Абилдаева Лаззат Шилдебаевна

Тараз қ, №7балабақша  меңгерушісі

Мектепке дейінгі ересек топ балаларының

коммуникативтік құзыреттілігін  қалыптастыру жолдары

 

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің жеке адамдардың, қоғамның және еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр[1]. Осы міндетттерге сәйкес қоғам дамуының бүгінгі деңгейі мен  әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттер арасындағы халықаралық экономикалық және мәдени байланыстардың қарқыны мен күн сайын нығая түсуі жағдайында өскелең ұрпақтың болашақ өмір жолын құзыреттілікпен таңдау мүмкіндіктерінің аясын кеңейте түсу педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірінен саналады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. [2]. Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы баланың кез келген әлеуметтік ортаға жетістікпен бейімделуін көздейді.

Адам  әлеуметтік тіршілік иесі ретінде өмірінің алғашқы айларынан бастап эмоционалдық байланыс жасау мұқтаждығынан жеке тұлғалық қатынас жасау мен ынтымақтастыққа қарай дамитын өзге адамдармен байланысқа түсу қажеттігін басынан кешіреді. Қатынас құзыреттіліктері күрделі әрі сан қырлы іс -әрекет бола тұра тұлғаның аға ұрпақтың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесінде иеленген айырықша білімдері мен құзыреттіліктіліктері негізінді қалыптасады.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзді ұстанған халқымыз бала тәрбиесіне ерте бастан-ақ ерекше көңіл бөлген, мектепке дейінгі тәрбие мәселесін басты назарда ұстап отырған.  Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының ашылуы, олардың дамуы, аталған мекемелерде тәрбие беру үдерісін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу мәселелері М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова сынды азаматтардың еңбектерінде ұсынылған

Дегенмен, мектепке дейінгі топ балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің зерделенуіне және психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың жағдайына сипаттама жасай келе, аталған аспектілердің толық ашылмағандығын анықтадық. Атап айтқанда, коммуникативтік құзыреттіліктің, оның өлшемдерінің және көрсеткіштерінің мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай қалыптасуының мазмұны жеткілікті зерттелмеген. Мектеп жасына дейінгі, оның ішінде ересек топ балалардың, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруды оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің бірізділігі, ойын-сабақта және ойын-сабақтан тыс уақыттарда аталған іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері толық анықталмаған.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың  коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық және практикалық тұрғыдан жете зерделенбеуі, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қалыптастыру механизмдерінің жасалмауы және жүзеге асыратындай сапалы әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалды.

  Мектеп жасына дейінгі баланың өзара қатынасқа деген қызығушылығы барысында туындайтын қиындықтар олардың өзімшілдік, үстемдік ету секілді мінез-құлқын көрсетеді, бірлескен ойын барысында шындықты бұрмалап бұзуы баланың топ ішіндегі әлеуметтік статусының төмендеуіне әкеледі, оның айналасындағылармен тұлға аралық қатынастарының дамуына қажетсіз келеңсіз кедергілерді туындатады. Баланы құрдастарының бірлескен ойынға тартуының маңызды шарты – баланың бірлескен ойында, бірлескен іс-әрекетте қатынасқа түсе білу деңгейі.

Баланың әлеуметтік ортада өз мінез-құлқын еркін басқара білуінің қалыптасу ерекшелігі:

1. Мектепке дейінгі ересек топ балаларда айналасындағылармен қатынасқа түсуде қажетті мінез-құлықтың негізі болып табылатын еріктілік үдерісі пайда бола бастайды (Л.И.Божович, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин).

2. Баланың өзін өзі жалпы бағалауы жоғарылайды, ол еш нәрсеге тәуелділік танытпаушылықпен, тұрақтылыққа қатыстылықпен сипатталады. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі ересек балалардың алдын ала болжауы негізінде әділ бағалауге талпынысы байқала бастайды (алдағы орындалатын іс-әрекетті алдын ала бағалау) (Р.Б.Стеркина, В.В.Кучерова, Т.Б.Тагиева).

3. Мектепке дейінгі ересек шақта балалардың қызығушылығында өзін-өзі тексеру қабілеті пайда болып, бала игерген ережелері мен адамгершілік нормалары негізінде өзін-өзі бағалауға ұмтылады ( Д.Б.Эльконин, А.Н.Леонтьев,  В.А.Горбачева).

4. Мектепке дейінгі ересек шақта бала өзін ұжымдық іс-әрекеттің және ұжымдық өзара қатынастың субъектісі екендігін жетік түсінеді (А.А.Бодалев, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Т.В.Пуртова).

5. Мектепке дейінгі кезеңнің соңына қарай қатынас емін-еркіндікке ауыса бастайды. Қатынастың мазмұны мен құрылымы саналы түрде қабылданған міндеттерге, ережелерге, талаптарға сай сипаттала бастайды (А.В.Запорожец, Я.З.Неверович, М.Г.Маркова, Е.Е.Кравцова, Т.В.Пуртова, С.Н.Силина).

6. Алты топ балалардың тілдік құралдарды саналы қолдануы және оларды таңдау деңгейлерінің жоғарлауы байқалады (В.В.Гербова, Г.М.Лямина).

7. Мектепке дейінгі ересек жаста әлеуметтік эмоциялардың дамуы жүзеге аса бастайды. Баланың маңызды қызығушылыққа бағдарлануының дамуы алдымен еркін қабылданған жоспарлар негізінде жүзеге асса, содан соң қиялда жүзеге асады. Эмоционалдық қиялдың дамуы қиялдан туған іс-әрекеттердің әртүрлі варианттарының айналасындағы адамдар үшін қажетті екенін сезіне отырып, алдын ала жоспарсыз әрекет ету барысында байқалады.

Сонымен, коммуникация дара және қоғамдық жетілген ақпараттар арасындағы делдалдық құрал қызметін атқарады. Оның атқаратын қызметінің басымдықтағы маңыздылығы ақпаратты жеке үдерістен, дараға және көпшілікке әсер ететін әлеуметтік маңызды үдеріске аудару механизмі болып табылады. Бұл механизм адамдардың тілдік әрекетінде қаланған және ол арқылы әлеуметтік шарттас нормалар мен қатынас ережелері жүзеге асады.

Ал «құзыреттілік» жалпы психология ілімінде «адамның іс-әрекетті орындау тәсілін игеруі» ретінде түсіндіріледі немесе субъектінің алған білімі мен дағдысының қосындысымен қамтамасыз етелетін әрекетті орындау тәсілін игеруі.

Біздер ғылыми-зерттеу жұмысы барысында психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге, жүргізілген зерттеу қорытындыларына талдау жасай келе, мектепке дейінгі ересек топ балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жайын былайша түйіндедік:

- біріншіден, қатынас екі немесе одан да көп адамдардың өзара іс-әрекетке түсу үдерісі ретінде қарастырылған;

 - екіншіден, мектепке дейінгі ересек жас қатынасты дамытудың, яғни коммуникативтік құзыреттіліктерді мақсатты түрде қалыптастыруды қамтамасыз етудің тиімді  кезеңі болып табылатыны анықталған;

- үшіншіден, мектеп жасына дейінгі ересек топ балалар коммуникативтік іс-әрекеттің субъектісі және оның белсенді тасымалдаушысы, сондай-ақ, қатынас барысында мінез-құлқын және тәртібін еркін басқаруға және әділ бағалауға талпынысы балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндігі айқындалған;

- төртіншіден,  мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етушілердің үлкендер (тәрбиеші педагогтар мен ата-аналар) және өздерінің құрдастары болатыны тұжырымдалған.

              

                 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Заңы. Білім туралы. –Астана: Ақорда, 2007. – 116 б.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11қазанда № 1459 жарлығы (2008. 25.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // ИС ПАРАГРАФ. – 14.07.2009.

3. Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру әрекетінің типтік Ережесі. Қазақстан Республикасы үкіметінің қазіргі заман кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері туралы 2004 жыл 21 желтоқсан № 1353 қаулысы.