э.ғ.д., профессор Дуламбаева Р.Т., Кенжетай А.К.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан

Қазақстандағы кәсіпкерлік сектордың дамуы

Соңғы уақытта әлемдік экономиканың дамуына қарамастан, кәсіпкерлік сферасы қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірін жандандырудың негізгі механизмдерінің бірі болып отыр. Дамыған мемлекеттердің жемісті тәжірибелері куә болып отырғандай, шағын және орта кәсіпорындар бәсекеқабілеттіліктің өсуі мен экономиканың әртараптануына ықпал етеді. Сонымен бірге, әлемдік экономикада шағын бизнес мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың арқасында тез қарқынмен даму үстінде.

         Қазақстан Республиканың да экономикалық дамуының тұрақтылығы және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету дәрежесін арттыру Қазақстанның экономикалық дамуында кәсіпкерлік сектордың маңыздылығының стратегиялық түсінігінен тәуелді.[1]

Кәсіпкерлік сектор әдетте, экономикалық талдау үшін бірнеше ерекшеліктер қатары бойынша топтасатын көптеген фирмалар мөлшерін біріктіреді. Ең кең таралғандары болып меншік формасы бойынша, көлемі, қызмет сипаты, салалық қатыстылығы, басым өндіріс факторы және құқықтық дәрежесі бойынша жіктеу табылады. 

Блок-схема: подготовка: Көлемі бойынша
 


                       1.

 

 


                                                     

Сурет 1. Кәсіпорындардың жіктелімі.

Ескерту: [2] дерек көзі бойынша автордың құрастыруымен      

Қазақстанда кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері әлемнің дамыған мемлекеттерінің көрсеткіштерінен айтарлықтай айрықшаланса да, бүгінгі күні республиканың ШОБ мемлекет экономикасында сәйкес орын ала алды. [1] Соңғы жылдары ШОБ тіркелген және белсенді субъектілерінің саны динамикалық түрде өсіп келеді. ҚР статистика бойынша Агенттігінің деректеріне сәйкес, жуырдағы, 2015 жылдың қазан айы бойынша,  ШОБ тіркелген және белсенді субъектілерінің саны 1,3 млн. құрайды.[3] ШОБ тіркелген субъектілердің өткен жылдардағы көрсеткіштерін келесі графиктерден байқап, салыстыра аламыз.

C:\Users\user\Downloads\ШОК белсенді субъектілерінің саны.png

Сурет 2. ШОК белсенді субъектілердің саны

Ескерту: [4] дерек көзі бойынша автордың құрастыруымен

Кәсіпкерлік дамуы барысында көптеген мәселелерге кезігеді, соның ішінде бұл ақпараттық мәселелер, қаржылық, институционалдық, білім және мемлекеттік мәселелер. Осы мәселелерді шешу мақсатында келесідей көптеген бағдарламалар қабылданып, инвестициялар тартылуда.

Қазақстандық кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде 1997 жылы арнайы мемлекеттік қор «Даму» қоры құрылды, оның мақсаты – кәсіпкерлікке консультациялық және қаржылық көмек көрсету. Сонымен қатар, 2011 жылы арнайы «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы құрылған еді.

         «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасынан басқа жылдамдатылған индустриалды-инновациялы даму бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Үкіметпен аймақтарда бизнесті дамытуға комплексті қолдау көрсету мақсатында өзге де бюджеттік бағдарламалар қабылданған: «Экспорт-2020» - шикізаттық емес экспортты ынталандыру үшін; «Өндіріс-2020» - технологиялық модернизация үшін және экономиканың өнімділігін арттыру үшін; «Инвестор-2020» бағдарламасы – ірі инвесторларды тарту үшін.[1]

Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялағаннан кейін кәсіпкерлер кеңесінің отырысында алға масштабты мақсат – әлемнің экономикасы мейлінше жоғары дамыған отыз елінің қатарына енуіміз керек деген мақсат қойғанымызды айтты. Күшті экономика – бұл күшті кәсіпкерлік, отандық кәсіпорындардың жоғары бәсекеқабілеттілігі, олардың қауымдастығы. Отандық бизнесті қолдау жаңа саяси бағамның маңыздылығы жағынан екінші орында тұрған бағыт ретінде белгіленгенін айтқан болатын.

Күшті экономиканың негізі – күшті кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды мәселелердің бірі инвестициялар тарту болып табылады. Соңғы 15 жылда Қазақстанда көптеген даму институттары құрылды, ШОБ дамытуға мемлекет тарапынан және басқа көздерден бюджеттік құралдар солар арқылы бөлініп отыр.

          Азия даму банкі кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» және бағдарламаның банктер-қатысушылары арқылы Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға $228 млн сомасында қаржы ұсынып отыр. «Қазақстанда шағын және орта бизнес экономикалық өсудің тірегі болып отыр, жұмысбастылықтың өсуіне және табыстардың түрленуіне себепкер. ШОБ орта мерзімді қаржыландыру оның өнімділігі мен бәсекеқабілеттілігін арттыру үшін маңызды,-дейді АДБ Қазақстандағы Өкілінің Директоры Джинлин Янг. Қарыз жөнінде келісімге Джинлин Янг пен «Даму» Қорының Басқару Төрағасы Ляззат Ибрагимовамен қол қойылды. Келісімге сәйкес, АДБ ҚР Үкіметінің кепілдігімен «Даму» Қорына 5 жыл мерзімге қарыз бөледі. Өз кезегінде «Даму» ақша құралдарын шағын және орта бизнестің өкілдеріне теңгемен несие беретін АҚ «DeltaBank», АҚ «Казинвестбанк», АҚ «Казкоммерцбанк" және АҚ "Цеснабанкке» береді. [5]

Сонымен қатар, былтырғы 2014 жылы Ұлттық қордан кәсіпкерлікті қолдауға 200 млрд теңге бөлінген болатын. Ал осы 2015 жылы тағы да 100 млрд теңге бөлінді. Одан бөлек, кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Даму» қорымен халықаралық қаржылық ұйымдардан ШОБ қолдау үшін 92,5 млрд теңге сомасында кредит желісін тарту басталған. [6]

                 Қазақстанның әлемдегі рейтингтеріне келетін болсақ, Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) 2015-2016 жылдарға арналған қорытындылары бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан әлемнің 140 елі арасында 42-орынды иеленді. Өткен жылмен салыстырғанда, Қазақстан өз орнын 8 тармаққа жақсартқан. Бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның үздік нәтижесі.[7]

Кесте 1. 2015-2016 жылдардағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттіліктің Глобальді индексіндегі позициялары[7]

 

2015-2016

(140 мемлекет арасында)

2014-2015

(144 мемлекет арасында)

Динамика

Бәсекеқабілеттіліктің глобальді индексі

42

50

o      8

Институттар

50

57

o      7

Инфрақұрылым

58

62

o      4

Макроэкономикалық орта

25

27

o      2

Жоғары білім және мамандыққа даярлау

60

62

o      2

Тауар нарығындағы тиімділік

49

54

o      5

Технологиялық дайындық

61

61

-

Нарық көлемі

46

52

o      6

 

           Дүниежүзілік банктің Doing business-2016 рейтингінде 41 орынға шығып Қазақстан өз позициясын жақсартты. Doing Business немесе бизнес жүргізудің қолайлылық рейтінгін Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржылық корпорация 13 жылдан бері жариялап келеді. Осы уақыт ішінде ол әлемдік инвесторлар үшін инвестициялық шешімдер қабылдауда және көптеген мемлекеттер үшін – өзінің экономикалық әлеуетін бағалауда негізгілердің біріне айналды. Қазақстан бұл рейтингте 2009 жылдан бері қатысып келе жатыр. 6 жыл ішінде еліміз өз позициясын 12 орынға жақсартқан. 2016 жылға арналған мәлімет бойынша иеленген 41-і орын осы уақыт аралығындағы ең жақсысына және әлемнің 30 бәсекеқабілетті мемлекеттерінің қатарына кіруімізге қанша қалғанын көрнекі түрде көрсететін көрсеткішке айналды.[8]

             Кәсіпкерлік дамуы барысында көптеген мәселелерге кезігеді, соның ішінде бұл ақпараттық мәселелер, қаржылық, институционалдық, білім және мемлекеттік мәселелер. Бұл мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, солардың аясында біршама шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ШОБ субъектілерін қаржылық-несиелік қолдау құралдарының басым бөлігі «Даму» қоры арқылы жүргізілуде. Азия Даму Банкі тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға қаржы ұсынылды, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкінен де алғашқы қаражаттар БЦК келіп түсті. Еліміздің Ұлттық қорынан да қомақты сомалар бөлінуде. Осындай және басқа да қолдау шараларының көмегімен Қазақстан әлемдік рейтингтерде де өз орнын жылдан жылға жақсартуда.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Айжан Калабаева: Предпринимательство как фактор экономического развития.- Мақала. [электрондық ресурс]  / кіру тәртібі: http://www.damu.kz/3583

2.     Виды предприятий (фирм).-Дәрістер. [электрондық ресурс]  / кіру тәртібі: http://newinspire.ru/lektsii-po-mikroekonomike/vidi-predpriyatiy-firm-371

3.     2015 жылдың 1 қазандағы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің мониторингі.-ҚР Статистикалық Агенттігі. [электрондық ресурс]  / кіру тәртібі: http://stat.gov.kz/faces/publicationsPage/publicationsOper/homeNumbersSMEnterprises?_afrLoop=21216362794418774#%40%3F_afrLoop%3D21216362794418774%26_adf.ctrl-state%3Diojbagr06_30

4.     Кестелік материал: Шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны.- ҚР Статистика Агенттігі. [электрондық ресурс]  / кіру тәртібі: http://stat.gov.kz/faces/publicationsPage/publicationsOper/homeNumbersSMEnterprises?_afrLoop=21268052763959630#%40%3F_afrLoop%3D21268052763959630%26_adf.ctrl-state%3D1373c4yxmj_4

5.     АБР продолжает оказывать поддержку МСБ в Казахстане.- Мақала. [электрондық ресурс]  / кіру тәртібі: http://www.nomad.su/?a=4-201509150017

6.     Саяжан Каукенова: Предпринимательский сектор страны будет обеспечен необходимыми финсредствами - Президент РК.- Мақала. [электрондық ресурс]  / кіру тәртібі: http://bnews.kz/ru/news/archive/lenta_novostei/predprinimatelskii_sektor_strani_budet_obespechen_neobhodimimi_finsredstvami__prezident_rk-2015_02_11-1140381

7.     Ксения Воронина: Эксперты пояснили основные факторы роста Казахстана в рейтинге ВЭФ.- Жаңалық.Казахстанская правда газеті.

30 қыркүйек 2015 ж. [электрондық ресурс]  / кіру тәртібі: http://www.kazpravda.kz/rubric/ekonomika/eksperti-poyasnili-osnovnie-faktori-rosta-kazahstana-v-reitinge-vef/

8.     Гульнара Айсакова, Ернат Кашкынов: Всемирный банк отметил ряд достижений Казахстана в рейтинге Doing Business-2016.- Мақала.

28 қазан 2015 ж. [электрондық ресурс]  / кіру тәртібі: http://24.kz/ru/news/economyc/item/89534-vsemirnyj-bank-otmetil-ryad-dostizhenij-kazakhstana-v-rejtinge-doing-business-2016