АГРОБИЗНЕСТЕГІ  КЛАСТЕР - БӘСЕКЕ  ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ  АРТТЫРУ  ТӘСІЛІ

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Калдыгозова Мерует Аширбаевна э.ғ.магистрі,аға оқытушы

 

 

Дүние жүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған Қазақстан үшін ел экономикасын кластерлі дамыту және осыған орай сапа  тандарттарын дүние жүзілік стандарттарға сәйкестендіру өте үлкен, келешегі зор мәселе екендігі анық. Жобаның мақсаты ел экономикасы өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге дейін көтеру әрі оны диверсификациялауға индустриялық негіз жасау үшін болашағы бар деп саналатын кластерлерді айқындау болды.

Кластер — бұл өзара байланысты компаниялардың, маманданған қызмет көрсетушілердің, тиісті салалардағы фирмалардың,сондай-ақ, белгілі бір салада әрекет ететін олардың қызметтеріне байланысты ұйымдардың қызметтерінің ортақтығымен және бір-бірін толықтырумен сипатталатын жағрапиялық белгіері бойынша шоғырланған топтары.

Кластерлік даму –республиканың бәсеке қабілеттілігін арттыру стратегиясының негізгі бөлігі, индустриалдық –инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың кілті.

Кластер — бұл салалар мен кәсіпорындар, ұйымдар кешені және олардың қызметін үйлестіру базасында бәсекеге кабілетті өндіріс құру әдісі.

Кластерлік үлгі әлемнің көптеген дамыған елдерінде қолданылады. АҚШ-та Калифорниядағы силикон аңғары, Техастағы силикон төбелері кеңінен танымал. Финляндияда, Жапонияда жөне Оңтүстік Шығыс Азияда жоғары технологиялық, бәсеке қабілетті және экспортқа бағдарланған өнімдерді әр алуан салалардың кәсіпорындары мен ұйымдары топтарын біріктіру жолымен өндіру, кеңінен қолданылады.

Жалпы мамандардың пікірінше жоғарыда атап өткеніміздей, қазір Қазақстан экономикасының дамуы пайдалы казба байлықтарын өндіріп, шикідей шетелге сатуға негізделген салыстырмалы экономикалық артықшылық есебінен жүзеге асуда. Әлемдік төжірибе бойынша, мұндай ахуал елдің тұрақты экономикалық дамуына бөгет қойып, Қазақстанның дүниежүзі нарықтарындағы тауар өндірушілерге тәуелділігін күшейтеді. Сонымен катар, бұл жағдай "голланд ауруының" (өндіргушілерге тәуелділік) бел алуына себеп болмақшы.

Осыған орай, жүргізілген зерттеулер негізінде, Жамбыл облысы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін экономиканың жаһандану барысында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінен басқа, нарықтағы тұрақсыздық бен жасырын жағдайлардан сақтандыруды және тұрақты қаржылық түсімді қамтамасыздандырып отыруға мүмкіндік беретін жетілдіру стратегиясын ұсынып отырмыз.Бұл стратегияны іске асыру нәтижесінде облыстағы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өндіретін өнім түрлерін көбейту мүмкіндіктері артады. Облыстың аудандарында да көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерін өндіру көлемі жоғары, сондықтан осы аудандарда дайын өнім алу мәселесін жолға қою қажет.

     Кесте 1

Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін бәсекелестік нарықта жетілдіру стратегиясы

 

Негізгі тамақ өнім түрлері

Диверсификация стратегиясын жетілдіру әдісі

Мақсатты нарықтарды кеңейту

Көкөніс пен жеміс-жидек өнімдері

Кластер түрінде

Отандық нарықтан әлемдік нарыққа ену

Қосылу арқылы жаңа кәсіпорын құру

Аймақтық нарықтан отандық нарыққа ену

Сүт өнімдері

Қосылу арқылы жаңа кәсіпорын құру

Аймақтық нарықтан отандық нарыққа ену

Аймақтық нарықтан отандық нарыққа ену

Өсімдік майы өнімі

Кластер түрінде

Аймақтық нарықтан отандық нарыққа ену

Ет және шұжық өнімдері

Қосылу арқылы жаңа кәсіпорын құру

Аймақтық нарықты кеңейту

      Біз ұсынып отырған бағытта жүргізілетін диверсификациялау облыста жаңа сауылған сүтпен қамтамасыз етуге, әсіресе оның сапасын арттыруға және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді.

Қорытындай келе, диверсификация стратегиясын бөлу ерекшелігі ретінде кәсіпорынның қызмет ету деңгейі мен көлемін немесе оның нарықтық қызмет ету аясын анықтадық. Яғни, олардың аймақтық, отандық және басқа елдердің нарығына шығуы. Соған сәйкес келесі диверсификация түрлерін бөліп қарастырамыз: аудандық деңгейдегі диверсификацияда шағын кәсіпорындар, тұтыну кооперациясы кәсіпорындары, аудандық және қалалық азық-түлік кәсіпорындарының диверсификациясы қарастырылады. Бұл кәсіпорындар жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу арықылы диверсификацияны дамытады және мұнда шикізат көзі мен өнімді тұтынушыларға жақын орналасу арқылы бұл кәсіпорындар  негізгі бәсекелестік артықшылыққа ие болады. Диверсификацияның екінші түрі – бұл өнімді терең өңдеуден өткізу арқылы дайын өнімнің қосымша жоғары құнына ие болуға мүмкіндік беретін диверсификация. Мұндай диверсификация тиімді болады, егер де оны жүзеге асыратын кәсіпорындар көлемі жағынан ірі болса және қаржылық қор жағынан тұрақты болса немес олар ірі интеграциялық құрылымдар ретінде қызмет етуіне болады.Отандық тамақ өнеркәсібінің табиғи шикізаттар түрлерінен дайындалған жоғары сапалы өнімдер өндіруде үлкен тәжірибесі бар. Нарықтық экономика жағдайында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасынан басқа, олардың бағасына халықтың төмен табысты категорияларының қолы жетуінің маңызы айрықша. Отандық азық-түліктердің көпшілігі сапасы жағынан шетелдік өнімдерден кем түспейді, бірақ оларға туындап отырған сұраныс олардың бағасы бойынша бәсекеге қабілетсіздігінен тежеліп отыр.

Жоғарыда талған ауыл шаруашылығын дамыту бағыттарымен қатар тамақ өнеркәсібін кластерлі дамыту бағыттары «Кластерлік бастамашылық» негізінде қолға алына бастады.

Ұшқыр жобаларда көрсетігендей ет-сүт өндірісін кластерлі дамыту біз зерттеу жүргізген Жамбыл облысында дамытуға да мүмкіншілік жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Тамақ кластерін дамыту жоспарын дайындау бойынша ұйымдастыру-талдау жұмыстары

 

Тамақ өнеркәсібіне қажетті өнім жеткізетін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің саудаласу мүмкіндіктері мен қабілеттері төмен, өздерінің талаптарын орындата алмайды. Тұтынушылардың тамақ өнімдерін өндірушілерге әсері де олардың төлем қабілетінің төмендігімен шектелген.

Экономикалық билікті жекелеген қуатты топтардың қолына жинақтауды және олардың нарықтағы ережесін тек бәсеке ғана шектей алады. Бәсекені дамыту нарықтық қатынастардағы әрбір субъектінің бәсекеге қабілеттікке жетуге деген әрекетін күшейтеді. Бәсеке­лестік артық­шылықтар құру үшін жекелеген саланың бәсекелестік даму стратегиясын әрі қарай дамыту керек. Осыған байланысты дамыған шетелдерде кеңінен тараған клас­терлік тәсілді пайдаланудың қажеттігі туындайды.

Қандай да бір салада кластер қалыптастырудың ұлттық экономика үшін стратегия­лық мәні бар, өйткені кластер ішкі өсуге қозғау салады, негізгі буын ретінде барлық тізбекті алға тартады. Міне сондықтан да та­мақ кластерін қалыптастыру саланың бәсекеге қабілетті болуына негіз қалайды. Тамақ өнеркәсібін дамыту кластерлік немесе кешенді көзқарасқа негізделуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу салаларының жағдайы соңғы жылдары оң беталыстармен және өндірістің әрі қарай өсуі үшін елеулі әлеуетімен сипатталады. Мұның өзі саланың өсуінде экстенсивті факторларға қарағанда интенсивті факторлардың артық болғанын көрсетеді.

Өңдеуші өндірісін дамытудың негізі отандық азық-түлік мәшине жасау саласы болуы тиіс. Бұған Қазақстан Республика­сында 2000 – 2003 жылдарға арналған мәшине жасау кешенін дамыту бағдарламасы айтарлықтай серпін берді.

Отандық азық-түлік тауарларды дұрыс орау қашаннан бері ең осал буын болып келді, ол әсіресе экономиканың ашықтық жағдайында анық байқала бастады. Қазіргі кезде еліміз орау материалдары мен ыдыстар дайындауда шетелдік шикізаттарға және шетелдік жеткізіп берушілерге тәуелді. Ыдыс-орау кәсіпорындары өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырулары керек, өйткені бірқатар, тұрақты жұмыс істеп отырған шетелдік фирмалар жекешелендіріп алған ірі кәсіпорындар шетелдік орау материалдарына артықшылық береді.Инфрақұрылымдардың барлық түрлерінің маңызды екенін мойындай отырып, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік стандарттау, сертификаттау және метрология жүйесін ерекше бөліп көрсету керек. Осы буынның қандай да болсын өнімдердің, оның ішінде тамақ өнімдерінің сапасын қамтамасыз етудегі айрықша маңызды рөлін ескере отырып, осы жүйені дамытуды мемлекеттік басым бағыттардың бірі деп анықтауымыз керек.

Осы жоғарыда аталған тамақ өнеркәсібіндегі кластерлерді құру және дамыту кезіндегі негізгі жалпы жүйелік мәселелер және оларды шешу жөніндегі шараларды төмендегі суреттен көрсте аламыз.

Кластер қалыптастыруды оңтайландыру ұзақ сақталатын өнімдердің жекелеген түрлерін сырттан әкелуді қысқартуға және экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайтуға жағдай туғызады.