Айтуарова А.
№ 25 Ақтөбе тірек мектебі (РО), Жуалы ауданы,
Қазақстан
Қазіргі
уақытта қазақстандық патриотизмді жастарға
қалыптастыру – келелі мәселелердің бірі. Осыны ұстанған
бағыт – бағдар да баршылық. Патриоттық сезімнің
нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан.
Бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық
тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған
өлкедегі киелі орындары, батырлар мен ұлы тұлғалардың
ерліктері. Өзінің ерлігі мен ақылдылығы арқылы
бізге тарих болып қалған тұлғалардың бірі –
Абылай хан.
Абылай
хан –әйгілі қолбасшы, ірі тұлға, Қазақ Ордасының ханы,
қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті
мемлекет қайраткері. Ол 1711 жылы
Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында
дүниеге келген. Оның шын аты – Әбілмансұр.
Қалмақтармен соғыстарда көрсеткен ерлігі үшін
халу оны Абылай деп атаған. 1771 жылы Әбілмәмбет хан
қайтыс болғаннан кейін Абылай хан болды.
Абылай – үш жүздің басын қосқан данышпан хан,
алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап
қалған кемеңгер дипломант, жаумен айқаста
жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы. Хан
қазақ халқын тар жол, тайғақ кешулердің
талайынан аман алып қалды.
ХVІІІ ғасырдың бас кезінде қазақ –
жоңғар арасындағы орасан жаугершілік кезең болды.
Жоңғар феодалдары қазаққа үсті –
үстіне шабуыл жасап, рулы елді құртып, адамдарын
құл етіп, мал – мүлкін тонап отырды. Жоңғарлар,
Еділ қалмақтары, Орал казактары мен башқұрттар
тұс-тұстан қазақ ауылдарын шауып, талғамай талан
– таражға ұшыратты.
1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз
әскермен басып кіріп, ойран салды. Қалың ел «Ақтабан
шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған
зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі
жаста еді. Ол аш – жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты
көзімен көрігені былай тұрсын, азап – бейнетін, кек пен
ызасын, арман мен тілегін жамиғатпен бірге арқалаған
ұлдардың бірі болды. Әбілқайыр Ресей империясының
қолдауы арқылы хандық билікке қол жеткізуді
көздеп, орыстармен байланысқа шыққан кезде,
қазақ жасақтарының жауынгерлік қуатына
үлкен нұсқан келеді. Ел ішінде үлкен алауыздық
асқынады, берекесіздік етек алады. Бұны білген
жоңғарлар қазақтарды келемеждеп, намысын таптап,
жігерін құм қылу үшін дүбірлі жекпе – жектерге
қазақ батырларын шақырады. Сондай жекпе – жектердің
бірі де бірегейі 1731 жылы болады. Оған жауласқан екі
жақтың хандары да қатысады. Осы жекпе – жекке
жоңғарлар Қалден Серен ханының жақыны,
атақты батыр Шарышты шығарады. Қазақ жасақтарынан
оған қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламайды
біраз тыныш тұрып қалса керек. Сонда Шарыш: «Ең мықты
батырыңды шығар, болмаса туыңды жығып жеңілді де!
– деп айбар шегеді. Осы кезде Сабалақ намысқа шыдамай,
Әбілмәмбет ханнан сұранып сайысқа шығады. Ол
майданға шыға сала «Абылай-лап, шауып барып Шарыштың басын
шауып түсіріп: «Жау қашты, жау қашты!» деп,
жоңғар тобына тұра ұмтылады, жиылған жұрт
оның артынан лап қояды. Есі шыққан
жоңғарлар алды – артына қарамай тым – тырақай
қаша жөнеледі. Абыр – сабыр басылып, ел қайта
жиналғанда Әбілмәмбет хан Сабалақтан: «неге Абылайлап
ұран салдың?» деп сұрайды. Сонда ол «өз атым
Әбілмансұр, мен қанышер атанып кеткен Абылайдың
немересі едім, соғыста жолы болатын атамның атын
шақырғаным – жолым болар ма дегенім ғой» - дейді. Сол
орында – ақ Әбілмәмбет оған атың «Абылай»
болсын деп, үш жүзден тоқсан жақсыны ертіп барып,
Жәнібек деген кісіден бата алыпты.
Ол Орта жүздің сұлтаны және әскери
қолбасшыларының бірі ретінде ел басқару ісіне араласып,
жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстардың
алдыңғы шебінде шайқас жүргізеді.
Батыл да ақылды жауынгер Абылайдың есімі осыдан былай
халық арасына кең тарады. Көп ұзамай оны билер мен
батырлар да мойындап, аса қуатты көп рулардың біріне басшы
етіп сайлады. Оның ордасы Көкшетаудағы, қазіргі Бурабай
курорты тұрған жерде орналасты.
Абылай осынау қауіпті жағдайда Төле би мен және
басқа да саналы саясаткерлер мен ақылдаса отырып, бір
орталыққа бағынған қазақ мемлекетін
қалпына келтіру керектігін түсінді. Бірақ көшпелі
қоғамның басын қосу онша оңай шаруа емес-ті.
Абылай бұл істе де дала көшпенділерінің ежелгі
дәстүрлерін сәтті пайдалана отырып,
оқшаулыққа мүдделі күштерді
ауыздықтау арқылы көп нәрсеге қол жеткізді.
Бұған қоса ол 1743 жылы Жонғария мен Қазақ
хандығының арасында көптен күткен бейбіт бітімге
қол жеткізді. Абылай атақты Қалден Серенмен тіл табысып,
оның немересіне үйленді. Қазақтар мен
жоңғарлардың аяусыз соғысқаны рас, бірақ
соған қарамай, олардың арасында бейбіт келісімдер де жиі
жасалған. Абылайдың өзі де белгілі қолбасшы бола
тұра, 1741 жылы жоңғарларға тұтқынға
түскен. БірақҚалден
Серен оны біржылтұтқындаұстады да босатыпқояберді. 1755
жылыАбылайөзәскеріменжоңғарларжағында Цин
империясынақарсысоғысты.
Осы
оқиғаданкейінАбылайдыңқоғамдықорныда,
қызметі де түбегейліөзгереді.Ол бірінші болып
бұрын халық жиналысы – құрылтай арқылы ғана
шешілетін хан билігіне кеңес беру арқылы шек қойып
келген өлім жазасын тәжірибеге енгізді. Ол алпауыт ру басылары мен
сұлтандардың бетімен кетушілігіне тыйым салды. Абылай өзінің
жеке басының алғырлығы мен ұтымды
қимылдарының арқасында атақ – даңққа
жетіп, халық құрметіне бөленді.
Абылай қазақ халқының тағдыр талайы қыл
үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін
ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып,
анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы
қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі
тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін
қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды.
Жиырма жасында хан сайланған Абылай
жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады.
Зерделі саясаткер, білімді дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның
көздеген мақсаты – мемлекетті нығайту, қазақ
халқын аман сақтап қалу. Ол дұшпандардан
қорғану үшін үш жүздің басын
біріктірді.
Абылайдың алыстан болжағыш
қасиеті ерекше еді. Ол біртұтас қазақ мемлекетін
құрды. Көрші елдермен экономикалық, саяси байланысты да
нығайтудың қажет екенін білді.
1743 жылы Түркістан қаласында
үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір
тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы
етіп сайлайды. Абылай Қазақ мемлекетін нығайту мен оның
тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді.
Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар
мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды, Ресеймен,
Қытаймен тату қарым-қатынас орнатылды.
Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз
тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк
туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан
жоқпыз. Олардың аруағына сиына отырып, істерін алға
жалғастырып келеміз. Халқымыздың осындай біртуар
ұлдарының бірі, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Президентіміз
басқа ұлттармен достық қарым-қатынасын
нығайтып, дүние жүзі қазақтарының басын
қосып, құрылтай өткізді. Бұл аталар
дәстүріне адалдықты, сыйластықты білдіреді.
Еліміздің
ертеңі, ұлтымыздың болашағы – жас ұрпақты
отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу – тәрбиенің
ең басты міндеттерінің бірі.Оның патриоттық
іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы,
күнделікті оқу-тәрбие үдерісі барысында әр бір
оқушының бойына сіңіріледі.Оқушылардың бойына
осы ұлттық мақтанышты
тәрбиелеуге ұмтыла отырып, біздің саяси және
әлеуметтік құрылысымыздың артықшылығына,
дүние жүзілік ғылым, техника және мәдениет
қазынасына біздің ғалымдарымыздың, инженерлеріміз бен
әдебиет және өнер қайраткерлерінің қосып
отырған үлесіне т.б. біздің оқушыларымыздың
назарын көбірек аударту қажет.
Әдебиет:
1.
Әбеуов Қ.
Қазақстантарихының «ақтаңдақ» беттерінен. –
А.: Қазақстан. – 1994.
2.
КөкбайақынЖамантаев. Абылай /
құрастырған С. Қармендин. – А.: Дария – пресс. -1993.
3.
Қарамолдаева С. Ерліктің,
еркіндіктің туы – Абылай: [Абылай ханға арналған кеш]
/Қарамолдаева С. // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2007. №7.
4.
Қасымбаев,
Жанұзақ. Абылай хан: Тарих. Тұлға. Уақыт. /
Қасымбаев, Жанұзақ. – А.: Аруна, 2003.