Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар бойынша
жеке қылмыстардың қылмыстық-құқықтық
талдау мәселелері
з.ғ.к. Сартбаева У.К.,
аға оқыт. Мирзакулова Б.А., магистрант Ермекбаев К.Б.
М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент,
Қазақстан
Тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі
даму кезеңінде криминологиялық зерттеулердің
нәтижелеріне сүйенбей, нақты криминогендік ахуалдың
заңдылықтары мен үрдісін терең білмей
қылмыстық-құқықтық, іс
жүргізу, криминалистикалық және пенитенциарлық
мәселелерді шешудің мүмкін еместігі көпке аян.
Пайдақорлық
қылмыстылық – ол құқыққа қарсы
қайтарымсыз пайда табу мақсатымен жасалған
қылмыстардың жиынтығы.
Зорлық
қылмыстылықтың түбірінде “зорлық” сөзі
жатқанмен де қазіргі ұғымымыздағы зорлық
қылмыстылықтың негізін зорлық қана емес,
күштеу, күш қолдану да құрай алады. Ал орыс
тіліндегі “Насильственная преступность” терминінің түбірі “насилие”
сөзінің өзін екі мағынада түсінуге болады.
Оның бірі – заттың аты ретінде (зат есім) және, екіншісі - әрекет
ретінде. Осы айтылған “күш қолдану” (насилие)
ұғымының айналасында қылмыстық
құқықта сан түрлі пікірлер бар [1].
Бірі оның
белгілерін анықтау барысында тым көлемін кеңейтіп жіберсе,
келесілері тым тарылтып тастайды. Мысалға, соңғыларының
қатарына күш қолдану деп тек қана тәни
күшті түсінетіндерді айтуға болады
Осындай
олқылықтарды айта келіп, Л.В. Сердюк “күш
қолданудың” белгілерін ажыратады да оған анықтама
береді, яғни “күш қолдану – ол өзге
тұлғалардың тарапынан болатын қасақана және
заңға қайшы адамға (немесе адамдар тобына) оның
еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын
және оған органикалық, физиологиялық немесе
психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру
не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету”
[2].
Осы соңғы
анықтама күш қолданудың қырларын аша
алатындықтан, біз де осы ұсынысты қолдаймыз.
Пайдақорлық-зорлық
қылмыстылық осы екі түрлі қылмыстылықтың
түйіскен жерінен орын алады, өйткені барлық
пайдақорлық қылмыстар зорлықпен жасалмайды, сол сияқты
зорлықпен жасалатын қылмыстардың барлығы пайда табуды
көздей бермейді.
Демек, пайдақорлық-зорлық
қылмыстылық материалдық пайда табуды көздеп
қасақана және заңға қайшы түрде
адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен
тыс күйде жүзеге асырылатын және оған
органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат
салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету
бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету жолымен жасалатын
белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған
қылмыстардың жиынтығынан тұрады.
Объектіге арналған арнайы зерттеулер барысында,
оның, яғни объектінің көптеген сұрақтары
дұрыс зерттелмеген. Қылмыстың объектісін зерттеген авторлар
бір пікірмен ғана келіседі: «объект бұл қоғамдық
қатынастары.
Жалпы объект бұл-қылмыстық
құқық нормаларымен қорғалатын
қоғамдық қатынастар болып табылады. Жалпы объект барлық
қылмыстарға бір, оның анықтамасы мемлекетіміздегі
қылмыстардың топтық табиғатын ашуға
мүмкіндік береді. Топтық объект болса біртектес және
бір-бірімен тығыз байланысты қоғамдық байланыстар болып
табылады. Топтық объект қылмыстық әрекеттердің
қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның
деңгейін анықтауда маңызы зор. Тікелей объект бұл-
нақты қатынас немесе бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше
қатынас. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың
қоғамға қауіптілік дәрежесін
анықтауға және оның әлеуметтік сипаттамасын
дүрыс беруге мүмкіндік туғызады. Қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың қылмыс ретіндегі
ерекшелігі, бұл қылмыстың объектісі зиян келтіруі әр
түрлі жолдармен жүзеге асырылады.
Қылмыстық
істер жүргізу заңында оған келесідей анықтама береді:
«Жәбірленуші дегеніміз қылмыстың салдарынан материалдық
және моральдық зиян шеккен адам [2].
Жәбірленуші қылмыстың дара элементі
болып табылмайды. Жәбірленуші қылмыстық зандармен
қорғалатын қоғамдық қатынастармен
байланысты болатын болса, онда ол қылмыс объектісіне жатқызылады. Банда
өзінің қызметін әр түрлі әдістермен
және формамен жүзеге асырады. Бұндай формалар банданың
мәнінен туындайды, яғни бірнеше түлғаның
бандалық қызметінен туындайды.
Қоғамдық қауіпсіздікке
қарсы қылмыстар іс бойынша бірнеше жай қылмыстардың жасалуы
(жеке басқа қарсы құқық
бұзушылық, меншік, мекеме және ұйымдардың
қызметі) бұлардың әрқайсысында өзіне
тән объектілері бар.
Бірақ бұл қол
сүғушылықтар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Бұндай қол сұғушылықтар топтың
субъектілерімен және ерекше сипаттағы әдістермен жасалынады. Қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың зандық
табиғаты, ол бірнеше әрекеттерді біріктіреді. Олардың
әрекеттері мен объектілері, бағыттары эр түрлі болады.
Соның салдарынан жаңа қылмыстар туындайды.
Осы жағдайларды ескеріп заң шығарушы
қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар
белгілерін тізбектеп көрсеткен кезде, оны күрделі қылмыс
құрамына жатқызады.
Қоғамдық қауіпсіздікке
қарсы қылмыстардың объективтік жағы
ҚР ҚК 268-бабы
бойынша тұрақты қарулы топты (банданы) құру, сол
сияқты осындай топқа (бандаға) басшылық ету не ол жасап
жүрген шабуылдарға қатысу не адам өзінің
қызмет бабын пайдалана отырып жасаған қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың объективтік
жағын көрсетеді.
Банданы құру
деп - банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банда
құрамына мүшелер тарту, банда мүшелерінің
рөлдерін белгілеу, олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды
айтамыз.
Сонымен
қоса, банда ұйымдасқан болуға тиісті. Ал
тұрақтылық пен ұйымдасқандықтың
белгілері мыналар болып табылады:
- банда
құрамының үнемі тұрақты болуы, яғни
банда құрамынан шығудың қиындығы,
шыға қалғандар болса, олардың ізбасарларын алу.
А.Н.
Красиковтың есептеуінше қоғамдық қауіпсіздікке
қарсы қылмыстар - қашанда қару қолдану, ал
қарақшылық қарусыз-ақ жасалуы мүмкін;
қарақшылық- жалғыз-ақ тұлғамен
жасалуы мүмкін болса, қарақшылық қашанда
қарулы топпен жасалады; қоғамдық қауіпсіздікке
қарсы қылмыстармен қарақшылықтың тағы
бір айырмашылығы - ол қарумен ғана емес, қару ретінде
пайдаланылатын заттармен де жасалады [2, 458б.].
Психикалық зорлық қорқытудың әрқалай
түрлеріне және психикалық зорлықтың басқа тәсілдеріне
бөлінеді.
Қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құрамы
объективік жақтың құрылысына қарай келте болып
келеді, ал келте құрамды формальдық құрамның
өзінен бөлек қарастыруға болмайды. Формальдық
құрамның өзін «келте» және «қауіптілік» құрамдары деп
қарастыру қажет. Сол себептен қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстар құрамы да формальдық
құрамдардың бірі. Банданы құру оны
жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банда құрамына
мүшелер тарту, банда мүшелерінің рөлдерін белгілеу,
олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды білдіреді.
Мұндай
тұрақты топты құрудың өзі де бірнеше ерекше
белгілермен сипатталуы тиіс. Олар:
-
банданың құрамына екіден кем емес адам кіруі;
-
банданы құрушылардың арасында
тұрақтылық болуы;
-
банда мүшелерінің қарулануы;
-
банданың ұйымдар мен азаматтарға шабуыл жасау
мақсатында құрылуы.
Қоғамдық қауіпсіздікке
қарсы қылмыстардың субъектісі
Күш көрсетіп және психикалық қысым жасап
пайдақорлық қылмыс жасаған адамның
қылмыстық-құқықтық сипаттамасы адамның жасы, жауаптылық
қабілеті, қылмыстық қызметінің бағыттылығы
және ұзақтығы, рецидив, бір уақытта бірнеше
қылмыс жасағандығы, ол үшін нақты тәсілдер
мен әдістерді пайдаланғандығы, күш қолдану тетігі,
оның формалары туралы заңдық мәні бар
деректердің жиынтығын
құрайды.
Көрсетілген қылмыстар үшін 14
жасқа жеткен адамды қылмыстық жауапқа тарту
ғылыми дәлелді деп ойлаймыз, себебі заң шығарушы бұл жерде
жасы толмағанның
қаншалықты өсіп-дамығандығын негізге алады. Адам
бұл жаста едәуәр дамып білім алады, жасаған
әрекетіне есеп алады, оның қоғамға қауіптілігін
түсінеді.
Мысалға А.И. Дворкин мен Р.М. Сафиннің зерттеуінше, топ болып
қарақшылық әрекет жасағандардың 10%-і 18
жасқа, 40%-і - 25 жасқа, 35%-і -35 жасқа дейінгілер
және , 14%-і - 35 жастан жоғары болған [3,32б.].
Жауаптылық көтерудің
қасиетті шарты адамның есінің дұрыстығы.
Есі дұрыстық дегеніміз - қылмыс
жасаған кезде өзінің сол іс-әрекетінің
қоғамға қауіптілік сипатын ұғынып, оны
басқара алуға қабілетін көрсететін адамның
психикалық жағдайы.
Есі дұрыс емес адамдар жауапталуға
және жазаға тартылуға тиіс емес. Жаза айыпты адамды
қайта тәрбиелеу үшін және жаңа
қылмыстың алдын алу үшін қолданылады. Мұндай мақсатқа
психикалық күйі қалыптан ауытқымаған адамға
қатысты ғана жүргізсе, қол жеткізуге болады. Ал
психикалық ауруы бар, есі дұрыс емес адам жазаның
әсерін қабылдай алмайды.
С.Н. Шишков
былай дейді: «қылмыстық заң есі дұрыс
еместікті адамның ерекше психикалық күйімен теңестіреді,
ондай күй психиканың бұзылуының ерекше көрінісі
болып табылады»[4,28б.].
Есі дұрыс еместік - адамды
айыптауды және жауапқа тартуды болдырмайтын, өзі
жасаған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің)
қоғамға қауіптілік сипатын ұғына
алуға және оны басқаруға қабілетсіздігі, ол
созылмалы психикалық аурудан, ақыл кемдігінен немесе өзгедей
психикалық сырқаттық күйден барып туындайды.
Есі дұрыс еместік түсінігі
медициналық және құқықтық критерийлер
бойынша анықталады. Ю.С. Боголяковтың пікірінше, «қылмыстық-құқықтық
есі дұрыс еместік нышандардың үш тобынан яғни үш
критерийден тұрады, олар: құқықтық,
медициналық және психологиялық»[5,105б.].
В.П.
Сербскийдің пікірінше: «практика жүзінде қолдану үшін
қандай да бір дұрыс өлшем беру мүмкін болмаса да
заңдарға азайтылған есі дұрыстық түсінігін
енгізу - едәуір
түсініспеушілік тудырған болар еді, ол есі дұрыс еместік
мәселесін шешуге жалған бағыт сілтер еді, ал бұл
мәселеде тек екі шешім бар: не адам әрекет еркіндігіне ие болды -
онда оның есі дұрыс, не ол оған ие болған жоқ -онда
оның есі дұрыс емес» [6,44б.].
С.Н. Шишков пен Ф.С. Сафуанов кейде жөнсіз
араласып кететін екі түсінікті: қылмыстық жазалау субъектісі
болу қабілеті мен қылмыстық жауаптылық субъектісі болу
қабілетін ажыратуды ұсынады [7,82-90бб.].
Біздің пікірімізше, пенитенциарлық
құқық сотталған адамның жаза өтеу
кезінде бастан кешіретін қиындықтарын емес, оның жазаны
өтеуі мүмкін екендігін немесе мүмкін еместігін ескеруді талап
етеді, себебі жазаның субъективтік және объективтік
қиындықтары көбіне оның жазалау жағының
атрибуты.
А.С.
Якубовтың пікірінше, мұндай адамдарға
тағайындалған жаза баптың санкциясы бойынша көзделген
ең көп мерзімнің төрттен үшінен (вариант - үштен
екі)
аспауға тиіс [8,41б.].
Шектеулі есі дұрыстықты есі
дұрыстық пен есі дұрыс еместік арасындағы орта
күй деп қарастырмау керек. Шектеулі есі дұрыстық
жағдайындағы адам, мысалы, пайдақорлық-зорлық
қылмысын жасаса, ол адам есі дұрыс деп танылады және
қылмыстық жауаптылық көтереді. Екіншіден, адамның
шектеулі есі дұрыстық күйде болуы жазаны міндетті түрде
жеңілдету керек дегенді білдірмейді.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
қылмыстардың субъективтік жағы
Қылмыстың
субъективтік жағын сипаттайтын белгілерді толық және
жан-жақты анықтау қылмысты дұрыс саралаудың, әрекеттің және сол
қылмысты жасаған адамның қоғамға қауіптілік
дәрежесін анықтаудың, жауаптылықты жеке -даралаудың қажетті
шарты болып табылады.
Барлық қасақана қылмыс сияқты,
қорқытып алушылықтың субъективтік жағы - кінә, мотив және
мақсат.
Кінә-қылмыс элементі. Ол кез келген қоғамға
қауіпті әрекеттің маңызды құрама бөлігі болып табылады.
Кінә болмаса қылмыстық жауапкершілік те болмайды,
кінәнің
интеллектуалдық және еріктілік белгілерінің қандай да бір
арақатынасы оны қасақана (тікелей және жанама)
және абайсыз (менмендік және немқұрайдылық) деп
бөлуге жетелейді. Кінәлілік дегеніміз-қылмыс
құрамының
тек субъективтік жағы, яғни қасақаналық немесе
абайламаушылық, себебі заң оны мотивпен, мақсатпен және эмоциямен
байланыстырады. Кінәнің шын мазмұнын, нақты формасын және
дәрежесін анықтамай адамды ерекше қауіпті қылмысты
қайталаушы деп тану туралы, шартты соттау, шартты-мерзімінен бұрын
босатуды, рақымшылықты қолдану туралы мәселелерді
дұрыс шешу мүмкін емес. Арам ниетті-тікеге немесе жанамаға
жатқызу адамның
қоғам әкелген қауіпті салдарға қалай
қарайтындығына байланысты, ол соны қалады ма, әлде
әдейі соған жол береді ме? Бірақ мұндай ажыратуды тек
материалдық құрамы бар қылмыстарға қатысты
қолдануға болады, онда салдар объективтік жақтың міндетті белгісі болып
табылады. Салдар объективтік жақтың міндетті элементі болып табылмайтын формальдық
және қысқартылған құрамдарда, адамның оларға
қатысты тіке ниеттің де сипатына ықпал жасай алмайды. Бұл жерде
адамның өз әрекетінің нақты
құрамын және оның қоғамға қауіптілігін
түсінуі маңызды
рөл атқарады.
Осыған байланысты Г.А. Злобин мен Б.С. Никифоров былай дейді:
«Формальды қылмыс жасағанда, оның қоғамға
қауіпті әрекетілігін түсіне отырып..бұл жағдайда
тіке және жанама ниетті ажыратып алу мүмкін емес» [9,111б.].
Бұл айтылған бірдей мөлшерде
қысқартылған құрамға да
жататындығында сөз жоқ. Сонымен, субъективтік жағынан
пайдақорлық-зорлық қылмыстар қасақана
жасалады.
Біздің ойымызша, заңға
қайшылық қоғамға қауіптілікті
көрсетеді. Сондықтан, кез келген заңға қайшы әрекет
қоғамға қауіпті болып табылады; бірақ
қоғамға қайшы бола бермейді. Заңға қайшылығын
мойындау үшін заңның оны өз формуласына
қоспағандығының маңызы жоқ.
Ал, В.Д. Филимонов ниеттің «еріктілік белгісіне» деген анықтамаға
қарсы [10,119б.], оның ойынша тіке арам ниетке қатысты «тілек оның міндетті бөлігі
бола алмайды» [11,143б.].
Біздің пікірімізше ол екі
мән-жайды толық ескермейді:
тіке және жанама ниет-құқықтық
түсініктер, олардың мазмұнын заң, заң негізінде теория мен практика анықтайды;
«еріктілік белгісін» ниетке қатынасы жасалған
қоғамға қауіпті әрекеттің психологиялық компоненті
ретінде болмайды. Сондықтан да «тілеу» зиянды салдар жасауға
әрекеттің
саналы түрде бағытталғандығын сипаттайды, ал «біле
тұра жол беру»- өз әрекетімен залалдың келуіне адамның келісім беруі,
яғни жасалатын қылмысқа психикалық
қатынастың еріктілік сәті.
Адам өзінің
қоғамға қауіпті мінез-құлқының ішкі
түрткісін қалай түсіндіргендігі емес, сондай
әрекет-қылыққа не себеп болғандығы маңызды деп, Б.С. Волков
дұрыс айтады. Мотив-мінез-құлықтың себебін, адам
белсенділігінің бастауын түсіндіреді [12,13б.].
Ал біреулері пайдақорлық талан-тараждың субъективтік
жағының
міндетті белгісі емес деп ойлайды. Кейбірі, тіпті, «пайдақорлық
мақсатты талан-тараждаудың қажетті белгісі деп қараудан
толық бас тарту қажеттігінің ұсынады.
Пайдақорлыққа да «баюға ұмтылу»,
«материалдық пайда», «иемденуге, баюға құштарлық»
деп әртүрлі түсінік береді.
Пайдақорлық қылмыс жасалу түрткісі
қылмыскердің
материалдық пайданы қоғамның, басқа адамдардың есебінен алуға
ұмтылатындығын көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1
Гаухман Л.Д. Борьба с
насильственными посягательствами. -Москва, 1969. – 190 с.
2
Карбеков К.С. Об
разграничении бандитизма от разбоя, совершенного
организованной группой с применением оружия // ХХІ век: проблемы формирования
правового демократического, светского и социального государства в Республике
Казахстан: Материалы международной научно-теоритической конференции, 20 декабря
2002 года. -Алматы, 2002. – С.598-599.
3
Дворкин А.И., Сафин Р.М.
Расследование убийств, совершенных организованными группами при разбойных
нападениях: Научно-методическое пособие. -Москва: Экзамен, 2003.
- 158 с.
4
Шишков С.Н. Понятие
вменяемости и невменяемости в советском праве. -
Москва, 1983. – 303 с.
5
Богомяков С.
Уголовно-правовая невменяемость: критерии и признаки // Советское государство и
право. – 1984. -№ 4. – С.
103-111.
6
Сербский В. Судебная
психопатология. -Москва, 1896. – 255 с.
7
Шишков
С.Н., Сафуанов Ф.С. Влияние психических аномалий на способность быть субъектом
уголовной ответственности и субъектом отбывания наказания // Государство и
право. –1994. -№ 2. – С. 82-90.
8
Якубов
А.С. Правовая основа учения о преступлении: предпосылки, реальность,
перспективы: Автореф. дис. д-ра юрид. наук. – Томск, 1996. - 236с.
9
Злобин Г.А., Никифоров Б.С. Умысел и его формы.
-Москва, 1972. - 199 с.
10 Филимонов В.Д. Общественная
опасность личности преступника. –Томск, 1970. - 149 с.
11 Филимонов В.Д. Общественная
опасность личности преступника. –Томск, 1970. - 149 с.
12 Волков Б.С. Мотивы
преступлений. Уголовно-правовые и социльно-психологические исследования. –
Казань, 1982. - 121 с.