Қазақтың
спорт және туризм академиясының оқытушысы
Байырбеков Айдын
Досбатырұлы
Физикалық
жүктемелердің студенттің оймен жұмыс істеу қабілетіне
әсері.
Дене тәрбиесі мен спорттың теориясы мен тәжірибесіндегі
жетістік, әсіресе тайбоксте жетістікке жету көбінесе
жоғарғы мектептің мамандарын дайындау саласына байланысты
болады. Сонымен бірге бітірген мамандардың дәрежесі қазіргі
заманғы талаптарға сәйкес келе бермейді. Бұл
қайшылық көптен бері бар, және ол ешқашан
еңсерілмейтін секілді, өйткені бітіруші мамандардың сапасын
арттыру қажеттілігі мәңгі категория. Ойлау қабілетіне
физикалық жүктеменің әсерін анықтау бойынша
көптеген зерттеулерде жетіспейтін нәрсе, зерттеліп жатқан
контингенттің физикалық дайындығын көрсететін көп
шарттылы сараптама мен көрсеткіш есебінің дәл болмауы. Сонымен
бірге адамның физикалық дайындығының дәрежесі
айтарлықтай ағзаның шаршауына әкелуі белгілі және
сондай-ақ сондай сәтте де оймен жұмыс істеу
қабілетінің тегеурінін сақтау маңызды. 1908
жылдың өзінде В.М.Бехтерев физикалық жүктеменің
оймен жұмыс істеу қабілетіне әсері жайлы атап кеткен болатын,
сонда көрсеткеніндей: «біркелкі қозғалыс ойлау
қызметіне жағымды әсер етеді, сонда қажулы
қозғалыс жағымсыздау болады». Бұл жағдай
біздің елде де, шет елде де зерттеулер кезінде дәлелденген болатын.
Онда аз қарқынды жүктеменің физикалық
әсерін біле отырып студенттің оймен жұмыс істеу
қабілетінің жағдайына аз да, маңызсыз (1,5
сағатқа дейін) оң әсері айтылған. Сондай-ақ,
И.А. Негребецкий және М.Я.Виленский, В.П.Русанов дене мәдениеті
институты - (ДМИ) студенттерінің кәсіби жұмыс істеу
қабілетінің қарқындылығы мен
ернжарлықтың аз көлемдегі физикалық жүктемеге
әсерін тұрақты шамалайды. Эксперименталды жұмыстарда
көрсетілгендей студенттердің оқу күні мен аптасы
кезіндегі аз физикалық жүктеменің жоспарлау бойынша
ұсынылған. Аз физикалық жүктеме дағдылану
кезеңін қысқартады, кәсіби жұмыс істеу
қабілетін 48 сағатқа дейін көтереді. Осыларды оқу
аптасының ортасы мен соңында пайдалану студенттердің оймен
жұмыс істеу қабілетіне оң әсерін береді. Яғни, орташа
қарқындағы және көлемдегі физикалық
жүктемелер оқу кезеңінде де, барлық емтихан
уақытында да, студенттің өзіндік дайындығын қоса
алғанда да оймен жұмыс істеу қабілетіне оң әсер
етеді. Оқу күнінің басында олар дағдылануды
қысқартады, ортасында оймен жұмыс істеу қабілетін
арттырады, күннің соңында оның төмендеуін
тоқтатады. Г.Д. Горбуновтың дәлелінде көрсеткеніндей суда
жүзумен жаттығуда орташа жүктемені пайдаланғаннан кейін
жүзушілерде алдымен оймен жұмыс істеу қабілеті
төмендеген, ал екі сағаттан кейін ол қалпына келіп және
бастапқы қалпынан көтерілген. Бұл жағдай Г.М.
Виленкийдің зерттеуінде де нақтыланады, орташа физикалық
жүктеме студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетінің
тез қалпына келуін қамтамасыз етеді, кейбір төмендеулер
жаттығудан кейін байқалған. Ал, В.П.Русанов әскери
қызметкерлердің мөлшерлі физикалық жүктемелерден
кейінгі оймен жұмыс істеуін зерттей отырып, таңғы
уақыттағы (1,5 және 3 км жүгіру) орташа физикалық
жүктеме ойлау қабілетінің барлық көрсеткіштерін
көтергенін анықтады. Г. И.Полякова, Г.С.Мокиенко велоэргометрдегі
түрлі қарқындағы жұмысты зерттеу кезінде оймен
жұмыс істеу қабілетінің жағдайына көбінесе
әсері біркелкі қарқынмен педалдау немесе жүрек
қысқаруы бірлігімен бірдей ритмде педалдау кезінде
байқалатынын анықтаған. Жоғары темптегі жұмыс
оймен жұмыс істеу қабілетінің қалыпты жұмыс
істеуіне аз әсер еткен. Оқу аптасында студенттердің оймен
жұмыс істеу қабілетінің жоғарғы дәрежесі
орташа қарқындылықпентекі мәрте дене мәдениетімен
айналысқанда байқалған. Сабақтың оймен
жұмыс істеу қабілетіне оң әсер етуі апта бойында,
оның басы мен соңында, сондай-ақ соңғы
жағдайда алғашқысынекі есе көтеріледі. Апта бойында
студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетін көтеру
үшін зерттеушілер 1-3 күн аралығында орташа физикалық
жүктемелік сабақ жоспарлауға кеңес береді. Бұл
кезде ойлау қабілеті 12-23% көтеріледі. Зерттеу нәтижелеріне салмақты
қарайтын болсақ: оймен жұмыс істеу қабілетін біркелкі
биік дәрежеде ұстап тұр үшін ұзақ
уақыт орташа қарқындылықтағы жаттығулар
әсерлі болады. Жоғарыда аталған авторлардың айтуынша көп
көлемдегі және қарқынды физикалық
жүктемелер жалпы білім беретін жоғарғы оқу
орындарының студенттерінің ойлау қабілетін төмендетеді.
Көп жағдайда зерттеушілер қарқынды физикалық
жүктемелерден кейін ойлау қызметінің нашарлайтынын айтып өтеді.
Бұл өткерілетін ширатылудың қарқындылығы
мен ұзақтығына байланысты. Осылайша, Е.С.Гецольд футболшылардың
жарыстағы жүктемелерінде оймен жұмыс істеу қабілеті
төмен болатынын анықтады, ал Г.Д.Горбунов әдеттен тыс
физикалық жүктемелер түрлі әсер беретінін айтып
өтеді: жедел ойлау мен ақпараттық ізденісте қысқа
да болса оң әсері бар, сонымен қатар реакция уақыты мен
зейіннің шоғырлануы өзгеріссіз қалады. 1 сағат өткеннен
кейін 2-4 сағат бойында байқалатын кері әсер байқалады.
Эксперименталды зерттеулерде белгілеп көрсетілгендей таңғы
уақыттағы (6-9 км жүгіру) үлкен физикалық
жүктеменің әсерімен зейін мен естің функциясы
барлық күн бойы төмендейді. М.Я.Виленский де осы
көзқарасты ұстанып, жоғарғы физикалық
жүктемеден кейін оймен жұмыс істеу көрсеткіші 48 сағатқа
дейін төмендеген. Көп еркін талпынысты талап ететін физикалық
жүктемеден гөрі жаттығушылардың
қызығушылығын арттыратын жоғарғы эмоциональды
физикалық жаттығу оймен жұмыс істеу қабілетіне тиімді
әсер етеді. И.А.Лебедевтің айтуынша санаулы операциялардың
орындалуымен байланысты жұмыс алдындағы қарқынды
физикалық жүктеме ақталмайды, өйткені оймен жұмыс
істеу қабілетінің көрсеткіштері төмендеген кезде,
оның артық пульстік рекциясын көрсететін физиологиялық
белсенділігі көтеріледі. Г.Д.Горбунов, психикалық
процестердің физикалық жүктемелерге әсерін зерттей келе
қысқа уақытта жоғарғы
қарқындағы жүктемелердің жүзгіштердің
оймен жұмыс істеу қабілетіне оң әсерін анықтады. Бұлай
әсер етудер басқа да зерттеушілердің еңбектерінде
кездеседі. Алайда оқылған функциялардың оң ілгеруіне
қарамастан оқылған материалды көрсетуде пайда болатын
қысқа жадының уақытша көңілсіздігі пайда
болады. Күн бойындағы шаршау жаңа оқу материалын есте
сақтауда қиындық туғызуы мүмкін. Көп
күш жұмсалына жасалынған жұмыстың 3
сағатынан кейін ой қызметі төмендейді, ал бұл
жұмыстың қажу әсері көп күш
жұмсалынған жұмыстан гөрі қысқа
уақыттағы жадыда сақталып және ақпаратты қайталауында
жоғары көрінеді. Көлемді физикалық
жүктемелердің сутденттің оймен жұмыс істеу
қабілетіне әсерін қарастыра отырып жасалынған
эксперименталды жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып
өткен жөн. М.Я. Виленский жоғарғы қарқынды
спорттық сабақтардың сыналушылардың интелектуалды
дамуына әсерін зерттей келіп, осындай жүктемеден кейін оймен
жұмыс істеу қабілеті 5-3 сағатқа дейін төмендейді
және студенттердің өзіндік дайындықтарында кері
әсер ететінін анықтаған. Сонымен бірге ол тек қана
оймен жұмыс істеу қабілетін ғана төмендемей,
студенттердің қозғалғыш белсенділігі 22-23%
қысқаратынын білді. Сондықтан М.Я.Виленский, В.Л.Русанов көп
қарқынды физикалық жүктеменің сабағын
оқу аптасының басында жоспарлауға кеңес береді,
өйткені олар дағдылану кезеңінде
қысқарутуға жәрдемдеседі және оқу
аптасының соңында біркелкі оң әсер көрсетеді, ал
басқа кезеңдерде – студенттердің кәсіби жұмыс істеу
қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Н.И.Гордеев, И.М.Петин жоғарғы
қарқындылықтағы физикалық жүктеме
студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетін 45% дейін
төмендетеді және оны қалпына келтіру тек келесі оқу
жылының соңында ғана іске асады деп топшылайды. Осылайша
студенттің оқу күнін қарастыра отырып мамандар студенттің
оқу күнінің соңында көлемі мен
қарқындылығы жағынан көп физикалық
жүктемелерді қолдануға ұсынады.Өндірісті
өзіндік дайындалудан кейін студенттер 4-5 сағаттан кейін ертерек
кіріссе болады, сондықтан олардың өзіндік оқуы
қарбалас күндері пайдаланылмағаны тиімді. Осындай
физикалық жүктемелерді жоспарлау оқу кестесінде екі
күнге бөліп қойған дұрыс. Одан ары, К.З Волков қарбалас
ой жұмыстары кезінде (мысалы, сессия кезінде) шектен тыс және
қалжырататын физикалық жүктемелерден аулақ болған
дұрыс деп ұсыныс айтады. Өйткені бұндай сәтте
қанның көп құрамы қарқынды
жұмыс істейтін бұлшықеттерді қамтамасыз ету үшін
іске қосылады, сол сәтте уақытша мидың қан
айналымы нашарлап, жүйке орталығының демалысына қажетті
оң әсерін төмендетеді де, ойлау жұмысы кезінде
шаршатады.