Заңды тұлғаларды меншіктік тіркеу және қайта тіркеудің құқықтық мәселелері

магистр Алимкулова А.С., оқытушы Исмайлов А.А.

ХГТУ Шымкент, Қазақстан

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана тән емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық Кодекстің 33-бабында оған мынадай түсінік берілген: Меншік ,шаруашылық жүргізу  немесе оралымды басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін , өз атынан мүліктік және мүліктік  емес жеке  құқықтар мен міндеттемелерге ие болып , оларды жүзеге асыра отырып, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды тұлғаның  дербес балансы және сметасы , өз атауы жазылған мөрі болуы тиіс [1,15б.].

Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің» авторы. «Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі  тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты  саласында  тізгінді өзі ұстайды»[3.33б]. Бұл әдебиетте теорияны  көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен –өзі құқықтық  қатынаста болуы керек» деген уәж айтты.

Азаматтық құқықта заңды тұлғаларды коммерциялыұ және коммерциялық емес деп бөлінеді.  Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсатында болып табылымай»тын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында  бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес деп танылады [5,3б]. Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Коммерциялық ұйым болып  табылатын заңды тұлға  мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйым-заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі  нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін [4,106б].

Заңды тұлғаның атауы  оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып  табылады. Коммерциялық ұйым болып  табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны  тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің  фирмалық атауымен заңды тұлғалардың біріңғай  мемлекеттік  тізіліміне енеді.

Бөтен фирмалық атауды заңсыз  пайдаланатын  тұлға  ол атауды  меншіктейтін  тұлғаның  талабымен оны қолдануды  дереу тоқтатуды және келтірілген  залаладың  орнын толтыруға  міндеттенеді.

Заңды тұлғаның  атауында  заң талаптарына  немесе  қоғамдық мораль  нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке  адамдардың  есімдері қатысушылардың  есімімен  сәйкес  келмесе не қатысушылар бұл азаматтардың есімін пайдалануға олардан (мұрагерлерінен) рұқсат алмаса , ондай есімдерді пайдалануға жол берілмейді.

Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады. Заңды тұлғаның туған жері іс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық істерде сотқа беру және т.б.анықтауда да) өте маңызды. Заңды тұлғаның  тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен жайы жазылып, көрсетіледі.

Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына  келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу  фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкес болуы тиіс. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаларды қайта тіркеу азаматтық кодекстің 42-бабының 6-тармағында былай деп көрсетілген:

Заңды тұлға келесі жағдайларда қайта  тіркеуден  өтуге тиіс:

1.     Жарғылық капитал мөлшері азайғанда;

2.     Атауы өзгергенде;

3.     Шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміндерінің жүйесін жүргізу жөніндегі өызметте жүзеге асыратын бағалы қағаздар  рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда) қайта тіркелуге тиіс.

Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады.

Қатысушылар құрамының өзгеруі,  атауының өзгеруі немесе  жарғылық капиталының азаюы негізінде заңды тұлғаның қайта тіркеуі қайта құрудың бірігу  және бөлініп шығу жағдайларында  болуы мүмкін. Заңды тұлға шешім қабылданған сәттен  бастап бір айдың ішінде тіркеуші органға хабар береді.     Қайта тіркеуге құжаттар табыс етілген соң тіркеуші орган:

1.     Ұсынылған  құжаттар пакеттің толық екендігі және  олардың дұрыс дайындалғанын (жасалуын) және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілеріне сәйкестігін тексереді;

2.     Құжаттарда қолданыстағы заң актілеріне  қайшы заң бұзушылық болмаған жағдайда заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы бұйрық шығарады;

3.     Ұлттық  тізілімге  заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы  мәлімет енгізеді.

4.     Тіркелеген  күннен бастап бір жұмыс  күн ішінде заңды тұлғаның қайта тіркелгені туралы салық органына хабарлама жібереді.

5.     Мемлекеттік қайта туралы анықтама береді.

Заңды тұлғаларды қайта құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары  мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты  тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың бес түрі бар: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп  шығару, өзгерту. Заңдарда қайта құрудың  басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе  ықтиарсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік  иесінің  немес құрылтай құжаттары бойынша  қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органының  шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай  жәйтті ескеру  қажет, заңды тұлғаның жекелегегн түрлері үшін  құжаттарының  императивті (бұйрық) нормасы  заңды  тұлғаның  органдарының  құзыретіне  қатысты келіп, оны  қайта құруға  байланысты қабылдаған  шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79 – бабына сәйкес қатысушылардың  жалпы жиналысының  айрықша құзыретіне  жауапкершілігі  шектеулі серіктестікті қайта құру немесе  тарату туралы  мәселені шешу жатады. Тиісінше  заңды тұлғаны қайта құру  оның  мүлкінің  меншік иесінің (уәкілетті органның) немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе құрылтай  құжатымен  немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады.

Заңды тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылатын  реттерді қоспағанда,  жаңадан пайда болған заңды  тұлғалар тіркелген кезден бастап  қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды  тұлғаны оған екінші бір  заңды  тұлғаны біріктіру  жолымен қайта құрған кезде, заңды  тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің  тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден  бастап  олардың бірінші қайта құрылған деп есептеледі. Заңды  тұлғаларды қосқан кезде  олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес  жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген  кезде  біріктірілген заңды тұлғаның  құқықтары мен міндеттері өткізу  құжатына сәйкес соңына ауысады [2,109б].

Заңды тұлғаны бөлген кезде оның  құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес  жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады. Өткізу актісі мен бөлу балансына (олардың мазмұны, бекіту) қойылатын талаптар АК-тің 47 – бабында қаралған. Онда:  қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтарымен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе біріктірілген кезде - өткізу актісіне сәйкес, бөлінген және бөліп шығарылған жағдайда-бөлу балансына сәйкес ауысады. Өткізу  актісі мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борышқорларына қатысты, барлық міндеттемелері бойынша , соның ішінде тараптар дауласқан міндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс. Егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе , мүлік (құқықтар мен міндеттер) құқықты мирасқорына ол тіркелген кезден бастап ауысады.

Заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның несие  берушілері құқықтарының кепілдігі:

Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторларын бұл жөнінде  жазбаша хабардар етуге міндетті.Талаптарды мәлімдеу мерзімі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторлары хабарламаларды алған  кезден бастап екі айдан кем болмауға тиіс. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды  тұлғаның  құқықты  мирасқорын анықтауға  мүмкіндік бермесе, не егер құқықтық мирасқорында қайта құрылғанға дейін туындағын міндеттемелерді орындау үшін мүлік жеткіліксіз болса, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға, қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша несие берушілерінің  алдында ортақ жауапты болады [1,21б].

 

Пайдаланаған әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР Азаматтық Кодексі 21.05.2013ж

2. Төлеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы: І-том.-Алматы: Жеті жарғы 2001ж.

3. Аскназий С.И. Об основаниях прововых отношений между  государственными социалистическими организациями. Юрид.Ин-та Вып.ІҮ.-Л.,1947г.

4. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы 04.04.2012ж