ӘОЖ 331.25:321

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ

Омар А.А.

М.х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

«Зейнетақымен қамсыз ету» – құқықтық және әлеуметтік–экономикалық институт ретінде азаматтардың асыраушысынан айырылған немесе мүгедек болған кезде  әлеуметтік және материалды тұрғыда қарттықты қамсыздандыру үшін жинақтайтын табыстың бөлігі. Осыған сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру обьектісі болып – елдегі тұрғындардың барлығы жатады, ал субьектісі– зейнетақымен қамсыздандырудың ұйымдастырушылық басқарушы қызметін атқаратын біркелкі мәселелермен шұғылданатын институттар (ұйымдар, мекемелер) болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлі талдамасы беріледі. Мысалы, Н.Коржова «мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларын» ұйымдардың міндетті зейнет ақы жарналарын жинайтын заңды тұлға ретінде қарастырады [1].

Біздің пікірімізше, мұндай анықтама жинақтаушы зейнетақы қорларының мақсаты мен міндеттерін көрсетпейтін қарапайым сипаттайтын анықтама болып табылады. Себебі, мұнда жинақтаушы зейнет ақы қорларының басты міндеті – зейнет ақы және басқа әлеуметтік жәрдемақы төлеу міндеті екінші орынға кетіп отыр. Осыған байланысты біз «Қазіргі экономикалық сөздікте» берілген анықтаманы барынша оң анықтама деп санаймыз: «зейнет ақы қорлары – қорларға жарнамаларын төлейтін тұлғаларға зейнетақымен жәрдемақылар төлеу үшін жеке және мемлекеттік компаниялар, мекемелер құрған қорлар» болып саналады.

Қазақстанның зейнетақы жүйесiн қайта құрудағы шығындарына қарамастан, оның өзгеруi бүгiнгi күннiң өзiнде-ақ экономиканың қаржылық-экономикалық секторына оң әсерiн тигiзедi. Қаржылық нарықта қорларды екiншi реттi банктердiң меншiктi капиталынан басым, жаңа институционалдық инвестор пайда болды, ал жақын болашақта зейнетақы қорларының активтерi банктiк сектордың активтерiмен толық теңесе алады. Артықшылықтарының бiрi бюджеттiк қарыздардың айтарлықтай «жеңiлдеп қалуында». Себебi, ендi  әрбiр жұмыс iстеушi өзiнiң болашақ зейнетақысы жайында өзi әрекеттенедi. Екiншiден – жинақтаушы қорлардағы салымшылардың зейнетақыларының көлемi оның зейнетақылық жинағының шамасына, яғни оның қалай жұмыс  iстеп қанша жалақы алғанына байланысты болады. Ал, бұрынғы жүйеде еңбек ерімен, қол қусырып жұмыс iстегендер  бiрдей   шамамен зейнетақы алатын. Келесi аспектiсi – бұрын елде ақша мүлдем жетпейтiн уақыттар да болған. Бүгiнде жүйеде 1 млрд. доллардан астам қаржы бар. Бiзде ұзақ мерзiмдi жобаларға ақша салатын iрi институционалды инвесторлар құрылған. Барлық ақшалай құралдар бағалы қағаздарға салынған. Олар жансыз жүк (ауыртпалық) болып жатқан жоқ, керiсiнше экономиканы дамытып, салымшыларға инвестициялық табыс әкелуде.

Зейнетақы жинақтаулар бiрқатар мемлекеттiк бағдарламаларды  жүзеге асыруға, көптеген инвестициялық жобаларды орындауға мүмкiндiктер бередi. Бұл ақшалардың барлығы мемлекеттiк бағалы қағаздар мен iрi  Қазақстандық компаниялардың облигацияларына инвестицияланады. Олар  елдiң дамуына, өнiдiрiс көлемiнiң өсуiне жұмсалады, ал ол әрқашанда халықтың жұмыс бастылығымен байланысты. Жұмыскерлер негiзгi өндiрiс кеңейiп, қосымшалары пайда болғанда қажет бола бастайды. Жаңа жұмыс орындары өнiмдi тасымалдауда және өткiзуде, инфрақұрылымдарды қалыптастыру мен дамытуда пайда болады. Тағы да бiр маңызды факторы болып, зейнетақы жинақтауларының арқасында Қазақстанның  экономикасының шет елдiк инвесторларға тәуелділігі айтарлықтай азайғанда байқалады. Бұл ерекшелiктердiң барлығы жинақтаушы зейнетақы  қорларының алдында тұрған стратегиялық мәселелердiң бiрiнiң оң шешiлгендiгiнiң нәтижесi болып саналады. Дегенмен, оң жайттармен қатар терiс жақтары да кездеседі. Атқарушылардың кiнәсiмен зейнетақыны қайта құру тиiмсiз болып отыр: жалдамалы жұмыскерлердi зейнетақыны сақтандырудың мiндеттiлiгiне қарамастан тек 9,2 млн. адамнан астамы ғана, яғни, еңбекпен қамтылған тұлғалардың 80 %-ға жуығы ғана  зейнеткерлiк келiсiм-шарттарын бекiткен.

Қазiргi уақытта ешбiр зейнетақы келiсiм-шарттарында қордың өзiнiң қаржылық мiндеттемесi көрсетiлмейдi. Салымшы өзiнiң зейнеткерлiкке шыққан кезiнде оның зейнетақысының көлемi жинақталған сомаға байланысты екендiгiнен басқа, оның өзi де жазбаша түрде көрсетiлмеген, қандай мөлшерде зейнетақы алатынын немесе еңбек ақысының қанша пайызбен алатынын бiлмейдi. Оның үстiне Қазақстан Республикасы ҰБ-ң ставкасына, МБҚ ставкаларына қосымша есептелетiн жылдық пайыз 3,5,7%-дан кем болмауы тиiс. Жылдық құралдардың ең төменгi өсiмшесi жазбаша түрде кепiлденбейдi.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы деңгейiне мемлекет, кәсiпорын және азаматтардың өздерi де жауапты. Бiзде мемлекет 1998 жылдан бастап тек бақылаушы және байқаушы қызметін ғана орындайды. Жұмыс берушi зейнетақымен қамтамасыз ету мiндетiнен босатылған. Бірақ 2007 жылдан бастап бала күту мерзімі 1 жыл көлемінде аналардың зейнетақы жарнасын қамту көзделді.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардың бәрiнен келесiдей қорытынды жасауға болады: қорлар үлкен және күштiрек болған сайын, олар отандық экономиканы көп қаржылар кiрiсiмен қамтамасыз етеді.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің бұрынғы ынтымақтық, қазiргi жинақтаушы жүйелерiнде де мемлекет реттеу құқығын өз құзырына қалдырады. Осы үшiн қазiр әрекет  етушi «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы бес бөлiмнен тұратын, Заң шығарылған.

Заң зейнетақыны жинақтаушылардың сақталуын қамтамасыз ету туралы заңның 27 бабына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысының зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпарат алуға, үшiншi жақтың пайдасы үшiн өз еркiмен зейнетақы жарнасын төлеуге, жинақтаушы қордың iс-әрекетiне  соттасу тәртiбiмен шағым арыз беруге жинақтаушы қорды таңдауға құқы бар. Өз кезегiнде алушы жинақтаушы қордан зейнеткерлiк жасқа жеткеннен кейiн зейнетақының төлемдерiн алуға құқы бар және Заңда қарастырылған басқа жағдайларда өзiнiң зейнетақы жинағын жинақтаушы зейнетақы қордың бiрiмен екiншiсiне бiр жыл iшiнде екi реттен көп емес ауыстыруына, өз жинақтарын мұрагерлiкке қалдыруға, сонымен бiрге Қазақстаннан тыс жерге тұрақты өмiр сүруге кеткенде алуға құқы бар [2].

Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы тағайындау келесі кестеде көрсетілген (кесте 1).

 

Кесте 1 - Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы тағайындау

 

Заң қабылданған жылдар

Зейнеткерлікке шығатын азаматтардың жасы

ерлер

әйелдер

1998 жылдың 1- қаңтарынан

61

56

1998 жылдың 1- шілдесінен

61,5

57

1999 жылдың 1- шілдесінен

62

57

2000 жылдың 1- шілдесінен

62,5

57,5

2001 жылдың 1- шілдесінен бүгінгі күнге дейін

63

58

Ескртпе- теориялық материалдарды қорытындылау негізінде құрастырылған.

 

 

Төтенше жағдайда және радиациялық тәуекелi ең жоғары аймақтарда тұратын азаматтарға 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шiлдесiне дейiн зейнетақы тағайындауға құқы барлар: ерлерге – 50 жасқа толып, жалпы жұмыс iстеу жылдары 25 жылдан кем болмауы керек; әйелдерге – 45 жасқа толып, жалпы жұмыс iстеу жылдары 20 жылдан кем болмауы керек [3].

Зейнетақыны төлеу келесi түрде жүргiзiледi. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн зейнетақы  алып жүргендердiң барлығы – «А-санатты»  зейнет ақы  алушылар   болып  табылады, сонымен қатар олар  ( зейнеткерлiк жасқа жеткен және 20, 25 жыл еңбек салымы бар азаматтар) зейнет ақы төлеудiң Мемлекеттiк орталығынан  бiрдей мезетте жинақтаған қордан да зейнет ақы төлемдерiн алуды жалғастыра бередi. («ҚР-ғы зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы Заңы 1997 ж. 20 маусым ).

«Б-санатты» зейнет ақы алушыларға - осы уақытқа дейiн 6 ай немесе одан көп жұмыс iстеген болса, заңға сәйкес, олардың зейнетақысы екi бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмi зейнет ақы төлеудiң Мемлекеттiк орталығынан төленедi. Оның көлемi еңбек салымына пропорционал түрде есептелiнедi. Екiншi бөлiгi жинақтаушы зейнетақы қорынан төленедi, оның көлемi зейнетақылық жинақтардың шамасына тiкелей байланысты болады.

Егер еңбек ету қызметi 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiн басталса оларды «С-санатты» зейнет ақы алушыларға жатқызамыз, олар зейнеткерлiк жасқа жеткен соң зейнетақыны тек қана өзiнiң жинақтаушы зейнетақы қорындағы меншiктi зейнетақы жинағының есебiнен алатын болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда зейнет ақы жүйесін қалыптасу қағидалары негізінде бірнеше деңгеймен (пиллар) қалыптасқан құрылымы негізделді:

Бірінші пиллар (деңгей) – ынтымақтастық жүйе;

Екінші пиллар (деңгей) – міндетті жинақтаушы жүйе;

Үшінші пиллар (деңгей) – ерікті зейнетақы жарнасына негізделген жинақтаушы жүйе.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің көп деңгейлі үлгісі Қазақстан тұрғындарының барлығына есептелген зейнет ақы төлемдерінің (мемлекет бюджет немесе зейнетақы жинақтары) қайнар көзін анықтайтын тұрғындардың санаттары бойынша сегменттелуі зейнетақы жүйесіне қатыстырылған Қазақстандықтардың жас ерекшеліктеріне байланысты негізделді. Сондықтан да ЖЗЖ енгізуге дейін қызмет еткен ұрпақтардың қызығушылығын республикалық бюджет және зейнет ақы төлемдерін жүзеге асыратын және жинақтайтын ынтымақтастық жүйе ескереді (бірінші пиллар).

Еңбекті қызмет еткен кезеңінде зейнетақы жарнасын міндетті аударымдар жасау зейнет ақы жүйесінің екінші пилларына (деңгей) бағытталған және зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өздерінің табыс деңгейлеріне қазірден жеке жауапкершілікте болуға жас ұрпақтарды міндеттейді. Себебі, олардың ДЗШ құрылған жинақтары зейнетақы төлем көзі болып табылады.

Берiлген зейнетақы жүйесiнде мемлекет ең төменгi күнкөрiс шегiнiң көлемiнде әлеуметтiк және еңбегi бойынша зейнетақымен төлеуге кепiлдеме бередi.  Өздерiнiң таңдап алған қорларына ерiктi түрде сақтандыру жарналарын төлейтiн жеке тұлғалардың ерiктi бастамаларымен құрылған мемлекеттiк емсе қорлар жеке зейнет ақы қорлары мен кәсiби зейнетақы қорлары  түрiндегi бәсекелестiк негiзде әрекет етедi, оның iшiнде соңғысы мiндеттi сақтандыру жарналарын қарастырады.

Бұдан басқа, әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары арқылы өздерінің жинақтарын көбейтуге және сол арқылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін жоғары табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі (үшінші пиллар). Дәл осы пиллардың нарықтағы үлесі өте төмен.

Егер жеке зейнетақы қорлары қосымша әлеуметтiк зейнеткерлiк жәрдемақы төлеудi қамтамасыз етуі тиiс болса, ал кәсiби қорлар қосымша  еңбегi бойынша зейнетақымен қамту мақсатында құрылады.

Берiлген зейнетақы қорларын қаржыландыру көздерiне:

-        сақтандыру жарналары;

-    кәсiпкерлердiң салымдары;

-        қорлардың әрекет етуiнiң инвестициясының түсiмдерi

Бұл кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтардың, заңдылық базаның жетiлмеуiнiң салдарынан зейнетақыны алу кепiлдiгi болмайды. Бенефицианттың қолында зейнетақылық жинақтарын тексеруге кез-келген уақытта талап етуге құқық беретiн, жеке зейнеткерлiк коды бекiтiлген, зейнетақылық аударымдары мен жинақтауларының есебi жазылған кiтапшасы болады.

Жұмыстан кеткен жағдайда, немесе келешекте жұмыс iстеу мүмкiндiгi болмағанда, бенефициант бастапқы салымдардың (инвестиция есебiнен) ары қарай өсуiн бақылай отырып зейнеткерлiк жасына жеткенде оны алуға құқы бар. Қазақстанда қамтамасыз етудің ынтымақты жүйесі кеңестік дәуірден әрекет етуде, 1994ж бастап өз міндеттерін орындай алмай тиімділігі бірден төмендеп нақты дағдарысқа ұшырады. Негізге сипаттыларға келесілер кіреді:

 Өтпелі кезеңдегі бюджеттік жүйемен экономиканың дағдарысы мелекеттің қаржылық мүмкіндігін шектеді, нақты еңбек ақының мөлшері мен оның өз уақытында төленбеуі, ЖІӨ-нің үлесінің төмендеуі, көлеңкелі экономиканың жұмыссыздықтың өсуі, төлем қабілетсіздік дағдарыс және шығынды кәсіпорындардың жоғары үлесі бюджет пен мемлекеттік зейнетақы қорларындағы табыстардың қысқаруына әкеп соқты.

Төмен зейнетақыны күнкөріс деңгейінде ұстап тұру қажеттігі және  жоғары инфляция жағдайында зейнетақының еңбек ақыға  қатынасын сақтау ересек жұмыссыздарға жеңілдетілген және алдын ала  алатын әлеуметтік төлемдерді жұмыс істейтін зейнеткерлерге мемлекеттік зейнетақыны беру барлығы да мемлекеттік зейнет ақы қорының бюджетін дифицитке әкелді. Экономикалық күйреудің теріс салдарынан зейнетақы тіршілік етудің жалғыз қор көзі болатын зейнеткерлер зардап шекті. Зейнетақы төлемдерінің жаппай кешіктірілуі зейнеткерлердің материалдық жағдайларын одан сайын төмендетті. Еңбек ақының төленбеуінен зейнетақы қорына түсетін сақтандыру төлемдерінің түсімі азайды.

        Қазақстан осы дағдарыстан шығудың жолын жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесіне  көшумен ұластырды Қазақстан таңдаған үлгі өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Әрине, Чилидің үлгісіне ұқсастығы бар, себебі сол елдің тиімді қалыптасқан көзқарастары ескерілген. Бұл дегеніміз даму ынтымақты жүйені де жинақтаушы жүйені де қосарланып жүруіне мүмкіндік береді. Нақты айтқанда тәуекелді бөлу екі деңгейде жүргізіледі.

Егер қаржы нарығы дағдарысқа ұшыраса, онда ол бюджет қаражатын жай бөлуші болып табылады. Егер нарық тұрақты жұмыс істесе, онда жинақтаушы жүйе жинақтардың өсуін береді. Қазақстандық үлгінің ерекшелігі зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілді орнатуында.

 

Әдебиеттер:

         1. ҚР-ның Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы, 20 маусым 1997 жыл, № 136 Заңы.

         2. Коржова Н.А. Реформирование государственного пенсионного страхования в странах с переходной экономикой.-М: Современная экономика и право, 1998.-265с.

         3. Карагусова Г. Пенсионная система Республики Казахстан: опыт реформирования //Экономист.- 2011.- № 11.- С. 99-103.