т.ғ.д.,
доцент Рахатов С.З
магистрант Жүсіпбек Ж.Х
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік
Универсиететі,
Қызылорда, Қазақстан
МТС құрамындағы техникалық сервис
орталығының параметрлерінін негіздеу әдістемесі
Соңғы жылдары Қызылорда облысы
күріш өндіру процесінде оң нәтижелер байқалады.
Күріш ауданы (78,58 мың.га) мен өнімділігі (3,75т/га)
өсу үстінде. Шаруашылықтар ірілендіріліп, орташа
күріштің ауданы 1000-3000 га құрайды. Машина паркі
жаңа ауыл шаруашылық техникаларымен толықтырылуда,
салынған инвестиция мөлшері 15 млрд теңгеге жуық.
Бірақ күріш өндірісінің дамуы олардың сорттары
жаңартылып, инновациялық технологиялар мен жаңа техникалар
енгізілмеген, тұрақты емес. Себебі ірілендірілген
ауылшаруашылық мекемелері жер көлемі ұлғайған сайын
техникаларға уақытылы жоспарланған ТҚК және
жөндеу жұмыстарын мерзімінде жүргізбейді, соның
салдарынан ауылшаруашылық жұмыстары агротехникалық мерзімдер
мен талаптарға сәйкес орындалмайды. Ол агрегаттардың
жылдық жүктемесін 1,5-2,0 есеге артық көбейтіп,
жұмысқа жарамдылығын төмендейді, оны шешудің
әлемдік тәжірибе көрсеткен түрі-
машина-технологиялық-стансалар (МТС) сервистік фирма негізінде
құру.
Негізгі атқаратын міндеттері
ауылшаруашылық мекемелеріне дақылдарды өсіріп-жинау
және олардың МТП-не уақытылы және сапалы ТҚК мен
жөндеу жұмыстары, одан бөлек ауылшаруашылық
инфраструктурасын тұрақты әрі жұмысқа жарамды
жағдайда ұстап тұру. Соның ішіндегі өзекті мәселе-
техникалық сервис жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.Регионда
арнайы мамандандырылған техникалық сервис
орталықтарының жоқтығы ауыл шаруашылық
техникаларының істен шығыуына, ТҚК және жөндеу
жұмыстарының сапалы және тұрақты орындалмауына
әкеліп соқтыруда. Сондықтан шаруашылықтарға
ортақ, арнайы мамандандырылған техникалық сервис
орталығының қажеттілігі мен параметрлерін анықтау
өзекті мәселе болып табылады. Негізгі параметрлері болып
шаруашылықтағы ауыл шаруашылық техникалар санына сәйкес
техника маркалары үшін (Nа) және күрделі жөндеу(Nк)
бағдарламасы, қызмет көрсету аумағы бойынша
техникалық сервис орталығының орналасу жері(Nср) табылады.
Күрделі жөндеу бағдарламасының санын
И.С.Левитскийдің әдісімен анықтаймыз. Ол үшін
шаруашылықтағы машиналар паркінің санын біле отырып, жобаланатын
техникалық сервис орталығында жөндеу жұмыстарына
түсетін техника немесе машиналардың агргаттық бөлшектер
санын анықтаймыз. Ауыл шаруашылығы мекемелері аумағында
күрделі жөндеуді қажет ететін машиналар санын төмендегі
формуламен анықтаймыз.
Nк = δˑ kox ˑ
n
(1)
Мұндағы:
δ – агрегаттарға
жүргізілетін қосымша жөндеулерді есептейтін коэффициент
(δ=1,35...1,5);
kox - машиналардың
қызмет мерзіміне сәйкес күрделі жөндеу мен
қамтылу коэффициенті.
n – қарастырылған
терреториядағы машиналар саны.
Тракторлар мен комбайндардың негізгі агрегаттық
бөлшектерін техникалық сервис орталығында күрделі
жөндеуден өткізуді келесі формуламен анықтаймыз:
Na=γ ˑ β ˑ NH ˑ Wг
ˑ n| (100 Wэ) (2)
Мұндағы:
γ= машиналардың орташа қызмет ету мерзімін
ескретін түзету клэффициенті
β= зоналық ерекшеліктерді ескеретін түзету
коэффициенті
(βтр=0,9...1,0; βкомб=1,3...1,65);
NH- 100 машинаға
қажетті агрегатты бөлшектер саны ;
Wг- 1 машинаның жылдық нормативтік
атқаратын жұмыс көлемі;
Wэ- машиналардың атқаратын эталондық
жұмыс көлемі,
(Wэ.т.р
1000
мото-сағ,Wэ.комб-200га);
Автомобиль агрегаттарының күрделі
жөндеуге қажеттілігі:
Naв= γ ˑ β1ˑ β2 ˑ β3ˑ NнˑWгˑ
n/(100Wэ), (3)
мұндағы: β1-автомобильдерді
пайдаланудың жағдайының шамасын ескеретін коэффицент;
β2- автопоезд құрамын ескеретін
коэффициент(тіркемесі
жоқ автомобильдер үшін β2= 1,0; 1
тіркемелі автомобильдерге β2=1,2);
β3 – табиғи-климаттық жағдайларды
ескеру коэффиценті;
Эталондық өнімділігі Wэ.ав=40 000
км.
Күрделі жөндеуді қажет
ететін машиналар мен агрегаттар санын анықтағаннан кейін
жөндеу обьектілерінің тығыздығын анықтаймыз:
Nк F =7ˑNм/F ,
мұндағы: F – техникалық
сервис қызмет көрсететін аумақ, км2 .
Бұл параметрдің физикалық
мағынасы- 1 км қашықтыққа келетін жөндеу
обьектілерінің тығыздығы. Техникалық сервис орталығының қай жерге орналасуын анықтау
үшін күрделі жөндеуге
түсетін агрегаттарды орташа тасымалдау радиусын анықтаймыз.
мұндағы:
А- жөндеу мекемесі бағдарламасы бойынша
өндірістік
жұмысшылардың еңбек ақысына
кететін шығындар мөлшері;
D- жөнделетін техниканың 1тонна
салмағына келетін жұмысшылардың еңбек ақысына
кететін шығындар,тг/т
a-
Күрделі жөндеуге түсетін
жөндеу бөлшектерін тасымалдауға кететін шығындар,
тг/тˑкм;
Ŋм-тасымалдау материалдарын
есептейтін коэффициент;
Ŋ3- қосалқы бөлшектерді
тасымалдауды есептейтін коэффицент.
Техникалық сервис орталығының
бағдарламасы тиімділігін төмендегі формуламен анықтаймыз:
Wn=
R2ср.пˑ Nк ,
Мұндағы:
Rср.п- келтірілген тасымалдау
радиусы, км.
Rср.п= Rср/ (Ŋтˑ ŊD).
Ŋт , ŊD-территория
конфигурациясы мен жол тораптарын есептейтін коэффициенттер.
Егер
қарастырылатын
территория квадрат түрінде
болса, Ŋт=1,6;
ұшбұрыш тәріздес болса Ŋт=1,16; ал егер
эллипс түрінде болса Ŋт=1,324; ŊD= 1,25;
Келесі анықталатын көрсеткіш-
қарастырылып отырған аумақтағы МТС техникалық
сервис саны.
Пр= Nм /W п Пр=2,5
Есеп бойынша Пр>1
жағдайында аталған территорияда МТС құрамында арнайы
жөндеу мекемесін ашу керек деген ұсыныс қабылданады, ал Пр<1
болса, онда көрші аудандар мен шаруашылықтарды қосып алу
керек.
МТС құрамындағы техникалық
сервис орталығы жобалағанда оның орналасу жерін анықтау
өзекті мәселе болып табылады. Жоғарыдағы
анықталған тиімді қызмет көрсету немесе жөндеу
объектілерін тиімді тасылмалдау радиусы R=41 км құрады.
Абцисса өсіне әрбір
шаруашылықтың ара қашықтығының проекциясын
түсіріп, өлшеп алғаннан кейін оларды жөндеу
бұйымдары (объектілері) массасына көбейтеміз. Әрі қарай
сервис орталығының Х абцисса
нүктесін төмендегі формуламен анықтаймыз. ![]()
Қызылорда облысы жағдайында МТС
және оның техникалық сервис орталығына түсетін
жөндеу объектілерінің схема – картасы
1- Қызылорда қаласы;
2-Тереңөзек қыстағы; 3-«Шаған» агрофирмасы;
4-«С.Сейфулли» ЖШС; 5-«А.Тоқмағанбетов» ЖШС; 6-«Ақжарма» ЖШС;
7- «Аққұм ЛТД» ЖШС; 8-«Еңбек ЛТД » ЖШС; 9-«ІІІ интергационал
ЛТД» ЖШС; 10-
«Қоғалыкөл» ЖШС.
Дәл осындай тәсілмен
мекеменің Ү ордината өсіндегі нүктесін
анықтаймыз.
![]()
Анықталған
координаталар бойынша сызба еартасынан техникалық сервис
орталығының орналасу жерін анықтаймыз. Сонда Х абцисса
өсі бойынша Х= 75,42 мм. ал, Ү ордина өсі бойынша Ү= 43
мм.
Резюме
Научно обоснована необходимость открытия технического
сервиса для всей сельскохозяйственной техники выполняющих агропроизводственное
работы в составе МТС в условиях Кызылординской области. Предложена методика
определения количества капитальных ремонтов и ТО в хозяйствах, обслуживоенных
МТС. Также выдвигается формулы и графический метод определения
месторасположения МТС в зависимости от количества хозяйств.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Дидманидзе О.Н., Митягин Г.Е., Дзюба Ю.В.
Техническая эксплуатация автомобилей. АПК.-М.: УМЦ Триада,2006.-210 стр.
2. Машинно-технологические станции (МТС): Рекомендации по созданию и организации
работы. Подгот. А.П. Соломкин, В.А.Голиков, А.И.Козак и др.-Алматы: ИД Gredo, 1999.-40с.
3.Алдонгоров М. Кластеры... и казан с
ароматным пловом. – Казахстанская правда, 28.01.2005г.
4.Левитский И.С. Организация ремонта и
проектирование сельскохозяйственных ремонтных преприятий. – М.: Колос, 1977
5.Бабусенко С.М. Проектирования ремонтно-обслуживающих преприятий.
– М.: Агропромиздаи, 1990г.