КӨМІРДЕН АЛЫНҒАН НАТРИЙ ГУМАТЫН МАҚТА
ӨСІМДІГІНЕ ЕГІСТІК СЫНАҚТАН ӨТКІЗУДІ ЗЕРТТЕУ
Алярбеков
А.Ф. маистрант
Мырзахметова
Б.Б., PhD
доктор
Қазақстан инженерлі педагогикалық Халықтар
Достығы университеті
Аннотация
В
данной статье приводиться результаты лабораторных и полевых исследования рост
стимулирующих свойств гумата натрия полученных из бурых углей. Исследования
проводились на семенах хлопчатника.
Summary
In
this article results laboratory and field researches growth of the stimulating
properties of a humate of sodium received from brown coals are given.
Researches
were conducted on
cotton seeds.
Оңтүстік
Қазақстан облысында мақта шаруашылығы басымды болып
табылады. Мақта өсіру – тез өтеліп алатын бизнестің
түрі. Мақта саласы Республиканың ауыл шаруашылығында
өте үлкен маңызы бар, өйткені мақта өндірісі, энергетика, мұнай, нан, металл
өндірісімен қатар кез келген елдің экономикалық
потенциалды қуатын айқындайды.
Соңғы жылдары елімізде мақта
өндірісінің өнімділігін төмендететін негізгі себептер
мыналар:
·
топырақтың тұздануы;
·
мақта монодақылға айналды,
нәтижесінде жердің құнарлылығы азайып,
мақта өнімділігі де төмендей бастады;
·
жазғы өніп-өсу
кезеңінде ағын су жетіспеушілігі басты проблема болып табылады.
Мақтаның
өнімділігі мен сапасын жақсарту көптеген сыртқы
және ішкі факторларға тәуелді, атап айтқанда,
топырақтың құнарлығын жоғарлату, дән
дақылды дұрыс өңдеу, ғылыми негізделген
интенсивті егіншілік мәдениетін енгізу, ауыспалы мақта егісін
игеру, т.б. болып табылады. [1]
Өсы
зерттеудің мақсаты натрий гуматын пайдалана отырып мақта
өсімдігінің өнімділігін жоғарлату болып отыр.
Алдынғы зерттеу нәтижелерін [2,3,4] пайдаланып,
жобаланған технология бойынша натрий гуматы алынды. Алынған натрий
гуматы мақта өсімдігіне лабораториялық және егістік
сынақтан өткізілді. Натрий гуматының 0,01% ерітіндісінде
мақта дәндері өңделіп кептірілді. Кепкен мақта
дәндері топыраққа отырғызылды. Лаборатория
жағдайында отырғызылған дәндердің өсіп
шығу нәтижелері 2 суретте көрсетілген.
Салыстырмалы
талдау нәтижелері көрсеткендей, бірінші үлгі таза суда,
екінші үлгі натрий гумат ерітіндісінде, үшінші үлгі минералды
тыңайтқышта бірдей уақытта ұсталған мақта
дәндерінің өсуі әр түрлі болды. Оның
үстіне зертханалық зерттеулерді одан әрі жалғастыру
кезінде тұқым үлгілерінің өнуі бойынша да
ерекшеліктер байқалды. Натрий гуматымен өңделген
тұқым басқа үлгілерге қарағанда тез
өніп, оның өсуі де жылдам болды.



1.Сумен өңделген тұқым 2. Натрий гуматымен
өңделген тұқым
3. Минералды тыңайтқышпен
өңделген
тұқым
Сурет 1 – Лаборатория
жағдайында өңделген тұқымдар


Сурет
2 – Лаборатория жағдайында өсірілген өңделген
тұқым
Натрий гуматы мен
минералды тыңайтқыштардың мақта тұқымына
егістік сынаулары 2015 жылдың егіс егу мезгілінде Оңтүстік
Қазақстан облысы Махтарал ауданы Асык-ата кентінде
жүргізілді.
Сынаудың
мақсаты натрий гуматының егістік кезеңінде мақта
өсімдігінің өсіру қасиетін анықтау еді.
Жұмыс ерітінділері ретінде 0,01 % натрий гуматы және минералды
тыңайтқыш ретінде 0,05 % аммиак селитрасы алынып, мақтаның
тұқымы өңделді.
30
кг мақта дәні топыраққа егу алдында 1 сағат
жұмыс ерітінділерімен өңделіп барып егілді. Өңдеу
аяқталған соң, дәннің өздігінен
төгілуі қиындамау мақсатында, күн көзінде
кептірілді. Кептірілген дән тәжірибиелі 2 гектар жер теліміне
отырғызылды. Сол телімнің жанында келесі 2 гектар жерге 30 кг
ерітінділермен өңделмеген дән егілді.
Егістік
сынамалар нәтижесі көрсеткендей, натрий гуматының
ерітіндісімен өңделген дән 1-2 күнде толық жерді
тесіп шықты, ал өңделмеген дән толық
өңген жоқ, тек 60% ғана өнді.
Натрий
гуматының және минералды тыңайтқыш ерітінділерімен
өңделген дәндердің өну егістік сынамалар
нәтижесі 1 кестеде келтірілген.
Кесте 1. – Натрий
гуматын қолдану нәтижелері
|
№ |
Тыңайтқыш атауы |
Өңдеу саны |
Өңдеу әдісі |
Тыңайтқыш мөлшері, кг |
Өңдеу аймағы, га |
Өсіп өнуі |
|
1. |
Аммиак
селитрасы |
3 |
Егуден алдын ала дәнді өңдеу |
3 |
2 |
75% |
|
3. |
Na Гумат
|
3 |
Егуден алдын ала дәнді өңдеу |
1,2 |
2 |
97% |
1 кестеде
келтірілген мәліметтер натрий гуматтын егістік кезеңінде
мақта дәнін өңдеуде қолданудың тиімділігін
растап, дәлел болды. Сонымен
қатар, мақта өспей қалған жерге дәнді
қайта егу шарасының қажеттігі жойылып, материалды және
еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік
туғызады. Егерде гуматтардың қасиетін ескеретін болсақ,
ол топырақтың құнарлығын жоғарлатып,
пайдаланылатын минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға,
өсімдіктің барлық зиянды факторларға төзімділігін
жоғарлатып, мақта өнімділігін арттырып өз әсерін
тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1
http://kazakh-zerno.kz/novosti/agrarnye-novosti-kazakhstana/216765-beloe-dostoyanie-yuga-kazakhstana
2
Мырзахметова
Б.Б., Бестереков У. Исследование извлечения гуминовых кислот из бурых и
каменных углей Казахстана с целью получения органоминеральных удобрений //
Труды международной научно-практической конференции «Ауезовские чтения
-9». – 2010. – С.106-109.
3
Мырзахметова
Б.Б., Бестереков У. Ленгерские бурые угли – сырье для производства
органоминеральных удобрений // Труды
международной научно-практической конференции «Ауезовские чтения -8» – 2009. –
С.318-321.Мырзабаева Х.С, Сатаев И.К. Модификация гуминовых
кислот из ленгерского бурого угля гидроксидами щелочных металлов // Наука и
образование Южного Казахстана. –1996. – №3. –
С.96-98.
4
Мырзахметова Б.Б., Бестереков У. Исследование
возможности получения комплексного органоминерального удобрения на основе
гуминовых кислот бурых углей Казахстана и твердофазных отходов // Фонд первого
президента «Инновационное развитие и востребованность науки в современном
Казахстане». – Алматы, 2010, ноябрь - 26. – Ч. 3. – С. 228-232.