Керімбаева А.А.
№ 25 Ақтөбе тірек мектебі (РО), Жуалы ауданы, Қазақстан
ПАЙДАЛАНҒАН
ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДАН ҚАЛДЫҚСЫЗ
ӨНІМ ӨНДІРУ ЖОЛДАРЫ
Табиғат-
адамның өмірі мен тіршілігі үшін қажетті баршама
игілігі, үйі, мекені және өмір сүріп жатқан аясы.
Табиғат пен адамды ажыратуға болмайды, адам- табиғаттың
бір бөлігі. Адам табиғат ресурстарын пайдалана отырып,
генетикалық бейімделген табиғат аясында өмір сүреді.
Адам денсаулығы мен өмір жайлылығы елді мекен
аумақтарының тазалығына, күтіміне,
көгалдандырылуына байланысты.
Қазіргі кезде ағаштарды отын ретінде папайдаланып, одан
қалған керексіз күлдер өте көп. Әсіресе
ауылдық жерде күл қоқыстарын керексіз төгіп
немесе шашып тастай салады. Бұл әрине егер адамдар
күлдің адамға, топыраққа, малға да пайдасы
барекенін білсе, мүмкін адамдар күлді қоқыс ретінде
үйіп тастамай өз қажетіне жаратар еді. Ал күл
қоқысыорганикалық өнім ретінде пайдасы да бар.
Мәселен, күл ауруды емдеу қасиеттеріне байланысты және
зиянды бунақ денелелірмен күресуүшін нағыз таптырмайтын
шикізат болып табылды.
Қалдықтарды
қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген
мәселелердің шешу жолдарын ашуға мүмкіндік
туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану
қоршаған ортаны қорғаумен, электр қуатын
үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен, емдік зат ретінде
қолданумен және т.б.
Кейде ойланбастан көптеген заттар мен материалдар
қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды
әр түрлі қажеттілікке немесе баска өндірістсрге шикізат
ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев пікірінше, химияда
қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған
шикізат болады. Сонымен катар, ол озат технологияның басты мақсаты
пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу
қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен
кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен
тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар
ретінде қарауға болады.
Жұмыр жерді мекендейтін
сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам
баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен.
Табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір
адамның артында кемінде 10 килоға жақын қатты
тұрмыстық қалдықтар қалады.
Қалдықтардың
негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия,
мұнай және газ, ағаш, қағаз, қүрылыс
материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы
мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады.
Өнеркәсіп
қалдықтарының басым көпшілігінің
құндылығы едәуір, оны оларды дұрыс пайдаға
асыру арқылы білуге болады. Өндіріс қалдықтарын екінші
рет дұрыс пайдалану жолдары анықталса, ауылшаруашылығына
қажетті жерлерді басқа да қажеттілікке
арнауға мүмкіншілік туады.Даладағы
көптеп жиналған күл үйінділерінің шаң мен
тозаңыхалықтың денсаулығына және өсімдіктер
мен жануарлар әлеміне тікелей қауіпті. Қазіргі таңда күлдің негізгі
көлемін құрылыс индустриясында қолдануда (цемент
өндірісі, кірпіш, ұяшықты бетон бұйымдары, қожды
блок, жеңіл толтырғыштар, рубероид, керамзит); Сонымен қатар
олар жол құрылысында көптеп қолданылады.
Күлді күнделікті ауыл өміріндекөзімізбен
көріп жүрміз. Әр күлдің өзіндік ерекшеліктері
мен маңызы зор. Күлдердің өзіндік жеке
қасиеттеріне байланысты өмірде пайдаланады. Алабота,сексеуіл
күліннен кәдімгі күнделікті тұрмыста қолданылатын
сабын жасауға пайдаланады екен. Пештен шыққан
көмірдің, ағаштың күлдерін
құрылысқа пайдалануға болады. Сол сияқты,
халық емшілері күлдің емдік қасиеттерін біліп,
қанды тоқтату мақсатында қолданған.
Күл– түрлі отындардың
толық жануы кезінде олардың құрамындағы
минералдық қосылыстардан түзілетін жанбайтын
қалдық. Химикалық құрамы жағынан күл
SіО2, Al2О3, CaO, MgO, Fе2О3, т.б. оксидтердентұрады.
Таскөмір мен қоңыркөмірдің 45%, жанғыштақтатастың60-80%, шымтезектің
25-30%, ағашотынның 100% мөлшерікүлгеайналады.
Күлқазандықагрегаттардыңоттығында, т.б.
бөліктеріндеқож (шлак) түріндетұтылып, оның түбін ластайды
да қыздыру беттерінің жылу беруін нашарлатады әрі
қазандардың аэродинамикалық кедергісін арттырады.
Ұшпа күлдер қазандық
түтіктері мен түтін тартқыш құбырларын
үйкелеп мүжиді және түтінмен бірге сыртқа
шығып, қоршаған ортаны ластайды. Күл құрылыс
материалдары өндірісінде бетонның кейбір түрлерін
дайындауға, ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде
пайдаланылады. Көмір Күлінен сирек кездесетін элементтер
алынады. Олар: галлий жәнегерманий.
Ал күлді
дәрілік ем ретінде де пайдалануға болады. Ол қан
тоқтатуға және жараға микробтар түспеу үшін
өртелген киіз күлін себеді.
Сонымен қатар, қазақ халқында күлді
дәстүрлі ем ретінде де қолданады. Мәселен, адамды ит
тістеп алған жағдайда сол тістеген иттің жүнін
қиып алып өртеп күлін жараға сеуіп таңып тастау
қажет. Оның әсерінен ит тістеген жер жылдам жазылады.
Шеңгел гүлі мен қара
барқын мал көңінің күлін күз мезгілінде
топыраққа төгіп тастаса, қыстай қар астында
ылғанданып көктемге дейін топыраққа сеуіп, жірді
тыңайтады және құнарландырады. Күлдің
құрамында маңызды микроэлементтер көп болады. Оны
арзан, әрі зиянсыз тыңайтқыш ретінде қолданады.
Төмендегі 1-кестеден күлдің түріне қарай
маңызы мен қолдану аясы көрсетіледі.
Кесте 1. Күлді қасиетіне қарай
пайдалану
№ |
Күлдердің түрлері |
Маңызы |
Пайдалану жолдары |
1 |
Алабота, сексеуіл күлі |
Сабын дайындауға, сілті алуға (КОН,NаОН) |
Күлдің ерітіндісін сүйек
майымен қайнату. Таза суға күлді араластырып,ерітіндісін
алу. |
2 |
Пештен
шыққан күл |
Құрылыс
материал ретінде |
Күлді цементпен
араластырып кірпіш және дуал соғуға болады. |
3 |
Киіз күлі, жыңғыл күлі |
Қан тоқтатуға және
жараға микробтар түспеу үшін |
Өртелген күлді жараға таңып тастау. |
4 |
Қою маймен араласқан күл |
Азғын мал қотырын тез кетіреді |
Техникалық қою майдағы
ерітіндісін ыстық күйінде жараға жағады. |
5 |
Сүйектіңкүлі |
Фосфор тыңайтқыш ретінде |
Өртелген күлді егістікке шашу
арқылы. |
6 |
Сексеуіл
күлі |
Қышқыл топырақты
бейтараптау үшін |
Сексеуіл күлінің ерітіндісін сүзіп
алып,топыраққа себеді. |
7 |
Шеңгел күлі |
Азот
тыңайтқышы ретінде |
Күлді топырақпен араластырып
өңдеу. |
8 |
Қара барқын, мал көңі,
жыңғыл күлі |
Калий
тыңайтқышы ретінде |
Күлдерді топырақпен
өңдеу. |
9 |
Ағаш күлі |
Зиянды
унақденелілермен күресу
үшін |
Өсімдік
өскіндерінің
айналасына себеді. |
Зерттеу нәтижесі барысында өсімдіктер
күлдерінің
құрамындағы бейорганикалық заттар мөлшері
әр түрлі. Оны
төмендегі 2-кестеден көруге болады.
Кесте 2. Күлдерінің құрамындағы
бейорганикалық заттар мөлшері
№ |
Күлдің түрлері |
Элемент
мөлшері |
1 |
Алабота, сексеуіл |
Натрий, калий элементтері көп кездеседі. |
2 |
Мия, шеңгел, жоңышқа |
Азоттың
мөлшері көп |
3 |
Тал, жыңғыл |
Кальций |
4 |
Пеш күлі
араласқан (көмір, ағаш отыны) |
Көміртегі көп(барлық элементтер
кездеседі) |
5 |
Сүйек және балық
сүйектерінің
күлдерінде |
Фосфор қосылыстары көп кездеседі. |
Қазіргі қоғам алдындағы мақсаттардың
бірі адамдардың
табиғатқа немқұрайлы қарау
көзқарасын өзгерту. Экологиялық проблемаларды шешу үшін өндіріс көлемін
ұлғайтуда
қалдықты аз
бөлетін және
қалдықсыз
технологияға көшу,
кен орнын кешенді түрде
өндіру, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны
ластаудың алдын алу, энергия мен шикізаттың
дәстүрлі
түрлерін қазіргі
заманғы экологиялық таза
түрге ауыстыру қажет. Сондықтан, өндіріс көлемін
ұлғайтудақалдықты аз бөлетін және
қалдықсыз технологияға
көшу, әртүрлі
қалдықтардықайта пайдалану мен тұтыну
экологиялық проблемаларды шешудің
негізгі мүмкіндіктерініңбірі және ғылым мен
техниканың
жетістіктерінпайдалану нәтижесінде түзілген
әртүрліқалдықтарды пайдалы шикізаткөзіне айналдыру.
Әдебиет:
1.
Қазақ
тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы
редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын
шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының
ғылыми жетекшісіА.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп»
баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
2.
Ұлттық
энциклопедия / Ә. Нысанбаев – Алматы, 1998.
3.
Байкунирова А. С. Күл
үйінділерін бетон және минеральды байланыстырғыш зат
өндірісінде кешенді утилизациялау және қолданылуы. -2014.
-№4.1. - С. 9-13.