АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА  ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН РЕФОРМАЛАР МЕН КЛАСТЕРЛЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

 

                   М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Калдыгозова Мерует Аширбаевна э.ғ.магистрі,аға оқытушы

 

         Мемлекеттің ауыл шаруашылық саласын реттеуі төмендегідей жағдайлармен байланысты:

Осы саланы дамытудағы өзекті міндеттер:

-                           мемлекттің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-                           ауылшаруашылығы өнімдері нарығын тұрақтандыру;

-                           ауылшаруашылығы өндірісінің құлдырауымен тығыз байланысты әлеуметтік (әсіресе ауыл өмірінің) құлдырауына жол бермеу.

Бұл айтылған міндеттерді орындау, қазіргі нарықтық кезеңді тиімді арттыратын, еңбек өнімділігін ынталандыратын, біріншіден, шаруашылық жүргізу механизмін қалыптастыруды, екіншіден, оны ұтымды, сапалы іске асыруға бағыт беруші басқару, реттеу органдарын құруды қажет етеді.

Егер шаруашылық механизмі бұл ұйымдық  құрылымдар мен экономиканы реттеу әдістерінің, тәсілінің жиынтығы болса, онда бұл механизм қоғам өміріндегі өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты жетілдіріп, мақсат – міндеттерді орындауға бейімделіп отыруы керек. Ал ол сала өміріндегі сан – түрлі жағдайларды мемлекеттік реттеу қажеттігін айқындайды.

         Реттеу қажеттілігі осы саланың өзіндік ерекшеліктерімен байланысты: жер негзгі өндіріс құралы. Оның дұрыс, тиімді, барша халық игілігі үшін пайдаланылуы тек шаруашылық субъектілерінің емес, сонымен бірге мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып есептелінеді. (19)

Өндірістің маусымдылығы және өндіріс уақытымен өнімді өткізу, тұтыну уақыттарының сай келмеуі, қаражаттың өте жай айналымда болуымен. Ауыл шаруашылығы саласының бұл ерекшеліктері мемлекеттің салық, несие және күрделі қаржы саясаттарын іске асыруда, оларды қалыптастыруда есепке алынулары керек.

         Өндіріс процесінің табиғи – климаттық жағдайға тәуелділігі мен табиғи – климаттық жағдайлардың өндіріс процесіне тікелей ықпалы, бұл салада мемлекттік сақтандыру жүйелерін қалыптастыруды, дамытуды талап етеді.

         Өндіріс процесінің биологиялық организмдермен байланыстылығы есептелінеді. Өндіріс процесінің биологиялық организмдермен үнемі тығыз байланыста болуы мемлекеттің бірыңғай ортақ ветеринарлық – санитарлық, ғылыми – техникалық жаңалықтарды таратуды, енгізуді, және ауыл шаруашылық өндірісін дамытуды, экологиялық тазалықты, саясатты іске асыруды қажетсінеді. Ал бұл жағдайлардың жалпы қоғам үшін маңызы өте зор.

         Осы қажеттілікті анықтайтын екінші бір топ факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:

1.                     Ауыл шаруашылығының экономиканың басқа салаларына қарағандағы монополтялық деңгейінің болуы, яғни ондағы өндіріс процесі, өнімін өңдеу, сақтау және т.б. жұмыстардың экокномиканың басқа салаларынан тәуелділігі.

2.                    Күрделі қаржылардың жай айналысы мен сала экономикасына күрделі қаржылардың өте  аз бағытталынуы;

3.                    Өндірістік және әлеуметтік жүйелердің инфрақұрылымының даму деңгейінің экономиканың басқа салаларына қарағанда нашар, төмендігі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004 жылғы 19 – шы наурыздағы Қазақстан Халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесі міндет қойып, былай деді: «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз керек. Соның бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады».

Ел басымыздың биылғы жылғы жолдауында (Астана. 1 – ші наурыз. 2006 жыл.) негізгі міндетті дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуді ұстаныпотыр. Былтырғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы) айқындап алдық. Даму институттары болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуда.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде келесідей кластерлер даму мүмкін: астық өңдеу жөніндегі, сүт өңдеу жөніндегі, ет өңдеу жөніндегі кластерлер. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі болып саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін кластерлер өркндеуі мүмкін. Агроқнеркәсіп кешені шеңберінде тігін бұйымдарының кластері және тері мен аяқ киім өндіру жөніндегі кластер құрудың мүмкіндігін қарастыруға болады.Кластерлер бәсекелестік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біз өз еліміздегі бәсеке жағжайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда жәгнен қандай кластерлер құруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз.

Қазіргі кезде республика дәнді – дақылды өңдеу жөніндегі 1922 кәсіпорын (ұн тартатын комбинаттар) бар. Ұн өндіру жөніндегі қуаттарды пайдалану коэффициенті – 38,7 пайыз. Негізгі қорлардың тозу деңгейі 26,1 пайыз.Бірінші суретте астықты тереңірек өңдеудің, жаңа өнімдерді (құрғақ және тоңазытылған ұлпа, кондитерлік өнеркәсіп және басқа салалар үшін жартылай фабрикаттар, диеталық тамақтардың өнімдері және т.б.) игерудің қажеттігі көрсетілген. Жаңа өндірістер ауыл шаруашылық шикізатты толығырақ пайдалану, өндірістік қуаттарды пайдалану деңгейін көтеру мақсатында  және ұзақ мерзімге сақталатын астықтан жасалатын өнімдердің түрлі ассортментімен халықты қамтамасыз ету үшін орналастыратын болуға тиіс. Кластердің инновациялық құрылымын дамыту маңызды міндет болып табылады.

    Бұл кластердің өңірлік мамандануын немеғсе қызмет істейтін аймағы республиканың тауарлы астық өндіретін облыстарына, атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облыстарына таралады. Астық кластерлері ірі қалаларға жақын орналасқан елді мекендерде  де дамуы мүмкін, оларда астық өңделгенде табыстылығы төмен өнімдер (дән негізіндегі құрғақ тағамдар, ұннан жасалған және кондитерлік бұйымдар, диеталық тамақтануға арналған өнімдер және т.б.) өндіру жөніндегі кәсіпорындар орналасуы сапалы түрде шартты нәрсе. (23)

Астықты қайта өңдеу кластерлігі. Дәнді – дақылдарды қайта өңдеу облыс тамақ өнеркәсібінің ең серпінді дамып келе жатқан және кластер құру үшін ең дайындалған салалардың бірі болып табылады. Мұндай тұжырымға мына себептер негіз бола алады:

1.                                Астықты (бидайды) қайта өңдеу оның жылдық өндіру көлемінің 25 % - дан аспайды, оның ішінде астықты ұнға айналдырып өңдеу бұл көлемнің 75 – 80 % - ын құрайды. Астықты тереңдетіп қайта өңдеу үлесін өсірудің үлкен рещервтері бар;

2.                                облыстың астықты қайта өңдеу кәсіпорынның қуаты жылына 250 мың тоннаны құрайды, ал жылдық ішкі қажеттілігі – 119 мың тоннаға жуық;

3.                                ұн экспорттайтын бірқатар ұн тартушы кәсіпорындар астықты қайта өңдеу саласында әлемнің алдыңғы қатарлы фирмаларының (Бюллер т.б.) жаңа жоғары технологиялық құрал – жабдықтармен жарақтандырылған. Бұл ораға тек стандарттарға сай жоғары саалы тұтынушылардың өзгеше талаптарын (күл мөлшері, тартылған ұнның ақ шаңқандығы, дән уызы мөлшері бойынша т.б.) есепке алуңа мүмкіндік береді;

Кластер жасау үшін астықты қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен  облыстың астық өндіретін мына негізгі аймақтарында – жуалы, Т. Рысқұлов, Меркі, Қордай және Шу аудандарында жүзеге асыру ұсынылады.

Астқты қайта өһңдеу ластерінің құрамына: «Зар – Замин» ЖШС (Тараз қ.), «БМ» ЖШС (элеватор, диірмен, құрғақ бидай, дән уызы цехы), «Алтын дән» АҚ (Жуалы ауданы), «Подгорное» АҚ (Т. Рсықұлов ауданы), «Акбулым», «Благовещенка» АҚ (Қордай ауданы), М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті (Тамақ өндірістері факультеті) кіреді.

Астықты қайта өңдеушілер – экспорттаушылар кластеріне бірлестіруге ұсынылған астықты қайта өңдеу кәсіпорындары астық өндіруден нан өндіруге дейін ірі тікелей ықпалдастырылған бірлестіктердің құрамына енгендігін немесе өздері солардың негізі болып жүргендігін атап өту керек. Астықты қайта өңдеу мәселелері олар үшін жалпы технологиялық тізбек буындарының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл кәсіпорындар үшін бақылау жүйесінің және өндіріс сапасын басқару мәселелерін шешу – дайындалатын астықтың сапасын басқарудан дайын өнімнің сапасына дейін, қиынға түспейді.

Астықты қайта өңдеу саласыенда кластер жасаудың кезеңде іске асыру жоспарланып отыр:

1.                                         өндірісті дамыту және ұнның экспортын арттыру;

2.                                         құрғақ дән уызы өндірісін дамыту;

3.                                         макарон өнімдерін өндіруді дамыту.

Астықты қайта өңдеу кластерінің өзгеше проблемалары:

-                           ұнның өркениетті көтерме базарлар жүйесінің жоқтығы;

-                           дәнді – дақылдардытереңдетіп қайта өңделген өнімнің экспортын қолдаудың анық мемлекттік стратегиясының жоқтығы;

-                           сала жөнінде толық және дәл статистикалық күмәнсіз мәліметтердің жоқтығы.

Бүгінгі күнге істеп тұрған диірмендердің толық тізімі облыс әкімиятының ауыл шаруашылығы департаментінде де, облыстық статистика басқармасында да, ҚР АШМ – нің облыстық аумақтық басқармасында да жоқ. Осының салдарынан, көлеңкелі айналымның пайда болуы, есепке алынбаған астықтан, есепке алынбаған өнім өндіру және соған байланысты бюджеттің ысырабы ұшырасады.

         Осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы бағалық диспаритеттің қатаң шырмауында және пайдасыз сала болып есептелді. Осы жағдайдан шығу үшін өндірістің маусымдылығын, капиталдың баяу айналымын көтеріңкі табиғи қауіп – қатерді, азық – түлік импортының өсуіне әсер етуші шетел мемлекеттерінің протекционизімін ескеруші ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелеудің тиімді механизмін құру қажеттілігі артуда. Осыған орай біздің халық шаруашылығы үшін әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың материалды – техникалық базасын жаңартудың әдеттегідей емес қаржылық құралдарын іздеу және енгізу қолайлы. Сондықтан да ауыл шаруашылығын қаржыландыру берілген саланы қолдаудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы мен өзгеру тенденциялары, көрсеткіштері талданып, ауыл шаруашылығының негізгі өнім өндірісінің қазіргі кездегі нәтижелері бағаланды және оны индустриалды дамытудың жергілікті проблемаларын диагностикалау жүргізілді.

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытудың жолдары мен оның жүзеге асырылуы зерттеле келіп, агроөнеркәсіпте жүргізіліп жатқан реформалар мен кластерлерді қарастырылды.

Ауыл шаруашылығын өндірушілерінің негізгі проблемасы – өз өнімін өткізетін нарықты табу. Оларға жерді қашан тыңайту қажет, қашан және нені ұрықтандыру керектігі туралы нұсқаулар беріп қажеті жоқ. Оларға потенциалды сатып алушылар қай жерде олардың қажеттіліктері мен төлеу жағдайлары қандай деген сияқты ақпараттар керек. Көптеген ауыл шаруашылығы өндірушілерінің басты проблемасы, олардың көзі жұмып жұмыс істеуінде, яғни өздері өсірген өнімді кейін қайда жіберерлерін білмеуінде болып келеді. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің сенімділігін және жұмыстарын алдын ала білулерін арттыру, олардың өнімді өткізуде перспективті нарықтарға шығуына көмек беру ауыл шаруашылық және азық – түлік департаментінің басты міндеті.