Г.
Амалбекова, Б. Қонысов
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
МЕМЛЕКЕТТІК
САЛЫМДАРДЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ
Инвестицияларды
қаржыландырудың сыртқы көзіне бюджет қаражатының
барлық деңгейі, сонымен қатар әр түрлі
қаржы институттары арқылы инвестицияға бағытталатын
халық жинақтары (банктер, құнды қағаздар
нарығы, нвестициялық және сақтандыру компаниялары,
мемлекеттік емес несие қорлары және т.б.), жеке меншік
өңдеуші кәсіпорындар мен саудагерлер және
коммерциялық банктер жатады.
Әр
түрлі мамандардың санағы бойынша халық жинағы 1
мен 3 млрд. доллар арасында, нақ осындай инвестицияға
Қазақстан экономикасы мұқтаж. Мысалы, елдің ауыл
шаруашылық секторына бұл инвестиция көлемінің 1,5 млрд. доллары 5 жылға жетер еді.
Дегенмен, мемлекет физикалық тұлғалардың
салымының қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды, сол себепті
инвестицияның аталмыш көзі аяқсыз қалып отыр.
Зейнетақы
қорларын толыққанды инвесторлар ретінде құру
Қазақстандағы ұжымдық инвестициялау
институтының бастамасы болар еді. Өкінішке орай, қазіргі
таңда зейнетақы активтерінің аз ғана бөлігі
экономиканың өндірістік секторын инвестициялауға
қолданылып жатыр. Бұл, зейнетақы қорларының
инвестициондық саясатының құнды қағаздарды
ұсына алмайтын қазіргі таңдағы
қазақстандық нарық қорының дамуымен
байланысты.
Елімізде
халық жинағын мобилдендіру механизмдерін
қалыптастыруға, мысалы инвестициондық қорлар
сияқты механизмдер құрастыруға бірнеше тосқауылдар болып отыр, яғни жан
басына шаққандағы орташа табыс көзінің
төмендігі, халық санының аздығы және бірелкі
таралмауы, инвестициондық қорға қажет бағалы
инфрақұрылымның өтелмеу қаупі бар.
Халық
қаражатын инвестицияға тарту толыққанды түрде
пайданың 20%-ын сақтағанда ғана мүмкін болады.
Халық қаражатын инвестицияға тартудың бірден бір жолы
мемлекет тарапымен халық салымдарының елде орын алып жатқан
экономикалық және саяси жағдайларға қарамастан
жинақ банкілерінде немесе басқа да мекемелерде салымдарының
сақталатындығына кепілдік болуы тиіс.
Қазіргі
таңда, мемлекет жүргізіп отырған инвестициялық саясат
халық қаражатын инвестицияға тартуда тиісті жұмыстар
атқарып жатқан жоқ, керісінше Қазақстанға
азық-түлік экспорттаушы елдердің ауыл шаруашылығын
несие-лендіруде.
Халық
қаражатын инвестициялық қажеттіліктерге тарту барысын
әр түрлі формада жүргізу қажет:
-
біріншіден, мемлекет тарапынан берілетін кепіл негізінде
халық қаражатын тарта алатын және маңызды әрі
пайдалы жобаларды қаржыландыратын бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар
ұйымдастыру;
-
екіншіден, инвестициондық жобалардың
ақырғы тұтынушыларға бағдарлануы. Ең
алдымен, ипотекалық несиелендіруді еңгізу, әр түрлі
әлеуметтік жобалар барысында ауыл-аймақтарда құрылып
жатқан құрылыс нысандарына аванстық төлем
жүргізу;
-
үшіншіден, жарналық инвестициондық
қорларды ұйымдастыру;
-
төртіншіден, облигациялық қарыздарды
пайдалану;
-
бесіншіден, мақсатты түрде
агроөнеркәсіптік саланы қаржыландыруға
бағытталған ведомствадан тыс инвестициялық қорларды
құру;
-
алтыншыдан, құнды қағаздарды
тарата және сата отырып, халық жинағын тарту.
Мемлекеттік
инвестициялар қайтарымды және қайтарымсыз негізде
ұсынылуы мүмкін. Қаржыландыру көзі ретінде мемлекеттік
бюджет қаражаты, әр түрлі облыстар мен аудандардың
бюджеті, сонымен қатар бюджеттен тыс қорлар болуы ықтимал.
Бюджеттік қаржыландыру-тиімді инвестициондық жобалардың
қаржылай қолдауы барысында конкурстық негізде
анықталатын үдеріс, сонымен қатар дотация мен субсидиялар
бере отырып, республикалық инвестициондық бағдарламалар
арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік бюджеттен
инвестициялық жобаларды тікелей қаржыландыру – капиталдық
салымның маңызды қаражат көзі. Мемлекеттік және
жеке меншік инвестициялар арасында жағымды және жағымсыз
байланыс орнауы мүмкін.
Жағымсыз
байланыс орнаған жағдайда мемлекеттік инвестициялар өзін
жекелейге ауыстырып қояды, яғни мемлекеттік капиталдық
шығындардың ұлғаюы өз кезегінде долларға
қатысты жекелей шығындардың азаюына
әкеледі.Жағымды байланыс жағдайында мемлекеттік инвестициялар
дамиды.Ығыстыру эффекті мемлекет қаржыны жеке меншік инвесторларға
да қызық болып табылатын жобаларға, яғни ауыл
шаруашылығына, өнеркәсіпке, мұнай өндіруге
салған кезде орын алады.
Жағымды
байланыс бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлерді
қызықтырмайтын жобаларға құйған
жағдайда болады, яғни әлеуметтік салалар тармағына,
инфрақұрылысқа, ғылымға қаржы салу.
Экономиканы
реттеуде және оның маңызды тармақтарының
дамуында бюджеттік
қаржыландырудың алар орны зор. Экономикалық теория мен
тәжірбие көрсетіп отырғандай, бұл мемлекеттің
экономикалық саясатын іске асырудың бірден бір стратегиялық
көзі саналады.
Егерде
ҚР мемлекеттік инвестициясын алып қарайтын болсақ, онда
қолда бар инвестицияның барлығы елдегі өмірлік
маңызы бар жобаларды қаржыландыруға жетпейді екен.
Соңғы он жылдықта істеп келген мемлекеттік инвестиция жобасы
экономиканың басым бағыттарын қаржыландыруды мүлдем
қарастырмапты деуге болады. Императивті беделінің арқасында
мемлекет мынайдай қызметтерді қолдана отырып, инвестициондық
үдеріске әсер ете аталады, ал ол қызметтер мыналар:
бағалар, лизинг, несиелік және салықтық саясат,
инвесторларға жеңілдік ұсыну, мақсатты мемлекеттік
қаржыландыру, қаржыландырудың басым бағыттарын айқындау, инвестиция жобасының
индикативті жоспарын құрастыру. Мүмкіндік болса, мемлекет
тарапынан реттеудің тікелей әдісін емес, жаңама әдісін
қолдану дұрыс болады. Бұл жағдайда тікелей мемлекеттік
“құюлар” қаржыландырудың негізгі көзі болып
табылмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қаржыландыру
формаларының ішінен субвенцияны кеңінен еңгізу қажет,
ал субвенция өз кезегінде мақсатты пайдалану қажеттілігі
туындаған жағдайда ақылылық және
қайтарымдылық жағдайын қарастырады.
Қазіргі таңда
ҚР Президентінің бұйрығымен отандық және
шетелдік инвестиция тарту
мақсатында республика экономикасының басым бағыттары
айқындалды. Осының негізінде ҚР Ауыл шаруашылық
министрлігі инвестицияға мұқтаж өндіріс салаларын
айқындап, тізімін жасады. Жалпы, ауыл шаруашылығының басым
бағыттарына мына тармақтар жатады:
- заманауи технологиялар
негізінде жоғары өнімді астық мәдениетін жетілдіру;
- өсімдік
шаруашылығы өнімінің жоғары өнімді
тұқымдық сұрыпын өндіру;
- асыл тұқымды,
мал және құстардың жоғары өнімді
тұқымдарын жетілдіру, өсіру;
- тиімді жоғары,
экологиялық таза мал азықтарын және қоспаларын
өндіру.
Инвестицияны
мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары “Инвестициялар туралы” заңда инвестициялық
артықшылықтар негізінде өз көрінісін тапқан.
Бұл инвестициялық салықтық артықшылықтар,
кедендік баж салығынан босату және мемлекеттік заттай гранттарды
ұсыну.
Мәселелердің
бұлайша қаралуы инвестициялық белсенділікті арттыруға,
экономика құрылымындағы шикізат бағытын
меңгеруге, сонымен қатар республика экономикасына тікелей
инвестиция тартумен байланысты болып отыр.
Ауыл
шаруашылығына қатысты Қазақстанның мемлекеттік
саясаты халықаралық мамандармен либералдық деп
бағалануда, себебі мемлекеттік қолдаудың негізгі
бөлігін “жасылсебет” шаралары
құрайды, ал бұл шаралар тікелей өнімді
дотациялауға емес, керісінше өндірістің дамуына ортақ
жағдай жасауға бағытталған. Ауыл шаруашылық
өндірісін мемлекеттік қолдауға мемлекеттік бюджеттен
(мемлекеттік дотацияны есептемегендегі) 1 га егіндік жерге шамамен 12,6
АҚШ доллары қарастырылған, бұл дамыған елдердегі
көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
Инвестициялау
саясатын реттейтін негізгі заңнама инвестициялық қызметті
келесі бағыттар бойынша реттейді:
-
қолайлы жағдай жасау, салық жүйесін жетілдіре отырып,
салық саясатын салмақты қарастыру, инвестициялық
қызмет субъектілерімен арнайы салықтық режимдер,
артықшылықтар орнату;
-
инвестициялық қызметке мемлекеттің тікелей қатысуы,
яғни мемлекеттік бюджет тарапынан жобаларды қаржыландыру, бекіту
және құрастыру;
-
инвестициялық қызметті реттеудің басқа да мемлекеттік
формалары.
Осыған
орай, Қазақстан үкіметі мен ҚР Ауыл шаруашылық
Министрлігі бірігіп, АӨК инфрақұрылымын
құрастыруы керек, өз кезегінде бұл
инфрақұрылымға ауыл шаруашылығында және АӨК
инвестиция үдерісін реттеу мәселесі алға тартылған,
сонымен қатар:
-
инвестициялық банк немесе жобалық қаржыландыру банкі;
- саяси
тәуекелдерді сақтандыру механизмі;
-
коммерциялық тәуекелдерді ішінара ғана сақтандыруды
қамтамасыз ететін құрылым жасақтау;
-
инвестициялық бизнес жобаларын білікті қалыптастыратын және
оны одан ары қарай жалғастыратын құрылым
жасақтау.
Мұның
барлығы Қазақстанның ауыл шаруашылығына
отандық, сонымен қатар шетелдік инвесторларды тартуға
мүмкіндік береді. Кепілдіксізге сәйкес мынадай жағдай
қалыптастып отыр: аграрлық өндіріске байланысты
инвестициялық жобалар ең алдымен инвестициялардың
өзін-өзі ақтауда орын алатын ұзақ мерзіммен
сипатталады, сол себепті халық шаруашылығының басқа
салаларына қарағанда бәсекеге қабілетті болмай жатады.
Қазақстанда
ауыл шаруашылығын инвестициялаудың шешімі ретінде интегралдық
қалыптасулар жүргізуді қарастыруға болады, бірақ
мұндай интеграция салдарынан жағымсыз әлеуметтік құбылыстар
орын алуы мүмкін деген қауіп бар.
Бұл
жағдайда АӨК-де кәсіпорын қожаларының жеке
меншігіне айналуға дайын қуатты
аграрлық-өнеркәсіптік топтар жасақталады, ал ауыл
аймақтарда адамдардың жеке меншіктерінен айыру жүреді.
Бірінші кезеңде мұндай интеграция экономика, өндіріс
жағынан алғанда оң нәтижелер береді. Бірақ
оның салдарын ауыл тұрғындарының
көзқарасымен санаса отырып, жақсы зерттеу және
бағалау қажет.
Экономикада
қалыптасқан осындай ауыр жағдайында АӨК-ді шетелдік
инвестициялар аса қызықтырып отыр. Алайда, бізге белгілі,
инвестицияны барынша әрі тиімді пайдаланған жерде міндетті
түрде инвестиция болары сөзсіз. ТМД елдері арасында
Қазақстан жан басына шаққандағы шетел
инвесторларын тарту көлемі бойынша жетекші орын алады.Жыл сайынғы
шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі орташа, яғни 8%
деңгейінде сақталып тұр.
Республикадағы
инвестициялық жағдайды қалыпқа келтіретін
факторларға мыналар жатады:
-
саяси тұрақтылықты сақтау;
-
валюта бағамының
тұрақтылығын ұстау;
-
әлемдік экономикаға бағытталған
құқықтық мемлекетті қалыптастыру және
нарықтық қайта жаңаруға бағытталған
бұлжымайтын реформаларды жүргізу;
-
нарық көлемі;
-
сауданы қорғау;
-
инфрақұрылымды дамыту;
-
салықтық ынталандырулар және т.б.
Алайда,
қазіргі қалыптасқан жағдайда шетел инвестициясы
негізінен экономиканың өндіруші секторына бағытталып отыр,
яғни, мұнай өндіру және металлургия саласына арналып
салынатын өндірістік сектордың дамуына жағдай жасалмай отыр.
Онымен
қоса, инвестиция құрылымына жүргізілген
сараптама көрсетіп отырғандай, шетел инвесторлары өз
қаржыларын айналымға немесе ұзақ мерзімді
пайдалануға салады.
Соңғы
он жылдықта отандық және шетелдік инвесторларға да
тең емес шарттар қойылған болатын, ал ол шарттар шетел
инвестициясын ынталандыру саясатын жүргізуге себеп болды.
Капиталдың елден сыртқы ағуы қазақстандық
экономиканың дамуында қолайсыз жағдай
қалыптастырғандығы сөзсіз.
Шетел
капиталының еліміздегі көлемінің артуына кері әсерін
тигізіп отырған бірнеше негізгі факторлар тізіміне:
- қазақстандық
нарықтағы іскерлік белсенділіктің төмендігі;
- заңнаманың
және реттейтін шаралардың көмескілігі;
- дағдарыспен
ушыққан төлемеушілік салдарынан орын алған
қаржылық өтімділіктің төмендігі;
-
шыңайы ақпараттардың жетіспешілігі.
Сонымен
қатар, мемлекет жемқорлық пен билікті асыра
пайдаланушылыққа жол берді және келісімшарт шарттарының
орындалмауы орын алып отыр, мұнымен қоса интеллектуалдық жеке
меншік құқығын сақтауды қамтамасыз ете
алмады.
Сондықтан,
шетел инвесторларын капиталдың маңызды көзі, технологиясы,
маркетинг басқармасы саласындағы тәжірбие алмасу ретінде
қарастырғанда, Қазақстан өзінің
көмескі саясаты нәтижесінде ұлттық
қызығушылықтары мен құндылықтарына
қатысты ешқандай да қысым көрмеуі тиіс. Шетел
инвесторларын тартуда өнеркәсіптің өңдеу саласы
басым ретінде қарастырылуы керек. Жаңа ірі инвестициялар есебінен
әрі маркетинг пен менеджмент әдістерін пайдалана отырып,
күрделі технологиялық өндірісті қалыптастыру
мүмкіндігі бар.
Инвестициялық
жеңілдіктер (салық және кеден жеңілдіктері,
натуралық гранттар) мемлекеттік инвестицияның маңызды
құралы болып табылады. Жер салығы бойынша шетелдік және
отандық инвесторлардың инвестициялық жеңілдіктерін
орындаудан инвесторлар мемлекеттік жеңілдіктер жүйесі
тәуелділігі қатаң қаралуы керек.
Шетелдік
және отандық нарықты қайта құру
жасақтау тәжірибесі, отандық өндірістің қарқынды
өсуі үшін инвестициялық жүйенің негізін
құрайтын «іске қосу» инвестициялық жүйесі,
тұтынушы сұранысына негізделген саладан бастап, бірінші кезекте
оғаштау көрінгенмен, ауыл шаруашылық өндірісінің
азық-түлік немесе жеңіл өнеркәсібі, яғни
өндіріс құлдырауына септігін тигізетіні жөнінде
қорытынды шешім шығару керек.
Ауылшаруашылығында азық
түлік және жеңіл өнеркәсіп инвестициялық
ынталандыру белсенділігін арттыру ерекше мәнге ие. Біріншіден, бұл
инвестициялардың дамуында жоғары жиынтық әсерін
тигізетін салалар-дың,аралас салалар мен олардың жеке
инвестициялық әлеуетінің азық түлікке деген сұранымын ынталандыратын мықты салааралық
тізбектері. Екіншіден, өтімділік мезгілі аз капитал
жұмсалымы мен өте төмен капитал сыйымдылығының
арқасы. Үшіншіден, ішкі нарықта бұл саладағы
азық түлікке жаппай және бірқалыпты сұралым бар.
Өндіріс
өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің,
ауылшаруашылығын дамытудағы негізгі жағдайы инвестиция
саласын жандандыру болып табылады.Ол үшін ауылдық жерлерді
институционалды түрлендіру жолымен,аграрлық реформаның
басында басым болған қоғамдық тәртіпті орнату
керек. Аграрлық реформа кезінде
АӨК барлық салалары қажет ететін барлық ірі көлемдегі
инвестициялардың мына салаларын тарту: ауыл шаруашылығы,қайта
өндіру өнеркәсібі,қор шығаратын сала немесе ауыл
баспана саласы.
Осылайша,мемлекеттің
инвестициялық саясатының агрокәсіптік кешенде инвестиция
жағдайы, әлеуетті инвесторлар үшін аграрлық
өндіріс ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік белсенділігін
арттырады. Сондай ақ,ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің
белсенділігі күшею салдарынан, ауыл шаруашылығы ерекшелігімен
санасатын нарықтық жүйедегі шаруашылық
экономикалық механизмі, жаңа нарықтық жүйеге
қол жеткізеді.
Кез келген
кәсіпорын салаларының көрсеткіштері инвестициялық
саясатпен мемлекет тарапынан көп жағдайда қалай байланысты
болса, әр кәсіпорын ішінде де солай байланысты екенін
тәжірибе көрсетіп отыр. Инвестиция белсенділігін дұрыс
таңдау тәсілі, кәсіпорында аграрлық қалыптасу
үдерісіне жол ашады:
- агроөндірістік
кешенде инвестициялық жағдай жасаудың негізгі тиімді
бағыттары қарастырылған. Осы мақсатта
ауылшаруашылық өндірісінде инвестициялық жүйелерді
ынталандыру үшін дамыған шет елдер тәжірибелері
қолданылды;
-
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің
инвестициялық саласында зерттеулер жүргізілді.
Агроөнеркәсіптік кешенінде корреляциялық-регрессиялық
талдамалар көрсеткішінің нәтижесі, инвестицияның
пайдасы мен өндіріс саласының көлемі
қаралған.Жүргізілген талдамалар негізінде келесі
факторлардың тұтастығын анықтайтын, көп
факторлы үлгілер
құрастырылды:
- мал шаруашылығы,
өсімдік шаруашылығы азықтарын өткізуден түсетін
ақшалай түсім ауыл шаруашылық жерлерінің 1 га
жерінің пайдасы инвестиция АӨК нәтижелі мөлшерлі көрсеткішінің
негізгі капиталы;
- ауылшаруашылық
өнімдерінің (сүттің,еттің, жұмыртқаның,
астықтың) АӨК инвестициясына негізгі пайдалы түрлері;
- АӨК инвестиция
көлеміне несиелік және бюджеттік жұмсалымдар.
Көрсетілген
үлгілер агроөнеркәсіптік өндіріс пен
қаржылық жұмсалымдарды бағалауда қолданылатын
факторларды анықтайды және ақша қаражаттарын
инвестициялау қайтарымына кері әсерін тигізгенде қолданылуы
мүмкін.
Зерттеу шешімдерін талдай
отырып, инвестиция тиімділігін шектейтін және дамытатын негізгі фактор
анықталды. Инвестицияның рейтингін көтеру жағдайына
кері әсерін тигізетін жағдайлар:
- өз ақшалай
қаражатының жетпеуі;
- инвестициялық
тәуекелдің болуы;
- техникалық база
жағдайына қанағаттанбау;
- коммерциялық
несие пайызының жоғарылығы .
-
материалдық –техникалықбазаныңқолдаболуы.
Көрсетілген зерттеулер, агроөндірістік
кешенде инвестициялық маман-дықты мемлекет және ауыл
шаруашылықтық тауар өндіруші жағынан, оның
құқықтық қамтамасыз ету және
несие - қаржылық базасын
жетілдіруіне бағыт
көрсетеді.
Инвестициялық
дәрежедегі ұйымды жетілдіру үшін, селолық несиелік
серіктестік жұмысында олардың қаржылық
тұрақтылықтарына әсерін тигізетін, кейбір есеп
қатарларымен ұсынылатын параметрлер жүктеледі.
Уақытты есептеу
кезеңін анықтау кезінде, біз инвестициялық
ағындардың негізгі екі
тәсіліне сүйенеміз. Аталмыш тәсілдер біздің
ойымша өте оңай болып есептелгенмен, мысалы, агрохолдингтік
қызметте ақша қаражатының қозғалыс
тәсілі – бұл салыстырмалы
және ретті - салыстырмалы болып саналады.
Ақша
қаражатының салыстармалы түрде қозғалуы кестесін
қарағанда, инвестициялық жобаға қаражат
жұмсалымының тиімділігін көрсететін заңдылық табылады. Әсіресе, егер бұл
инвестицияланатын нысанның
көп кезеңді кірісімен байланысты болса, инвестициялау сатысы
бойынша өндірістік жүйені, үзіліссіз инвестициялық
қызмет есебінен ақша айналымының уақытын
қысқартуға болады.
Ауылшаруашылық
өнімдерін қайта өңдеу және технологиялық
үдерістерді механикаландыру мен автоматтандыру есебін
қысқартуда, ауылшаруашылығын өндіруде
табыстылықты көтерудің
мәнінің маңызы зор.
Инвестициялық
дамудың қызметінің бір түрі ретінде, техниканы
жалға берумен байланысты, ауылшаруашылық өндірісін
жандандырудың бір жолы ақша
жұмсау болып табылады. Техниканы жеңілдік несие және
жалға беру арқылы иемдену, салыстырмалы талдау сызбанұсқасын
жүргізгеннен кейін, кезектік
артықшылық болады. Жалға беруді жетілдірудің
оңтайлы тәсілі екі бағытта көрсетілген :
- жалға беруші мен инвестициялық
ұйымдардың бірігуінің арқасында, қаржылық жалға беруді
жетілдіру ;
- шаруааралық көлік-технологиялық
станциялардың негізінде, жалға беру толық дамиды.
Әдебиеттер:
1.
Ахметов Р.Г
Инновационная деятельность и финансирование инвестиций в сельском хозяйстве/
Ахметов Р.Г., Шайкин В.В// .-М.: Изд-во МСХА.-2012
2.
Закшевский
В. Совершенствование финансового механизма регулирования регионального АПК
//Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих
предприятий. -2010. № 10. 15-16 б.