Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

Нұрыллақызы Диана

«Экономика» мамандығының 1 курс магистранты

Экономиканы тұрақты дамытудың тиiмдiлiriн анықтау

Бiр мемлекет iшiнде экономиканы тұрақты дамыту көзi тек өзiндiк барлық байлық ресурстарды тиiмдi пайдалану болып табылады. Ал, шетел қаржысын пайдаланудың төлемдiлiгi бар. Айналымға артық ақша шығapып, экономиканы көтеру - тек инфляцияға одан әрi ұшырату. Сондықтан экономиканы бiрден тұрақтандыру кезеңiн қолдан жасай салу мүмкiн емес. Экономиканы тұрақтандыру тек қосымша құн табатын өндiрiс орындарын әлдендiруден басталады. Сонымен қатар елiмiздегi отандық тауар өндiрушiлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетудi күшейту. Өндiрiс айналымы өскен сайын жалпы экономиканың дамуы тұрақтылық бағыттарға көше бастайды. Өндiрiстердiң қазiргi күнгi әлсiздiгi, қоғамдық меншiктегi жоспарлы басқару экономикасынан нарықтық жеке қатынастар формасына көшудегi бизнестiк бәсекелестiктi құрудағы жаңа экономикалық категориялар мен заңдылықтарды енгiзу болып табылады. Бюджеттiң арнайы шығындарына өзiндiк өзгешелiк қасиетiнiң бiрі халықтың әлеуметтiгiн сақтап, оны тұрақты түрде дамытқандықтан әлеуметтiктi тұрақтандыру қызметiн орындайды. Бюджеттен бөлiнген қаржы өз орнымен жұмсалмайынша халықтың жағдайы түзелмейтiнi белгiлi нәрсе.

Сонымен, зерттелiмнiң негiзгi алға қояр талаптары тұрақсыздықты тудыратын көрсеткiштердi талдау арқылы тұрақтылық жолын iздестiру. Олар:

- жергiлiктi      бюджет      қорының      дамуындағы      әлеуметтiктiң      және экономиканың   дамуына   тиетiн   тиiмдiлiк   өлшемiн   зерттеп,   оның   кем-кетiстiктерiн жөндеу жолдарын көрсету;

- банк    жүйелерiнiң    халыққа   және    экономиканың    дамуына    тигiзетiн тиiмдiлiгiн   зерттеу   арқылы,      екi   жақтық   (алушы   мен   берушi   және

қайтарушы    мен    алашақ)    тиiмдiлiктi    iздестiру    арқылы    тұрақтылық жолдарын қарастыру;

- қаражат қорлар (инвестқорлар, зейнетақы қорлары, сақтандыру қорлары,құнды   қағаздар   қорлары   т.б.)    құру   мүмкiндiгiн   жақсарту    арқылы экономика тұрақтылыFьш арттыруда қаржы сұраныстарына ұсыныстарды ұйымдастыру;

- жергiлiктi  бюджет несие  қорларын жасау  мен  оның айналым  тетiктерiн жетiлдiру;

- экономиканың   жерriлiктi   жерде   (аудандық,      қалалық)   тұрақты   даму мүмкiншiлiгiндегi   ресурстарының   бaғыттay   мәселелерi   мен   жоғарыдан қаржы бөлу әдiстерiн жетiлдiру.

Осыған орай, әрбiр облыстың әлеуметтiк-экономикалық тұракты дамуының белгiлi нәтижесiн көрсететiн экономикалық (статистикалық) көрсеткiштерiн енгiзу арқылы оның нөтижелерiн толық басшылыққа алынатын әкiмшiлдiк тұрақты бақылауды енгiзу. Ал, әкiмшiлдiк бақылау тек - талдау әдiстерiн, тексеру мен басқару әдiстерiнiң жетiлуiмен байланысты.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау кезiнде оларды институционалдық тұрfыдан қамтамасыз ету мәселесiне баса назар аудару қажет. Сондықтан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын кез келген кәсiпорынның табысқа жетуi үшiн өз шығындарын өтеп, өндiрiстi одан әрi кеңейтуге мүмкiншiлiк беретiндей көлемде кiрiс және пайда табуы керек. Керi жағдайда кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi өзiн-өзi сақтап қалу жолында күресуге мәжбүр бoлып ( өзiн-өзi қapжьiлaндыpyғa қажеттi сомаға ғана қол жеткiзуiмен шектеледi.

Қай облыс болмасын оның аймақтық тұрақты дамуының әлеуметтiк және экономикалық көрсеткiштерiнiң бiрi, бiр-бiрiне уақтылы жабылмай қалған көбейту мақсатында қаржылық қамтамасыз ету мәселелерiн оңтайлы шешудi iске асыру.

Халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы, әрине қаржылық тапшылық тек өндiрiс экономикасын тұншықтырып қоймай, елге берiлетiн еңбекақы және т.б. қарыздар уақытысын создырды. Жалпы халықтың орташа жалақысы жыл сайын еселеп өскенiмен ондағы жүмыссыздықтың қалтасына (жанұя бюджетiндегi әлеуметтiктi бюджеттен қорғау болмаса) салып беруi шамалы.

Халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайының жоғары болуы, ол енбекақының көлемiне байланысты екенi белгiлi. Халық өзiнiң табысын қазiргi уақытта экономикалық қызмет түрлерi мен басқа да жеке айналысатын iс-әрекеттердiң нәтижесiнде табыстар тауып отыр.

Келесi экономикалық тұрақтылықты анықтаушы көрсеткiштердiң бiрi дебиторлық және кредиторлық қарыздардың арасындағы арақатынас алшақтықтары. Себебi берешек (кредиторлық) қарыздың алашақ (дебиторлық) қарыздан үлкен ауқымдылығын экономиканың түрақты даму қасиетiн тiптен жоғалтады. Мысалы, қандай бiр кәсiп пен кәсiпкерлiк болмасын ондағы берешектiң алашақтан көп болуы қаржы-қаражат қатынастарының тапшылығын туғызып, тұншықтыруы қақ. Себебi алашақтан түскен кiрiстер мен түсiмдер алғашқы мерзiмде-ақ берешек қарыздарды жабуға бағытталады. Қандай уақытта да берешек қарыздарымыздан құтылу басты мәселе болып отыруы керек. Ол үшiн пайда табуға жacaлынғaн жоспарларды нақтылай орындауға барлық реттеу мүмкiндiктердi әкiмшiлiк тарапынан өз уақытысында бақылауы қажет. Сонда ғана экономика тұрақты түрде дамып отырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Афанасьева В.Я. «Механизмы управления развитием региона» // Москва: «ЛУЧ», 2001, с.17-21

2 Смағұлова Г. С. «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері» Оқу құралы // Алматы: Экономика, 2005, 5-21б. 

3 Айтаханов Е. «Региональная политика: основные ориентиры реализации в РК» // Саясат – 2004, № 4, с.56-58

4 Баяндин М. «Проблемы управления  социально-экономическим развитием регионов» // Поиск – 2001, № 4-5, с.120-123