341. 231. 14:316. 344. 5:34. 07

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ

 

Бисенова Маржан Қылышбайқызы заң ғылымдарының кандидаты

         Алмешова Алтынай Қасымбекқызы

Жеңсікбай Самат Ю-11 оқу тобы

Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты

 

Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады. Мемлекеттің басты қазынасы болып адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары танылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай барша құқықтық негіздерді қайта құру қажеттігі туындағанды. Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына  жатады. Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны  қалыптастыратын  күш. [1] Құқықтық мемлекет терминінің өзі XIX ғасырдын алғашқы жартысында неміс ғалымдарының енбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық  мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. В.М. Гессен былай деп көрсетті: «Құқыктық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болған, құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз». Құқық пен заңның айырмасы, олардың табиғатын анықтау, қолдану аумағы мен қарым-қатынасы екі мың жылдан астам Еуропаның саяси ойлау процесінін ортасында тұрды . Мысалы, Аристотель кез-келген заң өзінше құқықтық білдіреді деп жазды. Құқыққа қарамай, заңның билік етуі мүмкін емес, себебі құқық оны мойындау немесе мойындамауға тәуелді емес . Қазіргі кезенде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міңдеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғаңда әрбір адамның мүддесіне қатысты баскарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет кұрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі  міндетке  жатады. Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және аткарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті кағида. Тек, осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Қоғам мен мемлекеттің ара-қатынасының маңызды түйіні заңның үстемдігін және қоғамның құңдылығы ретіндегі құқықты, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігін, жоғары құқыктық мәдениетті, азаматтарды құқықтық қорғауды, тиімді құқықтық жүйелер мен рәсімдерді және заңдылықты қамтама­сыз етуді мойындайтын құқықтық мемлекет болып табылады. Құқықтык мемлекет, яғни жеке адам және қоғам мүддесін корғайтын, зан үстемдігі мен құқық  принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі - қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді. Негізінен құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланыста қалыптасқан ұғымдар. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс-әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қаты­сты  болуы. Азаматтық қоғам жеке тұрғыдан қарастырғанда тұлғалардың азаматтық және жеке құқықтарының басқарылуы нәтижесіндегі қатынастар. «Азаматтық қоғам» деген атауды, түсінікті Аристотель айтқан. Аристотель мемлекетті азаматтық қоғаммен салыстырған жоқ, бірақ оларды бір-біріне  қарсы қоймады. Өйткені. олардың әр түрлі жолдары ескі полистегі қоғамдық өмірде тығыз байланысты болады. Азаматтық қоғам, айтылып өткендей, адамдардын бірлігі болып табылады және ол мемлекетсіз мүмкін емес. Сондай-ақ қазіргі кезеңде құқықтық мемлекет идеясы тек қоғамның максаты,  бағыты,  эволюциясы  ретінде  ғана  емес,  әкімшілік-әміршілік билікке, адам құқығын иеленушілікке қарсы реак­ция ретінде аса маңызды. Біздің еліміздегі демократиялық мемлекеттің қалыптасуында құқықтық мемлекет идеясын ұкыптылықпен  пайдаланған  жөн.[2]

Қазіргі заманғы әлемде адам құқығы мен бостандықтарын қорғау мәселесі халықаралық жанжал, діни, этникалық және басқа да келіспеушіліктердің ең бастысы болып табылады, ол өзіне үнемі назар аударып отыруды қажет етеді. Бүл мәселені шешу әрбір жеке адамнан тиянақты күш-жігерді талап етеді. Адам құқығын қорғау - бүкіл әлемдік келелі мәселе. Қай уақытта да адам құқығы — азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ен бағалысы болып  қала бермек.[3]

Конституцияға сай, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықта­ры мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Дегенмен Республика Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Бұл шектеулер ақталған және негізгі халықаралық пактілерге, соның ішінде Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясына сәйкес келеді. Қазақстан Конституциясы, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясының 29-бабына сай белгілі бір негіздер болған кезде құқықтар мен бостандықтарды шектеу институтын енгізеді

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «ең қымбат — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостан­дықтары» - деп белгіленген. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады жөне оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандыктары  әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылған. Одан ешкім айыра алмайды. Зандар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық кұрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс . Конституцияның II бөлімі адам жөне азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзкарасына, тағы басқа да белгілеріне қарамастан құкықтар мен бостандықтар тендігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). [4] Азаматтық құқық пен бостандыққа, саяси құқықтар мен бостандықтарға, экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазакстан Республикасы Конституция­сында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осыңдай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды. Сонымен қатар, табиғи ажырамас адам құқығы идеялары Ж.Ж. Руссонын,  Г. Гроциянын,  Д. Локктың,  Ш. Монтескьенің доктриналарында да дамытыла түсті. «Заң, жалпы айтқанда, - деп жазды Ш. Монтеське, - адам ақыл-ойы, өйткені ол жер бетіндегі бар халықтарды басқарады; ал әр халықтың саяси және азаматтық зандары осы ақыл-ойға қосымша жекелеген оқиғалар ретінде ғана болуы тиіс...» [5]. Д. Локктың айтқандарын ескермей кетуге болмайды: «Адам, бұрын дәлелдегендей, толық бостандық пен табиғи заңнын барлык құқықтары мен артықшылықтарын барлық басқа адамдар сияқты шексіз пайдалануға құқылы болып туады». Мемлекеттік басты байлығы адам деп негізге алынғаңдықтан да Конституцияның құқық қорғаудағы күш-қуаты өте жоғары. Қабылданған заң актілерінің барлығы дерлік осы қағиданы ұстанып, осы ережеден бастау алатынын мактанышпен айтуға болады. Қазақстан Республикасының конституциялық даму тәжірибесі көрсеткендей, қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық режим ретінде конституциялық зандылық өзінің қалыптасу кезеңінде түр және Конституцияның нақты қолданылуы нығайған сайын, ол елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, азамат­тық келісімді қамтамасыз ететін билік институттары мен мекемелері жүйесінде ерекше мәртебеге ие болады.

Сонымен, Конституция қағидаларының үстемдігі үшін елдегі заң және басқа да құқықтық актілер содан бастау алып, соның нормаларымен үйлесім табуы керек. Құқықтық идеология мен құқықтық болмыс және Конституция арасында сәйкестік орнығуға тиісті. Өтпелі кезеңде жиі болып тұратын өзгерістер серпіні Негізгі Занды жетілдірудің жолдарын қарастыруды алға тартпай тұрмайды. Қолданыстағы Ата Заң қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен ұлттар арасындағы татулықты орнықтырудағы, саяси-экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы, дамудың демократиялық жолына түскен Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз да өміршең құжат болып қала бермек.

Казакстан Республикасынын Конституциясы — әрбір жеке­леген азаматтық өмірдегі қарым-қатынасының, күнделікті іс-әрекетінің негізі, ол  — бүкіл еліміздің бітім-болмысы.

 

1.          А.Ибраева «Адам құқығы-құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның басты игілігі» Заң және заман, 2009ж.

2.          И. Рогов.  «Адам құқығын шектеу заңмен анықталуы тиіс». Заң газеті,  10.06.2005 ж.

3.          Котов А.К.   «Азамат,   ұлт,  халық».   «Егемен Казахстан» газеті.  -Алматы,  1997.

4.    Қазакстан Республикасынын, Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз

5.          5.Монтескье Ш.   Таңдамалы шығармалар.   -М.,   1995.  6. 168.

 

 

В данной статье рассматриваются конституционные права человека, которые гарантированы государством и закреплены Основным законом Республики Казахстан. Права человека лежат в основе конституционной демократии, определяют не только направленность, но и содержание проводимой государ­ством внутренней  и внешней  политики.

This аrtісіе геvіеws the constitutional rights of a person which are insuired by the state and fixed by the general law of the Republic of Kazakstan. Rights of a person make the basis of the constitutional democracy define not only the direction, but  a contents of  the internal and external policy carried out by the state.