АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМ
ӨНДІРУШІЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТ
ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік
Университеті
Калдыгозова Мерует Аширбаевна
э.ғ.магистрі,аға оқытушы
Дамыған елдерде
экономикалық аграрлы секторы қоғамдық өндірістің
жалпы процесіне белсенді қатысады.
Бірыңғай кешен
жетілуде: аграрлы өндіріс, өндірілген өнімді қайта
өңдеу, дайын тауарларды сату, ауыл шаруашылығы үшін
өндіріс құралдарының өндірісі.
Мемлекет өзінің
аграрлы саясатымен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарын
қолдайды: көлемді капиталдың құйылуы,
материалдық – өндірістік базаны күшейту, өндіріске
жетістік пен ғылымды енгізу.
Экономикалық дамыған
елдерде фермерлер мен кооперативтердің несиелік қажеттілігін
қаржыландырудың екі негізгі схемасы орын алады: кооперативті
және мемлекеттік. Еуропада, мысалы, бірінші түрі кең
түрде қолданылады.
Ауыл шаруашылық
өнімдері нарығымен байланысты мәселелер кешені бірінші
кезекте Польшада пайда болды. Мұнда басқа шығыс
Еуропалық елдерге қарағанда аграрлық секторда
нарықтық реформалар әлдеқашан бұрын басталды.
Олардың міндеттеріне:
1)
ауыл шаруашылық өнімдерін интервенциялық сатып алу;
2)
ауыл шаруашылық өнімдерін және оның
өңделген тауарларын ішкі және сыртқы нарықтарда
интервенциялық сату;
3)
ауыл шаруашылық өнімінің резервін жасау.
Батыстың көптеген
мемлекеттерінің практикасы көрсеткендей ауыл шаруашылықты
несиелеудің тиімді жолдарының бірі – несиелік кооператив
жүйелерін құру болып табылады. Олардың негізгі міндеті –
өз мүшелерінің ақша ресурстарын аккумляциялау
және біріктіру және олардың несиелік –қаржылық
қызмет көрсетуі. Осындай кооперативтердің көзге
түсуі мынада: олардың мүшелері өз жинақ салымын
коммерциялық банктен басқа жоғары пайызға несие
алуға мүмкіндігі бар. Кооператив өз мүшелерінен
тұратын және экономикалық қызмет орнынан тікелей
жақын жерде орналасқан, сонымен қатар несиенің берілуі,
банкке қарағанда оңай және түсінікті. Несиелік
кооперативтер құрушы физикалық және заңды
тұлғалар жалпы қызығушылыққа және
біріккен кооперативті меншіктілікке ие.
Коммерциялық банктен айырмашылығы
несиелік кооперативтер өз мүшелерінің қаражаттарын
жинақтайды.
Несиені тек кооператив
мүшелері ала алады. Несиелік кооперация – фермерлік кооперативті
қозғалыстың бұрынғы саласы – өз
эволюциясының 100 жылдан жоғары тарихында Батыс мемлекеттер қатарында
оның несие – қаржылық жүйесінің маңызды
және әсер етуші бөлігіне айналады.
Еуропалық континетте
алғашқы селолық несие кооперациясын құру
қатарында ипотекалық несиелік серіктестігі жатады. Швед банкі
оның құрамына кіретін кооперативтердің несиелік
қызметін қамтамасыз ету үшін бағалы
қағаздарды шығару құқығына ие болды.
Ұқсас ипотекалық несиелік мекемелер басқа мемлекеттерде
де (Германияда, Нидерландта, Жапонияда) құрылды. Кооперативті
несиелік қызметтің бұл формасы кеңінен
қолданылған жоқ. Ауыл шаруашылық және несиелік
кооперативтердің жалпы дамуының бастамасы ХІХ ғасырдың
50 – 60 жылдарын қамтиды. Несиелік кооперативтердің Отаны –
Германия.
Ұлттық кооперативті
несие жүйесінің бас ұйымының рөлін
«Дойчегеноссеншафтс банк» (Германия кооперативті банкі) атқарады.
Оның 80 пайызының капиталы аймақтық кооперативті банк
үлесіне жатады, қалған капиталы көптеген капитал
ұстаушылардың арасында, әсіресе кооперативті несиелік
мекемелерге бөлінген. Банк өзара байланысқан екі функцияны
орындайды: төменгі звенолар арасында қарыздың
капиталдық жалпы қорын бөледі және қайта
түрлендіреді және еркін ресурстарды уақытша пайданы
орналастырады. Германияда алғашқы кооперативті фермерлік банктер
ХІХ ғасырдың соңында құрылды. Жергілікті
кооперативті банктердің консалидациясы алғашқыда екі
банктің бірігуіне әкелді – орталық Рабобанк мекемесі
алғашқыда банк аграрлы сектордың қажеттілігіне
бағытталды. Қазіргі уақытта ол нидерланд экономикасының
барлық салалары мен іскерлік қатынаста. Рабобанк Юнико
халықаралық кооперативті банк тобының қызметінде
керекті рөл атқарады. Рабобанк арқылы голландиялық
компаниялардың үштен бір бөлігі өз қаржы
операцияларын жүргізеді.
Францияда ең бірінші
несиелік кооперативтер (село несиелік кассалары) ХІХ ғасырдың 60 –
жылдары құрыла бастады. 1884 жылы қабылданған «Кредит
агриколь» жүйесін ұйымдастыру жөнінде заң олардың
функционирленуінің заңдылық базасы болды «Креди агрикаль»
жұмысының алғашқы қадамдарынан бастап, мемлекет
оның ұйымдастырушысы, спонсоры ретіндегі рөлді өз
қолына алады. «Креди агриколь» несиелік кооперативтерді мемлекеттік
қаржыландырады.
Басқа елдерге
қарағанда Жапонияда несиелік кооперацияның дамуы кооперативті
қызметтің жалпы дамуымен жоғары дәрежеде байланысты.
Ауыл және орман
шаруашылығы үшін Орталық кооперативті банк негізгі
қаржылық институты болып табылады. Себебі кооперативті несиелік
қызметтің мақсаты кооператив мүшелерін өзара
қаржыландыру кооперативті несие бойынша қысқа мерзімді
сипаттамаға ие. Ұзақ мерзімді несиелеу ауыл
шаруашылығын қаржыландырудың мемлекеттік корпорациясы
арқылы ауыл шаруашылық қаржыландыруының үкіметтік
бағдарламасы негізінде қамтамасыз етіледі.
АҚШ – та ауыл
шаруашылық несиелі кооперация фермерлердің несиелеу жүйесімен
ұсынылған. Оның банктік құрылымы мемлекеттік
қаржы есебінен құрылған. Одан әрі несиелік
кооперация мемлекеттік субсидия көмегімен дамыды. Село несиелі кооперация
нарықтық экономикасы бар көптеген елдерде таралған,
әсіресе аграрлы сфераны несиелеудің 30 – 55 пайызы кооперативтер
үлесіне келетін Батыс Еуропаның континенталды мемлекеттерінде
(Германияда, Нидерландта, Францияда, Швецияда, Финляндияда, Испанияда,
Португалияда, Австрияда, Грецияда) орын алады.
Нарықтық
қатынас жағдайында ауыл шаруашылық өндірісінің
тұрақты дамуы мемлекеттік реттеумен бірге балансқа келтірілген
қаржылық және несиелік саясатты жүргізбей мүмкін
емес. Ауыл шаруашылық өндірісінің функционирленуінің
спецификасы, өтімділік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
экономиканың басқа салаларына қарағанда мемлекеттік
реттеу мен мемлекеттік қолдау үлкен рөлді атқаратын
агроөнім саясатын жүргізуді қажет етеді.
Қаржылық – несиелік
қатынастардың нарықтық механизмін құру
аграрлы сектордың даму облысында жаңа ғылыми
ұсыныстарды, ауыл шаруашылық өндірісінде қаржылық
қатынастардың жетілдіруін және аграрлы сектордың
көп укладтылық жағдайында ауыл шаруашылық
өндірісінің дамуына қаржыны рационалды әсер
етудің негізгі шараларын негіздеуді қажет етеді.
Қаржылық жүйені жетілдірудің маңызды ынтасы
аграрлы сектордың ықтималдылығына қаржыны әсер
етудің әдістері мен формаларын дұрыс ұйымдастыру
және пайдалану.
Халық
шаруашылығының басқа, салаларынан айырмашылығы ауыл
шаруашылығы жылына бір рет өнім өндіреді, мысалы, егін
шаруашылығы мен мал шаруашылығы.
Егін шаруашылығында бидай,
жеміс – жидек, көкөніс, картоп және т.б. жылына бір рет
түсім береді. Сол сияқты мал шаруашылығында ірі қара
мал, сиыр, қой, ешкі және т.б. жылына бір рет мал басының
санын көбейтеді. Сондықтан да ауыл шаруашылық өндірісі
үнемі қаржылық қолдауды қажет етеді.
Ауыл шаруашылық
өндірісінің ерекшелігі, ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының табыстарын құру және қаржы
айналымының спецификасы, сондай – ақ меншіктіліктің әр
түрлі формасында негізделген кәсіпорындардың ауыл шаруашылық
өндірісінде бар болуы қаржыландыру қажеттілігін керек етеді.
Ауыл шаруашылық экономикасын
тұрақтылығының маңызды бағыттарының
бірі ауыл тауар өндірушілердің инвестициялық қызметін
активизациялау және құйылған капиталды дұрыс
пайдалану.
Инвестиция – ауыл шаруашылығы және халық
шаруашылығының басқа салаларына ұзақ мерзімге
құйылған капитал формасында жүзеге асырылған
шығындар жиынтығы болып табылады.
Инвестициялық процесс –
ұзақ мерзімге құйылған капитал формасында
жүзеге асырылған шығындар жиынтығынан нәтижені
алу процессі, негізгі және айналымдағы қорлардың кеңейтілген
қайта өндіріс процесі, капиталдың жинақталу процесі.
Капиталдың
құйылуы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының
инвестициялық қызметін басқарудың ең
маңызды экономикалық
күші, ұзақ мерзімді болжау және ағымдағы
жоспарлау периодында инвестиция саясатын анықтау құралы болып
табылады.
Капиталдың
құйылу мөлшері, оларды меңгеру қарқыны ауыл
шаруашылық негізгі құралдарының абсолюттік
өсімінің көлемімен анықталады. Ауыл, село және
агроөнеркәсіп кешенінің дамуына бағытталған
мемлекеттік инвестициялар мен орталықтандырылған капиталдың
құйлуы халық шаруашылығы дамуының приоритетті
бағыты ретінде қарастырылады.
Ауыл шаруашылығында
мемлекеттік инвестицияның басымдылығы шаруа және фермерлік
қожалықтарының, кооперативтерінің,
агроөнеркәсіп кешенінің, ұйымдарының,
бірлестіктерінің, басқа кәсіпорындарының бекітілген
келісімдерімен мемлекеттік тапсырмаларының көлеміне сәйкес
материалдарды – техникалық ресурстармен толық және бірінші
кезекте қамтамасыз ету жағдайын құрумен түсіндіріледі.
Агроөнеркәсіп
кешенінде мемлекеттің қаржы – несие саясаты өндіріс
тиімділігін көтеруді, жаңа нарықтық ортада
кәсіпкершілік қызметке тауар өндірушілерді адаптациялауды
және құрылымдық қайта құруды,
нарықтың инфрақұрылымын дамытуды ынталандыруға,
стратегиялық маңызды өндірістер мен объектілерді
қолдауға, ішкі және сыртқы нарықтарда
кәдімгі бәсекелестік үшін жағдайлар
құруға негізделген.
Мемлекеттік қаржы – несие
саясатының құралдары ретінде мыналар болуы мүмкін:
-
агроөнеркәсіп кешенінің тауар өндірушілерін тікелей
бюджеттік мемлекеттік қолдауы;
-
стратегиялық маңызды өндірістерге мемлекеттік
бағдарламаларға қатысу үшін конкурстық негізде
іріктеп алынған тұқым шаруашылығына төленетін
компенсация мен дотация түрінде жүргізіледі;
-
мемлекет есебіндегі өндіріске, құрылсқа және
сушаруашылық объектілерінің, мелиоративті жүйенің қайта
жөндеуіне мемлекет тарапынан бағытталған қайтымсыз
капиталдың құйылуы. Ол мемлекеттік
бағдарламаларға қатысушы конкурстық негізде
шаруашылық субъектілеріне берілуі мүмкін;
-
бағдарламаларға қатысушы шаруашылық субъектілері,
сондай – ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен инфрақұрылым
объектілері арасында конкурстық негізде бөлінген қайтымды
капиталдық құйылуы;
-
мүлікті кепілдікке қоя, несие алушының несие
қабілеттілігін есептей конкурстық негізде жеңілдетілген
несиелеге қатысушы агроөнеркәсіп кешенінің тауар
өндірушілері бөлген коммерциялық банктердің
жеңілдетілген пайыз негізіндегі қысқа мерзімді несиелері,
қысқа мерзімді несиелеу формаларының бірі – ауыл
шаруашылық өнімдерімен мемлекеттік кепілдік операциялары;
-
агроөнеркәсіп кешенінің тауар өндіруші беретін
мүлікті кепілдікке қоя қарыз алушының несиелік
қабілеттілігін есептей фирма-операторлардың тауарлы
қысқа мерзімді (Жанар май материалдары, минералды
тыңайтқыштар, басқа ресурстар) және ұзақ
мерзімді (лизингтік операциялар) несиелер.