Көлік саласындағы
бәсекелестіктің экономикалық ерекшелігі
Утегенова
К.А. Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, э.ғ.к.
Шайнуров
А.С. Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, э.ғ.к.
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде Үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының
алғашқы бесжылдығы сәтті аяқталды. Атап
айтқанда, бұл жылдар ішінде елімізде өндіру мен
өңдеу салаларында көптеген маңызды жобалар жүзеге
асырылып, оларда жүздеген адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет
басшысы өзінің “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол”
атты Жолдауында әлемді шарлаған дағдарысқа
Қазақстанның төтеп беру жолдарын айқын ашып
көрсетіп берді [1].
Халық
шаруашылығының материалдық өндіріс саласы және
өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылым субъектісі ретінде
көлік нарықтық экономиканың тиімді қалыптасуына
елеулі әсер етеді.
Көлік
кешенінің жұмысын жақсарту үшін, жасалған
қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк
көтергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру
қажет.
Қызмет
көрсету саласының қарқынды дамуы және осы
нарықтағы бәсекелестіктің өршуі қызмет
көрсетуде бәсекелестіктің пайда болуына әкелді.
Қызмет көрсету саласында көлік саласын қарастыра отырып
бәсекелестіктің мәнін түсіндіре кетуге болады:
Көлік бәсекелестігінің бастапқы назар аудару объектісі
– көлік мекемесінің және нарыққа арналған
қызметтердің көліктің соңғы
тұтынушыға жылжуы жолындағы көптеген делдалдардың
өндірістік және коммерциялық қызметі.
Экономикада
бәсекелестікке үлкен мән беріледі. Көлік
саласындағы бәсекелес қызметті өндірушілердің
арасындағы пайда көзін ұлғайтуға деген
бәсекелес әрекеттері: көлік қызметтерінің, бір
көлік түрінің көлік мекемелерінің, әр
түрлі көлік түрлерінде қызмет ететін көлік
қызметі мекемелерінің арасында байқалады.
Көлік мекемесі
өзінің дамуының түрлі кезеңдерінде мынадай
бәсекелесу стратегияларын пайдаланады: нарыққа терең
бойлап ену, көлік мекемелерінің жаңа ұяларын жаулап
алу, пайдалы қазбалардың кен орындарына және
өңделетін аумақтарға жеткізетін соқпақ жол
салып, құрылыс магистральдері мен көлік объектілерін, т.б.
арқылы тасымалдау ауқымдарын ұлғайтуға
ықпал етеді; технологиялық стратегия тасымалдау
үрдісінің жаңа технологияларын, көлік
техникасының жаңа үлгілерін жаңартып, енгізуді,
жаңа ақпараттық
интермодальды технологияларды, транзиттік көлік дәліздерін
құруды, т.б. пайдалануды көздейді; төмен
шегерімдер стратегиясы
шығасыларды терең басқарып, пайдалану шығындарын
нормативті жоспарлап, оларды бақылап, ресурстарын үнемдеп,
оңтайландыруды білдіреді; өнім саласындағы инновациялық
стратегия көлік қызметтерінің жаңа түрлерін
құруды, көлікте қызмет көрсету сапасын арттыруды
көздейді; жолаушылар және жүк тасымалдаушы мекемелер
клиентурамен, көлік шаруашылығы ұйымдарымен, операторлық
компаниялармен, жергілікті әкімшілікпен, аймақтық билік
органдарымен, қаржылық және салалық
құрылымдармен, сондай- ақ, пайдаланушыларға көлік
қызметтерін «есіктен есікке» сұлбасы бойынша көрсетуді
жақсарту мақсатында өзге де көлік түрлерімен, интермодальды
тасымалдауларды дамыту; диверсификация стратегиясы мен қосымша кіріс
көзін алуға бағытталған қызметтер мен
дәстүрлі емес тауарларды шығаруға қайта
мамандандырылған негізгі өндіріске таяу немесе онымен байланысты
емес, не жекелеген көлік өндірістерінің қосышма
өнімдері мен қызметтерін ұйымдастыруды жоспарлайды, машиналар
мен құрал - жабдықтауларды, халықаралық
тасымалдаушы ұйымдастыруды, соның ішінде, транзитті
дәліздермен саптып алу бойынша көлік мекемелерімен
халықаралық ынтымақтасудың дамуына, көлік
саласында интернационалдық өлшемдер мен нормативтерді
құруға байланысты.
Қызылорда
облысының тауарлы маркасы күріш болса, өткен 2014 жылы
облыста жалпы құны 6 млрд 700 млн теңгені
құрайтын 12 өндіріс орны ашылды. Бұл өндіріс
орындары бүгінде қалыпты жұмыс істеп, оларға
жүздеген адам жұмысқа тартылған.
Қызылорда облысында
жолаушыларды тасымалдау саласында автокөлік өзінің
тұрақты даму серпінімен облыстың экономикалық
жағдайдың тұрақтылық үрдісімен сипатталады.
Автокөліктегі жолаушы ағынының өсу себептерінің
бірі мемлекеттегі, сондай-ақ жолаушылар көліктері
жұмысының жақсаруымен байланысты, халықтың
экономикалық белсенділігінің біртіндеп өсуі болып табылады.
Жолаушыларды тасымалдау құрылымында негізгі үлеске
автокөлік ие, Қызылорда облысы бойынша 2014 жылы оның үлес
салмағы 83 пайызды
құрады.
Қызылорда
қаласы бойынша «Қыран» ЖШС-і, «Дорстрой» ЖШС-і, «Көлік
қызметі» ЖШС-і, «Көлік Сервис» ЖШС-і, «Қатынас» ЖШС-і,
«Жалғас» ЖШС-і, т.б. және аудандар бойынша «Жолаушы Сервис АБ»
ЖШС-і, «Желмая» АҚ-ы, «Сыр тұлпары» ЖШС-і, «Маржан-2002» ЖШС-і,
т.б. кәсіпорындар жергілікті жерлерде тендерлер қорытындысымен
мемлекеттік тапсырыс және жеке тапырыстар бойынша жүк және
жолаушылар тасымалдауда.
Осы облыстық
маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке
тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1451 дана
автобуспен (283-ауданаралық, 423– ауданішілік, 745-қала және
қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде [2].
2014 жылдың
І-жартыжылдығында 132,8 млн. жолаушы тасымалданып, 2013 жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 111,1 пайызды. Ал жолаушылар айналымы
2420,9 млн. жолауш./км. құрап, 2013 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 112,4 пайызды құрап отыр.
Қалааралық,
облысаралық маршруттардың тасымалдаушыларының өз
ұсыныстары мен бірыңғай орталықтандырылған
диспетчерлік сүйемелдеуді жүргізу үшін 13 автобусқа
GPS-диспетчерлік навигациялық қондырғы орнатылып пилоттық-тәжірибе
жүргізілуде, бұл құрылғы тасымалдаушыларға
және автостансаларға көлік құралдарының
қозғалыс барысын көріп отыруға және штаттан тыс
жағдайлар туындағанда жедел шаралар қабылдауға мол
мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы тәжірибені
ауданаралық қатынастардағы өзге де автобустарға
кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.
Жолаушы
автокөлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
механизмі көлік кәсіпорындарының нәтижелі жетістікке
жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады.
Дұрыс таңдала білген механизм автокөлік
кәсіпорнының нарықтағы бәсекелестерінен
ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз
болады. Көлік қызметінің бәсекелік қабілетін
арттыру нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы
жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті
мен ой санасына, қауіпсіздік пен эстетика, экология талаптарына, сонымен
қатар көлік кәсіпорнының мүмкіндіктеріне сай
болуы тиіс. Әлемдік тәжірбеде өнімнің немесе
қызметтің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен
анықталады: өнім немесе қызмет сапасының нарық пен
тұтынушы талаптарына сай болуы; өнімді сатып алуға,
қызметті көрсетуге кеткен шығындар; тұтынушыға
тиімді уақытта жеткізу жағдайы; кәсіпорынның
нарықтағы сенімді беделі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 ҚР
Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы
жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы. http://www.inform.kz/kaz/article/.
2014
2 http://www.kyzylorda.stat.kz
мәліметтері негізінде ғаламтор ресурсы