Мейрбекова
Балжан Садыбековна, Шымкент, Қазақстан
АӘИУ-нің
ІІ курс магистранты
«Жүсіп Баласағұни еңбектеріндегі
халықтық педагогика мәселелері»
Қазіргі
тәуелсіз Қазақстан - ата-бабаның орындалған
шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы.
Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік
халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты
дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға,
тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге,
халыққа айналу үшін үздіксіз күресті. Өйткені
халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде
қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел
атаған аз ғана уақыт, ішінде ғасырларға жүк
болар үлкен өзгерістерді бастан өткерді. Еліміздің
экономикалық, саяси, әлеуметтік даму барысы нақты
қарқындай түсті. Әрбір мемлекеттің іргетасы
қаланғаннан бастап, алдымен қолға алатын басты
ісі-өзіміздің Ата Заңымыз Конституцияны қабылдау болып
табылады. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз
заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз
қабылданып, ата заңға сүйене отыра
қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам
құқықтарын қорғайтын заң жобалары
қабылданды.
Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады, өзінің тәуелсіздігін
жариялағаннан бері тұтастық пен тыныштықты,
жарастық пен жасампаздықты ұлттық идея мен
ұлттық мүдденің төлтумасы ретінде мемлекеттің
өркендеуге айналдырады.
Бүгінде Қазақстан қоғамы
тұтастыққа, татулыққа өзара келісім мен
жарастыққа талпынып жатқан тарихи кезеңді бастан
кешуде. Дәл қазір біз үшін Тәуелсіздіктен қымбат
ештеңе жоқ, оның қадірі еш нәрсемен
өлшенбейді. Өйткені, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы
аңсаған, армандаған тәуелсіздікке еліміз қол
жеткізді.
Сөйтіп,
Тарих пен Заман, Қоғам мен Халық - осы төрт
құдіреттің адамзатқа, оның бүгінгі мен
ертеңіне үкім айтуға құзыры жетті.
Тарих-төреші, заман-сыншы, қоғам-мінші, халық-таразы.
Тамыры тереңге кететін шешімін осы төртеуін қалап алған
ел жүретін жолынан адасуы мүмкін емес. Әр заман, тарихи
әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің
дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны
мәлім. Олар елдің мұң-мұқтажын көре
біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын
арнаған, туған халқының игілігі үшін бар
күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық
тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті
дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа
жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал
етіп келген. Ел тарихында көрнекті орын алған сондай
тұлғалардың бірі - Ж.Баласағұни.
Ж.Баласағұнидың
ізімен немесе одан тәуелсіз қорытындылар арқылы
ғылымның және білімнің маңыздылығы мен
пайдалылығы идеясын Махмұд Қашғари, Ахмет
Жүйнеки, Қожа Ахмет Ясауи, әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф
Сараи да дәледдеген еді. Аталған ойлардың ерекше
өзгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени
құндылықгар әрбір халықтың туған
тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын
ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы
қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады. Туған тілдің
рөлін түсінудегі пікірлестік олардың
түркі халықгарының рухани сұраныстары мен
тілектеріне жақындастырды. Мәселен, кезінде ел арасына
кеңінен тарап, авторға ізгі атақ әкелген
«Құтты білік» шығармасындағы халықтың
талғам-білігін аңғартатын толып жатқан
арналардың біреуін ғана, яғни тілдің
қоғамдық-әлеуметтік,
әсіресе, эстетикалық орнын айқындайтын бәйіттерге
назар аударсақ, қазақ жағдайында бірауыз
сөзбен адам тағдырын шеше беретін дәстүрдің
алғашқы бастауын көріп, өткенімізде қаншама
рухани байлық жатқанын аңғарамыз.
Соның
ішінде адамдық жетілулердің мәні мен мазмұны жайлы
түсінік төрбиенің халықтық
идеалдарының түрақтылығынан куә
етеді. Кемелденген түлға сипаттары тек тілек-сөздер аумағында
ғана мүмкін болған жоқ Олар тәрбие
тәжірибесі мен тығыз байланысты алға шықты,
яғни сөз бен істің бірлігі
халық педагогикасының ең күшті
түстарының бірі деп арнайы көрсетеді. Ұлы
данышпанның айтуынша, тәрбие мақсатын жүйеге келтіруге
өрекеттенеді. Жақсы тілек, жақсы сөз, жақсы
іс – автордың көрсетуінде түркі
халықгары үшін белгілі өсиет. Аса байкалатыны, олардың
адамдық кемелдену зандылығын тәрбиелеу,
өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеумен
өзара байланыста, бірлікте қарастыратындықтары
байқалады. Жетілу - түркілер ұғымында
тұлғаның ұнамды жөне
ұнамсыз сапаларының бірін-бірі жоққа
шығаруы. Жағымды сипаттардың қалыптасуы бұл
жерде, ең алдымен адамның жағымсыз
сапаларға қарсы тұра алатын ішкі күштерін
қолдау ретінде түсіндіріледі.
Ойшыл
ғалымның жауынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын
белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды
сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл
құндылықтар мен олардың
қарама-қарсылықтарының халықтық
түсіндірмесі мыналар:
•
біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;
•
екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;
•
үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;
•
төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер
етуі мүмкін;
•
бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық
бүлдіреді.
Шығармада
халықтық педагогикалық
тұжырымдарының дұрыстығы, тиімділігіне назар
аудартатын мұндай парасатты мәліметтер жеткілікті. Ұлы
педагог ретінде Жүсіп Баласағұни халықгық
педагогика адамзат рухани ілгерілеуінің нақты тарихи
кезеңін, педагогикалық білімдер деңгейін көрсете
алатынын дұрыс байкайды. Халықтық педагогикалық
афоризмдерді ойды білдірудің тиімді құралы ретіңде
жақсы көреді. Шынында да халық еш уақытта
бала тәрбиелеудің енжар сырттай бақылаушысы болған
емес. Оның
өзін-өзі
тәрбиелеуі кей уақыттарда арнайы
ұйымдастырылған тәрбиеден тиімдірек болып шықты.
Жай халықтың
ісі, көңілі, құлқы да,
Сай келеді білік, акыл,
қүлқына...
Оларсыз еш іс бітпейді емес
пе? – деп ойшыл халық педагогының
түркілердің өзіңдік, соны адамгершілік
тәртібіне өзіндік рухани мөдениетіне арнайы
көңіл аудартуы осыдан. Бұқара халықта оның өмірін
игілендіруші ежелден калыптаскан салттары мен дәстүрлері мол
болцы. Олар табиғатқа қарым-қатынаста
халықтың ауызша шығармашылығында,
таңғажайып халықтық қолөнерде,
киімнің әдемілігінде, даланың даңқты
қонақ жайлық кағидаларында, жақсы
мінездің ізгі әдеттері мен әдептілік ережелерінде
білініп отырды.
Мұның
өзі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»
шығармасының қазақ халықтық педагогикасы
тарихындағы орасан зор орнын айшықтайды. Халықтық
тірбие даму үрдісіндегі тірі дене болып табылады. Халықтық
педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе
көне жазба екерткіштерде, мақалдар мен мәтелдерде, ертегілер
мен жырларда, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында
толықтай бейнеленіп, берілген. Ұлт мәдениетінің тегі –
сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған
кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын
тәрбиелеуден туындағаны белгілі.
Еліміздің
сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта
ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын
білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі
ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың
қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы
тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында
жасырынған рухани мұралар көптеп
саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму
тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары -
Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари
Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр
етті. Түркі халықтарының көрнекті
өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани
мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған,
қазақ топырағында дүиеге келген. Оның
өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың
қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн
қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.
В.В.Бартольд
пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың
әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі
- білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол
кезде «Қашқар қаласының халқы ғана
нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан
тілінде» сөйлеген дегенді айтады. Дарынды ақынның,
көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның
өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы
кітаптың авторы - Баласағұни қаласында дүниеге
келген адамгершілігі жоғары - ұстамды азамат. Еңбекті
Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға
ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап,
дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді».
Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның
асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ,
ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және
парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін
дана астроном, математик болғанын аңғарамыз.
«Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде
баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан
оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу,
Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты
өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат,
өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін,
тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық
туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде
қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің
өз қарамағындағы әрбір қоғамдық
топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген
мәселелер қамтылады.
Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған
еңбек. Жүсіп Баласағұнидың
«Құдатғу білік» түркі тілдес халықтардың
ішінде бізге жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып
табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың
бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына
дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі.
Жүсіп
Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік,
ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер
түрінде жазылған педагогикалық және
психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек
болып табылады. Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың
алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен
қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше
мән береді. Сонымен қатар ғұлама ағартушы
Құдадғу білік Х.Сүйінішалиев айтқандай, «орта
ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және
көркемдігі жағынан зерттеушілерді таңқалдырған
әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін
мекендеген түркілердің және олардың
мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық
әдеби мұра».
Дастанда
«Тіл туралы» айтқан қағидаларының
тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше.
«Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы
бақыт табады», «Тіл адамға жапа да шектіреді», «Абайламаса, басынан
да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа».
Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та көрмейді.
«Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді
салмақтай айт», «Он мың сөздің түйінін он
сөзбен шеш», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі –
сөз, кісі көркі – жүз, жүздің көркі –
көз!».
Дастанда
білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және
жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік
құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады,
мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі,
ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады,
білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе
тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді
ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға
қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан
керең, сезбес айыпты!
«Білім
– байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы,
ұрыға да тоналмас!».
Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл
кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік
білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз,
шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!
Жүсіп
Баласағұнның осындай дидактикалық өсиет,
ғибрат, ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500
бәйіттен тұрады. Дастанның соңында ақын
қарттықтың келгеніне қоса достардың
қатігездігін айта отырып, өзіне-өзі сабыр,
өзіне-өзі тоқату, ақыл-кеңес айтады. Ортағасырлық
Шығыстың ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен
Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі
түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының
тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес
қосты.
Әлем таныған ғұламаларды туғызған елге
олардың даңқы тек атақ үшін қажет
емес.Халық өзінің ұлы адамдарының
өсиеттерін негізге ала отырып, қоғамдық
құрылымы мен әлеуметтік жағдайын, адамдардың
өмір сүру деңгейін, бостандық пен демократия
принциптерін және тағы басқа жоғары адами
құндылықтарды жаңартып, дамытып отыруға қол
жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Жүсіп
Баласағұни. Құдатғу білік. - Алматы, 1990.
2.Сүйінішалиев
Х. Орта ғасырлардың әдебиет ескерткіші. - Алматы.
3.Қазақ және әлем әдебиеті № 5-6 (24) 2007
жыл.
4.Дербісәлиев
Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. - Алматы, 1995.