Оқытушы: Альбосынова Э.А.
Талдықорған
агротехникалық колледжі
Меншік құқығы
— қоғам өмірінің шарты
Меншік және меншік
кұқығы дегеніміз — әр түрлі ұғымдар.
Меншік туралы айтылғанда еңбектің өнімдерінің
тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйектейтін
өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне
иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық
қатынастар туралы болады.
Меншік дегеніміз —
қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы
экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз
қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады. [1].
Меншік
құқығы объективті және субъективті
мағыналарға байланысты бөлінеді. Объективті мағына тұрғысынан
алғанда меншік құқығы өндіріс
құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану
және өкімдік жүргізу қатынастарын дәйектейтін
құқықтық нормаларының жиынтығы болып
табылады. Меншік құқығы дегеніміз субъективті мағынасында — белгілі
бір адамның нақты мүлікке қатынасты
құқығы болып табылады. Меншік иесіне мүлікті
иелену, пайдалану және оған өкімдігін жүргізу
құқықтары тиесілі. Бұл
құқықтар, дәлірек айтқанда, меншік
иесінің өкілеттілігі адамның меншік құкығының
мазмұнын құрайды.
Қазақстан
Республикасының Конституциясында көрсетілгендей:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды
түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде
ұстай алады.
2. Меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына
заңмен кепiлдiк берiледi.
3. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға
болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет
мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның
құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi
мүмкiн.
4. Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз
мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн
еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк
қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жазықсыз
бәсекеге тыйым салынады [2].
Меншік қай
қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып
келді. Сондықтан да меншік құқығын
құқық институты ретінде қараған кезде оны
меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің
өзі материалдық игіліктерді табиғаттың өнімдері
мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи
қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты
иелену, меншіктену екен, онын өзі заттың пайдалы қасиеттеріне
орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс
барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің
экономикалық қатынасы құқық нормала-рымен
реттеліп, меншік құқығына айналады [3,7].
Азаматтық
кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынандай
анықтама берілген: "Меншік құқығы дегеніміз
— субъектінің, заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз
қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету
құқығы". Бұл анықтама мейлінше
дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген.
Өйткені, субъектіге "тиесілі" деген сөзбен шектеліп
қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану
және билік ету құқығын береді. Меншік
құқығына анықтаманы субъектінің
мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің
қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің
затқа үстемдік етуі заңдастырылған және
оған толық құқылы [3].
Осындай үстемдікке
қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген
қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге,
өндеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне
толық құқы бар. Затқа заң арқылы
үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген
шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу
меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын
тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы
мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің
188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай
құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол
себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену,
пайдалану және билік ету құқығы заң
арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік
иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа
тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін
бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай
құқықты немесе заңды мүддені бұзу
басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі
өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын
пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол
беруі мүмкін. Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол
бермеу үшін де осындай талап заңға енгізілді. Меншік иесі
өз құқықтарын жүзеге асырған кезде
азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға
келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын
қолдануға міндетті [3,188].
Азаматтық
кодекстің 188-бабында қаралған меншік
құқығының иелену, пайдалану және билік ету
тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заң
мен қорғау да ескерілген. Мұндай
құқық өздігін, құқығына
тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін
сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың
сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай
құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты
қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың
орнын толтыруға құқылы.
Азаматтық
кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес меншік
құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке
меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген
негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
[3,188]
Меншіктің
экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің
құқықтық қатынастары адамның еркі
бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан
және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл
қатынастарға құқықтар мен
міндеттердің иесі ретінде кіред,олт құқықпен
реттеледі және қорғалады. Меншіктің
құқықтық қатынастары меншіктің
экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен,
олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде
өзінше дербес болады. [4]
Меншік
қатынастарын реттеуді әртүрлі
құқықтық тәсілдермен жүзеге
асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы
зерттеу тұрғысынан алғанда меншік
құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны
түсінудің екі қырына тоқталайық.
Құқықтық
институт ретінде меншік құқығы
құқық нормаларының жиынтығы болып табылад,
ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға берілгендік
(тиесілік) жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды.
Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік
құқығы туралы болып отыр. Заңдық
биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру
субъективтікм мәндегі меншік құқығы туралы
айтуға мүмкіндік береді. Меншік
құқығы мүлктік, абсолюттік, заттық
құқық болып заңға сәйкес белгіленеді,
ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену,
пайдалану және билік ету
құқығының мүмкіндігімен және иемдену,
пайдалану және билік ету құқығының болуымен
сипатталады. Қолдану және артықшылық
құқығы меншік құқығына ілесе
жүреді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Кемали М. С. Адам құқықтары және оларды
қорғаудың тетіктері :
оқу құралы /. - Алматы : NURPRESS, 2012. - 393 б.
2. Қазақстан
Республикасының Конституциясы. 30.08.1995. - Алматы: Жеті жарғы,
2007.- 40 б.
3. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі. 27.12.1994. -Алматы: ЮРИСТ, 2007.-309 б.
4. Жайлин Ғ. А. Азаматтық
құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 2 том.—
Алматы, 2012.— 428 бет.