұлтыңды, өз халқыңды сүюден туған шексіз мәңгілік махаббат. «Отан отбасынан басталады» демекші, Еріктің буданның тұқымы болуы, жазушы Оралхан Бөкеевтің кейіпкерлері, олардың сан қилы тағдырлары шығарма бетінде өрнектелген. Оралхан Бөкеевтің көптеген шығармалары лиризмге толы туындылар. Жазушының «Елең-алаң», «Жетім бота» туындылары атты көркем шығармалары  өзінің образдылығымен ерекшеленеді. Теңеу, метафора, эпитет, метонимия секілді сипаттамалар арқылы жазушы кейіпкер тілін шебер, шұрайды етіп, бере білген. Авторлық даралықты, жазушының өзі қолтаңбасын танытатын стильдік амалдардың бірі - диалог, монологтар. Жалпы Оралхан Бөкеев шығармаларында сөйлемдер күрделі сөйлемдерден тұрады. Мысаы, аралас, құрмалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер. Ондағы сөйлемдердің барлығы сөздік қормен сабақтастыра, байланыстырыла тіл байлығының толық образын жасайды. Белгілі жазушы Оралхан Бөкеевті басқа жазушылардан бөлектеп тұратын қасиеті не дегенге:

Оралхан Бөкеев портреттерінен біз шындығында да Алтай табиғатынан оған деген  ұқсастығын анық байқаймыз. Оның әңгімелерінің тілі сондай жатық, сондай қарапайым, оқуға жеңіл. Оралхан өз шығармаларында символ, халықтық аңыз-әңгімелерді көбірек пайдаланады. Оралхан Бөкеев ХХ-шы, ХХІ-ші ғасырлардағы қазақ әдебиетінің көкжиегіне көрік берген жазушы. Оның «Атау кере» шығармасындағы Аспан қарт пен таза жүректі Таған Аспанның Аспан, Тағанның Айна - адам жанының мөлдірлігін көрсетсе, Ерік - есер образды көрсетеді. Барлық шығармада ортақ ойдың желісі - бас кейіпкер. Көркем шығармада үлкен орын алатын құндылық - деталь болып табылады.

Жазушы шығармада адамның ішкі жан иірімдері мен рухани сырын аңғартуы тиіс. Одан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып жатқан рухани өзек - тамаша нәзіктік, әдемі сыршылдық пен әуез қатар өрілуі тиіс. Қаламгер шығармашылығындағы кейіпкердің психологиясының ашылуы олардың сөйлеген сөздері, іс-әрекеті, ішкі монолог, психологиялық диалог, ым-ишарат, жест, деталь, портрет және т.б. арқылы жүзеге асып отырады.

Оралхан Бөкеевтің «Атау кере» повесіндегі: «Бекзат менің келгенімді білді ме екен?» Терезенің қақпағын айқара ашып қойды. Бұл - Еріктің түскенін сатушы әйел Бекзатқа сездірер белгісі еді. «Бекзат үйінде-ау деймін. Магазин жабық қой... Онда анау ат неге байлаулы тұр?..» Арашы жігіттің жүрегін қызғаныштың асыранды ала мысығы тырнап алды. «Перінің қызы Бекторы деп бекер айтпаған-ау сен сайқалды». «Жо-жоқ, ол ондай емес. Адал. Бірақ кісіден жем жеп үйренген» деп өз ойына өзі қарсы шықты», - деген жолдар деген суреттеулер кейіпкердің бір қарағанына осынша терең мәнді сыйдыра білген қаламгердің әйел психологиясының білгірі екенін аңғартады.

Көз жанарының түрлі сипаты арқылы адамның ішкі дүниесінде болып жатқан түрліше психологиялық хал-күйді таныту арқылы жазушы кейіпкерлерінің образдарын тереңдете ашып көрсетеді. Ал, «Атау кере» повесінде жазушы Еріктің барлық тұрмысын оның бір сәттік көзқарасы арқылы анық аңғарта білген. Адам мен қарым-қатынас, әңгімелесу үстінде өзгенің бет-әлпетінен тек сол сәттегі эмоциялық сезімді, көңіл-күйді ғана емес, оның бүкіл ғұмырынан сыр шертер нәзік нюанстарды аңғара алатынын сезімталдықпен жаза білген.

Айнаның бойындағы керемет назды да биязды қылығын жазушы аса шеберлікпен бере білген. «Айна әдеттегіден де ерте тұрды. Есік алдыңдағы үстің шатырлап, қолдан қалап қойған пешке от жақты, пештің үстіндегі шойын қазаңға су құйды. Беті-қолын жуып, тілерсегіне түсетің шашын тарап, төбесіне түйді. Табиғат сыйға тартқан көл-көсір мол шаштың ұйысқаның жазып, тарап өруден қиын нәрсе жоқ-ты. «Құдайға күнәлы болсам да, ұлымнан гөрі сені жақсы көрем, келінжан» деп, Нюра кемпір айналып-толғанатын».

Бұл жерде жазушы кейіпкердің болмысын, іші мен сыртын бірлікте суреттей отырып, дарынды суреткер екендігін танытады. Жаңа келін болып түскен Айнаның ерекше жаратылысын, нәзік табиғатын, аса қамқорлығын, ұлттық психологияға тән портретін мінездеу ашық тұрғыда сипатталады. Ұлттық психологиялық портретті беруде Айнаның қазақи қасиеттерді бойына мол жинақтаған жан иесі екенін жан-жағына мейірімді көзбен қарайтын жанарын суреттеу арқылы ұқтырады.

Жазушы шеберлігі де осында, ол ешқашан өз оқырманын тізеге салып оқытудан аулақ. Шығарманы оқи отырып, кімнің кім екенін бажайлауды оқырман еншісіне қалдырады. Оралхан Бокеев кейіпкерлерінің характері мен өмірлерін тек тұрмыстық көзқараспен бағалау мүмкін емес. Оның қай кейіпкерін болсын, бір жақты түсіндіру қиынға соғады, өйткені оның қазақы, ақеділ де аңғал кейіпкерлерінің бойынан кәдімгі адамға тән барлық жақсылы-жаманды қасиеттерді табуға болады. Қаламгер стилінің ерекшелігі де кейпкерлерінің бастан кешетін іс-әрекеттері, оқиғалардың сан түрлілігі, ешкімге ұқсамайтындығында.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ахметжан Т. «Қазақ прозасының мұзтауы: Оралхан Бөкей» // Қазақ әдебиеті газеті. - Алматы, 5.12.2003.

2.Ахметжан Т.  Оралханды ойлағанда ... // Қазақ әдебиеті газеті. 21.09.2004.

3. Бөкеев О. Ұйқым келмейді: Повесть, әңгімелер. - Алматы: Жалын,1990. -  560 б.

4.Бөкеев О Қайдасың қасқа құлыным. Повестер, новеллалар. - Алматы, 1973.-200б

5.Бөкеев О. Мұзтау: Повесть, эссе, новеллалар.  - Алматы,1975. -256 б.