э.
ғ. д., профессор Дуламбаева Р.
Т., Амангелдыева Ә.А.
әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Қазақстан
ИНДУСТРИЯЛЫҚ СЕКТОР ДАМУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ТРЕНДІ
Бүгінгі
күні дүние жүзі әр түрлі қауіптер,
тәуекелділіктер жағдайында өмір сүріп жатыр.
Соңғы жүз жылдықта әлемдік экономика 8
жаһандық дағдарысты бастан кешірді. Әлемдік экономика
жаһандық дағдарыстан әлі айыға қойған
жоқ, тіпті 2007-2009 жылдары болған экономикалық
дағдарыстың жалғасы ретінде қазіргі кезде әлемдік
экономика жаңа дағдарыспен бетпе-бет келді [1]. Әлемдік
дағдарыс пен жетекші держава елдердің санкциялық саясат
әрекеттері экономиканың қалпына келуіне кедергілер
туғызуда. Әлемдік экономиканың бір бөлшегі ретінде,
сонымен қатар, санкциялық саясат қолданылып отырған
елге жақын орналасуына байланысты Қазақстанға бұл
үдерістер теріс ықпал етуде. Міне, осындай үдерістер
жағдайында шикізат ресурстарын экспорттау бағытындағы
экономикадан дамудың инновациялық жолына көшу міндеті
маңызды болып табылады, яғни ол дегеніміз индустриялық
сектордың тұрақты қызмет етуі. Бұл мәселені
шешу қажеттілігі 2015-2019 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуын болжау концепциясында индустриялық-инновациялық
дамудың екінші бесжылдығы шегінде экономиканы инновациялық
индустрияландыру саясатын әрі қарай жалғастыру арқылы
көрсетілген және 2020 жылға дейінгі Қазақстан
Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарында негізгі бес
бағыттың бірі болып айқындалған [2, 3]. Осылайша,
заманауи жағдайда тұрақтылық жағдайына жету кез
келген әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуы мен
қызмет етуінің маңызды шарты болып табылады.
2014
жылы Қазақстанның экономикалық өсімі
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тараптарынан
болған негативті динамика салдарынан баяулады. 2014 жылы ЖІӨ өсімі
4,3% құрады, қысқарудың негізгі себебі кен
өндіруші индустрия өндірісінің төмендеуі (диаграмма 1).
Қазақстан Республикасында индустриялық сектордың жалпы
ішкі өнімдегі үлесі 2014 жылы 47,5% құрады, 2013 жылмен
салыстырғанда 5,1% төмендеген. Мұнай өндірісінің
қысқартылуы мен Қытай мен Ресей секілді көрші
мемлекеттер тарапынан металл мен металлургиялық өнімдерге
сыртқы сұраныстың төмендеуі осы жағдайды
туындатып отыр [4].
Жаһандық
бәсекеге қабілеттілік (Global Competitiveness Report) 2014-2015
есебінде жарияланған зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан
өнеркәсіптік индустрия өнімінің бәсекеге
қабілеттілігі бойынша 50 орын алды. Жоғарыда аталған зерттеу
бойынша Қазақстанда бар мәселелерге: жемқорлық,
мемлекеттік бюрократияның тиімсіздігі, тауар және қаржы нарықтарының
халықаралық стандарттар бойынша тиімсіз болуы,
инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы жатқызылған
[5]. Жаһандық есепте экономиканы реттеудің отандық
тәжірибесі қазіргі уақытқа дейін тұрақты
әлеуметтік-экономикалық даму үшін қажетті
жағдайлардың қалыптаспағандығын көрсетті.
Оған ең басты себеп жаңа, дамыған нарық
талаптарына жауап беретін өндірістің ұйымдық
құрылымы, жоғары кәсіби кәсіпкерлер тобы қалыптаспады
дерлік. Мұның бәрі жекеменшікті реформалау мен ішкі
ресурстарды қолдануға, шаруашылықаралық,
аймақаралық және мемлекетаралық экономикалық
және қаржылық байланыстардың нығаюына теріс
әсерін тиізді. Бұл жағдайдан шығу үшін
мемлекеттің белсенді өнеркәсіптік саясаты керек.
Қазақстанда осындай мақсатта Үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
қабылданған болатын. Үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының оң
нәтижелері: Қазақстан Республикасында заманауи
өнеркәсіптік саясаттың негізі салынды; Экономиканың
әртараптандырылуы басталды; Индустриялау картасы шеңберінде
жаңа өндірістік жобалар қолдау тапты; Өнеркәсіпте
жұмысбастылардың саны 4 жылда 1 млн. адамнан асты;
Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 1,7
есе өсті; 2010 жылдан бастап 90 млрд. АҚШ долл. астам тікелй
инвестиция тартылды; Индустрияны дамыту институттарының жүйесі
құрылды; Кең салалық фокус әлеуетті
бәсекеге қабілетті секторларды анықтауға
мүмкіндік берді. [6]
Екінші
бесжылдық бағдарламасы Қазақстанның
өндірістік саясатының құрамдас бөлігі болып
табылады және ол сектордың шектеулі санында күш пен
ресурстарды шоғырландыру, кластерік тәсіл мен тиімді салалық
реттеуді қолдану арқылы өңдеу
өнеркәсібінің дамуына басты мән береді.Талдау
нәижесінде өңдеу өнеркәсібінің 6 басым саласы
таңдалды, олар: металлургия, химия, нефтехимия, машина
құрастыру, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі.
Бұл салалардың өзі 14 секторға бөлінді [7].
Кесте №1. Жалпы
аймақтық өнім (ЖАӨ) құрылымындағы
өнеркәсіптік өндіріс үлесі көрсеткіші мен жан
басына шаққандағы ЖАӨ көрсеткіші арасындағы
корреляция коэффициентін есептеу үшін мәліметтер
|
|
х |
у |
x^2 |
y^2 |
xy |
|
Ақмола облысы |
9,03 |
1025 |
81,5409 |
1050625 |
9255,75 |
|
Ақтөбе
облысы |
21,34 |
1 542,00 |
455,3956 |
2377764 |
32906,28 |
|
Алматы облысы |
17,48 |
629,6 |
305,5504 |
396396,2 |
11005,41 |
|
Атырау облысы |
52,63 |
5 052,10 |
2769,9169 |
25523714 |
265892 |
|
Батыс Қазақстан облысы |
22,94 |
2 092,90 |
526,2436 |
4380230 |
48011,13 |
|
Жамбыл облысы |
9,1 |
601,2 |
82,81 |
361441,4 |
5470,92 |
|
Қарағанды облысы |
72,59 |
1 509,70 |
5269,3081 |
2279194 |
109589,1 |
|
Қостанай облысы |
11,9 |
1 024,50 |
141,61 |
1049600 |
12191,55 |
|
Қызылорда облысы |
16,64 |
1 327,00 |
276,8896 |
1760929 |
22081,28 |
|
Маңғыстау облысы |
33,69 |
2 751,30 |
1135,0161 |
7569652 |
92691,3 |
|
Оңтүстік Қазақстан
облысы |
32,26 |
561,4 |
1040,7076 |
315170 |
18110,76 |
|
Павлодар облысы |
44,66 |
1 579,00 |
1994,5156 |
2493241 |
70518,14 |
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
7,31 |
944,6 |
53,4361 |
892269,2 |
6905,026 |
|
Шығыс Қазақстан облысы |
26,2 |
1 125,70 |
686,44 |
1267200 |
29493,34 |
|
Астана қаласы |
8,91 |
3 009,40 |
79,3881 |
9056488 |
26813,75 |
|
Алматы қаласы |
25,58 |
3 118,20 |
654,3364 |
9723171 |
79763,56 |
|
Жалпы |
412,26 |
27893,6 |
15553,105 |
70497087 |
840699,3 |
Ескерту: [8]
дерек көзі бойынша автордың құрастыруымен
«х» - ЖАӨ
құрылымындағы өнеркәсіптік өндіріс
үлесі, %-бен;
«у» - жан басына
шаққандағы ЖАӨ, мың тг бір адамға.

Сурет 2. Шашырау диаграммасы. ЖАӨ
құрылымындағы өнеркәсіптік өндіріс
үлесі көрсеткіші мен жан басына шаққандағы
ЖАӨ көрсеткіші арасындағы
корреляциялық-регрессиялық байланыстың графикалық
көрсетілімі
Ескерту: [8] дерек көзі бойынша
автордың құрастыруымен
Функционалдық байланысты
көрсететін жұптық регрессияның теңдеуі
келесідей: ![]()
Алынған
функционалдық байланыстың экономикалық интерпретация-сы:
ЖАӨ құрылымындағы өнеркәсіптік
өндірістің 1 пайызға өсуі жан басына
шаққандағы ЖАӨ көрсеткішінің 24,7 мың
тг өсуіне алып келеді. Корреляция коэффициенті r (x,y) = 0.37. Бұл
әлсіз байланысты көрсетеді.
ЖАӨ
құрылымындағы кен өндіруші өндірістің
үлес көрсеткіші мен жан басына шаққандағы
ЖАӨ көрсеткішінің функционалдық байланысын
көрсететін жұптық регрессия теңдеуі келесідей:
![]()
Алынған
функционалдық байланыстың экономикалық интерпретациясы:
ЖАӨ құрылымындағы индустриялық сектордың
кен өндіруші сала өндірісінің 1 пайызға өсуі жан
басына шаққандағы ЖАӨ көрсеткішінің 89,094
мың тг. өсуіне алып келеді.
Алынған
регрессия теңдеуі зерттелініп отырған объектіні
қаншалықты дәл сипаттайтынын бағалау үшін
детерминация коэффициентін анықтауымыз керек.
![]()
Бұл
жан басына шаққандағы ЖАӨ көрсеткішінің
55%-ы ЖАӨ
құрылымындағы кен өндіруші өнеркәсіп
өндірісінің үлес көрсеткіші арқылы
түсіндіріледі дегенді білдіреді. Сондықтан, экономиканың
индустриалдық секторының даму деңгейі мен экономиканың
өзінің даму деңгейінің арасындағы байланысты
зерттеу кезінде негізгі рөл өнеркәсіптің кен
өндіруші секторына тиесілі екенін айтуымызға болады.
Сонымен,
қазіргі әлемдік ахуал көрсетіп отырғандай, кен
өндіруші сектордың өнімдеріне баға төмендеп
жатыр, сол себепті біз өңдейтін өнеркәсіптік
өндірісті дамытуымыз керек, сол арқылы бәсекеге
қабілетті өнімдермен ішкі нарықты қамтамасыз ету
орнықты дамудың негізі болады. Өңдеуші
өнеркәсіпті дамыту мақсатына қол жеткізу үшін
минерлдық-энергетикалық шикізаттарды рационалды пайдалану,
барлық индустриялық салаларды технологиялық қамтамасыз
ету, жоғары технологиялық өндірісті қамтамасыз ету
керек. Ұзақ мерзімді өнеркәсітік саясатты жүзеге
асыру қажет. Өнеркәсіптік саясатты іске асырудың
маңызды шарты кластерлік саясат болып табылады. Аймақтық
кластерлерді құруды мемлекеттік қолдаудың негізгі
механизмдеріне жатады:
- тікелей өнеркәсіптік
саясат әдістері;
- жеңілдікпен салық салу,
ҒЗТКЖ-ға кететін шығындарға салық салмау;
- интеллектуалдық меншікті
қорғау;
- ғылыми зерттеу
жұмыстарына мақсатт дотациялар;
- инновацияны енгізу қорларын
құру.
Қазақстан
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ресми түрде кіру барысында
айтарлық жеңілдікке қол жеткізді, яғни 3,5 мың
тауарлық позицияға төменгі импорттық баж
қолданылатын болады. Ол тауарлар химиялық өнеркәсіп,
транспорт, ағаш материалдар, фармацевтика, медициналық және
өнеркәсіптік құрал-жабдықтар [9].
Өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды, технологияны
төменгі импорттық баж салығы арқылы жеңілдікпен
алып, моральдық және физикалық тозған технологияларды
ауыстыруға мүмкіндік туады. Елбасымыздың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында екі жетекші инновациялық
кластерлер – Назарбаев Университеті мен Инновациялық
технологиялардың паркінің дамуын ары қарай жалғастыру
қажеттігін айтқан болатын. Өңдеу
өнеркәсібіне кәсіби мамандарды даярлау керек. Шетел
тәжірибесі (әсіресе, Германияда) көрсетіп отырған дуалды
білім беру жүйесін қолданған тиімді. Бұл
жүйенің мәні теориялық алған білімді
тәжірибе жүзінде қолдану, яғни екеуін қатар алып
жүру. Ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық
жұмыстарға (НИОКР) қаржы көбірек бөлу керек. Кешенді түрде жұмыстар жасалса,
бағдарламала тиімді жүзеге асса, мемлекет тарапынан қолдаудар
болса өңдеу өнеркәсібі дамиды.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Эксперты назвали мировой кризис 2015 года
беспрецедентным по масштабам, -Мақала. Электрондық ресурс / кіру
тәртібі
http://finance.nur.kz/350581.html
2. Прогноз
социально-экономического развития Республики Казахстан на 2015-2019 годы.
Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайты.
Электрондық ресурс / кіру тәртібі:
http://economy.gov.kz/economyabout/9463/61807/
3. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2020 года.
Электрондық ресурс / кіру тәртібі:
http://www.edu.gov.kz/ru/strategy/strategicheskiy-plan-razvitiya-respubliki-kazahstan-do-2020-goda
4. Макроэкономический
обзор РК за 2014 г. – Статистикалық басылым. АО «Сентрас Секьюритиз» ресми сайты. 2015 ж.
5. Global Competitiveness Report 2014-2015, - Жылдық
есеп. Электрондық ресурс/ кіру тәртібі: http://www3.weforum.org/docs/WEF_GlobalCompetitivenessReport_2014-15.pdf
6. Об утверждении Концепции индустриально-инновационного развития Республики
Казахстан на 2015-2019 гг., - Заң. Электрондық ресурс / кіру
тәртібі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1300001497
7. Электрондық ресурс / кіру тәртібі: http://88.204.166.10/ru/news/post/282939/
8. Өнеркәсіп өндірісінің үлесі. ҚР
Статистикалық Агенттігінің ресми сайы. Электрондық ресурс /
кіру тәртібі: http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersIndustry?_afrLoop=21264821994599146#%40%3F_afrLoop%3D21264821994599146%26_adf.ctrl-state%3Du1wyab5wp_38
9. Хабар арнасының ресми сайты.
Электрондық ресурс/кіру тәртібі:
http://khabar.kz/ru/news/ekonomika/item/34786-kazakhstan-ratifitsiroval-protokol-o-vstuplenii-v-vto